Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:53, реферат
Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб.
Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет Яссауи сағанасы
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.
Йассауи
хикметтерінің мәні, философиясының өзегі
– адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін
қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің
қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы
– Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін,
көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте
жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген.
Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның
табиғаты Құранда айтылғандай – су мен
топыраққа телінеді. “Асылың білсең су
уа кил (топырақ) және килге (топыраққа)
кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада
“топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты,
парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан
кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың
кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен
топыраққа айналғандығын білдіретін символдық
ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ,
өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар
ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық
мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын
білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу
– Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан
кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл
дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар
“жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ
болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі
мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық
атауда әулиелер мен пірлердің қабірін
де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи
дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені
ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат
пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін,
Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып
табылатын дана тұлға.
ТМД елдеріндегі ескерткіштер
Мәскеу
қаласындағы Қазан вокзалы (1914 –
26; 1941), В.И. Ленин мавзолейі (1924 – 30),
бұрынғы Наркомзем ғимараты (1928 –
33), “Мәскеу” қонақ үйі (1932 – 35, басқа
архитекторлармен бірге); сондай-ақ Тбилиси
қаласындағы бұрынғы партия тарихы
институтын (1933 – 38), Батуми (1934 – 38), Баку
(“Интурист”, 1937 – 38) мен Кишинев (1949)
қаласындағы қонақ үйлерді, Ташкент
қаласындағы Үлкен опера және
балет театрын (1938 – 47)
Минарет Кутлуг Тимур и мавзолей Куня-Ургенч
Мавзолей Юсуфа Хамазани в Мерве
Мерв
Старый — Под этим именем была известна
с древнейших времен страна, расположенная
в области низовьев реки Мургаб, в Средней
Азии; впоследствии то же название было
нередко приурочиваемо к одному из главных
городов этой страны, в 1790 г. разрушенному
бухарцами, причем и значительная часть
цветущего Мервского оазиса, вследствие
уничтожения Султан-бендской плотины
на реке Мургаб, питавшей оросительные
каналы, подверглась запустению, в котором
остается и поныне. От прежнего величия
Мерв Старый остались лишь следы ирригационных
канав в восточной, пустынной ныне части
Мервского оазиса и развалины домов, мечетей,
стен, укреплений, городищ, мавзолеев,
гробниц и проч., покрывающие десятки квадратных
верст в окрестностях станции Байрам-Али
Закаспийской железной дороги.
Сад персидської поезії-автор Сергей Гуцан