Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 23:43, курсовая работа
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні өте зор. Оны аудару жолдары әлі де толық шешілмеген, себебі әлі күнге дейін эквивалентсіз лексика көркем шығарма мәтінінен тыс қарастырылып келеді, лексикалық бірліктердің қызметі шығарма контекстінде ескеріле бермейді. Эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін олардың көркем шығармадағы қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие, берілген курс жұмысының жаңалығы да осыған негізделген.