Атырау облысы қазба байлығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:46, курсовая работа

Краткое описание

Аудан жерінде күні бүгінде калий-магнийлі тұзы, галит, гипс, бор, гравий, құмды қоспасы, тас, тастық балшық, тағы да басқа түрліөндірістік шикізаттар қоры зерттелініп, пайдалануға жол ашылды. Мәтенқожа, Шүгіл, Лебяжье, Круглый, Қыз, Алдаберген, Жабағы т.б. скважиналарында борлы тұз барлығы байқалады. Круглый зерттеу алаңында элювиалды борат қыртыстары барлығы анықталды.

Файлы: 1 файл

Атырау облысы қазба байлығы.docx

— 1.23 Мб (Скачать)

Кеңестер Одағы құлағалы бері геологияның дамуына байланысты түрлі пікірлер айтылып келді. Алайда осы саладағы өндірістің өзекті екендігін өмірдің өзі дәлелдеді. Айталық мемлекетіміз 2000 және 2011 жылға дейін геологияны қаржыландыруға 15 есе көп қаражат бөлді. Дәл бүгін геологияға ғылым ретінде назар аударылып, нақты міндеттер қойылып, оны іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бір конференциямен бүкіл мәселені шешу мүмкін емес. Сондықтан мұндай басқосу ұйымдастыру дәстүрге айналдырарлық игілікті шара.

Бұл тұрғыда Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешендері қауымдастығы ұйымының бас директоры Жамболат Сәрсенов былай дейді:

- Бұл конференция тәжірибе алмасуға жасалған алғашқы қадам. Әлемнің түрлі елдерінен білікті ғалымдар шақыртуымыздың да мәні осында. Осы басқосу барысында өз мүмкіндіктерімізді анықтап, геологияны ғылым ретінде қалыптасқанына көз жеткізіп, жерасты байлықтарымызды тереңірек білу тәсілдерін үйренетін боламыз.

Ал KAZENERGY Ассоциациясының төрағасы Т.Құлыбаев қонақтар мен қазақстандық мамандарға арнаған құттықтау жолдады. Онда былай делінген: «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерді еліміздің мұнайшылар күнімен және Қазақстанда мұнай өндірудің 100 жылдығына арналған «АтырауГео - 2011» 1-ші Халықаралық ғылыми геологиялық конференциясының ашылуымен құттықтаймын!

Қазақстанның геолог - мұнайшылар қоғамы мен Қазақ мұнай және газ институты ұйымдастырған бұл конференция еліміздің халықаралық деңгейдегі ғылыми тұғыры болмақ. Өйткені еліміздің мұнай-газ саласының қарқынды да тиімді дамуы геология ғылымы мен геологиялық барлаулармен тікелей байланысты.

Қазақстандық геологтардың ерен еңбегінің арқасында Қазақстан энергетикалық шикізат қоры мен оны өндіруде әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылып отырғанын, жаңа кен орындарының ішіндегі өзіндік ерекшелігі бар Қашаған тәрізді кен орнының ашылғанын атап айтқым келеді.

Қазақстанда ғылыми және практикалық геологияның мұнай-газ саласының үздіксіз дамуын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосып, әлемге танылған өзіндік мектебі қалыптасып, табысты дамып келеді.

Бүгінгі күні еліміздің басшылығымен елімізде мұнай-газ кешенінің тұрақты өсуінің маңызды факторы ретінде геология ғылымын табысқа жетелейтін, индустриялық-инновациялық дамуға бағдарланған Мемлекеттік бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру институттар мен шағын бизнес әлеуетін көтеруге игі ықпал ете отырып, геологиялық барлау саласында инвестиция мен инновацияның қайнар көзі ретінде үздіксіз артуда. Мәселен, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру 2000-2011 жылдары 15 есеге: 2000 жылы 668 млн теңгеден 2011 жылы 11 млрд теңгеге дейін артты.

«Самұрық-Қазына» қорының құрылымында геобарлау саласында жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға мемлекет күшін жұмылдыратын арнайы геологиялық барлау «Қазақгеология» АҚ Ұлттық компаниясы құрылды. Бұл мұнай-газ саласында геологиялық барлаудың сандық және сапалық табысының артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні, отандық геологияны қолдаудың қосымша тетігі болатыны сөзсіз.

Өткізілетін конференция аясында мұнай-газ кен орындарын іздеудің инновациялық әдістерімен және геологиялық барлаудың кешенді және басқа да аспектілерімен байланысты бірқатар маңызды мәселелер қарастырылатыны белгілі. Осы және басқа да өзекті тақырыптарды талқылау, пікіралмасу, жинақталған тәжірибемен бөлісу проблемалар шешімін табудың жаңа тәсілдерін құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін» делінген.

Иә, жыл өткен сайын қазақтың қара мұнайының қадірі артып келеді. Осы жиын да жер қойнында жатқан қазба байлықтарымыздың ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ел дәулетін асыра беретіндігін дәлелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Жоспар:

  1. Атырау облысының қазба байлығы
  2. ЖАҢАРҒАН АТЫРАУ - ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ҚАЗЫНАЛЫ АЙМАҚ
  3. Қазыналы елдің қара алтыны сарқылмасын  
  4. Қазақтың қазба байлығы әлем ғалымдарын Атырауға жинады

 


Информация о работе Атырау облысы қазба байлығы