Электрондық оқулықтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 21:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау жолдары. Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

Оглавление

І. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқу құралдарының даму тарихы
2.2. Электрондық оқу құралдарының түрлері
IІI бөлім. Практикалық бөлім
3.1. Электронды оқулықтардың шет тілі сабағындағы рөлі мен пайдасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

электронды оқулық.doc

— 165.00 Кб (Скачать)

Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы әрі тиімді өтуін  ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Microsoft Office құралдары арқылы құжаттарға немесе бағдарламалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта – сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа объектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады.

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады. Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын-ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.

Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын-ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады. Құрылымы сол бұрынғы – интерактивті тақтаны қолдану, қолданбауы маңызды емес.

Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар. Атап айтсақ: веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез-келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез-келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады; түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады; ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді; оқытудың түрлі стильдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады); сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді; өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді; сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді; педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді.

Мектепте интерактивті тақтаны тек сабақ өту мақсатында ғана емес, сабақтан тыс өтілетін іс-шараларда, ата-аналар жиналыстарында, сынып жиналыстарында кеңінен қолданамыз. Мектепте мұғалімдер, оқушылар арасында өтетін сайыстарда тақтамен презентация  жасаймыз. Сондай-ақ, әр тоқсан сайын өтілетін педагогикалық кеңесте интерактивті тақтаны тоқсандық қорытындыларды диаграммалар арқылы пайыздық көрсеткіштерін көрсетуде кеңінен пайдаланамыз. Ал ата-аналар жиналысында оқушылардың білім сапасының қорытындысын, оқушылардың жеткен жетістіктерін, тәрбие сағаттарындағы суреттерді, жалпы оқушылар туралы мәліметті ата-анаға ауызша айтып жеткізгенше, слайдтар арқылы көрсетіп, ата-аналарды қуантып та, өкіндіреде аламыз. Ата-анаға өз баласының мектептегі жай күйін осылайша жеткізе аламыз. Интерактивті тақтаны әр пәннен өтілетін он күндіктер барысындада кеңінен қолданамыз. Он күндікте пән мұғалімдер өздерінің шеберлігін көрсету мақсатында ашық сабақтар өткізеді. Бұл ашық сабақтар интерактивті тақтасыз өтпейді. Әр ашық сабақта мұғалімдер интерактивті тақтаның барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тырысады. Тақтаның мүмкіншілігі мен мұғалімнің сабақ өту шеберлігі қосылып, өте сапалы, қызықты сабақтың куәсі боламыз.

Жалпы айтқанда интерактивті тақтаны мектепте қолдану өте тиімді. Тақтаны оқу процесінде пайдалану нәтижесі төмендегідей деген қорытындыға келдік: оқушыларға тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғайды; оқушының пәнге қызығушылығы артады, дағды, зейін дамиды; дидактикалық материалдар қоры ұлғайды; өткен материалды қайталау мүмкіндігі туды; сурет, сызбалар дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылды; сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды; электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта қолданды. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу – оқушының пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Баланың қызығушылығы мен  ынтасының  жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін, мұндай мәселе болдырмау үшін   мұғалім бар күш - жігерін,  шеберлігін салып сабақ өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІI бөлім. Практикалық бөлім

 

3.1. Электронды оқулықтардың  шет тілі сабағындағы рөлі  мен пайдасы

 

 

Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу міндеті. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, оларға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет.

Алайда, кез-келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді екенін ескертіп кеткен жөн. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты қызықты етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Мысалы, мұғалімде ескертулер, тапсырмалар жазу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өткен материалға оқушылардың оны қаншалықты меңгергендігін бақылау үшін қайта келе алады. Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Тіл үйрену барысында тақтаны қолдана отырып, педогогикалық қалыптасқан айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларға видео мен ойын бағдарламаларын оқып үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сабақтағы жаңа тақырыпты түсіну тиімділігін қамтамасыз етеді.

Екінші тараудың екінші тарамшасында  интерактивті тақта арқылы оқушылардың тілге қызығушылығын   арттыру тәсілдері баяндалады.Тақтаның ерекшеліктері мен артықшылығын айта келе өз тәжірбиемде жеткен жетістіктерімді қоса кетейін. Бұл тәжірбие бірнеше тоқсан бойы жүргілді. Аптасына екі рет ағылшын тілі болатын 6«а» және 6«ә» сыныптарында өткіздім. Әр сыныпта 14 оқушыдан бар. 6«а» сыныбы мультимедиалық кабинетте орналасқан, яғни сынып бөлмесінде Smart Board тақтасы қондырылған. Сондықтан тоқсан бойы ағылшын тілі сабағы интерактивті тақтамен жүргізілді. Ал 6«ә» сыныбы жәй сынып бөлмесінде отырғандықтан, оларға ағылшын тілі сабағы қарапайым тақтамен жүргізілді.  Алтыншы сынып материалында жаңа сөздер көп беріледі. Сол жаңа сөздерді 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға суреттер мен слайдтар енгізіп, сөздердің жазылуы мен оқылуын әртүрлі түспен ерекшелендіріп жазып қойдым. Оқушылар жаңа сөздерді слайдтар арқылы тез қабылдап, жаттап алды. Келесі сабақта сол сөздерді қайталау мақсатында сөз жұмбақ құрастырдым да оны интерактивті тақтаға енгіздім. Онда барлық тапсырма суреттер бойынша берілген, оқушылар сол суреттердің атауларын ағылшын тілінде жазып, сөз жұмбақты оңай шешті. Бұл оқушылардың жаңа сөздердің тек айтылуын ғана емес оның жазылуына да көңіл бөліп, өз дәрежесінде меңгергенін көрсетеді.

Келесі тапсырма мәтінмен жұмыс. Мақсатым оқушыларды ойландыру, іздендіру  сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді деп төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым. Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап, 6«а» сынып оқушыларына интерактивті тақтаға енгізіп, өз дәптерлеріне тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу тапсырмасы берілді. Оқушылар тапсырманы орындап болған кезде, тақтаға мәтіннің тыныс белгілері қойылған дұрыс үлгісі тақта бетіне шығарылды оқушылар бір-бірінің жұмыстарын ауысып тексеріп қателерін айтты. Ал 6«ә» сыныбында әр оқушыға осы мәтін жеке-жеке парақтарға жазылып таратылды. Оқушылар  жұмыстарын ауыстырып тексерді. Дұрыс үлгісін өзім ауызша айтып тұрдым. 6«ә» сынып оқушылары тапсырманы орындағанымен, 6«а» сынып оқушыларындай қызығушылық танытпады. Соңынан берілген мәтінді толық оқып әр оқушы түсінгенін айтып өтті. Берілген мәтін төмендегідей:

«Where did you get it?»

When uncle Asan came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much little Dos turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Asan thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes  Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

Келесі сабағымыздың тақырыбы Unit 1 Step 4 «Sightseeings». Бұл тақырыпты түсіндіру барысында интерактивті тақтаның көмегі өте зор болды. 6«а» сыныбында интерактивті тақтаға енгізілген «Astana», «London» қалаларының көрікті жерлері жайында слайд-шоу көрсетілді, көптеген қосымша ақпараттарды интернеттен алып айтып өтілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақты бекіту мақсатында Венн диаграммасын жасауды тапсырылды. Оқушылар тапсырманы өз дәрежесінде орындап шықты. Үйге тақырып бойынша альбом жасап келу тапсырлды. Ал 6«ә» сыныбында бұл сабақты оқулықтағы мәтіндерді оқып, сұрақ жауап арқылы сабақ бекітілді, Венн диаграммасын жасауға уақыт жетпеуіне байланысты сол тапсырма үйге берілді. Оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізді. 6«а» сынып оқушылары альбомды түгел жасап әкелді. Ал 6«ә» сынып оқушыларының жартысы Венн диаграммасын орындамаған. Бұл оқушылардың тақырыпты түгел меңгермегендігін білдіреді. Сондықтан 6«ә» сыныбын қайталау сабағында мультимедиалық кабинетке апарып интерактивті тақтамен 6«а» сыныбында өткен слайд-шоуды, қосымша ақпараттарды айтқанда 6«ә»сынып оқушылары өз белсенділіктерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап шықты. Тақтаны қолдана отырып көптеген қызықты тапсырмалар беруге болады. Мысалы, «Мақалды тап», мақалды екіге бөліп орналастырып, екінші бөлігін тақта бетінен тауып әлектронды маркермен жылжытып, мақалды құрастырып, қазақша баламасын сұрадым. Өзі құрастырған мақалды бала есіне сақтап қалады. Мысалы, There is no place, like home

           Better late than never

           There is no smoke without fire

           To make a mountain out of molehill

Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Сондай-ақ, ағылшын тілінің грамматикалық материалдарын ауызша түсіндіргенше, Smart Board тақтасындағы суреттерді қозғалтып, сөйлетіп, мысалдарды анимациялық суреттер арқылы көрсетуге болады. Грамматикалық жаттығуларды тақтаға электронды маркер арқылы орындауға болады. Интерактивті тақтаны сабақтан тыс факультативтерде, апталық іс-шаралар өткізгенде кеңінен қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;  оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы  сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Информация о работе Электрондық оқулықтар