XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 14:01, реферат

Краткое описание

Ең бірінші кіріспеде менің қарастырған оқулығым, Ермахан Бекмахановтың Қазақ ССР тарихы атты кітабы. Бұл кітапта Қазақстанның ХХ-ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 1905-1907 жылдардағы революция кезеңіндегі Қазақстан, Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңіп шығуы және Қазақстанда социализм орнату туралы өте анық, жақсы, толық мәліметтер қарастырылған. Сол себепті де осы оқулықтағы мәліметтерді пайдаландым.
Келесі, екінші қарастырғаным, ол Ғ.Д Іргебаевтың Қазақстан тарихы атты оқу-әдістемелік құралы. Оқулықтан Буржуазиялық-демократиялық ақпан ревоюциясы, Қазақстан 1917жылғы Қазан төңкерілісі кезінде және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы жайлы мәліметтерді алған болатынмын.

Оглавление

I. Кіріспе бөлім;
1.1 Кіріспе. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Бірінші орыс революциясы.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-1907жылдардағы революция кезеңінде.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан буржуазиялық-демократилық революция.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің құлауы.
2.6 Қазан социалистік революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
III. Қорытынды бөлім;
3.1 Революциялардың Қазақстанға әсері.
3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

сож реферат.docx

— 60.97 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

3.1 Революциялардың Қазақстанға  әсері.

  • Бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері. 1905-1907жылдардағы революция жеңіліске ұшырады. Оның жеңілу себептерінің бірі - Ресейдің ұлт-аймақтарының еңбекшілер, оның ішінде Қазақстан еңбекшілері де бытыраңқы қимылдады, ұйымдасып бас көтере алмады, ал социал-демократиялық ұйымдар халық бұқарасын өз басшылығымен толық қамти алмады. Қазақстанда бірінші орыс революциясы кезінде құрылған кәсіпшілер одақтары айтарлықтай дами алмады. Бірақ бірінші орыс революциясы Орта Азия мен Қазақстан еңбекшілерін ғасырлық ұйқыдан оятып, революциялық күреске тартты. Патша өкіметіне, помещиктерге, буржуазия мен бай феодал шонжарларға қарсы бірлескен күресте рыс пен қазақ еңбекшілерінің арасында пролетарлық ынтымақтың, туысқандық достықтың берік негізі қаланды. Еңбекшілердің бірінші орыс революциясы жылдарындағы революциялық бас көтерулері бүкіл елдегі революциялық процестің ортақтығы мен бірлігін революцияда жұмысшы табының гегемондық роль атқарғанын, большевиктер партиясының басшылық ролін көрсетті.

 

  • Ақпан революциясы жеңіліске ұшырағанына қарамастан, көтерілістің қазақ халқының тарихында орасан зор маңызы болды. Көтеріліс прогресшілдік, революцияшыл-азаттық, антиимпериалистік, антифеодалдық сипатта болды. Ол қазақ еңбекшілерінің таптық сана сезімінің оянуына және пісіп жетілуіне септігін тигізді, оларды практикалық күрес тәжірибесімен байытты. «Мезгілсіз, жеке, бытыраңқы, сондықтан да сәтсіз революциялық қозғалыстардың тәжірибесінен бұқара сабақ алады, үйренеді, күш жинайды, өзінің нағыз көсемдерін... көреді, сөйтіп, жалпы тегеурінді дайындайды» - деп жазды В.И Ленин. Көтеріліс бай-феодал шонжарлар мен олардың идеологтары - буржуазияшыл ұлтшылдар қазақ халқының дұшпаны екенін, сондықтан ол саяси,  экономикалық және әлеуметтік езгіден орыс жұмысшы табымен және еңбекші шаруаларымен бірлесіп күрескенде ғана азаттық алатынын көрсетті. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс жалпыресейлік революциялық процестің құрамды бір бөлігі болды, Ресей халықтарының самодержавиеге, помещиктерге, капиталистерге қарсы күресімен ұштасып отырды.

 

  • Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің  ең маңызды бір кезеңі  деп бағалануы керек.

 

3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1  Бекмаханов Е.Б. Қазақ ССР тарихы - Алматы, 1987ж. - б.3-32

2  Іргебаев Ғ.Д. Қазақстан тарихы. оқу-әдістемелік құралы - Алматы, 2010ж. - б.119-138

3  Ленин В.И. 1905жылғы  революция туралы баяндама - Қазақ  мемлекет баспасы, 1954,1975ж.- 25б.

4  Нысанбаев. Қазақстан  ұлттық энциклопедиясы. Т:1,4 - Алматы,1998ж. - 720б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері