Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Лекция, 17 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Әдістемелік жүйенің барлық компоненттерінің (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер, формасы мен құралдарының) үшөлшемділігінде. Оның мәні: әдістемелік жүйенің әр компонентінің үш деңгейде бір-бірімен тығыз байланыста болуында. Соның ішінде бірінші кезекте, үш меңгеру деңгейлерінің мақсаттары бірінен-бірі туындайды және біртіндеп жететін аралық нәтижелері болжамды түрде (белгілі бір балл санымен өлшенетіндей етіліп) нақты қойылады. әрбір деңгейдің мақсаттарына сәйкес, бірін-бірі толықтыратын, тереңдететін және күрделендіріп отыратын деңгейлік тест тапсырмалар тізбегі іріктеледі.

Оглавление


1. Түсініктеме
2. Сабақ жоспары
3. Сабақтың құрылымы
4. Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ашық сабақ фин.docx

— 66.46 Кб (Скачать)

ҚР  білім және ғылым министрлігі

 АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ басқармасы

алматЫ экономиКАЛЫҚ колледжІ

 

 

  К Е Л І С І Л Г Е  Н                                                 Б Е К І Т Е М І Н

колледж әдіскері                                                       Директордың ҒӘІ                                                                                              __________ Г.Қ.Қалабаева                                        жөніндегі орынбасары

                                                                                   _______В.Ю. Лысенко                              

 «_____»__________ 201__ж.                                  «_____»___________  201__ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялар  туындысы» тақырыбы бойынша «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясын қолдана отырып «Математика» пәні бойынша жүргізілген сабақтың

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

 

 

 

 

 

                                                                                  Орындаған: Т.А.Атыханов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика,физика және компьютерлік технологиялар пәндері

циклдік комиссиясында қаралып, талқыланды.

хаттама № ____  «____» ________ 201__ оқу жылы.

Комиссия төрайымы                      К.А.Юнусова

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕНІҢ МАЗМҰНЫ:

 

 

 

  1. Түсініктеме

 

  1. Сабақ жоспары

 

  1. Сабақтың құрылымы

 

  1. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ.

 

Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық  технологиясының маңыздылығы:

Әдістемелік жүйенің барлық компоненттерінің (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер, формасы мен құралдарының) үшөлшемділігінде. Оның мәні: әдістемелік жүйенің әр компонентінің үш деңгейде бір-бірімен тығыз байланыста болуында. Соның ішінде бірінші кезекте, үш меңгеру деңгейлерінің мақсаттары бірінен-бірі туындайды және біртіндеп жететін аралық нәтижелері болжамды түрде (белгілі бір балл санымен өлшенетіндей етіліп) нақты қойылады. әрбір деңгейдің мақсаттарына сәйкес, бірін-бірі толықтыратын, тереңдететін және күрделендіріп отыратын деңгейлік тест тапсырмалар тізбегі іріктеледі.

ҮӘЖ технологиясын оқытудағы нәтиже:

ҮӘЖ технологиясын оқыту  үдерісінде қолдану барысында:

 а) зерттеушілік әдіс  арқылы өз бетімен білім алуға  дағдыланады; 

ә) міндетті түрде әр тақырып  бойынша бағаланады. Ол үшін сабақтың соңында бірін-бірі толықтырып, тереңдетіліп, күрделеніп отыратын үш деңгейлік тест тапсырмалары орындалады. Орындау барысында  оқушы қабілетіне қарай, оған сәйкес балл жинайды. Бірінші деңгейдің  барлық тапсырмалары дұрыс орындалса 5 балл, екінші деңгей үшін 4 балл, үшінші деңгей үшін 3 балл қосылып, барлығы 12 балл жинаса, оның білім, біліктілік деңгейі  «берік» деп бағаланады және ол дәстүрлі оқытудағы «бестік» бағасына сәйкес келеді. Мұндай әр оқушымен әр пәннің тақырыбы бойынша кері байланысты міндетті түрде  жүргізіліп, тиісті бағасын қою –  оқытудың «үшөлшемді әдістемелік жүйесі»  технологиясының айрықша белгісі  мен басқа технологиялардан артықшылығы  болып табылады. Нәтижесінде әр оқушы  барлық пәннен:

- екіліксіз оқуға кепілдік  алады;

- оқушының бір бағытта  болса да қабілеті ашылады  (қабілетсіз бала болмайды!);

- дарынды бала жан-жақты  дамуға мүмкіндік алады;

- рейтинг жүйесі бойынша  «қосу» әдісімен балл жинау  арқылы оқуға деген қызығушылығы  артады. ҮӘЖ технологиясы – денсаулық, психика сақтаушы технологиялар қатарынан табылады. Дәстүрлі бес балдық бағалау «азайту» амалымен жүргізіледі («бес» ала алмасаң – «төрт» немесе одан да төмен «баға» қағидасына сәйкес), оқушылардың жүйкесін тоздыратын, оқуға деген ынтасын жоятын «жазалау» әдісімен бағаланады);

- түлектер кәсіби бағдарланады;

- өмір бойы өзіне қажетті  білім ала алатын құзыретті  тұлға қалыптасады.

   Аталмыш технология оқу орындарында кеңінен қолданыс табуда. Жалпы, сапа (С) түсінігі қол жеткен нәтиже (Н) мен көздеген сабақ мақсатының (М) қатынасы ретінде қарастырылатындықтан (В.П. Беспалько), олар бір ортақ өлшем бірлікпен өлшену керек, мысалы бұл технология жағдайында 12 баллмен өлшенеді.

 Егер, студент (оқушы)  тақырыпты меңгеру нәтижесінде  тек алғашқы екі деңгейдің  ғана тапсырмасын орындай алып, барлығы 9 балл жинаса (Н=9 балл), онда оның тақырыпты меңгеру сапасы төмендегі формула бойынша есептеледі: С = Н / М * 100% = 9 / 12 * 100% = 75%.

 Әр тақырыптық нәтижелерді  арнайы журналға тіркеп, оларды  мониторинг бетіне белгілеп отырса, студенттің (оқушының) институт (мектеп) іргесінде оқыған уақыттағы оның  даму динамикасын үздіксіз қадағалап  отыруға және болашақтағы даму  траекториясын болжауға (диагностика  жасауға) мүмкіндік туады. 

1) нәтижеге бағытталған  бәсекеге қабілетті сапалы білім  алуға жағдай жасалады;

2) білім беру жүйесінің  дамуын болжауға және қадағалауға  (мониторинг жүргізуге) қолайлы  жағдай туады; 

3) білім беру жүйесінің  сапасын әділ бағалайтын ұлттық  бағалау жүйесі құрылады («қосу»  әдісімен жүргізілетін 12-балдық, рейтинг  жүйесі).

Көкейкестілігі:

Шығармашылық қабілетін  барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар қабілетін, мүмкіндігін  жұмсайтын шығармашылық қабілетті  жеке тұлға қалыптастырады.

Барлық оқушы барлық пәндерден  бірінші деңгейдің тапсырмаларын  толық орындап, «сынақтан өтуге  міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Жеке басының  қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы  жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден  көрінетін болады.

Қызығушылықты ояту: үйрету үрдісі – бұрынғы білетіні мен  жаңа үйретілетін білімді ұштастыру. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, бұрын өз білетін білімін жаңа ақпаратпен толтырады, кеңейте түседі. Ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсерету жүзеге асады. Осы  кезеңге: топтау, түртіп алу, ойлану, жұпқа  талқылау, болжау, әлемдік шеңбер т.б. әдістер жинақталған. Негізгі мақсаты - үйренушінің белсенділігін артыру.

           Ал мұғалімнің басты міндеті  – студенттердің әрбір ұғымды, терминді, заңдылықтарды  жаттанды қабылдамай терең ұғынып, теориялық білімдерін есеп шығаруда, практикада қолдана білуге, дәлелдеуге, талдау жасауға үйрету. Бұл мақсата мұғалімнің үнемі ерінбей-талмай ізенуді,дидактикалық әдістемелік жағынан өз деңгейін жетілдіруді, сабақ өткізудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда өз сабақтарымды өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі формаларын іздестіре қолданып, сол арқылы студенттердің оқуға деген белсенділіктерін арттырып, шығармашылық ізденісіне жол ашуға баса назар аударамын. Сондықтан әр сабақты жоспарлағанда мына жағдайларға көңіл бөлемін:

  • Сабақтың мазмұны.
  • Оның өткізілу әдістері мен тәсілдерін таңдау.
  • Сабақтың нәтижелілігі.

             Мұғалімнің шығармашылық жұмысы  ең алдымен сабаққа даярлықтан  басталады.

Сабақ жоспарын жасағанда  студенттердің қаблеттері мен ерешеліктерін , студенттердің жеке психологиясын ескере отырып, сабақ өткізудің тиімді жолы қарастырылады.

            Студент ізденісі ең алдымен  өз бетімен жұмыс істеуін әр  түрлі деңгейде ұйымдастыру, жеке  тапсырмаларды беру арқылы ойлау  қаблеттерін арттыру негізінде  жүзеге асады. Өз бетімен жұмыстарды  мақсатына қарай оқыту, жаттықтыру, дамыту, қайталау, іздену, бағалау, бекіту  деп бөлінеді.

Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты.

 Қазіргі таңда білім  сапасын арттыру әр мұғалімнің  нақты жоспарда шығармашылықпен  жұмыс жасауы, іздемпаздықпен еңбектене  білуінде.

  Оқытудың әдіс – тәсілдерін сабақта қолдану оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.

  Қай әдісті пайдаланса да, мақсат бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт ойына сіңіру. Математика пәні бойынша оқушыларға теориялық білім берумен қатар есептер шығару арқылы да, ойлау қабілеттерін дамытады және мұғалім әрбір оқушының қабылдау қабілетіне қарай жұмыстың түрін тауып сол тақырыпты игертуді көздейді.

 ФИН 1-1 тобына өткен сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерді шешу

 

Сабақтың мақсаты:

 

  • Білімділік: Оқушыларға логарифмдік теңдеулерді шешудің әдістерін оқытып-үйрету.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Логарифмдік теңдеулерді шешу үшін алдымен берілген логарифмдік функцияның анықталу облысын табу керектігін, логарифмнің анықтамасын және логарифмнің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын арттыру, есептерді өзбетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.

 

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру сабағы.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жекелей, топтық  жұмыс.

 

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, таратпа материалдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ  ҚҰРЫЛЫМЫ.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың іштей және сырттай сабаққа дайындық     сипаттамасы.

 

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

 

  1. Жаңа тақырыпты өткізуге дайын болу үшін оқушылардың білімін тексеру.

 

  1. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсатын айқындап көрсету.

 

  1. Жаңа білімді қабылдауды ұйымдастыру және жаңа ақпаратты пайымдау,яғни бастапқы білімді  игеру ( меңгеру).

 

  1. Ұғынудың алғашқы тексерілуі (алғашқы түсінікті тексеру).

 

  1. Ақпаратты жаңғырту жолымен және жаттығуларды орындауды үлгі бойынша қолдану іс-әрекет амалдарын игеруді ұйымдастыру.

 

  1. Бұрынғы алған білім мен бейімділіктің көмегімен проблемалық міндеттерді шығармашылықпен дамыта отырып шеше білуді ұйымдастыру.

 

  1. Сабақта оқытылған білімді жалпылау және оны қалыптасқан білім жүйесіне енгізу.

 

  1. Мұғалім мен оқушының оқу қызметінің нәтижесін бақылау, яғни білімді бағалау.

 

  1. Келесі сабаққа арналған үй тапсырмасы.

 

  1. Сабақты қортындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты жоспарлау құрылымы.

 

І. Тақырыбы:

 

1. Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік
  • Дамытушылық
  • Тәрбиелік

 

2. Сабақтың типі:   Жаңа  материалды игеру сабағы.

 

3. Оқыту әдісі: Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясын қолдану.

 

4. Қолданылатын көрнекіліктер:  Интерактивті тақта, таратпа материалдары.

 

ІІ. Актуальді  мәселе.

 

  • Білім беру.

 

  • Сабаққа қызығушылығын тудыру тәсілдері.

 

  • Тексеру түрлері.

 

 

ІІІ Жаңа ұғымды қалыптастыру және әрекет ету тәсілдері.

 

  • Жаңа ұғымды көрсету, таныстыру, ұғындыру.

 

  • Білімнің өсімін көрсету.

Информация о работе Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу