Абайдың қара сөздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Файлы: 1 файл

baidildaeva.doc

— 127.00 Кб (Скачать)

                                                                                                                                           ӘОЖ 372.8:37.01:371.4:894.342(574.54)      

                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                            Қолжазба құқығында      

 

 

 

 

                                                                                                                                                                               БАЙДІЛЛАЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ

 

 

                                                                                                                                                                                 АБАЙ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-

                                                                                                                                                                                ПІКІРЛЕРДІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ

                                                                                                                                                                                 КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ

 

 

 

                                                                                                                                                                              6М010300 – Педагогика және психология  

                                                                                                                                                                                 мамандығы бойынша білім магистрі академиялық

                                                                                                                                                                                дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертацияның

                                                                                                                               

                                                                                                                                                                                   РЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің «Педагогика» және «Психология» кафедрасында орындалды. 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                                 педагогика ғылымдарының

                                                                кандидаты, профессор    Х.Е.Нұғманова  

 

 

Ресми оппонент:                               педагогика ғылымдарының кандидаты              

                                                          С.Жанибекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертация 2012 жылдың             күні сағат        Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда  мемлекеттік  университетінде  (мекен-жайы: 120014,  Қызылорда қ, Төлеби көшесі,  №36, 7 оқу ғимараты,  «Музыка-педагогикалық»  факультеті, 4 қабат,               дәрісхана) қорғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен    Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда    мемлекеттік 

университетінің ҒТК  танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы.  Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.

Рухани мәдениетіміздің  тарихына айрықша назар аударуымыздың  себебі де осы. Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар–тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу,  оның дамуына өріндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ" беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны белгілі [1. 5].

Қазіргі уақытта әр саладағы Қазақстанның көрнекті ғалымдары Т.Қ.Айтқазин, Ж.Молдабеков, Т.Есімов, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, ғалым-педагогтар Т.Ә.Әлсатов, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, К.Шәймерденова, І.Халитова, Н.Әлқожаева, І.И.Төретаева, А.Елемесовалардың ғылыми зерттеулері мен жекелеген мақалаларында зерттелген.

Тек тәуелсіз Қазақстанда  ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары жүйелі түрде зерттеуге  мүмкіндік туды.

Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерді қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, байыта түсетіні хақ.

Абай Құнанбаев мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен  сайын маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып табылады.

Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами  қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.

А.Құдиярова, І.Халитова, А.Елемесов, Н.Әлқожаева зерттеулерінде Абай мұрасының тәлім-тәрбиелік жақтары туралы небір құнды пікірлер берілген. Оларды біз негізге алып, талдай келе, ғалым-педагогтардың еңбектерінде әлі де болса жеткіліксіз зерттеле қоймаған мәселені байқадық. Ол – «Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану».

Дегенмен, жоғарыда аталған  ғалымдардың ғылыми еңбектерімен таныса келе, біз зерттеп отырған мәселе жеке-жеке қарастырылуы әлде де жеткіліксіз  деп есептеп, жоғары оқу орындарындағы студенттерді Абай құндылықтарын пайдалану негізінде білім беріп, оларды кәсіби жағынан дайындауды көздедік. Бүгінгі күнде болашақ педагогтардың этнопедагогикалық білімін жетілдіру және олардың соның негізінде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Абай тағылымдарын тиімді пайдалану қажеттілігі арасында белгілі бір дәрежеде қайшылықтар туып отыр. Сондықтан біздің зерттеу проблемамызды айқындауға себеп болды. Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Абай Құнанбаев мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп, таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Зерттеудің  нысаны: жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің  пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп,  талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану.

Зерттеудің  міндеттері:

  • Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;
  • Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;
  • «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің  болжамы: егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізеді.

Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А.Құнанбаевтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу проблемасына қатысты отандық және шетел педагог

ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңы, білім беру,

тәрбие тұжырымдары  мен бағдарламалары.

Зерттеудің  әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.

Зерттеу көздері: А.Құнанбаевтің өлеңдері, қара сөздері, оқу орындарындағы іс-шаралар; (конференция, сұхбат, тәрбие жұмыстары т.б.)

Зерттеудің  кезеңдері: тақырып анықталып, ғылыми-педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, педагогикалық әдістеме бойынша педагогикалық эксперимент өткізілді.(2011);

2012 жылы – эксперименттің  қорытындысы жасалды, методикалық  ұсыныстар жасалынып, диссертация  мәтіні әдеби тұрғыда баяндау  аяқталды.

Зерттеудің  базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Зерттеудің  теориялық және тәжірибелік мәнділігі: А.Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлер талданып, оларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу материалдарындағы жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих мамандығында оқытуда педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.   

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, тұжырымдамалық аппараты негізделеді. «Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы» деп аталатын бірінші тарауда Абай мұрасындағы дидактикалық ой-пікірлер; Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері жөнінде ой қозғалады.

Біз өз зерттеуімізде Абай мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғұламалар Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Әуезов, ғалым-педагогтар Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Шәймерденова, Б.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, К.Құнантаева, Л.Халитова, А.Елемесовалардың еңбектеріне сүйендік. Аталған ғалымдар еңбектерінде ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиелік ойлары туралы ғылыми тұжырымдар белгілі дәрежеде түрде қарастырылғандықтан, біз бұл зерттеуімізде Абайдың нақты шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталуды жөн көрдік.

Абайдың дүниетанымы  зерттеушілер назарын аударып, оқырман  қауымның рухани қазынасына айналды. Профессор  Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады. 

Информация о работе Абайдың қара сөздері