Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 20:59, курсовая работа
Өткен ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.
Кіріспе.................................................................................................................2
1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ШЫҰ
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы................................6
1.2.ШЫҰ-ның құрылымы............................................................................16
2 тарау. ШЫҰ шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік проблемалары
2.1.ШЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық базасы .............20
2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстанның орны .........24
2,3 Қызметі және ролі
Қорытынды........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28
ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы.
2001
жылғы Шанхай Саммитінде
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі.
2003
жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
2003
жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет
басшылары Кеңесінде сауда–
2004
жылы 15 каңтардан бері Пекинде
ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004
жылы қыркүйекте Бішкекте
2005
жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттер басшыларының
кезекті саммитінде Астана
2005
жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттер Үкімет
2006
жылғы 15 маусымда Шанхайдағы
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. 2006 ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі 2006 ж. қыркүйек айына өткізілді [9, 2].
2006
жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік
Соңғы
кездерде ШЫҰ-ның халықаралық
ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2007
жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның
бас хатшысы Қазақстанның
2012
дейінгі мәліметтер
2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның қызметі
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның екі жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті [10].
Үстіміздегі жылғы 11 маусымда Ташкентте
өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
осы ықпалды өңірлік ұйымдағы төрағалығы
кезінде Қазақстанның күш-жігері ШЫҰ-ның
әлеуетін барынша ашу және нығайтуға бағытталатынын
атап көрсетті. Сонымен қатар, Мемлекет
басшысы Ұйымның құрылғанына 10 жыл толу
қарсаңындағы ШЫҰ-ға төрағалық өңірдегі
саяси оқиғаларды ескерсек, Қазақстанға
айрықша жауапкершілік жүктейтінін де
атап өтті [11].
Қорытынды
Осы курстық жұмысты қорытындылай келе Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға тигізер пайдасы едәуір екендігін айта кеткім келеді.
Сонымен бірге, Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, мүмкіншіліктерін арттырады, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның екі жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы Қазақстан халықаралық аренадағы өзінің ықпалын көтеріп, әлемдік держава елдерімен мықты дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуы, аймақтағы мәселелерге араласып және өңірдегі мемлекеттермен одан әрі даму стратегиясын бірлесіп шешуі болып табылады.
2011
жылдың 15 маусымында елордамыз Астана
қаласында ШЫҰ құрылуының онжылдығына
орай саммит өткізілген болатын. Осылайша,
Астана саммитінде «Шанхай ынтымақтастық
ұйымының құрылған күні» атап өтілді.
Елбасының бұл ұсынысын ұйым мүшелерінің
барлығы алғаш айтқаннан бастап бірауыздан
мақұлдады. Бұл да өз кезегінде еліміздің
белсенділігінің бір көрінісі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Fuller G.E. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: Rand Corporation, 1992. 125 p.
2. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества Шанхай, 15 июня, 2001. // Национальная безопасность: итоги десятилетия. - Астана, 2001. 442 с.
3. Иватова Л.М. Проблема международной безопасности в политике Республики Казахстан // Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. - Алматы., 2001, 256 с.
4. Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. - Алматы,2005. 205 б.
5. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Алматы «Қарасай» - 2006. 157 б.
6. Назарбаев Н. Жаһандану дамудың жаңа кіндігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы бола алады // Н.Назарбаев // Егемен Қазақстан. -2006. – 6 маусым.
7. Шарахымбай Б. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құпиясы неде? Осы сұрақ әлем экономистерінің бас ауруына айналды // Б.Шарахымбай. // Қазақ әдебиеті. – 2005. 24 қараша.
8. Мирошниченко В. Шанхай ұйымының парламенттік өлшемі. 30 мамырда Мәскеуде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Нұртай Әбіқаев қатысқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатысты // В.Мирошниченко // Егемен Қазақстан. – 2006. – 30 мамыр.
9. Шанхай ынтымақтастық ұйымы.Шанхай ұйымының құрылғанына орай ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің самиті өтеді // Егемен Қазақстан. – 2006. – 3 маусым. /
10. http://www.sectsco.org/ ШЫҰ ресми сайты.
11.
Құттықтау хат.// Қ.Саудабаев // http://www.sco2011.kz/kz/