Электрондық оқулықтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 21:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

Оглавление

І. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы
2.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері
IІI бөлім. Практикалық бөлім
3.1. Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

электронды оқулық.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

Жоспар

 

 

І. Кіріспе

 

IІ. Негізгі бөлім

 

    1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы

 

    1. Электрондық оқу құралдарының түрлері

 

 

IІI бөлім. Практикалық бөлім

 

3.1. Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Ақпараттық технологияны меңгерген педагогта интеллектуалдық, рухани  азаматтық  және  басқа да  көптеген  адами келбеті қалыптасады. Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау  адамзаттың  әртүрлі  сферасында, соның ішінде  білім  беру  саласында  көптеген  өзекті   маңыздылыққа  қол  жеткізіп  отырғаны  белгілі.

 Ағылшын тілді оқытуда жаңа  технологияларды, техникалық құралдарды  сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының  көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор.  Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттер, IQ-тесттерімен жұмыс істей алады. Бұндай жұмыстарды WWW (World Wide Web) сайтынан аламыз.

  Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және дыбыстық ақпаратпен  қамтамасыз ете алуы, оның басты және маңызды ерекшелігі аутенттілігінде. Жаңа ақпараттық технологияда компьютер негізгі рөл атқарады. Бүгінде Интернет жүйесі арқылы білім алудың жаңа түрі – қашықтан оқыту пайда болды. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Зерттеудің мақсаты: мектепте ағылшын тілін оқытудың электрондық құралдарды қолдану. құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.

  Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау , сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-жабдықтық оқу ортасын құрайды.

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде әртүрлі ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің шектілігімен түсіндіріледі. Осы сала бойынша объективті баға тек берілген тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы мүмкін.

Зерттеудің міндеті: ағылшын тілін оқыту процесінде  электрондық құралдарды қолдану тиімділігін көрсету,мектепте ағылшын тілін оқытуда электрондық құралдарды қолдану жолдары.

     XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп бекерге атамаған. Компьютер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар мен оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған

Зерттеудің обьектісі: Электрондық оқу құралдары және қолдану тәсілі.

Зерттеудің пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін  мультимедиялық технологиялардың  мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология. 

     Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

     Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.

     Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Курстық жұмыстың теориялық маңызы: электрондық оқу құралдарының дамуының тарихын зерттедім, осы тақырыпқа байланысты әдістемелік,әдебиетті зерттеп,ең маңызды мәселелерді шештім. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Ағылшын тілі сабақтарында өзеклігін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді. Бұл ашық сабақтар интерактивті тақтасыз өтпейді. Әр ашық сабақта мұғалімдер интерактивті тақтаның барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тырысады. Тақтаның мүмкіншілігі мен мұғалімнің сабақ өту шеберлігі қосылып, өте сапалы, қызықты сабақтың куәсі боламыз.

Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен  ынтасының  жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін   мұғалім бар күш - жігерін,  шеберлігін салып сабақ өтеді.

Практикадағы маңызы: Электрондық оқу құралдарды қолданатын тәсілдерді анықтап, өзімнің практикалық жұмысыма қолдандым.

 

Зерттеудің базасы: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

 

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша түрлі авторлар еңбектері; физика саласындағы ғылыми еңбектері, сайт материалдары.

 

Құрылымы: Курстық жұмыс: 3 бөлім – кіріспе, негізгі бөлім, практикалық бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІ. Негізгі бөлім

 

2.1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы

 

ХХІ ғасыр – озық  технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Білім берудің жүйесінің қай саласы болмасын осы технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі – мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.

Сөздіктерде «Технология»  деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы.

Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады.  Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы білім алушылардың қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпаратттық технологиясы» термині педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілері және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады.

Оқу процесін жаңа ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру «компьютерлік технология» терминін «ақпараттық  технология» түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық  үдеріс деп танығанымыз жөн.

Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің  іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.

Күрделі құралдар: механикалық  визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық  кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе.

Педагогикалық-әдістемелік оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық  құралдары (электронды  оқулықтар, электронды курстар,  дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық  презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек: психологиялық - аталған бағдарлама оқу барысында қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендетеді ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма; педагогикалық – бағдарлама қаншалықты көлемді педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педагогикалық іс-әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалық көрсете алады; әдістемелік – бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе; ұйымдастырушылық – компьютерді және жаңа ақпараттық  технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде беріле ме және т.б. Осы жайттардың басын ашып құрастырау өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді.

Информация о работе Электрондық оқулықтар