Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 23:43, курсовая работа
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні өте зор. Оны аудару жолдары әлі де толық шешілмеген, себебі әлі күнге дейін эквивалентсіз лексика көркем шығарма мәтінінен тыс қарастырылып келеді, лексикалық бірліктердің қызметі шығарма контекстінде ескеріле бермейді. Эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін олардың көркем шығармадағы қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие, берілген курс жұмысының жаңалығы да осыған негізделген.
Батырлық, ерлік туралы:
Forture favous the brave
Слипость сдвигает горы с места
Тәуекел тау жығады.
Туған жер, Отан туралы:
East or West home is best.
Нет земли лучше Родины,
нет людей лучше чем на Родине.
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
Thereis no place like home
Все земли- хороши.
А своя- всех лучше.
Ел- елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен де жақсы.
Тағы бір
үлкен үндестігі ол- лексикалық құрылымы,
грамматикалық құрлысы, мағынасы жағынан
ағылшынша, орысша, қазақша мақал-мәтелдердің
синонимдері болады. Мысалы құрлысы
жағынан үндесетін синонимдер:
Honesty is the best policy.
Син. Cheats never prosper. Арыңды жасыңнан сақта.
Четность- лучшая политика.
Тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақал-мәтелдің бастапқы, негігі мағынасы өзгермейді. Сондықтан біз қай ұлтты адам болсақ та, қай тілде сөйлемесекте ата-бабамыздың келер ұрпаққа, яғни бізге деп қалдырып, кеткен алтыннан да қымбат, асыл қазынамыз мақал-мәтелдерді біліп, жадымызда сақтауымыз керек.
A friend in need is friend in deed. Друзья познаются в беде.
Нағыз дос басыңа іс түскенде көрінер.
A tree is known by its fruit fruit. Дерево познается по плоду.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Old friends and old wine are best. Старый друг лучше новых двух.
A friend’s eye is a good mirror. Глаза друга- это лучшее зеркало.
2.2
Эквивалентсіз лексиканың
Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бастапқы лексикалық бірліктердің аударма тіліндегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады.
Біршама
қиындық қазақ есімдерін
Аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің аудармасы үшін қолданылатын транскрипция және транслитерация тәсілдері жеткіліксіз болып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне символдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут (транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут (аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім аралас мағынада қолданылған: мұнда Chief кейіпкердің үндіс екендігін білдіретін қосымша есіммен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын ресми негізгі үндістердің жанұялық атауы болған White Halfoat тегі үйлескен.
Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа бірліктер тобына мамандардың көпшілігі халықтар мен тайпалар атауын, жағрапиялық атауларды, іскерлік мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді басылымдар атауын, хоккей және басқа спорттық команда атауларын, рок-музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени объектілер атауларын және т.б. жатқызады. Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың көпшілігі транскрипция және транслитерация тәсілдері арқылы оңай аударылады:
Bank of London - Бэнк оф Лондон
Minnesota - Миннесота
Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал
Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз
Beatles – Битлз
The Capitol – Капитолий
Metropolitan – Метрополитен, және т.б.
Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде аз кездеседі және ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді:
Illinois – Иллинойс (Илиной емес)
Michigan – Мичиган (Мишиган емес)
Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері қалыптасты. Олардың бірі негізгі атаумен ішінара сәйкес болса,
Мәскеу – Moscow
The Hague – Гаага
Санкт-Петербург – St. Petersburg,
бірі негізгі тілдегі атауымен мүлде сәйкес келмеуі мүмкін:
England – Англия
The English Channel – Ла-Манш және т.б.
Жағрапиялық
атауларды транскрипциялау
Florida (екпін бірінші буында)
Флорида (екпін екінші буында)
Washington (екпін бірінші буында)
Вашингтон (екпін соңғы буында).
Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни транскрипция және семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады деген ереже бар:
Gulf of Mexico - Мексика шығанағы
River Thames - Темза өзені
The Pacific Ocean - Тынық мұхит
Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі
Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, Бостон қаласындағы No Name Restaurant атауын қалай аударуға болады? Ноу Нейм рестораны ма, әлде «Есімсіз» ресторан ба? Ымыраға келуге болады: No Name рестораны.
Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді басылымдар атауларын аударуда қолданылады:
Subaru – Субару
Ford Mustang – Форд Мустанг
Facts Оn File – Фэктс Он Файл
Жас Алаш – Zhas Alash
Бірақ, оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы аударылады:
Western Michigan University
Батыс Мичиган Университеті
Cherry Hill High School
Черри Хилл орта мектебі
Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Aktobe State University.
Әртүрлі елдердегі түрлі білім беру дәстүрлеріне сәйкес оқу орындарының атауларын аудару біршама қиындық тудырады. Мәселен, американдық білім беру жүйесінде school сөзі деңгейі және түрі жағынан әртүрлі оқу орындарының бірқатарын атауда қолданылады: high school шындығында «орта мектеп» дегенді білдіреді, school of law – «құқық институты», graduate school – «аспирантура» не «магистратура». Осыны есепке ала отырып Princeton School of Law – Пристон Университеті жанындағы Құқық институты деп аудару, Пристон құқық мектебі дегеннен гөрі үйлесімді болады. Мұндай атауларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару – күрделі мәселе. Мысалы, «институт» сөзі Қазақстан, Ресейде жоғары оқу орнының, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару мекемелерінің атауы болса, ағылшын тілді елдерде institute сөзі екінші мағынаны білдіре отырып, әдетте негізгі мағынаны тарылтады. Мұндай жағдайларда аудармашы әдетте жағдаятқа сай шешім шығарады. Әзірге оқу орындарының түрлерін атау халықаралық деңгейде мемлекетаралық келісімге келіп, жүйеленген жоқ. Сондықтан семантикалық аударма тәсілін қолдану орынды болады. Дегенмен, транскрипция арқылы аударма жүргізу де қолайлы. Мәселен, қолданысқа тез арада енген gymnasia сөзі гимназия атауын білдіруде қолданылады. Әртүрлі халықаралық үлгідегі анкеталарды толтыруда оқу орнының атауын екі нұсқада толтыру ұсынылады. Мысалы:
Қазақ Педагогикалық Институты
Kazakh Teachers’ Training College
және
Kazakh Pedagogical Institute.
Жалқы есімдерді
аударудағы транскрипция мәдениетаралық
үйлесімділіктер аясымен
Аудармашы
қиын мәселелердің бірі деп басты
назар аударатын нәрсе –
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі бірліктер тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе, осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок музыка туралы мәтіндерге сай келеді:
«Кейін «Ридинг – фестиваль» келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып, «Innocent Victom» альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге «Free Me» - коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты».
Осы кішкене
үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі
бір халықаралық рок музыка әлемінің
реалийлерін білдіреді. Олардың
толық аудармасыз шетелдік түрінде
не аударма транскрипциясы не аралас
аударма түрінде берілгені
Өнертану мәтіндерін аударудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция, семантикалық аударма не аралас аударма.
Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері.
Алдар Көсе – Aldar Kose
Hobbit – Хоббит
Goblin – гоблин және т.б.
Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін білдіретін мағыналық құрамдары барлары аралас аударма не калькалау арқылы аударылады.
Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге терминдер жатады. Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын немесе ағылшын бірліктері алынады: cable – кабель, restitution – реституция, reconstruction – реконструкция, т.б.
Аударма тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын тілдік бірліктерді аудару үшін қажет транслитерация тәсілімен бірге калькалау тәсілі де қолданылады. Калькалау дегеніміз – сөздің құрам бөліктері (морфемалар) немесе фразалар (лексемалар) аударма тілінің элементтеріне сәйкес аударылатын біріккен сөз құрамы немесе сөз тіркестерінің айтылуы. Калькалау аударма тәсілі ретінде транслитерация белгілі бір себептермен эстетикалық, мағыналық не басқа да ұстанымдарға байланысты қолданылмаған кезде мәдениетаралық коммуникация жағдайында үлкен көлемдегі әртүрлі кірме сөздердің енуіне негіз болды.
Тілдердің даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі тіларалық өзара байланыстың көптеген үлгілерін көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінің –шы, -ші, -кер, -гер, т.б. жұрнақтары ағылшын тілінің – er, -or, - ist жұрнақтарымен өзара байланысты; -сіз, -сыз жұрнақтары ағылшынның un-, in/im-, non- түбір алды жұрнақтарына сәйкес. Үдемелі тіларалық өзара әрекеттестік әсерінен көптеген тілдерге жалпы тізімдік морфемалар енді: -ист, -изм, -ор, дис-, -ион, т.б. Көптеген түбір морфемалардың қазақ және ағылшын тілдерінде тура сәйкестіктері де бар:
Money – ақша,
window – терезе,
Old – кәрі,
table – үстел,
Go
– жүру,
war – соғыс, т.бСаяси, ғылыми және мәдени салалардағы сөз тіркестерінің көпшілігі калкалаудан тұрады:
Үкімет басшысы – head of the government
Жоғары Сот – Supreme Court
Аралас заңдар – mixed laws
Сайлау шешіміне сенімсіздік – non-confidence vote, т.б.
Транскрипциядан калькалаудың ерекшелігі – оның негізгі түрді аударма тіліне механикалық түрде жәй аудара салу әрекеті еместігі және көбіне кейбір өзгертулерге жүгіну керектігін білдіреді. Ең алдымен бұл септік түрлерінің, сөз тіркесіндегі сөздер санының, аффикстер, сөздердің орын тәртібінің, сөздің морфологиялық және синтаксистік атқаратын қызметтерінің өзгерістерін қамтиды. Мәселен, ағылшынның skinheads не skinheaded сөздері skin сөзінің семантикалық мағынасынан ауытқып, калькалау арқылы жасалып, тықырбастылар не бәкібастылар деп жалпы өзгереді. Ағылшын сөз тіркесі two-thirds majority морфологиялық та,