Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 20:59, курсовая работа

Краткое описание

Өткен ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ШЫҰ
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы................................6
1.2.ШЫҰ-ның құрылымы............................................................................16
2 тарау. ШЫҰ шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік проблемалары
2.1.ШЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық базасы .............20
2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстанның орны .........24
2,3 Қызметі және ролі
Қорытынды........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28

Файлы: 1 файл

ШЫУ жане КЗ.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

     Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде «қырғи-қабақ соғыс» аяқталмағаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылады. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары бес мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағыттамағандығын атап көрсету қажет деп тапты.

     Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып, қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы бес мемлекет ХХІ ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси сондай-ақ экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді [2,43].

     1999 жылғы тамызда болған «Шанхай бестігінің» Бішкек мәжілісі маңызды саяси оқиға болды. Оынң қатысушылары сенім білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.

     1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгіме шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.

     Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді, олар, сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой-ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.

     Соңғы уақытта «Шанхай бестігі» шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан жағдай, терроризм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасы кешенді түрде қайта қарауда талап етті.

     2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен «бестіктің» саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша қабылданған Душанбе декларациясында «бестікке» қатысушылар өз аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін қызмет үшін пайдалануға жол бермейтіндігін қадап айтты.

     2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен «Шанхай бестігі» мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысты. Форум жұмысының нәтижесінде төмендегідей құжаттар өмірге келді: Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) құру туралы декларация және Терроризмге экстремизмге сондай-ақ сепаратизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы. Декларацияда Шанхай ынтымақтастық ұйымы басқа мемлекеттермен, тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен пікір алмасуға, байланыстар жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді. Шанхай ынтымақтастық ұйым шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін басқа елдер үшін ашық.

     Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді. Самитте сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев «Шанхай бестігі» аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті, мұның өзі әскери қызметте сенім білдіру, транспаренттілік, шекара ауданында қарулы күштерді қысқарту, теңдік, дәйектілік, өзіне алған принциптерге байланысты мүмкін болды.

     Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекет Өзбекстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуымен осы ұйымның алдында жаңа міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дайындығының алғышарты болды.

     Шанхай  ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстан да бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді.

     Шанхай  ынтымақтастық ұйымына мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа бағыты көп үміт ұялатады. Әңгіме сауда-экономикалық байланыстырға, көлікке, коммуникацияларға [2, 12] және туризмгі қатысты мәселелерді шешудегі іс-қимыл туралы болып отыр. 2001 жылғы 9-10 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және тиісті көп жақты құжаттарды пысықтауға арналады.

     2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының тұңғыш отырысы өткізілді, онда алты тарапты үлгіде ынтымақтастықтың басымдық берілетін салалары қаралды, әр мемлекет өз пікірлерін ортаға ашық тастай алатын отырыста ынтымақтастық процесін жандандыру және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді [4, 92].

     Аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы форумның маңыды нәтижесі болды.

     Ресей Федерациясыынң солтүстік астанасында 2002 жылдың 7-8 маусымында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті шын мәнінде маңызды оқиға болды [5, 75]. Форум таяуда ғана Қазақстанда аяқталған, бір шаңырақтың астына 16 азиялық мемлекеттердің көшбасшыларын жинаған кездесуінде болған

     сындарлы әңгіме енді алты тарапты үлгіде өткен келіссөздерді жемісті болуына жағдай жасады.

     Бірден мына нәрсенің басын ашып алу керек. ШЫҰ мен АӨСШК бірінші кезекте тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге қатысты ұқсас мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін құрылымдар болып табылса да, бірін-бірі қайталамайды және бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше әңгіме Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесінің өзара толықтырғыштары, өзінше бір қосылғыштары туралы болып отыр. Егер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы оған қатысушылардың барлығының нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК көкейде жатқан проблемаларды емін-еркін талқылауға және шешуге арналған анағұрлым кеңейтілген форум болып табылады.  
 

     1.2.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылымы 

     2001 жылғы маусымда қызметін бастаған Шанхай ынтымақтастық ұйымы мынандай принциптерді атап көрсетті:

  • ұзақ мерзімді тату көршілік және достық қатынастарды нығайту және дамыту
  • шекара аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту
  • Азия-Тынық мұхиты аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау
  • Біржақты әскери басымдылықты болдырмау
  • Шекараға таяу жердегі қрулы күштерді шектеу және қысқарту, оған тек қорғаныс сипатын беру [2, 42].

     Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қол қойылды (2001 жылғы 15 маусым). Конвенцияның негізінде осы «үш зұлымдыққа» қарсы күресті өзара ықпалдастықты арттыру үшін Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ) өмірге келді.

     Ресей астанасы Мәскеуде 2003 жылғы 29 мамырда өткен Мемлекет басшыларының отырысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі институттары: Хатшылығы мен Өңірлік антитеррорлық құрылымды жасақтау мәселелері талқыланып, олардың ережелері туралы шешімдері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру мен орындау туралы келісім қабылданды.

     Сол жылғы қыркүйекте Пекинге жиналған Үкімет басшылары өз кеңесінде ұйымның жаңа мазмұндағы бағыты – сауда-экономикалық қызметінің тұсауын кесті. Жиында Шанхай

     ынтымақтастық ұйымы көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы шешімнің қабылдануы, сондай-ақ осы Ұйымның келешекте көлік, энергетика саласындағы қызметінің, органдарының жұмыс тәртібі және алдағы бюджетінің талқылануы осыны айғақтайды. Аталған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Үкімет басшыларының 2004 жылы Бішкектегі бас қосуында кедергісіз бекітілді.

     Мемлекет басшыларының 2004 жылдың маусымындағы кездесуі барысында Ташкентте Өңірлік антитеррорлық құрылымның Атқарушы комитеті ұйымдастырылып, ол тұрақты орган ретінде қызметіне кірісті. Бұл жолғы басқосуда, сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотроптық заттар және олардың прекурсорларына қарсы күрес туралы келісім, Шанхай ынтымақтастық ұйымы ӨАТҚ-ның шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды. Бірлестіктің бірқалыпты және үздіксіз қызметінің көрінісі ретінде 2004 жылдың қаңтарында Пекин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы ресми түрде ашылған болатын.

     Қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының мынадай органдары бар:

  • Мемлекет басшыларының кеңесі
  • Үкімет басшыларының (премьер-министрлерінің) кеңесі
  • Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
  • Министрліктердің немесе ведомстволардың мәслихаты.
  • Ұлттық үйлестірушілер кеңесі
  • Хатшылық (Пекинде) 2004 жылы қаңтар.
  • Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ, Ташкентте) 2004 жылы маусым.
  • ӨАТҚ кеңесі.
 

     2004 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына бақылаушы мәртебесін берді, ал 2005 жылдың сәуір айында осы ұйымның АСЕАН-мен өзара қатынасы туралы меморандумға қол қойылды.

     ШЫҰ - әскери блок емес және басқаларға қарсы бағытталған жабық альянсқа да жатпайды, керісінше, құрамын ұлғайту арқылы кең көлемді халықаралық ынтымақтастықты қолдайтын ашық ұйым. Ал Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесі – ұйым емес, ол – форум, немесе Президент Н.Назарбаев айтқандай, «Азия қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультациялар және пікір алмасулар өткізетін алаң».

     Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы Қазақстан Республикасы бастама көтеріп, ол еліміздің сыртқы саясатында басымдықтарға ие болып келеді. Жалпы, Азия Кеңесін шақыру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында көтерген болатын. Шындығында бұл идея еліміздің алғашқы ғаламдық бастамасы болатын. Саяси құрылымды ұйымдастыру жөніндегі құнды бастама еліміздің сыртқы саяси қызметінің әлемдік қауымдастыққа еркін көрсете алатын басты құжаты болып табылады. Қазіргі кезде АӨСШК-нің жұмысына әлемнің 17 мемлекеті тұрақты, 7 мемлекет бақылаушы ретінде қатысады. Оның процестеріне БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері Лигасы, Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымының Атқару комитеті секілді халықаралық ұйымдар белсенді қатысып отыр [6, 4].

     Астанада 2005 жылы 5 шілдеде өткен ШЫҰ саммитінің оныншы мерекелік мәжілісі – Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістанды бақылаушы ретінде қабылдады.  
 
 

 

      2 тарау. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік және Қазақстан 

     2.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық базасы

     Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән береді.

     ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік  және сенім шараларын нығайту  мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының  нәтижесінде пайда болды. Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға таралды.

     Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді.

Информация о работе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы