2.3 Қазақстан реакция және
революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
Қазақстан реакция
кезеңінде. Революция жеңілгеннен кейін
елде реакция орын алды. Жұмысшы және шаруа
қозғалысы күшпен басып-жанышталды. Революцияшыл
жұмысшылар мен шаруалар қатаң жазалауға
ұшырады. Алайда Қазақстан большевиктері
күрестің жасырын және жария формаларын
пайдалана отырып, осындай қызылтаяң уақытта
дакүрес жүргізе берді. Мөселен, Орал қаласында
олардың астыртын баспаханасы болды, сонымен
бірге жария кәсіподық ұйымдарында да
жұмыс жүргізді. Революция кезеңінде қол
жеткен экономикалық табыстар тартып
алынды. Шетел және орыс капиталистерінің
кәсіпорындарында жұмыс күнінің уақыты
ұзартылып, тәулігіне 16 сағатқа дейін
жеткізілді, онсызда төмен жалақы барынша
кемітіле берді. Осыған байланысты Қарағанды
көмір кендерінде 400 жұмысшы ереуілге
шықты. Қоныс аударушылар Қазақстанға
ағылып келе бастады. Алайда өкімет орындары
оларға ешқандай қамқорлық жасамады. Оларды
мал тиеуге арналған вагондармен тасыды.
Қазақстанға келген олар айлар бойы панасыз
тұрып, суыққа тоңды, ашықты. «Жайлы орын
таппаған мыңдаған қоныс аударушылар
жәрдем көрсетуді талап етеді. Олардың
талаптары қауіп төндіруге айналдыруда»,
- деп мойындады патша үкіметінің басшысы
Столыпин. Жаңадан көшіп келгендерді жерге
орналастыру мақсатымен, патша үкіметі
Қазақстанның байырғы халқының ондаған
миллион десятина шұрайлы жерлерін тартып
алды. Көптеген ауылдар мекендеген жерлерінен
қуылды. Қазақ кедейлері егіншілікке де,
мал өсіруге де жарамсыз шалғайдағы тау
бөктерлеріне барып орналасуға мәжбүр
болды. Өкімет орындары жазалау шараларын
қолданғанымен, қазақ кедейлері зорлыққа
көне қоймады. Шаруалардың бой көтеруі
Семей, Ақмола, Жетісу. Торғай облыстарында
да болды. Патша үкіметі, Ресейдегідей,
Қазақстанда да кулактарға арналған хуторларды
орнықтыруға тырысты. Алайда қоныс аударғандар
кедей болғандықтан, ол Қазақстанда хуторлық
жүйені іске асыра алмады.
Қазақстан революциялық
жаңа өрлеу кезеңінде. Патша реакциясы көп дәурен
сүре алмады. Ресейде революциялық жаңа
өрлеудің сөзсіз болатыны туралы большевиктердің
болжап айтқаны тура келді. Революциялық
қозғалыстың өрлеуіне 1912 жылғы ақпандағы
Лена қырғыны түрткі болды. Лена кен орындарындағы
ереуілдерге қатысқандардың ішінде қазақ
жұмысшылары да болды, солардың бірі М.Жәнібеков
еді. Ол атыс кезінде ауыр жараланды, соңынан
патша соты оны 12 жыл каторгаға айдады.
Қарусыз Лена жұмысшыларына патша жендеттерінің
істеген жауыздықтарына қарсы наразылыққа
Қазақстан жұмысшылары да үк қосты. Лена
қырғыны кезінде қаза тапқан адамдардың
отбасыларына жәрдем беру үшін бірқатар
жерлерде қаржы жиналды. Қазақстандағы
жергілікті социал-демократиялық топтардың
жұмысы қайтадан жандана бастады. Путилов
заводындағы большевиктік астыртын ұйымның
мүшесі П.Виноградов Верныйға келді. Мәскеуде
1905 жылы болған Желтоқсан қарулы көтерілісіне
қатысқан И. Деев Қарсақпай заводында
жұмыс істеді. Қазақ халқының аса көрнекті
перзенті Әліби Жанкелдин Қазақстанда
белсенді революциялық жұмыс жүргізді.
Империалистік соғыстың қарсаңы Ресейде
революциялық қозғалыстың кең өрістеуімен
ерекше көзге түсті. Жұмысшы тобы мен шаруалардың
бой көрсетулері демократиялық республика
орнатылсын, сегіз сағаттық жұмыс күні
белгіленсін, помещиктердің жерлері конфискеленсін
деген большевиктік ұрандармен өтті.
Қазақстан жұмысшылары да күресті күшейте
түсті. 1914 жылғы қаңтарда Ембі мен Доссар
мұнай кәсіпшіліктерінде 600адам қатысқан
ереуіл болды. Жұмысшылар жұмыс жағдайын
жақсартуды, жалақыны көбейтуді, мектеп
ашуды, тұрақты жұмысшы комиссиясын тануды
талап етті. Ауылда да тап күресі шиеленісті.
Қазақ шаруалары өздеріне қас уезд және
шаруа бастықтарына қарсы ашық көтерілді.
Мысалы, Қарақол болысының шаруалары болысты
сайлаудан бас тартты, осының нәтижесінде
бірнеше шаруа қамауға алынды. Ызаланған
шаруалар стражниктерді, писарьлар мен
болыстарды сабады. Сап түзеп тұрған стражниктердің
сабын қақ жарып, бұзып, қамаудағы жолдастарын
босатып алды. Ресейдің, сонымен қатар
Қазақстанның жұмысшылары мен шаруаларының
революциялық бой көрсетулері, елде
революцияға ұласуға әзір тұрған күшті
революциялық дағдарыстың бар екенін
дәлелдеді. Алайда, бірінщі дүние жүзілік
империалистік соғыс революциялық өрлеуді
уақытша тоқтатты.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан
буржуазиялық-демократилық революция.
Ресей империясының барлық
саяси жүйесіне тән дағдарыстың
салдары болып табылатын 1917 жылғы
Ақпан революциясының нәтижесінде
патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының,
оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша
билігіне, крепостниктік құрылысқа және
отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің
жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда
М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік
Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік
және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді
өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз
күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті
мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім
бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа
құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін
белгілеген Декларация да осы күні жарияланды.
Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның
Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы
мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында
қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне
қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр.
Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға
мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік
Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси
қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған
алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”,
- деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің
министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз
қызметінде:
1) саяси, діни, қарулы көтеріліс
және т.б. істер бойынша амнистия
жариялауды;
2) сөз және баспасөз
бостандығын жария етуді;
3) ұлттық, діни және сословиялық
шектеушіліктерді жоюды;
4) елді басқару формасын,
конституциясын айқындайтын жалпыға
бірдей жабық, тікелей дауыс
беру арқылы сайланатын Құрылтай
жиналысына тоқтаусыз дайындық
жүргізуді;
5) полицияны милициямен
алмастырып, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына бағындыруды
және т.б. демократиялық негіздерді
басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Патшалық билікті құлатқан
Ақпан революциясын қазақ қоғамы
зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ”
газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз
туырлықты қазақтың оң жағынан ай,
сол жағынан күн туды, жақсылық,
қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны
Руссия болған жұрттың бәріне тегіс
жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" -
деп жар салды. Ақпан революциясы
қалың бұқараның саяси құқықтарын
кеңінен пайдалануына мүмкіндік
жасады, олардың саяси күреске
ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі
қоғамдық өмірде саяси партиялардың
ролі орасан өсті. Революция патшалық
цензураны жойды. Жұртшылық сөз
және жиналыс бостандығын кеңінен
пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық
мәселе бойынша қабылдаған алғашқы
актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда
Ресей азаматтарының құқындағы
діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті
алып тастауы болды. Көктен іздегендері
жерден табылғандай болған халық Уақытша
үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр
екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен
құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады.
Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары
қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл
халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет
мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін
Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет
етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші
рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік
жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде
болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана
атанған езгідегі елдердің орыстармен
терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ
халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен
қарсы алуының мәні де осында болатын.
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты
маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы
революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен
қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның
оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан
құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді
басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде
еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша
үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның
1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып,
енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды
тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске
қатысушыларға амнистия жариялау сияқты
шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов:
“Сары әскер” қарсылық қылған елдерге
лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын
қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға
жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі
ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, -
деп жазды. Самодержавияның құлатылғаны
жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен, түрлі
әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың
өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ,
өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті
басқару органдарын құруды қолға ала бастайды.
Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті
басқару органдары: азаматтық атқару комитеті,
біріккен қоғамдық құрама атқару комитеті
деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың
5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық
негіздегі атқару комитеттері құрыла
бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда,
4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде
біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару
комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі
әлеуметтік топтар мен саяси партиялар
мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық
басқару дәстүріне құлшына араласқанын
аңғартады. Мемлекеттік Думаның Уақытша
комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын
құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады.
Осыған байланысты жергілікті басқаруда,
ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда
өзгерістер бола бастайды. Наурыз және
сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық,
уездік, болыстық және ауылнайлық басқару
жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың
орнына Уақытша үкіметтің облыстық және
уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен
бірге облыстық, уездік, болыстық және
ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер
және олардың атқару орындары қалыптаса
бастайды. Мамыр мен маусым айларында
бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті,
жер комитеті және басқа осы сияқты басқару
орындары құрылады. Батыс майдан штабы
жанынан земскі және қалалық одақтардың
бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов
20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары
қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық
Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта
оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік
жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді
қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде
қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның
басқару жүйесінде қазақтар болыстық
атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге
тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов
ескі патшалық биліктің орнына келген
Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа
келген бірінші қазақ болатын. 1917 жылы
наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары
болып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей
облыстары қарайтын Дала өлкелік комиссарлығына
мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы
бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп
орнатып, күнделікті туындап отыратын
мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару
үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды.
Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі
Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов,
екінші Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші
Дума мүшелері С.Мақсудов, В.С.Елпатовский,
А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский
және генерал-майор А.Дәулетшин енді. Комитеттің
төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды.
Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, Закаспий
облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы
орыс поселкелеріне Түркістан комитеті
Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге
өкілетті болды. Ә.Бөкейханов Түркістан
комитеті құрамына енгенімен, Торғай облыстық
комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне
ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары
Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті
жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін
білетін азаматтарды, әсіресе, қазақтың
зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару
орындарына тағайындауды басшылыққа алды.
Оның ұсынуы бойынша, Қостанай уездік
комиссары болып бірінші және екінші мемлекеттік
Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай
уездік комиссары болып Ғұмыр Алмасов,
Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік
сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді.
Қазақ облыстарында болыстық комитеттердің
құрылуы барысында да баяғыша болыстыққа
таласқандай таласып, ескі әдетке салған
жағдайлар да кездесіп тұрды. Ол жөнінде
“Қазақ” газетінде: “Көкшетау уезі Айыртау
болысы сайлауында зор талас болды. Председательдікке
сайланған Ысқақ Баймұрат баласы қонақасына
көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақша
шығарып, үлкен партия жасап барып сайланып
шықты. Махмұд төре Уәлиханов сайлауды
бұзуға жол іздеп Көкшетауға келді” -
делінген. 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай
облыстық қазақ съезінің шешіміне сәйкес
болыстық, ауылдық-азаматтық комитеттер
ұйымдастыру үшін Ақтөбе уезіне 9 адамнан,
Ырғыз уезіне 9 адамнан, Қостанай уезіне
12 адамнан, Торғай уезіне 6 адамнан тұратын
комиссиялар құрылды. Бұл комиссиялар
болыстық комитеттерді ұйымдастыруға
жан-жақты көмек көрсетіп, сайлаудың дұрыс
өтуін бақылауға алды. Ақтөбе уезіне С.Досжанов,
И.Ермұратов, Ж.Кенжебаев, Е.Өтемісов және
т.б. құралған комиссия келіп 3 маусымға
дейін 14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық
комитеттің құрылуының басы-қасында болды.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның
қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің
айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік
қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Мысалы,
1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы
- Әлібеков); 11-наурызында - Семейде (төрағасы
- Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - Е.Итбаев);
наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы
- И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың
қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің
көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық
съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге
дайындалу барысында облыстық қоғамдық
және басқа комитеттермен де,Уақытша үкіметтің
органдарымен де ынтымақтастық жасады.
Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша,
М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша Уақытша
үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов,
М.Шоқаев,М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов,
Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков,
тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері
Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында
жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының,
әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі
өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде:
Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден
астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов),
Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат,
төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы,
19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы
- Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы,
25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы
- А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері
өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын,
жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық және басқа да
проблемаларды шешу жолындағы күрестегі
қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық
міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар,
олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық
бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары
мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты.
Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі
көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша
айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа
да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары
шешуші ықпал жасады. Соның арқасында
съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының
бағдарламалық талаптары өз көрінісін
тапты. Сонымен қатар, байырғы қазақ жұртшылығының
түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын
анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі
Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап,
оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын
дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады.
Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов
бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі
тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында
Мәскеуде өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік
мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады.
1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы
ресейлік мұсылмандар съезі болып өтті.
Съезде ұлттық-территориялық федеративті
негіздегі демократиялық республика ұлттық
автономия құру мәселелері қаралды. Қазақстанда
алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда
бола бастады. Жұмысшы және солдаттарға
қарағанда шаруа депутаттарының Кеңесі
кейінірек, яғни мамыр және маусым айларында
құрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін
алғашқы кезде эсерлер мен меньшевиктердің
ұсақ буржуазиялық партиясы өкілдері
басқарды. Бұған большевиктердің әлсіздігі
мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының
жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі,
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
даму дәрежесінің төмендігі себеп болды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, 1917 жылдың
наурыз-сәуір айларында Қазақстанда 25-тен
астам Кеңестер, оның ішінде 8 жұмысшы,
9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кеңестері
жұмыс істеген. Өзінің пайда болуынан
бастап Қазақстан Кеңестері, әсіресе,
жұмысшы және шаруа депутаттарының Кеңестері
өздерінің құрамы жөнінен көпұлтты болды.
Кеңестердің құрамына орыстар, қазақтар,
украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер
және басқа халықтардың өкілдері енді.
Солдат депутаттары Кеңестеріне көбінесе
орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар
кірді. Орталық Азияда және Қазақстанның
оңтүстігінде мұсылман депутаттарының
Кеңестері құрылды. 1917 жылғы 16-21 сәуірде
Ташкентте мұсылман депутаттары Кеңестерінің
І өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол
Уақытша үкіметті қолдады және Ресейді
басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға
және басқа да ұлттық аймақтарға кең көлемде
автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік
демократиялық республика деп таныды.
Съезд Құрылтай съезіне дайындалуға және
«Шура-и Ислам» мұсылмандар партиясының
бағдарламасын тануға шақырды. Осы жерде
айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде
мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и
Ислам» партиясы құрылған болатын. Ташкенттегі
съезде (1917 ж. сәуір) қалыптасқан «Шура-и
Ислам» партиясының Шымкентте, Әулиеатада,
Перовскіде, Қазалыда және басқа қалаларда
жергілікті ұйымдары болды, оларға мұсылман
дінінің православие дінімен тең құқықтылығы,
діни шектеулердің жойылуы, ислам діні
оқу орындарының ашылуы, Мекеге қажылыққа
баруға рұқсат ету және басқа да діни құқықтар
мен бостандықтар үшін күрескен татар,
өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы
мұсылмандар кірді. Қазақстандағы қос
өкіметтің орталық аудандарға қарағанда
өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің
отар ретінде әлеуметтік-экономикалық
және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы
мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия
өкілдерінен шыққандығына байланысты
еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде
де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған
соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер,
Уақытша үкіметтің атқару комитеттері
және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы
екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті
халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы
саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар
басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды
алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің
құлауы.
1917 жылғы ақпанда Ресейде
екінші буржуазиялық-демократиялық
революцияның жеңіске жетуі нәтижесінде
патша монархиясы құлатылды. Өкімет
буржуазиялық Уақытша үкіметтің
қолына көшті. Әскери губернаторлар
мен уезд бастықтарының жексұрын
патшаның тақтан түсірілгені
туралы хабарды халықтан жасыруға
тырысқан әрекетінен түк шықпады.
Бұл қуаныштыхабар қазақ даласына
лезде тарады. Қалалар мен ауылдарда
митингілер, жиналыстар басталды
да, онда жұмысшылар мен шаруалар
революцияның жеңісін құттықтады.
Ресей жұмысшыларының, солдаттары
мен шаруаларының үлгісімен Қазақстан
еңбекшілері патшаның әкімшілігінің
- әскери губернаторлардың, еузд
бастықтарының, болыстардың өкімет
билігін барлық жерде бірдей
құлатып жатты. Түркістанның генерал-губернаторы
Куропаткин наурыз айында өкімет
билігінен тайдырылды. Семей, Ақмола,
Жетісу және басқа облыстарда
әскери губернаторлар уезд бастықтары,
жандармдар мен полицейлер қамауға
алынды. Ақпан революциясынан кейін,
бүкіл елдегідей, Қазақстанда
жергілікті большевиктік ұйымдар
мен топтардың жұмысы кең өріс
алды. Большевиктер түрмелер мен
айдаудан, ал соғыста болған революцияшыл
пиғылдағы солдаттар мен тылдағы
қазақтар майданнан қайтып орала
бастады. Петроград пен Мәскеудің
жұмысшылары мен солдаттарынан
үлгі ала отырып, Қазақстан еңбекшілері
жұмысшы және солдат депутаттарының
Советтерін құра бастады. Семейде
жұмысшылар митингісі болды. 400жұмысшы
қатысқан осы митингіде Семейде
жұмысшы және солдат депутаттарының
Советін құру туралы шешім
қабылданды. Семейдің революциялық
ниеттегі жұмысшылары Совет арқылы
сегіз сағаттық жұмыс енгізді.
Жұмысшы және солдат депутаттарының
Советі Верныйда құрылды. Советті
басқару ісі меньшевиктер мен
әскерлердің қолында болды. Бірақ
осыған қарамастан, жұмысшылар мен
солдаттардың қысымымен, Совет
жасаған программаға помещиктік
жерлерді конфискелеу, сегіз сағаттық
жұмыс күнін белгілеу талаптары
енгізілді. 1917 жылдың наурыз-сәуір
айларында жұмысшы және солдат
депутаттарының Советтері Петропавлда,
Көкшетауда, Ақмолада және басқа
қалаларда пайда болды. Қазақстанда
Советтермен қатар Уақытша үкіметтің
өкімет орындары да құрыла
бастады. 1917жығы сәуірде Уақытша
үкімет Түркістан комитетін құрды,
оның құрамында патша чиновниктері
мен буржуазияшыл ұлтшылдар кірді.
Қазақстанның облыстары мен уездерінде
Уақытша үкіметтің комиссариатытары,
ал Бөкей ордасында Уақытша
үкіметтің Орталық атқару комитеті
құрылды. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы
органдары орыс буржуазиясы, казак
әскерлеріне, кулактарға және
бұрынғысындай ауылдарда үстемдік
жүргізіп отырған бай-феодал шонжарларға
арқа сүйеді. Уақытша үкімет казак
әскерлерінің сословиелік артықшылығын
түгелдей сақтап қалды. Казактардың
төбе топтарының иемденіп келген
жерлерінің бәрі өздерінде қалдырылды.
Уақытша үкімет патша өкіметі
қазақтардан күштеп тартып алған
құнарлы жерлерді өздеріне қайтарып
бермеді. Уақытша үкімет қазақ
еңбекшілерін бұрынғыша езгіде
ұстай беру ниетін көздеді.
Алайда Ақпан революциясынан
кейін елде саяси жағдай басқаша
болды. Бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда
да қос өкімет орнады: жұмысшы және солдат
депуттаттарының Советтері және буржуазиялық
Уақытша өкімет мемлекет билігін өз ара
бөлісіп алды. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық
революциясы патша өкіметін құлатты, бірақ
қанаушылар өкіметін жойған жоқ. Ресейде
буржуазия өкіметін құлату үшін социалистік
революция керек болды. Ресейдің еңбекші
бұқарасыносы революцияның жеңіске жетуі
жолындағы күресте В.И Ленин басқарған
большевиктер партиясы бастады.
2.6 Қазан социалистік революциясы
және Қазақстанда Кеңес өкіметінің
орнауы.
Петроградтағы Қазан төңкерісі.
1917 жылы қазан айында елде жалпы
ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім,
8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар
теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық
пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда
Ленин бастаған революциялық күштердің
жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып,
мемлекет билігінің Қеңестердің
қолына көшкені туралы хабар бүкіл
Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл
әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің
Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И.
Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар
мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды,
бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің
(Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады.
Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде
Бітім туралы және Жер туралы декреттер
қабылдады. Бітім туралы декретте барлық
соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті
бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте
помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып
(тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына
көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік
меншікке айналды. Қазан революциясының
жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар,
бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік
құрылыс мәселелері өткірірек талқылана
бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының
негізгі принциптері Кеңес үкіметінің
маңызды екі құжатында – Россия халықтары
құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша)
мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман
еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша)
жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік
әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет
құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия
беруге ұмтылуы россиялық этностардың
қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға
мүмкіндік бермеді. Қазақстандағы ұлттық
үкіметтер. 1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық
төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған
«Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған
мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік
съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық
Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық
құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің
төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы
өкімет органдарына өткізу мүмкін емес,
өйткені жергілікті халықтың бізге көз
– қарасы белгісіз және олардың ешқандай
пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған
Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан
автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны
туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір
деректерде «Қоқанд автономиясы» деп
аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев,
одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай
атқарды (1881-1941жж.) 1917 жылы 5-13 желтоқсанда
Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық
съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.
Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру
туралы қаулы қабылданды. Алашорданың
25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі
құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында
орналасатын болды. Алашорда үкіметінің
төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды.
«Қазақ» газетінде «Алаш партиясының
10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды. «Алаш»
партиясының бағдарламасы:
- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы
мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының
маңызы:
1. Сол кездің нақты
мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ
халқы дамуының балама жолын
ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық,
ұлт – азаттық революцияны
аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер
Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады.
Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы
тайталасы басталды. Өлкеде Кеңес өкіметінің
орнатылуы. Кеңес өкіметі орнауының екі
түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары
мен темір жолға жақын, жұмысшылар
басым оңтүстік және солтүстік
аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары
мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық
күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары
өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша)
өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери
гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы
болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт
жолмен орнады. Сырдария облысында Кеңес
үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық
және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында
1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады.
1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес
үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді.
Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі
Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде
және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде
қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Кеңес
үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен
Ертіс бойында табан тірескен шайқастар
жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша
революциялық комитет құрылды. Төрағасы
И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов,
Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және
т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар,
Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак
– орыс және офицер – старшина билеуші
топтардың ықпалы басым болғандықтан
Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа
кездесті. Семейде үкімет билігі жергілікті
Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 –
нан 17 – не қараған түнде көшті. 1917 жылғы
желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында
Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы
Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да
ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында
Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ.
Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және
т. б күрескерлер елеулі үлес қосты. 1917
жылы қарашада Орынборда атаман Дутов
контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет
билігі казактардың «Әскери үкіметі»
қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар
тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер
Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға
қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек
көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда
қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып,
1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда
Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес,
контрреволюциялық күштерінің басым болуына
байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін
созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың
қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында
Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев
сияқты жергілікті халық өкілдері бар
еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия
жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс
комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2–не
3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық
(төңкеріс) комитеті басқарған күштер
қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп
«әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды,
қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты
т. б маңызды мекемелерді басып алды да,
Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте,
Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің
бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917
жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың
наурыз айына шейін Кеңес үкіметі
Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,
яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап
бітті.