Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:08, реферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Абай еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.
Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға тырыстық.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді.
Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.
Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.
Бұл қара сөздер жанрлық,
стильдік жағынан әр алуан. Мұнда
терең публицистикалық
«Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп аталатын екінші тарауда Абайдың педагогикалық ой-пікірлерін оқыту үдерісінде пайдалану; тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілді.
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.
Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.
Абай Құнанбаев шығармалары педагогика ғылымының көптеген салаларына қатысты пікірлерге бай, сондықтан әлі де болса, ақын мұраларының оқу – тәрбие процесіне енгізу мәселелері жеткіліксіз есептейміз. Бұл мәселе аумағында Қ.Құнантаева, І.Халитовалар Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық тұжырымдамасын жасады. Аталмыш ғалымдар ақын мұрасының мектепті оқытылуы мен ондағы тәрбие процесінде қолданылуын теориялық - әдіснамалық, тарихи – педагогикалық негізде қарастырған. Бұл зерттеудің құндылығын атай отырып, оның кейбір тұстарының әсіресе, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындалуда жеткіліксіз зерттелгендігін байқадық.
Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.
Болашақ педагогтарды мектепті оқу - тәрбие жұмысына дайындалуда педагогикалық пәндерді оқыту барысында Абайдың тәлім – тәрбиелік тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Мұны төмендегі кесте арқылы бердік.
1-кесте. Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
Р/с |
Педагогика-лық пәндердің аттары |
Пән бойынша тақырыптар |
Абайдың еңбектерінің аттары |
Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері |
Абай тағылымдарын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
1 |
Педагогика-лық мамандыққа кіріспе |
- «Педагоги-калық мамандық-тың пайда болуы»; - «педагоги-калық іс-әрекетке кәсіби дайындық»; - «педагог тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері» |
«Сегіз аяқ», «Жас өспірім замандас қапы қалма», «Әсемпаз болма әрнеге» |
- ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға; - әрбір ғұламаның басқан ізінде бір-бір медресе жатыр; - білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез; - әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тапта бар қалан.
|
Эссе жазу: «Маманды-ғым – мақтаны-шым» Абай өлеңдерін жатқа айтып, талдау жасау. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
2 |
Педагогика |
«Тұлға қалыптас-тыруға әсер ететін факторлар», «тәрбие мақсаттары, «эстетика-лық, адамгерші- лік, имандылық, еңбек, отбасы, экология тәрбиесі», «ғылым, білім, оқыту», «ақыл-ой тәрбиесі, патриоттық тәрбие», «тәрбие принцип-тері», «дидактика-ның принцип-тері», «отбасы тәрбиесі» |
«Сегіз аяқ», «ғылым таппай мақтанба», «бірінші қара сөз», «он жетінші қара сөз», «он сегізінші қара сөз», «қалың елім, қазағым», «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы», «насихат», «қыс», «жаз», «жазғы-тұрым», «ауылдың маңы терең сай», «желсіз түнде жарық ай», «жиырма жетінші қара сөзі», «оныншы қара сөзі» |
- «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей, - ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз. - талаптан да білімнен өнер үйрен; - білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл - білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез; - есектің артын жусаң да, мал тап; - болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, - дүние де өзі малда өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз; - махаббат, әділет, сезім - кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ. - баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
|
17-ші, 18-ші, бірінші қара сөздеріне талдау жасау. Пікірталас өткізу: «ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз». |
1-кесте (жалғасы)
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
3 |
Педагогика тарихы |
«ХІХ ғасырдың екінші жартысын-дағы ағартушы-лар мұраларын-дағы педагогика-лық ойлар»; «Әл-Фараби және Абай» |
«10-шы қара сөзі», «37-ші қара сөзі», «25 сөз», «19-шы сөз» |
- әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың; - құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма; - адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып адам болады. |
«Адам баласы болса - бауырың» (пікірталас). «Әл-Фараби мен Абайдың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтас-тығы» (реферат)
|
1-кесте (жалғасы)
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
4 |
Әлеуметтік педагогика |
- «Адамдар-ды әлеумет-тендіру»; - «балалар-ды отбасын-да
тәрбие-леудің негізгі -«тұлғаны әлеуметтен-дірудегі мектептің рөлі»; - «баланы еңбекке баулу». |
«Сегіз аяқ», «жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «қалың елім, қазағым, қайран жұртым». |
«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват», «атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» |
«Елдің сиқын кімдер бұзады» (пікірталас). «Дін – адамгерші-лік құралы» (шығарма). |
1-кесте (жалғасы)
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
5 |
Педагогика-лық менеджмент |
- «Мектепті басқарудың қағида-лары»; - «білім беру жүйесіне басшылық жасау»; - мектеп ісін басқаруға қойылатын талаптар т.б. |
«24-шы сөз», «39-шы сөз», «38-шы сөз». |
- Егер ісім өнсін десең ретін тап. - биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шағады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. - адамның адамшылығы
істі бастағанды-ғынан - әрбір ғалым, хакім емес, әрбір хакім-ғалым; - бас басыңа би болсаң,
манар тауға симассың, басалқыңыз
бар болса, жанған отқа
|
«Ағайын тату болса аспандағы келер» (эссе жазу). Тезисті аяқтау. «егер мен мектеп директоры болсам...» Тренинг «педагоги-калық кеңес» |
1-кесте (жалғасы)
1 |
2 |
3 |
4 |
5 | |
6 |
Этнопедаго-гика |
- «Абай шығарма-ларындағы этнопеда-гогикалық идеялар»; - «этнопеда-гогиканың даму кезеңдері»; -«этнопеда-гогикадағы тәрбие мақсаты, қағидалары» т.б. - қазақтың мақал-мәтелдері |
«44-шы сөз», «29-шы сөз», «24-шы сөз», «7-ші сөз», «6-шы сөз». |
- Мал тапқан елдің жазығы жоқ; - бірлік бар жерде, тірлік бар; - ұят кімде болса, иман сонда; - жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол; - ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті; - бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық; - кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол; - өнер алды-бірлік, - ырыс алды-тірлік.
|
«Қазақтың тыйым сөздері» (реферат). «адамгер-шілік, еңбек, иманды-лық, отансүй-гіштік» тақырып-тарына арналған шағын конкурс ұйымдас-тыру. |
Болашақ мұғалімдердің Абай тәлім – тәрбиелік ойларын пайдалануға даярлықтарының деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мен әдебиет, педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге төмендегідей сұрақтар қойдық:
1.Абай қай өлеңдерінде
ғылым, білім, оқу туралы
2. Абай қара сөздеріндегі тәрбие туралы ойлары қандай?
3.Абай адам мінезі туралы не деген?
4.Ұлы ақынның махаббат, табиғат, білімнің пайдасы туралы ойларына байланысты тәрбиелік іс-шаралар өткізуге даярлығыңыз қандай?
5.Абай айтқан «Толық адам» қандай болу керек?
Сауалнама арнаулы курс оқылмай тұрғанда және оқытылғаннан кейін өткізілді.
2-кесте. Болашақ мұғалімнің
арнайы курстар мен семинарлар,
тәрбиелік іс-шаралар бойынша
оқу-тәрбие жұмысына
(Кестенің сұлбасы
ғалым К.Бөлеевтің кітабынан
Педагогика және психология |
Қазақ тілі және әдебиеті | |||
Сұрақтар |
Оқытылғанға дейін % |
Оқытылған соң % |
Оқытылғанға дейін % |
Оқытылған соң % |
1 |
11 |
80 |
17 |
87 |
2 |
4 |
74 |
13 |
91 |
3 |
6 |
64 |
14 |
79 |
4 |
2 |
77 |
11 |
86 |
5 |
7 |
71 |
11 |
82 |