Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 20:59, курсовая работа

Краткое описание

Өткен ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................2
1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ШЫҰ
1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы................................6
1.2.ШЫҰ-ның құрылымы............................................................................16
2 тарау. ШЫҰ шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік проблемалары
2.1.ШЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық базасы .............20
2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстанның орны .........24
2,3 Қызметі және ролі
Қорытынды........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28

Файлы: 1 файл

ШЫУ жане КЗ.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

     Жоспар

Кіріспе.................................................................................................................2 

1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ШЫҰ

1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы................................6

1.2.ШЫҰ-ның құрылымы............................................................................16 

2 тарау. ШЫҰ шеңберіндегі аймақтық қауіпсіздік проблемалары

2.1.ШЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық базасы .............20

2.2.Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Қазақстанның орны .........24

2,3 Қызметі  және ролі 
 

Қорытынды........................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................28  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

      Кіріспе 

     Өткен ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін ойнады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық принциптерін де қалыптастыру мүмкін болмады.

     Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесі қай  елге болмасын, маңызды болып табылады. Өйткені қауіпсіздікті орнатпай, болашақ та болмайды. Сондықтан әскери қауіпсіздікті орнатып, экономикалық мәселелерді, дипломатиялық қарым-қатынастарды, яғни, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті орнату бірінші орында. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналған. Сондықтан да, мен «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан» атты курстық жұмысты алу себебім де осы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы Қазақстан халықаралық аренадағы өзінің ықпалын көтеріп, әлемдік держава елдерімен мықты дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуы, аймақтағы мәселелерге араласып және өңірдегі мемлекеттермен одан әрі даму стратегиясын бірлесіп шешуі болып табылады.

     Жоғарыда атап өткендей, 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі үлкен державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресуртарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын іргетасқа айналды.

     Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады [1, 25]. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекетердің ішкі және сыртқы саясатының мазмұның айқындаушы факторына айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге алып келді.

     Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі принципті негізге алды:

  1. Қазіргі бар геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек.
  2. Аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуды тиімді жолдарын іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн.

     Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің келісілген іс-қимылы болып табылады.

     Курстық жұмысымызда мынадай негізгі деректік материалдарды қолдандым:

  1. «Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества» атты еңбекте, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жасаған келісім-шарттарын қарастырдым .
  2. С.Абдулпаттаевтың «Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі проблемалары» атты еңбегінен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы жалпы мәліметтерді алдым.
  3. Л.Иватованың «Проблема международной безопасности в политике Республике Казахстан» еңбегінен халықаралық қауіпсіздіктегі Қазақстан Республикасының мәселелерімен таныстым.
  4. Cілтеме жасау керек
  5. Сонымен қатар, ұйымның ресми сайтына да шолу жасадым.

     Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі кездегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға тигізетін әсерін, аймақтағы қауіпсіздікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату болып табылады.

     Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттерді айқындадым: аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Шанхай Ынтымақтастығының рөлін оның қалыптасуы мен құрылымы арқылы білуге болады. Ұйым шеңберіндегі аймақтыұ қауіпсіздік проблемаларын оның келісім-шарттары мен ұйым ішіндегі Қазақстанның қызметі арқылы келтірдім.

     Курстық жұмыстың құрылымында: кіріспе, бұл жерде осы курстық жұмыстың өзектілігін, дерекнамалық және тарихнамалық еңбектерді, мақсатын, құрылымын көрсеттім; негізгі бөлім екі тараудан тұрады, бұл жерде жалпы курстық жұмысымның мазмұнын толықтай ашуға тырыстым; қорытынды бөлімде қозғалған мәселені сабақтастыра отырып, қорытындысын шығардым. 
 

 

      1 тарау. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 

     1.1.Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы

     Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде 2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 3/5-ін құрайды, ал жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны – 1 миллиард 455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді [2, 42].

     ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.

     ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары  әскери-стратегиялық қауіпсіздікті  дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.

     Азиялық мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы жемісті ынтымақтастығының анағұрлым көрнекті мысалы ретінде «Шанхай бестігінің» қызметі болды (2001 жылғы маусымнан бастап – Шанхай ынтымақтастық ұйымы) [3, 79]. Қытайдың, Қазақстанның Ресейдің және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда тұрақтылық кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.

     Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданында қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы КСРО Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдіру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім бір ғана шекаралық аймақта ғана қолданылды. КСРО ыдырағаннан кейін ерекше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін Бірлескен тарап өкілдерінен ұйымдасқан делегация құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы,

     Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдерді қабылданды.

     Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей принциптері белгіленді:

  • Тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту
  • Шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту
  • Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қорғау.
  • Біржақты әскери үстемдікті болдырмау.
  • Шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.

     Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ. Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына – қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. 100 километрлік аймақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы бір жақты қысқартуды талап етті. Және де ТМД елдері географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес әскери округтеріндегі әскерлердің негізгі бөлігін Келісім қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді.

     Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін Бірлескен тарап делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Тынымсыз диломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті Келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда қол қойды [3, 81].

     Одан  әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты ұсыныстарымен келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып табылады, оның мынадай қосымшалары бар:

  • Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
  • Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы хаттама;
  • Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында және Тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда верификациялық іс-шараларды жүргізудің ұйымдастыру және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама.
  • Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы қысқарту жүргізудің нақты түрлері мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.

     Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадай көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсендік процесіне Қытай тартылды.

     Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді.

     1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Міне, осы кездесуден кейін «Шанхай бестігі» деп аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-қимылы әскери-саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастық проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі пісіп-жетілді.

Информация о работе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы