Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 08:53, курсовая работа
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары арасындағы халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты.
Кіріспе 2
1-тарау. ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар: барысы мен дағдарысы 4
2-тарау. 1935 жылдардан кейінгі кезең: халықаралық қатынастардың ширығуы 13
3-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы. Мюнхен конференциясы 19
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Агрессияшыл фашистік мемлекеттер
ұсынған халықаралық
АҚШ-тың, Ұлыбритания мен Францияның басшылары фашистік агрессорлардың жоспарларына қалай қарады? Фашистік агрессияның таралуы өз мемлекеттеріне каншалықты мерт етерлік қатер төндіретінін елемеген болып, буржуазиялық-демократиялық мемлекеттердегі билеуші топтардың бір бөлігі гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияны Кеңес Одағымен қақтығыстырамыз, сөйтіп «екі қоянды бірдей өлтіреміз», Кеңес мемлекетін құртамыз және антикеңестік соғыстың барысында өздерінің кауіпті империалистік бақталастарын әлсіретеміз деп дәмеленді. Ал бүл елдердің неғұрлым көреген саясатшылары Гитлердің Ұлыбританияның отарлық монополиясына іріткі салып, Францияда оның бірінші дұниежүзілік соғыстың нәтижесінде алғанының бәрін тартып алмақшы екенін, Муссолинидің Жерорта теңізін «итальян көліне» айналдырмақ ниеті Англия мен Франция мүдделеріне соққы жасайтынын, Жапонияның Қытайға агрессиясы Қиыр Шығыстағы американ және Британ мүдделеріне қатер төндіретінін көре білді.
Әйтсе де соғыс алдындағы кезеңде АҚШ-тың, Англия мен Францияның билеуші тобында фашистік агрессорларды «татуластыру» саясатын ұстанғандар жеңіп шықты. Американ тарихшысы Ф.Шуман Англияның, Франция мен АҚШ-тың саясатын сипаттай келіп, Батыс державалардың дәулетті алыптары «фашизмді дәріптеп, өздерінің мүдделері фашизм сақталған және кең таралған күнде қамтамасыз етілер еді деп ойлады», - деп жазды. Ол ол ма, бұл елдердің көптеген саяси қайраткерлері «фашистік үштікке ерік беру... Кеңес Одағына герман-жапон шабуылын жасауға әкеп соғады, осындай жолмен цивилизацияны «большевизмнен қорғап қалуға» болады. Франция, Англия және Америка «фашизм мен коммунизм бір-бірін жойғанша» бейтарап болып қалады деп үміттеніп, соған сенді.
Ағылшын билеуші тобының жоспарларын баяндай келіп, лорд Ллойд 1934 жылы былай деді: «Біз КСРО-ға қарсы әрекет жасау үшін Жапонияға еркіндік береміз. Ол корей-манчжур шекарасын Мұзды мұхитқа дейін кеңейтіп, өзіне Сібірдің Қиыр Шығыс бөлігін қосып алатын болсын. ...Біз Германияның қарулануына еркіндік береміз... Біз Германия үшін Шығысқа жол ашамыз, сөйтіп оған мейлінше қажет болып отырған экспансия мүмкіндігін қамтамасыз етеміз. Осы арқылы Жапония мен Германияны өзімізден аулақтатуға және КСРО-ын ұдайы қауіп-қатерде ұстауға болады». Екі жылдан кейін Ұлыбритания премьер-министрі С.Болдуин былай деді: «Гитлер өз кітабында баяндаған, Шығысқа қарай қадам басса, менің жүрегім жарылып кетпес еді... Егер де Еуропада іс төбелеске дейін барса, онда мен бұл төбелестің большевиктер мен нацистер арасында болғанын тілер едім».
Гитлердің Германияда өкімет басына келісімен-ақ, бір жағынан, Англия мен Франция арасында, екінші жағынан, фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия арасында француз герман қайшылықтарын реттеу, ал ең бастысы - «Кеңес Одағын Батыс Еуропадан оқшау қалдыру» мақсатында әскери-саяси одақ құруға әрекет жасалды. 1933 жылғы 15 шілдеде Римде халықаралық қатынастар тарихына «төртеудің шарты» деген атпен кірген, «келісім мен ынтымақтастық» шартына қол қойылды.
Бұл шарт Европаның шағын елдерінде өте-мөте абыржушылық туғызды, өйткені олар А.В. Луначарский жазғандай, төрт держава біріккен күнде өздерін «қатыгез бақташылар өзара талапайға салатын қотандағы қой сияқты» сезінетін еді.
Ұлы державалардың «қасиетті одағына» қарсы шыға отырып, француздың «Журнал» газеті былай деп жазды: «Польшаның сол аяғын, Чехословакияның оң қолын және Румыниянын екі аяғын кесіп тастамас бүрын, сондай-ақ Югославияны аяқ-қолсыз қалдырмас бұрын, ең болмағанда, әдет-ғұрып бойынша, солай істеу үшін аурудын келісімін алу керек кой». Шартқа қатысушылар арасында өрістеген алауыздықтар, Кіші Антанта елдері мен Польшаның күрт наразылығы салдарынан «төртеудің шарты» бекітілмеген күйінде қалды.
Германия өз позициясын нығайту үшін 1934 жылдың қаңтарында Польшаға шабуылдамау туралы пактіге қол қоюды ұсынды. Польша мұнымен келіседі. Осы арқылы ол ұжымдық қауіпсіздік жүйесін үзді, енді ол өзі арқылы совет әскерін өткізе алмайтын еді.
Соғыс қаупі жағдайында СССР бірнеше елмен күш біріктіру арқылы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, басқыншыларды тежеу саясатын жүргізді. 1935 ж. Франциямен және Чехословакиямен өзара көмек шартын жасады. Совет мемлекеті елдің қорғанысын нығайтып, оның соғыс-экономикалық потенциалын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
КСРО-ның Ұлттар лигасы шеңберінде бейбітшілік пен коллективтік қауіпсіздік жолындағы табанды күресі оның халықаралық беделі мен ыкпалының одан әрі өсуіне жәрдемдесті. Ұлттар лигасының трибунасынан кеңес өкілдері Эфиопияға шабуыл жасаған фашистік Италияға қарсы экономикалық жазалау шараларын қолдануға шақырды. Кеңес үкіметі Итальян агрессиясын ақтаудың барлық айла-шарғысын қабылдамай тастады. Италия үкіметіне 1935 жылғы 22 қарашада жолдаған нотасында ол басқа да елдер сияқты толық праволы мемлекет болып табылатын Эфиопияға қарсы агрессияны барынша үзілді-кесілді айыптады. «Мәселені басқаша қою, -делінген нотада, - Ұлттар лигасы негіздерін теріске шығару, бұдан былай агрессияны қолпаштау және Кеңес үкіметі саясатының негізі больш табылатын, әрі сол үшін де Ұлттар лигасына кірген, жалпыға бірдей бейбітшілік сақтау мен нығайту ісінде халықаралык ынтымақ көріністерінің мүмкіндіктерін теріске шығару» болар еді.
Кеңес Одағы Ұлттар лигасының шеңберінде Еуропада ұжымдық қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін - шығыс шарты дейтінді құру, сондай-ақ Тынық мұхит шартын жасасу үшін көп күш-жігер жұмсады. Империалистік мемлекеттердің реакцияшыл билеуші топтарының қарсылығы салдарынан бұл жобалар жүзеге асырылмай қалды. Әйтсе де 1935 жылы Кеңес Одағының Франциямен және Чехословакиямен өзара көмек туралы шарттар жасасуының сәті түсті, бұл шарттарда агрессорға коллективті түрде тойтарыс беру үшін белгілі бір негіз қаланды.
Көрнекті француз саясатшылары мен ғалымдары КСРО-мен тығыз саяси ынтымақтастықты жолға қоюды жақтап, оны Франция үшін тек мүмкін боларлық қана емес, сонымен бірге өмірлік қажетті нәрсе деп санады. 1935 жылы Парижде басылып шыққан «Франция мен Кеңес Одағы» деген кітапта былай деп жазылды: «Франция сиякты мемлекет үшін Кеңес Одағымен, өзінің ниеттері және мұраттары жөнінен күшті айырмашылығы бар мемлекетпен тығыз ынтымақтастық орнату мүмкін бе? Екі ел арасындағы жақындасу олардың өмірлік мүддесіне сай келсе, режимдердің айырмашылығы қаншама терең болса да, ондай режимдердің ешқайсысы мұндай тиімді жақындасуға ешқашан да бөгет болмайтынын тарих дәлелдеді». КСРО-мен одақтасуға шақыра келіп, Эдуард Эррио 1935 жылы былай деді: «Сонымен, мен картаны зерттеп отырмын. Одан мен бізге қажетгі қарама-қарсы екінші жақ боларлық және соғыс бола қалған күнде екінші майдан құра аларлық тек бір елді ғана көремін. Бұл - Кеңес Одағы... Менің пікірімше, мұны даму логикасының өзі және тіпті қарапайым парасатты ой талап етіп отыр».
Халықаралық коммунистік қозғалыс фашизмге және жаңа империалистік соғыс қатеріне қарсы күресті ұйымдастыру мәселелерін өз қызметінің арқауы етті. 1935 жылы жазда Коммунистік Интернационалдың VІІ конгресі болып, онда бұл мәселелер терең жан-жақты талқыға салынды. VІІ конгрестің баяндамалары мен қарарлары фашизмге соғыс қатеріне қарсы күресте барлық коммунистік партиялардың айбынды программасы болды. Бұларда ВКП(б) мен Кеңес мемлекетінің осы күрестегі жетекші ролі атап көрсетілді. «Империалистердің жаңа дүниежүзілік соғысты әзірлеуіне байланысты Коммунистік Интернационалдың міндеттері туралы» қарарда былай делінді: «Социалистік және капиталистік дүние арасындағы негізгі қайшылык бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Әйтсе де өзінің өскелең қуаты арқасында Кеңес Одағы империалистік державалар мен олардың вассалдарының қазірдің өзінде әзірленген шабуылын болдырмай, барлық соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы бейбітшіліктің дәйекті саясатын өрістете алады. Сөйтіп, Кеңес Одағы тек таптық жағынан саналы жұмысшыларды ғана емес, сонымен бірге капиталистік және отар елдердегі бейбітшілікке ұмтылған барлық еңбекші халықты тартатын күшке айналды. Оның бер жағында КСРО-ның бейбітшіл саясаты империалистердің Кеңес Одағын оқшау қалдыруға бағытталған жоспарларын бұзып қана коймай, сонымен бірге бейбітшілікті сақтау ісінде соғыс өздерінің тәуелсіздігіне қатер төндіре отырып, ерекше қауіпке киліктіретін шағын мемлекеттермен, сондай-ақ қазіргі сәтте бейбітшілікті сақтауға мүдделі болып отырған басқа мемлекеттермен ынтымақтасуға да негіз қалады.
Ұлтшылдық және нәсілдік араздыққа пролетарлық интернационализмді қарсы қоятын КСРО-ның бейбітшіл саясаты тек Кеңес елін қорғауға, социалистік құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана кірісіп қойған жоқ, ол барлық елдер жұмысшыларының өмірін, барлық езілгендер мен қаналғандардың өмірін қорғайды, ол шағын ұлттардың ұлттық тәуелсіздігін қорғайды, ол азаматтың өмірлік мүдделеріне қызмет етеді, ол мәдениетті әскери тағылықтан қорғайды».
Бұл қарарда кеңес сыртқы саясатының 30-жылдары бұлжымай сақталған негізгі принциптерінің - бейбіт қатар өмір сүру принципінің табиғи өзара байланысы айқын көрсетілді. Қарар кеңес сыртқы саясатын таптық мәнінен жүрдай етпекші болып, оны КСРО-ның «батыс демократтарымен» принципсіз ымыраласуы деп көрсетуге тырысатындарды әшкерелейді. Коминтерннің VІІ конгресінде сөйлеген сөзінде П.Тольятти былай деп мәлімдейді: «Мен Кеңес Одағының саясаты бейбітшілік саясаты екеніне күмәнданатын бірде-бір адам жоқ деп ойламын, Кеңес Одағының бейбітшілік саясатын жүргізіп отырғаны жөніндегі фактінің өзі қайсыбір кездейсоқ нәрсе емес. Қайсыбір өткінші коньюнктурамен байланысты емес. Бұл саясат - Кеңес өкіметінің өз табиғатынан, оның бүкіл даму тарихынан, оның өзін танытатын нәрсенің табиғи құбылысы».
Халықаралық пролетарлық бірлік жолындағы күрес сол жылдары жаңа күшпен өрістеді. Бұған испан республикашыларының фашизмге қарсы қаһармандық күресін халықаралық пролетариаттың қолдауы айқын айғақ бола алады. Испан Республикасы үшін интернационалдық бригадаларда 54 елдің өкілдері шайқасты.
Жалпы бұл кезең оқиғаларға толы болды. Бұл кездегі айтулы оқиға Мюнхен келісімі мен совет-герман пакті болды. 1935 жылдың көктемінен бастап Гитлер Версаль жүйесіне тікелей шабуыл бастады. Бірінші қадамы 1935 жылдың 16 наурызындағы Германияға жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізу болды. Бұл Версаль келісімін тікелей бұзу еді. Гитлердің келесі қадамы Рейн аймағын басып алуы болды. Бұл шара ашық соғыс сипатын иеленді.
Гитлер батыс елдерінің мұндай тәртіп бұзушылыққа қатаң шектеу қоймайтынын түсінді. Өйткені Гитлердің билікке келуін олар нақты қауіп деп санаған жоқ. Оны ұзақ уақыт мықты ұлттық лидер деп қана есептеді. 20-жылдардың ортасынан бастап батыс елдері Германияны әлсірету саясатын жүргізді. Германияда тыныштық орнату саясаты осылай туған еді. Оның авторы Ұлыбританияның премьер-министрі Чемберлен болды. Оның пікірінше, басты қауіп Германияның әрекетінде емес, ахуалдың даму барысына бақылау орната алмауда болды.
Жоғарыда айтқанымыздай гитлерлік Германия дүние жүзілік соғысқа дипломатиялық, стратегиялық, экономикалық жағынан даярланды.
1936 ж. Германия мен Жапония «Антикоминтерн пактісіне» қол қойды, бұған 1937 ж. Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935—36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936—39 ж. Испанияда соғыс жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны қосып алды. Германия тарапынан қауіп төнгенде, Чехословакия (Э. Бенеш үкіметі) СССР көмегінен бас тартты. Англия, Франция «араласпау» саясатын ұстады. Олар 1938 ж. Мюнхен келісіміне қол қойып, Чехословакияның Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Германия 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуірде Италия Албанияны басып алды. Ұлыбритания мен Франция өз мүдделерін қорғап қалу үшін Польша, Румыния, Греция, Түркияның «тәуелсіздігіне кепілдік» берді. Франция Польшаны Германия шабуылынан қорғауға міндеттенді. Ұлыбритания, Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп әрі Германияға қыр көрсету үшін 1939 ж. СССР-мен Москва келіссөздерін жүргізді. Бірақ олар ұжымдық қауіпсіздік шартына келіспеді. Совет Одағы сәтсіз келіссөзді тоқтатып, өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) келісті.
1937 жылы жапон соғысқұмарлары әске
Қытай халқы үшін осындай
ауыр кезде Қытайға дипломатиялық
және басқа көмек көрсеткен бірден-