Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:17, реферат
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді.
Біржан сал Қожағұлүлы (1834 - 1897 ж.ж)
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге құмар жас тар аяда қалмай, ошақ басы, от қасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт-дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік тұлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағұлдың
Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын, —
деп ақындық қуатының, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жоғары әуенменен айтады. Осыдан-ақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін әдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол қазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын
қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін
көрсетеді.
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, ұшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең қағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.
Бүл жырында ақын сағынған сұлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшқан құсқа мұңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай
Біржан Қожағұлдың бауырында, соның қарауында
өседі.
Ұсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір құдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға, —
деп өзінің бір өлеңінде айткандай, атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезінен-ақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып ұғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, сал-серілікті де ұнатады. Сұлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, қиырдағыны шалар қыран құс осының бәрі Біржанның бала шақтағы ұнатқан құмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жұрт аралап жүріп қазақтың осы бір ешкімге ұқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарқаны тербеткен ғажап дауыс, сұлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, қандай жағдайда кім болмасын басын бұрып қарайтындай, мынау Біржан-ау дейтіндей дәрежеге әкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жұртқа танылып, яғни Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге Біржанның қалай әнші болғандығы жөнінде, қала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дәріс алғандығы беймағұлым. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржанның оқыған мектебі, әншілік мектебі, қала берді өскен ортасы, алғашқы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде, қазақтың ішінде болғандығы мағлұм. Демек, Біржан сал Қожағұлұлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кешкен, аққуға үн қосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның үнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің
Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіп,
Аман бол, жолыққанша перизатым, —
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі өн Біржанның алғашқы туьндыларының бірі деуге болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді
көкше құрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, тольқсып, творчестволык тұрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бұған қарағанда Біржан әнді көңіл-күйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бұл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала ұл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем
күлімдейді,
Сұр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз құбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтұғын тұстарында Айтбайдың әдемілігі,
Айтбайдың сұлулығы айтылады.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі — «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бұл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай құрмет көрсетпейді. Жұрт алақанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бұл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шырақ,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек қырмызы төрт-бес қадақ, -
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -
дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды, ұрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен ұрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады. Біржан шідерінің өзі үшін бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша құрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бұл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған шығармасы.
Кейін келе Біржан жасы ұлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бұл тұстары алдындағы қалыптасқан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нұржан мүмкіндігінше тежеп, әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп ұстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне бермейді.
Жасым бар елу бесте
жасырмаймын,
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,
Саған да туысым бас ұрмаймын, -
деп айтады. Бүл тұстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да қайтпайтындығын, күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады.
Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандагы аққуға үн қосатын, бүкіл қазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі — Біржан бұл дүниемен қоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек.