1930-1939ж саяси дағдарыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 08:53, курсовая работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың 30-40 жылдары арасындағы халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты.

Оглавление

Кіріспе 2
1-тарау. ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар: барысы мен дағдарысы 4
2-тарау. 1935 жылдардан кейінгі кезең: халықаралық қатынастардың ширығуы 13
3-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы. Мюнхен конференциясы 19
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Файлы: 1 файл

1930 – 1939 жылдардағы саяси дағдарыс халықаралық қатынастар.doc

— 171.50 Кб (Скачать)

Дәл осы тұста жапон  милитаристері Кеңес Одағына  шабуыл жасау, кеңестік Қиыр Шығыс пен  Сібірді басып алу жоспарларын  жасап жатгы. Сол себепті 30-жылдардың  аяқ шенінде кеңес-жапон қатынастары нашарлап кетті. 1938 жылы жазда жапон милитаристері Владивостокке таяу Хасан көлі ауданында кеңес территориясына қарудың күшімен басып кірді.

Қызыл Армия бөлімдері  жапон басқыншыларына күйрете соққы  беріп, оларды кеңес территориясынан  қуып шықты. Мұның өзі тек империалистік Жапонияның агрессиялық жоспарларына ғана елеулі соққы болып тиген жоқ. Сондай-ақ Хасан көлі маңында жапон әскерлерінің талқандалуы жапон агрессорларына қарсы жүргізіп жатқан Қытай халқына едәуір көмек болды. Бұл оқиғалар жапон басқыншыларының тіпті де кұдыретті емес екенін көрсетіп, Қытай халқының агрессорларға қарсы тұруға ерік-жігерін нығайтуға едәуір дәрежеде себепші болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия қару-жараққа  жұмсалған қаржыны 37 млрд. маркаға, әскер санын 4,6 млн. адамға жеткізді. Бұл кезде Франция әскері 2,67 млн., ағылшын әскері 1,27 млн. адам еді. Польша өз күшінің 70%-ін мобилизациялап үлгірді. Ол Франция мен Ұлыбританияның көмегіне сенді. Германия ең алдымен Польшаны тез басып алуды жоспарлады.

1938 жылы Гитлер Австрияны біріктіруді жүргізе бастады. Содан кейін ол Германиядан тартып алынған жерлерді қайтаруға кірісті. Ең алдымен бұл Чехословакия мен Польшаға берілген жерлерге қатысты болды. Германия мұндай жерлерді жоғалтумен ешқашан келіскісі келмеді. Гитлер мұны күш қолдану арқылы шешкісі келді. Бірақ бұл қауіпті еді. Чехословакия мен Польша шарт арқылы Англия және Франциямен байланысты болды. Дегенмен Гитлер әрекетке кірісіп көрмек болды. Ол бірінші кезекте Чехословакияға ұрынбақ болды. Версаль келісім бойынша неміс жері Судет облысы Чехословакияға қараған болатын. Гитлер Судетті халқымен бірге Германияға қаратуды қалады. Сөйтіп ол өз әскерін шекараға шоғырландыра бастады. Чемберлен мен Даладье (Франция) Чехословакия үкіметін көнуге шақырып, оның орнына Гитлерден Батыспен соғысудан бас тарту шартын шартын жасауды талап ету керек деп шешті. Мюнхен келісімінің мәні осында болатын.

3-тарау. Екінші  дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы  халықаралық қатынастардың барысы. Мюнхен конференциясы

 

1938 жылғы 13 қыркүйекте Мюнхенде Чемберленнің, Даладьенің, Гитлер мен Муссолинидің конференциясы шақырылып, онда фашистік Германия Чехословакия территориясының едәуір бөлігін алды. Ағылшынның көрнекті буржуазияшыл тарихшысы Уиллер-Беннеттің пікірінше, «Мюнхен келісімінің мәні Чехословакияны дербес әскери, саяси және экономикалық фактор ретінде құртып, Германияны Польша мен Ресейге қарай бұдан былайғы экспансиясы үшін жағдайлар жасау еді».

Мюнхен келісімі өз мәнісі тұрғысынан тиіспеу туралы шарттар болып табылатын ағылшын-герман және француз-герман декларацияларына қол қойылып толықтырылды. Мысалы, ағылшын-американ декларациясында екі елдің «бұдан былай ешқашан бір-біріне қарсы соғыс жүргізбейтіндігі» жөніндегі тілегі туралы айтылды. Француз-герман декларациясында екі үкіметтің халықаралық қатынастарда шиеленіс қатері төнген жағдайда бір-бірімен байланыс жасап, ақылдасып отыру жөнінде міндеттеме бар еді.

«Араласпау» деген желеумен жүргізілген батыс державалардың  Мюнхен саясаты Орталық Комитеттің ВКП(б) XVIII съезіне саяси есебінде әшкереленіп, ол агрессияға, соғыс ашуға жол беру деп аталды. «Араласпау» саясатында агрессорларға өзінің қара ниет ісін жүзеге асыруға бөгет жасамау, айталық, Жапонияға Қытаймен, ал ең дұрысы, Кеңес Одағымен соғысқа килігуіне бөгет жасамау, соғысқа қатысушылардың бәріне келгенде... бір-бірін әлсіретіп титықтату, содан кейін олар әбден әлсіреген кезде сахнаға тың күштермен шығу, әрине, «бейбітшілік мүдделерімен» шығу соғысқа әлсіреп қатысушыларға өз шарттарын таңу ниеті бар. КСРО бұл үлкен әрі кауіпті саяси ойынның оны жүргізушілерді едәуір күйретіп тынуы мүмкін екенін ескертгі. ВКП(б) Орталық Комитетінің XVIII съезге Есепті баяндамасына КСРО-ның бейбітшілікті және барлық елдермен іскерлік байланыстарды нығайтуды жақтайтын, агрессияның қүрбаны болған және өз отанының тәуелсіздігі жолында күресіп жатқан халықтарды қолдайтыны атап көрсетілді.

1939 жылғы наурызда  фашистік рейх Чехословакияны  дербес мемлекет ретінде жойды.  Чехия «Богемия мен Моравия  протектораты» деп аталып, герман  рейхының құрамына қосылды, Словакия Чехиядан бөлініп, қуыршақ республикаға айналдырылды. Сөйтіп, тағы да тек КСРО халықаралық қатынастардағы фашистік озбырлықтың жаңа әрекетіне қарсы өзінің ызалы дауысын көтерді. 1939 жылғы 18 наурыздағы нотасында Кеңес Одағы «Герман империясының құрамына Чехияны, сондай-ак белгілі бір формада Словакияны да қосуды жөні бар деп және халыкаралық құқық пен әділеттіліктің жалпы жұрт таныған нормаларын немесе халықтардың өзін-өзі билеу принципіне сай келерлік деп мойындай алмайтынын» мәлімдеді.

Фашистік державаларға соғыс ашқызбау мақсатында Кеңес Одағының батыс державалармен саяси ынтымақтастықты жолға қою жөнінде жасаған тағы бір әрекеті 1939 жылдың көктемі мен жазында Москвада жүргізілген ағылшын-француз-кеңес келіссөздері болды. КСРО, Англия және Франция арасында әскери-саяси одақ жасасу үшін объективті алғышарттар бар еді. Мұның өзі гитлерлік Германия тарапынан осы мемлекеттерге төнген ортақ қатер болатын. Алайда батыс державалардың ұстаған позициясы кесірінен КСРО-ның, Англияның және Францияның біртұтас майданын құрудың объективті қажеттігі жүзеге аспай қалды.

Бұл келіссөздерге мүлдем әртүрлі көзқарас бар екені айқындалды: КСРО өзара көмек туралы келісім  жасасуға шын ниетімен ұмтылып отырған  кезде, Англия мен Франция әншейін  көз қылу үшін келіссөздер жүргізді, бүл келіссөздерді Германияға қысым жасау құралы ретінде пайдаланды, ал осы арқылы олар шын мәніне келгенде Германиямен антикеңестік негізде келісімге келуге ұмтылды.

Қазір документті деректерден  мыналар белгілі болып отыр: Москвадағы келіссөздермен бір мезгілде Ұлыбритания үкіметі өте құпия жағдайда Германиямен келіссөздер жүргізген. Лондонға кит аулау кәсіпшілігі жөніндегі конференцияға келген Германияның «төрт жылдық жоспары» жөніндегі ерекше уәкіл деген жоғарғы лауазымы бар Вольтат Горацио Вильсон мен сыртқы сауда министрі Хадсон өкіл болған ағылшын жағынан агылшын-герман ынтымақтастығынын кең көлемді жоспарларын талқылады. Ұлыбритания екі жаққа да ұнамды ағылшын-герман келісімін жасауға ұмтылды, бұл келісімге «Англияны және Германияны мүдделері мен рыноктарының сферасында айқындап алу» кірген-ді. Мұндай жағдайда Англия «Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Европадағы герман мүдделерінің сферасын құрметтеуге» уәде берді, Францияның КСРО-мен одағын жоюына күш салу жөнінде Гитлердің алдында міндеттенді, ағылшын-француз-кеңес келісімінде Кеңес Одағымен келіссөз жүргізуді тоқтатуға әзір тұрды.

Ұлыбританияның екі  жақтық позициясы Москвадағы келіссөздердің барысына бөгет жасап, 1939 жылғы ағылшын-француз-кеңес келіссөздерінің тұйыққа тірелуіне шешуші дәрежеде әсер етті. Сондай-ақ бұл іске Франция, Польша мен Румыния өз үлесін қосты.

Кеңес үкіметі Англиямен  және Франциямен шарт және әскери конвенция  жасауға шын ниетімен ұмтылды. Бірақ ағылшындар жарияланған документтерден көрінгендей, КСРО-ның олармен одақтасу жөніндегі мүдделілігі осы державалардың мүдделілігі бірдей болғанда ғана мүмкін еді. «Россия, - делінген мұндай документтердің бірінде, - қандай да бір қорғаныс соғысында жеңіп шыға алатын болса да, ол өз күшімен нақ осындай соғысты болдырмай тұра алмайды. Сондықтан ол осы мақсатына жету үшін басқа державалармен ынтымақтасуға әзір».

Ағылшын-француз-кеңес  келіссөздері гитлерлік агрессияға тойтарыс беру жөнінде батыс державалардың  КСРО-мен ынтымақтасуға мүлдем құлқы жоқ екенін ашып берді.

Қиыр Шығыста нақ  осы державалар Жапонияны Кеңес Одағына қарсы соғысқа айдап салды. Халхин-Гол өзені маңында Жапонияның КСРО мен Монғол Халық Республикасына қарсы жасаған елеулі қарулы жанжалының нағыз қызған шағында «Қиыр Шығыс Мюнхені» іске асты: Англия 1939 жылы шілдеде Токиода келісімге қол қойып, бұл келісім бойынша Қытайдағы жапондардың басып алған жерлерін мойындады және онда жапон агрессиясына бөгет жасамауға міндеттенді.

Екі майданда - Батыста  фашистік Германияға және Шығыста самурайлық Жапонияға қарсы соғыс қаупіне  душар болған Кеңес үкіметі бірден-бір дұрыс шешім қабылдады. Тиіспеу туралы шарт жасасу жөніндегі герман ұсыныс алғаннан кейін, ол бұл ұсынысты қабылдады. 1939 жылғы 23 тамызда КСРО тиіспеу туралы Германиямен шартқа қол қойды. Ағылшынның белгілі буржуазияшыл тарихшысы А.Тейлор КСРО-ның бұл шартқа қол қоюға мәжбүр болған сипатын мойындады. Ол былай деп жазды: «Осы одақтың (Англиямен және Франциямен) жасалуы мүмкін еместігіне көзі жеткеннен кейін ғана КСРО үкіметі Германияға қарай ойысты». Мұның мәнісіне баға бере келіп, ол былай деп жазды: «Шарт Польшаны бөлісу туралы одақта, келісім де емес еді... Оның үстіне келісім белгілі бір дәрежеде Германияға қарсы жасалды: ол соғыс бола қалған жағдайда Германияның Шығысқа қарай жылжуын тежеді... ».

Тиіспеу туралы Германиямен шарт жасаса отырып, Кеңес үкіметі «Батыс жөнінде ешқандай опасыздық жасаған жоқ, өйткені Германия мен Франция, сондай-ақ Германия мен Англия арасында 1938 жылдың өзінде-ақ тиіспеу туралы шарт болып табылатын декларацияға қол қойылған-ды. Батыста беделді ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнбидің мойындауынша, Кеңес үкіметі бүл шарт арқылы герман агрессиясын мүмкіндігінше Германияның шекараларына жақын тоқтатуға ұмтылды, ал Гитлер болса рейхтің «өмірлік кеңістігін мүмкіндігінше шығысқа қарай көбірек тартқысы, сөйтіп «Кеңес Одағының жүрегін жұлып алғысы» келді.

1939 жылдың жазындағы  оқиғалар империалистік қайшылықтарды  Кеңес Одағының шебер пайдаланғанын  дәлелдеді. Шартқа қол қойылуы,  фашистік агрессия қатерін жоймағанымен  КСРО-ға елдің қорғанысын нығайту  мақсатында уақыт ұтуға мүмкіндік берді, КСРО-ны бірден екі майданда – Германияға және Жапонияға қарсы соғысу мүмкіндігінен құтқарды.

«Татуластыру» саясатын айыптап сөз сөйлеген Черчилль Москва келіссөздерінің сәтсіздігі үшін батыс  державалар жауапты деп санайды. «Егер де, мысалы, Чемберлен орыстардың ұсыныстарын қабыл алып: «Иә, үшеуіміз түгел біріксек және Гитлердің мойнын үзсек немесе осы тәріздес бірдеңе істесек, деп жауап берсе, онда... тарих басқа бағытпен кетер еді». Ол 1939 жылы 23 тамызда кеңес-герман шартының жасалу фактісін «ағылшын және француз сыртқы саясаты мен дипломатиясының күйреуінің шырқау шыңы» деп атады.

КСРО-ның қатысуымен ұжымдық  қауіпсіздік жасау жоспарларын  батыс державалардың іске асыртпай тастауына қарамастан, 1939 жылғы оқиғалар тіпті де мюнхендіктер бағыттағысы келгендей жолмен дамыған жоқ. Американ тарихшысы Ф.Даллес атап көрсеткендей, АҚШ-тағылар: «Егер Еуропада соғыс басталса, мүмкін, оны қалайда коммунизмге қарсы крест жорығына айналдыруға, сөйтіп 1918 жылғы одақтастар интервенциясының жолымен кол жеткізудін сәті түспеген мақсаттарды жүзеге асыруға болар еді», - деп үміттенді. Соғыс империалистік елдердің социалистік мемлекетке шабуыл жасау арқылы емес, қайта капиталистік дүниенің өз ішінде басталды. Фашистік агрессорлар батыс державаларға қарсы соғысу жеңіл болады деген қорытындыға келді: Кеңес Одағының күш-қуаты олардың зәресін алды. КСРО-ға қарсы соғыс жүргізу үшін олар ең әуелі бүкіл Еуропаны басып алуға бел байлады.

1925-1939 жылдардағы халықаралық  қатынастар КСРО-ның дүниежүзілік  істерде ықпалы арта түскенінің айқын айғағы еді. КСРО бейбітшіліктің және фашистік мемлекеттер агрессиясы қатер төндірген халықтардың коллективтік қауіпсіздік жолындағы дәйекті күрескері болды. Оның күш-жігерін мюнхендіктер іске асыртпай тастаса да, КСРО ұсынған ұжымдық қауіпсіздік идеясы бейбітшілік халықтардың жадында терең із қалдырды, ал бұл идея жолындағы күрес тәжірибесінің өлшеусіз маңызы бар.

Мюнхен КСРО-ға елеулі қауіп төндірді. Еуропа державалары Гитлермен өз дауларын шеше отырып, оны Шығысқа қарай икемдеді, сөйтіп олар оның соғыс машинасын коммунизммен күресуі үшін пайдалануды қалады.

Мюнхен Еуропадағы күштердің  тепе-теңдігін бұзды. Франция Мюнхен келісіміне дейін Шағын Антанта елдерімен өзара көмек шарттарымен байланысты болды, бірақ Мюнхеннен кейін бұл шағын елдердің бәрі Гитлерге бас ұра бастады. Сталин 1939 жылдың наурызында КСРО-ға қарсы нақты қауіпті сезді. Сөйтіп ол Еуропадан жаңа одақтас іздеді (Францияның орнына). Мұндай одақтас ретінде Германия бола алатын еді. Гитлер де мұндай одақтастан кетәрі болмады. Сол кезде ол Польшаға қарсы жорыққа дайындалып жатыр еді. Бұдан кейін Гитлер Англия мен Францияның ренішін тудыратын қадамдар жасады. Бүкіл Чехословакияны басып алды және Польшаға шабуылдамау туралы шартты бұзды.

15 наурыз 1939 жылы Чехия мен Моравияны оккупациялады, Словакия территориясында тәуелсіз мемлекет құрылды. Гитлер осылайша өзі қол қойған Мюнхен келісімін бұзды. Бірақ бұл әлі бастамасы еді. 21 наурызда Германия Польшадан өзіне Данцигті (Гданьск) беруге келісім беруді талап етті. 22 наурызда неміс әскерлері Мемельді (Клайпеда) алды. Италия сәуірде Албанияны оккупациялады. Ымыраласу саясаты күйреді. 20-30-шы жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Дүниежүзілік революция жоспарының күйрегенін сезініп, Кеңестік Ресей сыртқы саясат оқшаулануынан шығу жолдарын іздеді. Экономиканың дағдарыс жылдарында Батыс елдері мен КСРО арасында қайшылықтардың шиеленісуі антикеңестік блок құрылуына кедергі келтіретін қолайлы жағдай деп бағаланды. Алайда көп ұзамай-ақ КСРО-ның бұл қайшылықтар дүниежүзілік революция жеңісі мен КСРО-да социалистік қайта құруларды аяқтауға мүмкіндік береді деген үміті ақталмай, Германия мен Жапонияның агрессиясы КСРО-ның өзіне қауіп төндірді. Осы жағдай кеңес басшылығының бұрынғы саясатты өзгертуіне мәжбүр етті.

1939 жылдың наурызында  Англия КСРО-ға Франция және  Польшамен бірге өзара әрекет  ету туралы жалпы декларацияға  қол қоюды ұсынды. Сәуірде Англия  мен Франция Германиямен соғысқа  кірген елге қолдау кепілі  көрсетілген хат алмасу жөнінде  жаңа идея ұсынды. КСРО Германия агрессиясына тойтарыс беру үшін Польша мен Румыния территориясына өз әскерін өткізу құқын беруді талап етті. Бұл КСРО-ның Германияға қарсы соғысқа қатысқаны Шығыс Еуропада өз бақылауын орнатуға қойған шарты болатын. Польша мен Румыния бұған қарсы шықты. Осы себептен 12 тамыз 1939 жылы Москвада басталған ағылшын-француз-кеңес әскери келіссөздері тұйыққа тірелді. Кеңес жағы Польша мен Румынияның бұл позициясын келіссөздерді соза беруге сылтау ғана деп қарады және Англия мен Франция КСРО-мен одақтасқысы келмейтінінің дәлелі деп санады және олар бұл келіссөздерді Гитлерге қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып, онымен келісуге ұмтылуы деп ойлады. 1939 жылдың жазында жапон армиясы Халхин-Гол ауданы және КСРО-мен соғыс келісімімен байланысты Моңғолияда тағы да соғыс қақтығысын тұтандырды.

Информация о работе 1930-1939ж саяси дағдарыстар