ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 19:17, реферат

Краткое описание

Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп, мал өсіріп , күнін көріп жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа жіктеліп , қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде ХҮ ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды . Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды . Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп , егеменді ел болу тілегін іске асырды

Оглавление

Кіріспе
1. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
1.1. Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
1.2. Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
1.3. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
2. Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
2.1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
3.1. мал шаруашылығы
3.2. Қазақтардың тұрағы
3.3. Отырықшылықты егіншілік
3.4. Қала мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.doc

— 132.50 Кб (Скачать)

Орта ғасырлық дәуірдің аяққы шенінде Оңтүстік Қазақстанның қалалары алқаптарында аймақтың өз ішіндегі қалалар мен ауылдар тұрғындарының арасындағы болсын, сондай-ақ бір жағынан — солардың, екінші жағынан — көшпелі малшылардың арасындағы болсын, егіншілер мен қолөнершілер өнімдеріне деген әрдайымғы және өзара сұранысқа негізделген сыйымды базарлар тұрақты жұмыс істеп тұрды. Сауда-саттық Түркістанның Сығанақ, Асы, Сайрам сияқты қалаларының тыныс-тіршілігінің неғұрлым мәнді жақтарының бірі болды. Бұл қалаларда теңге ақшалар соғылды. Түпкі материалдар оларда ірі базарлар мен дүкендердің көп болғанын еске салады. Қазақ хандығының дәуірлеп тұрған кездегі, әсіресе Қасым хан, Тәуке хан тұсындағы қолайлы саяси жағдай, соғыстар мен өзара талас-тартыстардың тоқтауы, қалалар мен сауданың дамуына мүмкіндік берді. Орта Азиямен Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланыстар жандана тұсті. Қазақ мемлекетінің территориясы арқылы керуен жолдарының тармақтары созылып жатты.

XVII—XVIII ғғ. шебінде феодалдық талас-тартыстардың күшейе түсуіне, жоңғар шапқыншылығына байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар құлдырауға бет алып, мұның өзі қазақ экономикасына тұтасымен соққы болып тиді.

       Бұл  айтып отырғанымыздың бәрі ХҮ-ХҮІІ  ғасырларда өмір сүрген алыстағы ата-бабаларымыздың заттық сипаттағы қалыптасқан , қалың қазақ жұртшылығының игілігіне айналған биік мәдениеті болғанын байқатады .

 

 

Қорытынды

XV—XVIII ғғ. қазақтардың  қоғамдық қатынасын зерттеушілердің  көпшілігі оны патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас деп есептейді. Соның өзінде көшпелі және жартылай көшпелі мешеу мал шаруашылығы басым болған, ал қоғамдық өмірі, әлеуметтік қарым-қатынасы көптеген патриархалды-рулық элементтері мен ескілік сарқыншақтарын сақтаған далалық аудандарға қарағанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық жағынан неғұрлым дамыған аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттілігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді және мұның өзі ғана үлкен орнықтылық пен тұрақтылық берді.

Кейінгі орта ғасырда  қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысының қалыптасуына монғол үстемдігі  кезінде орын алған, қала мәдениетінің кері кетіп, егіншіліктің Оңтүстік Қазақстанда  қысқаруы және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда толық құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының үлес салмағының артуы сияқты зардаптар әлі де болса тым елеулі түрде ықпал етіп тұрғанын ескерген жөн. Экономикалық базаның өзгеруі қоғамдық қатынастардың тұтас алғанда патриархалдық жаққа қарай ойысуына әсер етті.

          IV ғасырда Қазақ хандығы құрылып, өзіндік мәдениетімен, ұлттық ерекшеліктерімен айқындала түсті. Біз сол ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз қозғағанда аяқ астынан пайда болған ерекше ұлттық құбылыс ретіде айтсақ жаңылысқан болар едік. Түркі әлеміндегі қазақ мәдениетінің түп тамыры сонау ертедегі ғасырлар қойнауында жатыр. Қазақ мәдениеті, қазақтың далалық философиясы қатал тағдыр екшеулерінен өткен, кейін бір ұлттық мемлекетті құраған әр тайпаның қосқан өзіндік үлесінен құралады. Сондықтан Жетісу, Арқа, Сыр бойы мен Үстіртті мекендеген әр қазақ руларының мәдениеті сырт көзге байқала бермейтін өзіндік сөз ерекшелігімен, музыкалық әуен түрлерінің сан алуандығымен ұлт мәдениетін байыта түсті. Соның арқасында өзіндік қолтаңбасы бар, қайталанбас ерекшелігімен оқшауланып тұрған құбылыс ретінде қазіргі қазақ мәдениеті жер бетіндегі цивилизацияда өзінің құтметті орнына ие болып отыр.

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Маданов Х . Қазақ мәдениетінің тарихы. –Алматы, 1998.

2. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. История Казахстана, народы и культуры. –Алматы, 2001.

3. Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. –Алматы, 1992.

4. Жанибеков У. Культура Казахского ремесла . –Алматы, 1982.

5. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері . –Алматы, 1995.

6. Мұқанов С. Халық мұрасы . –Алматы, 1974.

7. Көпеев М.С. Қазақ шежіресі . –Алматы, 1993.

8. Қазақтар. Тоғыз томдық анықтама. –Алматы, 1998.

9. Дала даналары. –Алматы, 2001. 

10. Қазақстан тарихы очерктер. –Алматы, 1998.

11. Маданов. Ұлы дала тарихы. –Алматы, 1994.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті