Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 14:01, реферат
Ең бірінші кіріспеде менің қарастырған оқулығым, Ермахан Бекмахановтың Қазақ ССР тарихы атты кітабы. Бұл кітапта Қазақстанның ХХ-ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 1905-1907 жылдардағы революция кезеңіндегі Қазақстан, Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңіп шығуы және Қазақстанда социализм орнату туралы өте анық, жақсы, толық мәліметтер қарастырылған. Сол себепті де осы оқулықтағы мәліметтерді пайдаландым.
Келесі, екінші қарастырғаным, ол Ғ.Д Іргебаевтың Қазақстан тарихы атты оқу-әдістемелік құралы. Оқулықтан Буржуазиялық-демократиялық ақпан ревоюциясы, Қазақстан 1917жылғы Қазан төңкерілісі кезінде және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы жайлы мәліметтерді алған болатынмын.
I. Кіріспе бөлім;
1.1 Кіріспе. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Бірінші орыс революциясы.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-1907жылдардағы революция кезеңінде.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан буржуазиялық-демократилық революция.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің құлауы.
2.6 Қазан социалистік революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
III. Қорытынды бөлім;
3.1 Революциялардың Қазақстанға әсері.
3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Алматы 2012ж.
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім;
1.1 Кіріспе. Пайдаланылған әдебиеттерге шолу.
II. Негізгі бөлім;
2.1 Бірінші орыс революциясы.
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-1907жылдардағы революция кезеңінде.
2.3 Қазақстан реакция және революциялық жаңа өрлеу жылдарында.
2.4 1917 жылғы өлкедегі Ақпан буржуазиялық-демократилық революция.
2.5 Қазақстанда патша өкіметінің құлауы.
2.6 Қазан социалистік революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
III. Қорытынды бөлім;
3.1 Революциялардың Қазақстанға әсері.
3.2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
2.1 Бірінші орыс революциясы.
Бірінші Орыс Революциясы – Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыстың салдарынан 1905-07 жылдары болған революция. 1905 жылы 9 қаңтарда Санк-Петербургтегі "Қанды жексенбі" оқиғасынан бастау алған Бірінші орыс революция кезінде елде демократиялық республика орнату, помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңдікті қамтамасыз ету туралы ұрандар көтерілді. Революция жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18 мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды. Оған 270 әскери гарнизондардың солдаттары мен матростары қатысты. Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Одесса секілді, т.б ірі қалаларда жұмысшылар кеңестері құрылды. Революцияның өрши түсуі Ресей патшасын 1905 жылы 17 қазанда манифест жариялауға мәжбүр етті. "Бостандық манифесі" атанған бұл құжат конституциялық монархияны заңды түрде бекітті, соның нәтижесінде біршама демократия бостандық негіздері жүзеге асырылды. Мемлекеттік дума шақырылды. Бірінші орыс революция қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен патшаға, отарлық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тәуелділіктегі Қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер Оралдан, Қарқаралыдан, Жетісудан, т.б. жерлерден келіп түсті. Жетісу облысының Лепсі уездіндегі қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам, арнайы делегация арқылы Санкт-Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді. Қазақ зиялыларының тікелей арласуы нәтижесінде жазылған бұл петицияларда сол кездегі қазақ қоғамының өмірлік мүддесінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы талап-тілектер баяндалады; қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясы тұңғыш рет тұжырымдалды. Осы жылдары қазақ зиялылары патша өкіметіне оппозицияда болған кадеттер партиясының тұғырнамасын жақтап, 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында "Қазақ конституциялық- демократиялық партиясын" құрды. Бірінші орыс революция тұсында Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин кадеттер партиясы құрамына кірді. Сондай-ақ, осы кезеңде "Автономияшылдар одағы" және "Ресей мұсылмандар одағы" атты ұйымдар құрылған болатын. Бұл ұйымдардың да қызметіне қазақ зиялылары атсалысты. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды:
• Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді.
• Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты.
• Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді.
• Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады. Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда" – делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге салық енгізу сұралды. Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 жылы көктем айларында-ақ қолға алынған болатын. Мәселен, 1905 жылы сәуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы делегация сайлап жіберу мәселесі қарастырылған. Ақмола қаласында өткен осы жиылысқа әкімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев және Сатыбалдиндер басшылық жасаған. Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды. Ол жөнінде М. Дулатов: "1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”, - деп жазды. 1905 жылы Семей облысы Қарақаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер:
• Бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған.
• Екінші - қазақ жұртына земство беруді сұраған.
• Үшінші – отаршылардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған.
Петицияларды тілек
қылған ірі мәселелер осы. Ол
күндегі ой ойлаған қазақ
2.2 Қазақстан Ресейдегі 1905-
1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. XX ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді. 1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті «Тауратты» қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болған. Науан хазірет пен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған. 1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына төмендегі мазмұнда хат жазды: «Біздің атам заманнан бері мекендеп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... «Құранымызды», қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бас тартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз». 1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: «Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық». 1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады. Мұсылмандардың съезінде «Иттифак-әл-Муслимин» (Мұсылман одағы) атты Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен Шәймерден Қосшығұлұлы еді. Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды. Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды. Ресейдегі революция Қазақстанда кәсіподақ қозғалысының пайда болуына да ықпал етті. Мұның өзі қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың саяси санасының оянып, арта түскенін көрсетті. Мәселен, 1905 жылғы қараша айында Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды. Оның басы-қасында болып, тікелей басқарғандар Н. Смуров, Н.А. Покатилов және Н.И. Ульянов сияқты жұмысшылар еді. Теміржолшылардың ең ірі кәсіподағы Орынбор—Ташкент темір жолында құрылды. 1906 жылы оған 6 мыңдай адам мүше еді. Кәсіподақтар жұмысшылардың жұмыс берушілер алдындағы құқығын белсене қорғады. Солай бола тұрса да қазақ өлкесіндегі кәсіподақ және жұмысшы қозғалысы салыстырмалы түрде алып қарағанда әлдеқайда әлсіз еді. Өйткені олардың қатарында жергілікті жұмысшылар аз болды. Бұған жұмыс түрлерінің маусымдық сипаты да әсер етті. Фабрика-зауыттар әкімшіліктері қазақ және орыс жұмысшыларын бір-біріне қарсы қою, олардың басын біріктірмеу саясатын жанталаса жүргізіп бақты. Аграрлық саладағы толқулар негізінен қазақ ауылдары мен қоныс аударушы орыс шаруаларының деревняларында өріс алды. Бірақ ол ұйымдаспаған әлсіз сипатта өтті. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы бой көтерді. Қазақтардың басым көпшілігі өздернің туып-өскен атамекен жерлерінен айырылып қалудан қауіптеніп, отырықшы егіншілікті кәсіп етті дедік. Қазақтар жергілікті өкімет билігіне отырықшы өмір салтына көшуге жәрдемдесуді сұрап өтініштер жаза бастады. Алайда ол өтініштері көп жағдайда қанағаттандырылмай, үзілді-кесілді кері қайтарылып жатты. Мәселен, 1899 жылы Омбы уезінің бастығы Ақмола облысының генерал-губернаторының атына жолдаған хатында былай деп жазды: «...егер мұндай өтініш берушілердің қатары барған сайын арта түсетін болса, орыс шаруаларына бөлінетін жер..., қазақ даласын отарлау жөніндегі мақсат іске аспай қалады».
Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері