Баламасы жоқ лексика

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні өте зор. Оны аудару жолдары әлі де толық шешілмеген, себебі әлі күнге дейін эквивалентсіз лексика көркем шығарма мәтінінен тыс қарастырылып келеді, лексикалық бірліктердің қызметі шығарма контекстінде ескеріле бермейді. Эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін олардың көркем шығармадағы қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие, берілген курс жұмысының жаңалығы да осыған негізделген.

Файлы: 1 файл

эквивалентсіз лексика курсовой урааааа жана.docx

— 42.70 Кб (Скачать)

Кіріспе

Өзінің  ерте  кездегі  дамуынан  бастап  аударма  адамзат  үшін   ең  маңызды  әлеуметтік  қызмет  атқарды,  әр  түрлі  тілдік  топтарға  жататын  адамдардың  қарым-қатынасы  үшін  көмектесті.  Жазу  пайда  болғаннан  кейін  аударма  адамдарға  өзге  мәдениет  жетістіктеріне  жол  ашты.  Әдебиет  пен  мәдениеттердің  қарым-қатынасы  тек  қана  аударманың  көмегі  арқылы  шындыққа  айналды. 

Қазіргі  таңда  лингвоелтану  және  лингвомәдениеттану   ғылымдарына  көп  көңіл  бөлініп  келеді.  «Тіл  және  мәдениет»  проблемасын  зерттейтін  барлық  ғалымдар  тілді  мәдениетпен  байланыстыра  отырып  зерттеу  қажеттігін  айтады.  Бұл  тілдің  ұлттық-мәдени  спецификасын  анықтауға  көмектеседі. 

Енді тақырып бойынша баламасыз  аударма туралы сөз етейін. Лексикадағы  ұлттық  бояуы  бар  пластқа  эквивалентсіз  лексика  жатады.

Бұл  тақырыпқа  көптеген  лексикология  саласының  алдыңғы  қатарлы  мамандары  өздерінің  зерттеулерін  арнады.  Жұмысты жазу барысында оқулықтар, лекциялар курсы, негізгі ғылыми әдебиеттер, В.Н. Комиссаров, Я.И. Рецкер, С. Влахов, С. Флорин, Л.С. Бархударов, М.Г. Комилев, А.Д. Швейцер, Г. Г. Панова, Ю. Найда   т.б. зерттеулері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.

Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері  мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні өте зор. Оны аудару жолдары әлі де толық шешілмеген, себебі әлі күнге дейін эквивалентсіз  лексика  көркем шығарма  мәтінінен тыс қарастырылып келеді, лексикалық бірліктердің қызметі  шығарма контекстінде  ескеріле бермейді. Эквивалентсіз  лексиканы аудару тәсілдерін  олардың көркем шығармадағы  қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие, берілген курс жұмысының жаңалығы да осыған негізделген. 

    а) Аударма эквиваленттілігі проблемалары

Эквивалентсіз лексика  туралы жалпы түсінік

Өз кең мағынасында қолданылатын  мәдениет сөзі мен осы сөздерге тіл элементтері ретінде салынған, сақталған және баяндалған  ақпараттың арақатынасы мәселелері бұрыннан бері  тек лингвисттерді ғана емес, басқа да ғылымдардың өкілдерін қызықтырған.  Халық пен ел өмірінің  барлық үлкен және кіші  ерекшеліктері (мәселен,  жаратылыс жағдайы, географиялық жағдайы, тарихи дамуының барысы, әлеуметтік құрылысының көрінісі, қоғамдық ойдың, ғылымның, өнердің даму үрдісі) міндетті түрде осы  халықтың тілінде көрініс табады. Сондықтан да  тіл кез келген ұлт мәдениетінің  көрінісі болып табылады дегенді батыл айтуға болады, тіл кез келген халықтың  ұлттық-мәдени кодын береді. Мағынасында тіл мен мәдениеттің байланысын  көрсететін ерекше бөлігі  айқындалатын сөздер кездеседі.  Олар семантикалық тілдік бірлігінің  мәдени  компоненті деп аталады.

Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны  да, дүниені көркемдік әдіспен  бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан  шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы  биігі де – эквивалентсіз лексика. Эквивалентсіз лексика -  ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі  мол көрініс тапқан. эквивалентсіз лексика дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан –алуан құбылыстарына  баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр. Эквивалентсіз лексиканың дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе кезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да эквивалентсіз лексиканың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн: 
1. Эквивалентсіз лексика объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай  қорытады. 
2. Эквивалентсіз лексиканың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.

3. Эквивалентсіз лексиканың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу  процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.

4. Эквивалентсіз лексика дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ә) Эквивалентсіз лексика түрлері

1.1 Фразеологизмдер

Тілдің  лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа  тіл бірліктерінің тұрақты сөз  тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі  ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл  білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі  тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын  зерттейтін саласы, екінші, белгілі  бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Осы күнгі  тіл білімінде фразеологизм деген  ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық  сөздікте» фразеологизмге мынадай  анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз  формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен  ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық  құрамы тұрақты сөз тіркестері мен  сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда  фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты  сөз тіркестерінің түрлері мен  сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты  қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік  бірліктер, қос сөздер мен қосарлы  тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы  мүмкін.

Фразеологизмдердің  осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан  тәжірибе жүзінде фразеологизмдер  тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық  сөзбен мағыналық байланысына, сол  арқылы лексикологиямен жақындасатынына  негізделген.

Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық  сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.

1.2 Мақал-мәтелдер

Көркем  сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, халықтың өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық – грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты мен мән мағынасын сақтап қалған тілдік бірліктер – өздік құрамдағы мақал-мәтелдер.

Тарихи  тұрғыдан қарағанда қанатты сөздер мақал – мәтелдердің қорын  байытатын негізгі көз болып  табылады. Осы күнгі мақал –  мәтелдерде ақылгөй, дана адамдардың аузынан  шығып, замандар бойы халық қолданысында әбден екшеліп, қырналып, жетіліп, біздің заманымызға жеткен қанатты сөздер сияқты, бірақ олар бастапқы қалпын, авторларын сақтамаған. Қанатты сөздер грамматикалық құрылысы жағынан мақал-мәтелдер тектес әртүрлі формада кездеседі.

Мақал деген  – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны  жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы  жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді (түстік өмірің болса, кештік мал жина; ер бір рет өледі). Мағынасы жағынан екі компонентті мақалдың алдынғы бөлімінде әр нәрсенің жайы не әрекетінің жағдайы, шарты байымдалса, кейінгі бөлімінде соған қатысты қорытынды, түйінді пікір тұжырымдалады (бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа отырады; ер арыса аруақ, ат арыса тулақ т.б.). Бірақ мақалда айтылатын ойдын өзара шарттылығы міндетті болмай, логикалық жағынан бір-біріне ұқсас өмірдегі құбылыстар оның екі бөлімінде де байымдау түрінде берілуі мүмкін.

1.3 Идиомалар

Тарихи ұстала келе бір  ұғым ретінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері, жалпы алғанда, бір тектес, бірыңғай болып келсе де тіркесте енген сөздердің арақатынастары, өзара мағыналары жөнінен бірдей бола бермейді. Белді бекем буу, ата жолын қуу, қол қусыру деген сияқты тіркестер мен қырғи қабақ болу, жүрек жалғап алды, бүйрегі бұрды деген тіркестегі сөздерді салыстырсақ, олардың өзара байланысу тәсілдері мен мағыналары бірдей емес екенін байқауға болады. Алдыңғы сөз тіркестеріндегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары мен сол тіркеске еніп тұрғандағы мағыналары бір-бірінен алшақ емес және тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынастарын анықтауға болады. Ал кейінгі тіркестегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары тіркеске еніп тұрған күйіндегі мағыналарына сәйкес емес. Ол сөздер бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұтас мағынаға айналған. Ол тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынас жағынан мүшеге бөліп талдауға келмейді. Мысалы, жүрек жалғап алайық дегенде жүрек деген нәрсе бар, оны жалғауға болады деген ұғым шықпайды. Ac ішейік деген ұғым шығады. Бұлардың алдыңғылары жай фразерлогиялық тіркестер де, соңғылары идиомалық тіркестер.

Сөйтіп, жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін, бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын тұрақты сөз тіркестерді идиoмaлық тipкecтep немесе и д и o м a дейді.

Эквивалентсіз  лексиканы  аудару ерекшеліктері

2.1 Эквивалентсіз лексиканы   аударудағы қиындықтар

Мақалдар    мен   мәтелдер     ұрпақтар   ойының   шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің  практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп,  адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан-ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін  халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет» 
«Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір  шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған. 
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық  болмысының аса бір биік шыңы. 
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні. 
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарды да береді. Өйткені белгілі  бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады.

Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен  ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады.

Қазақша, орысша және ағылшынша мақал-мәтелдердің  мағынасы жағынан өзара бір  үндестік, айырмашылық болады. Егер біз бір тақырыпта 3 түрлі тілде үш мақал алсақ, 3 мақалдық түпкі мағынасы айтылайын деген ойы бір болады. Яғни өзара үндестік. Мысалы 3 тілге де ортақ еңбек тақырыбына мақалдар: 
                                 Care killed the cat (Забота убивает кота).

                               Не работа старит, а забота.

                               Еңбек қажытпайды, қайғы  қажытады.

Былай қарасақ 3 мақалдың да түпкі ойы бір, еңбек етсең ғана бұл өмірде    қиындықты жеңе аласың дегенді айтқсысы келеді. Бірақ кішкене ойланып, үңіліп қарасақ, орысша және қазақша мақал-мәтелдер бір-біріне едәуір жақын және бір-бірінің тура аудармасы болып табылады. Ал ағылшынша мақал-мәтел осы жағдайда қалған екеуімен мағынасы жағынан үндеседі. 
Мысалы:  
                                 Live and learn (Живи и учись)

    Век живи-век учись

                                 Оқусыз білім жоқ,

                                 Білімсіз күнің жоқ.

Бірақ бәрі бірде бұл жерде бір-ақ ой айтылған. Яғни бұл өмірде оқусыз күнің жоқ, оқы, оқы және оқы деп айтқандай. Түпкі мағына бір деп айта аламын. Кейбір кездерде қазақша және ағылшынша мақал-мәтел бір-біріне көбірек ұқсас, бір-бірінің тура аудармасы болып келеді.

Мысалы: 
                                   Better late than never

                                   Лучше поздно, чем никогда

                                    Ештен кеш артық.

Яғни бұл  жерде мақалдар тура аудармасы бойынша әрі ұқсастық, әрі үндестігін көрсетеді. Еңбек тақырыбына:

No pains, no gains .    

Без труда нет плода.  

Еңбексіз өнбек жоқ.

A tree is known by its fruit.  

Дерево познается  по плоду.   

Еңбегіне  қарай өнбегі

Білімге байланысты:

Two heads are better then one.

Ум хорошо, а два лучше.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

A word to the wise.           

Умному – палик.     

 Ақылдыға- ишарат.

(Мудрому одно слово).   

Глупому- толчок.    

Ақымаққа- тоқпақ.

Информация о работе Баламасы жоқ лексика