Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 21:27, курсовая работа
Зерттеудің пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.
І. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы
2.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері
IІI бөлім. Практикалық бөлім
3.1. Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану төмендегідей нәтиже беруде: ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі; ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы; игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы; жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы; ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Ағылшын тілі сабақтарында жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар: оқушының оқуға деген ынтасы артады; әр оқушының жеке қабілеті айқындалады; үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады; жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады; әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Оқушыларды шығармашылыққа өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей біле-тін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технология-ларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылы-ғының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық: 1)Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану; интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез-келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арасында байланыс орнатуға болады. 2)Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы. Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тап- сырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор. 3) Уақыт ұтымдығы. Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.
Бүгінде білім беру ұйымдарында мұғалімдер компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтынын ұғынатын кез келді. Жаңа ақпараттық құралдар оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. Қазірге қоғамдық өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеруді мектеп ұстаздары, басшылары жүйелі түрде жүргізулері керек. Компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім берудің ақпараттандырылуын дамыту қажет.
Қорытынды
Жалпы жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану жолдары әртүрлі болып келеді. Ол сабақтың түріне, сабақ өту әдіс-тәсілдеріне, сабақтың тақырыбына, сабақтың құрылымына байланысты. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану өте тиімді. Мұғалім аз күш жұмсап, көп нәтижеге жете алады. Тіл үйрену барысында мұғалім тақырып бойынша материалдар жинап, слайдтар мен тапсырмалар жасап дайындаса, оны бір сабаққа ғана пайдаланбай, сақтап қойып, қайталау сабақтарында қайта пайдалануына әбден болады.
Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолданудың қарапайым жолы компьютер арқылы тақта бетіне тақырып бойынша өтілетін жаңа сөздерді оқылуымен жазып ал аудармасын суреттер арқылы көрсетіп, тіл үйренушілерге ұсынуға болады. Нәтижесінде тіл үйренушілер жаңа сөздерді суреттер бойынша есінде жақсы сақтайды, жазылуын тақтадан оқығандықтан көру арқылы есінде сақтайды. Жаңа сөздерді арнайы жазылған дискілерді тақта арқылы оқушыларға тыңдатып, соңынан қайталатып айтқызу керек. Оқушылар дискіден тыңдаған ағылшынтілінде сөйлеушінің дауыс ырғағына, әріптерді дыбыстауына, сөздегі буындарға түсірген интонациясына көңіл бөле отырып, сол сөйлеушіге еліктеу арқылы жаңа сөздердің айтылуын есте сақтайды. Сол үшін тыңдауға алынған дискілеріміз таза әрі дұрыс жазылған болуын қадағалауымыз керек. Бұл лексиканы үйретуде интерактивті тақтаны қолдану жолыдары: мәтінді аяқта, яғни мәтіннің басы немесе ортасы тақтада беріледі, соны оқушы ойланып толықтыруы керек; мәтін толық беріледі, бірақ мәтіннің кейбір сөздері суреттер арқылы беріледі, соны оқушы сөзбен жазуы керек; мәтін осы шақта беріліп тұр, енді соны өткен шақта айтуы керек. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдана отырып, көптеген ойындар ойнатуға болады және сөз жұмбақ- тар, ребустар шешеміз.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қа-рым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту маз-мұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) дамытады. Оларға өзара мәдени қарым -қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптас-тыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.
Кесте 1. Оқушылармен жүргізілген эксперимент жұмысының бастапқы және соңғы үлгерім сапасының деңгейін салыстырмалы түрде анықтау диаграммасы.
Танымдық бағыт бойынша: оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда); оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; сөз мәдениетін таныту.
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: оқушыларға тіл нормала-рын меңгерту; тілдік сауаттылығын арттыру; оқушылардың тілдік – эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; шығарма-шылық қабілеттерін дамыту; қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; интернет-сайттары, басқа да құ-ралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады; интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады; мұғалімнің, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталанды-рады; оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады; әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының
2. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. //Алматы, – 2010. - 75б.
3. Қараев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях преминения компьютерной технологии обучения: дисс. док. пед. наук. - Алматы, 1995. – С.335.
4. Нұрғалиева Г.К., Тілеуова С.С.
Ақпараттандыру – білім беруді
реформаландырудың негізгі
5. Дацюк Г.И. Психолого-педагогические особенности применения информационных-коммуникативных технологий в учреждених общего среднего образования: дисс. канд. пед. наук. - М., 2001. – С.175.
6. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-
7. Молдабаева К.Е. Білімді ақпараттандырудың маңызды факторы – Интернетке шығу. //Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың ІV- Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы Алматы, 2006. – 392б.
8. Могилёв А.В. Интернет приходит в школу. Воронеж: ВГПУ, 2001. – С.240.
9. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка. //ИЯШ. – 2000. - № 2.- С.98.
10. Беспалько В.П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. – М.: Высшая школа, 1998. – С.288.
11. Вымятнин В.М., Демкин В.П. Мультимедия курсы: методология и технология разработки. – Томск, 2003. – С.265.
12. Гаффин А.К. Путеводитель по глобальной компьютерной сети Интернет. – М.: ТПП Сфера, 1995. – С.269.
13. Соболева М.Н., Гомулина Н.Н., Брагин В.Е. Электронный учебник нового поколения. //Информатика и образование. – 2002. - №6. – С.239.
14. Пассов Е. И. Основы коммуникативной методики. - М.: Русский язык, 1989. – С.278.
15. Добудько Т.В. Формирование профессианальной компетентности учителя в условиях информатизации образования: дисс. док. пед. наук. – Самара, 1999. – С.171.
16. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Алматы, 2007ж.
17. Н. Әділбаев, Интерактивті тақта білімнің жаңа көкжиегіне қадам басты. Заң газеті, 2007ж. 30тамыз, 15б.
18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана.- 2001ж. 30б.
19. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б.
20. Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2011ж -350б.
21. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж. 120б.
22. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000ж. 45б.
23. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж. 32б.
24. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5 35б.
25. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 34б.
26. Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5 32б.
27. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5 35б.
28. Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9 34б.
29. Л. А. Кравченко, И. Ф. Ахметова Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней школе. Английский язык в школе, 2008г. №1 С. 30
30. Г.Оразәлі Мектепте интерактивт