Определение компьютера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:40, доклад

Краткое описание

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 433.32 Кб (Скачать)

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.

Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.

Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.

Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.

Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналі бойынша 54см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.

Адаптерлер  стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA – 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық режимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.

Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символдық монитор жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген программалармен жұмыс істеу кезінде түрлі түсті графикалық мониторды қолданған өте ыңғайлы екенін еске сақтаған жөн.

 

Дискідегі информация жинақтауыш

 

Информация  жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде  информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках).

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) – 300Мб-қа шейін, 80486DX – 500 – 600Мб, ал Pentuim – 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.

Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.

Иілгіш  дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.

Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.

Иілгіш  диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.

Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.

Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.

5,25 дюймдік  дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады.

3,5 дюймдік  дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса  қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.

Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайды ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды.

Дискетті  форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында,оны арнайы тәсілмен форматтайды,яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі.

ДЭЕМ-дерде  бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе  Бернулли  дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.

Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазызылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискі мен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.

Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.

Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютірлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі программалар – барлығы CD-ROM дискілерінде болады.

 

Принтерлер  мен плоттерлер

 

Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді  компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.

Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.

Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға  басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

Принтерлер  графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.

Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400 символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:

а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.

ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек. Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.

Сия бүріккіш притерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

Лазерлік  принтерлер – ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер коандалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар саасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.

 

Компьютерге информация енгізу құрылғылары

 

Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.

“Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3 батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.

Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.

 

Аппараттық жабдықтар


Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1.Орталық процессор;

2.Енгізу құрылғысы;

3.Есте сақтау құрылғысы;

4.Шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Информация о работе Определение компьютера