ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 19:17, реферат

Краткое описание

Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп, мал өсіріп , күнін көріп жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа жіктеліп , қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде ХҮ ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды . Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды . Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп , егеменді ел болу тілегін іске асырды

Оглавление

Кіріспе
1. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
1.1. Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
1.2. Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
1.3. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
2. Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
2.1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
3.1. мал шаруашылығы
3.2. Қазақтардың тұрағы
3.3. Отырықшылықты егіншілік
3.4. Қала мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.doc

— 132.50 Кб (Скачать)

Көшпелі қазақтардың  киім – кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған . Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел , суық өткізбейтін жылы , жазғы  киімнің әдемі , әсем тартымды болуына көңіл бөлген . Қысты күні ер адамдар қойдың немесе түйенің жабағысынан сырған , қалың матамен тысталған , кең тігілген тон , қасқыр , тауешкі сияқты аңдардың терісінен жасалған сыртын тыстаған жағалы ішкі , құлын терісінен тігілген жарғақ , түгін ішіне қаратып , қой ,киік терісінен істелген жылы шалбарлар киген . Көктемдегі , жаздағы қазақтардың киімі бешпент , камзол , шапан болған , ақ киізбен жасалған жұмсақ ақ қалпақ киді . Олардың қысқы тымақтары елтірден , түлкі , қасқыр т.б. аң терісінен тігілді . Ер адамдарының аяқ киімдерінің де түрі көп болған . Өкшесі биік , қонышы тізеден асатын шоңқайма етік , былғары саптама етік , аң аулағанда киетін қайқы тұмсық етік , жазда киетін жеңіл етік , жұмсақ теріден істелген мәсі , сауыр былғарыдан істелген кебіс т.т. қазақтардың мал терісін шебер өңдеп пайдалана білгенін көрсетеді .  

Қазақтардың шеберлік өнері  күнделікті қайнаған еңбек , жасапаздық істер арқылы келді . Соның барысында қайталанбас ісмер , шебер , зергерлік өсіп жетілді . Олардың өрнектеудің , әсемдеудің неше түрлі әдістерін білді . Нақыштау , бүдірлеу , торлау , шыжбай оюлар  салу , өте нәзік күміс сымнан өрімдер жасағанда олар алдына жан салмады . Ер , жүген , тартпа  , таралғы , үзеңгі , құйысқанды , өмілдірік сияқты әбзелдерді , ер – тұрман жабдықтарын  көздің жауын алатындай көркем етіп жасады . Олардың қолынан шыққан әдемі әшекейімнен көз тартатын омырауға , шашбауға тағатын шолпылар , түрлі – түсті асыл тастар , күміс жіппен өрнектелген , асыл таспен , басқа да тастармен сәндендірілген  алқалар , жүзіктер , сәнді күміс көркемдігі жағынан қайталанбайтын дүниелер болды . Ондағы бедерлермен геометриялық сәнді сызықтар , өсімдік дүниесінің бейнесі , хайуанаттардың кескіндері мейлінше көз тартар еді . Жүрек пішіндес тоғалар , ілгектер , қошқар мүйіз қаптырмалар , торсылдақ түймелер , сондай-ақ  , ерекше ілтипатпен жасалған былғары белбеу , оқшантайлар , әртүрлі жарқылдақ тастармен әшекейленген әйел белдеулері көздің жауын алатын .

Әйелдердің әртүрлі  матадан , жібектен , мақпалдан тігілген көйлек , камзол , аң терісінен жасалған сыртқы киімдердің үлгілері тіпті көп  болған . Қыздар белі қымталған , етек –  жеңін бірнеше қатар желбезек жүргізілген  қос етек көйлек немесе көйлек , қаусырмасы , етегіне оқа жүргізілген камзол , басына үкілі тақия , аяғына биік өкше етік киетін болған . Қыста аң терісінен төбесіне үкі тағып әсем бөрік киеді . Жас келіндер сәукеле киіп жүрді , кейін егде тарта бастағанда кимешек киіп , одан соң жаулық тартты .

Қазақтың ер адамдары мен әйелдерінің киім – кешегі күнделікті өмірге сонымен бірге  салтанатты жағдайларға да бейімделіп тігілген . Соңғысы қымбат матадан  тігіліп , тігісі жатық , пішімі тартымды , зерлі оқалы болып келді . Аяқ  киімдер түсті қайыс , зерлі жіп , боялған көңмен өрнектелді . Оларды ұлттық дәстүрмен тігіп дайындайтын : киім пішіп тігетін , етік тігетін зерделі шеберлер де болды .

Қазақтардың қайталанбайтын ұлттық тағамдары ет , сүт , май , қымыз , шұбат сияқты құнарлы азық –  түліктен тұрды . Жылқы етінен қазы , қарта , жал , жая , шұжық істелді . Қазақ асханасында қой , түйе , ірі қара , сондай-ақ сатып , аулап алынатын бөкен , арқар , тау теке , елік , құстардың небір түрлерінің – дуадақтың , қаздың , қырғауылдың т.б. еттері , балық кеңінен пайдаланылған . Жылқы сүтінен қымыз , түйе сүтінен шұбат , қымыран , сиыр мен қой – ешкінің сүтінен айран , қатық , қаймақ , іркіт , кілегей , құрт , ірімшік , ежегей , балқаймақ жасаған .

мал шаруашылығы

XV—XVIІI ғғ. далалық  аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда — тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі — қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді.

Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) ал-мастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан  жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Сонымен, ондаған, ал көптеген жагдайда жүзден астам ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер қөлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды.

Жайылымдық қоныстардың  ара қашықтығы оңтүстікте 200—300 шақырымнан Жетісудың ендж бағытындағы далалық  аудандарында 800—1000 шақырымга дейін созылды. Қоныс орнын таңдау, әрине, тек дәстүр мен шаруашылықтық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдайға да тәуелді болды.

Мешеу көшпелі мал  шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын талап етті, ал олардың әрдайымғы жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді еді. Жемшөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Мысалы, Ибн Рузбихан көшпелілер үшін Сырдария жерінің өте бағалы екендігін көрсете келіп, Сейхун төңірегінің бәрі «қамыспен көмкерілген, мал азығы мен отынға бай» — деп жазды. Қыс сұрапыл болган жылдары малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын.

Баяу дегенмен, көшпелі  мал шаруашылығын жүргізудің формасы  мен оның өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары (ауа райы жағдайымен бірге халық өмірінің саяси жағдайы  жағынан) мал басы үдемелі қарқынмен  өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.

Қазақтардың тұрағы

Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай-ақ шаруашылық құралдары  көшіп-қону және мал өнімдерін өңдеу  үшін жақсы лайықталғанды. Көшпелі  мал шаруашылығы қазақ отбасының  өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп түрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ киім материалдарын, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.

Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы  шикізаттарын өндеумен айналысты. Қой  жүнінен киіз басты, кілемдер тоқыды, киім тікті, мал терісінен аяқ  киімдер, ыдыстар, ат әбзелдерін т. б. әзірледі. Қазақтардың шаруашылыгы негізінен қолмен атқарылатын таза табиғи күйінде қалғанымен, олардың қолында қала тұрғындары, егіншілер өндіретін тауарларга, азық-түлікке айырбастай алатын басы артық өнімдері қалып отырды. Түркістанның Сығанақ, Сауран, Асы және басқа қалаларының базарларына көшпелі малшылар мал айдап апаратын, тері, жүн, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ суық қарулар, ағаштан, негізінен қайыңнан жасалатын бұйымдар, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін; аң терілерін, тон-ішіктер, тымақ-бөріктер сататын.

Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа Түркістан аймағы қалаларына әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, балшықтан  күйдіріліп және темірден соғылып жасалатын  бұйымдар, мата мен теріден тігілген дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелдерінің бөлшектерін, сондай-ақ әр түрлі үй аспаптарын, қарулар, қымбат металдардан жасалатын әшекей заттар, айналар және көптеген басқа дүниелер алатын. Сауда  жасауға қазақтар да қатысатын: «Олардың (қазақтардың) көпестері барған елдердің көпестері өздеріне келіп тұратыны сияқты ислам елдеріне үнемі қатынап келді  және әлі  де барып тұрады». Көшпелілердің астыққа — бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша берік әрі тұрақты болды және бұларды бәрі жаппай алып отырды.

отырықшылықты егіншілік

Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі  қазақтар отырықшылықты және жартылай отырықшылықты егіншілік пен  қала мәдениетін жақсы білді. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажыратылмайтын белгісі болды. Түркістан қалалары мен алқаптарының отырықшылықты  егіншілікпен айналысатын, этникалық жағынан араласып кеткен халықтары даланың мал өсіруші халқымен тұрақты шаруашылық-мәдени өзара әрекеттестік қарым-қатынас жағдайында өмір сүрді. Өз кезегінде көшпелілердін, тіпті өздері де мал қыстататын жерлерінде егіншілік танаптарын жасап, отырықшылықты және жартылай отырықшылықты елді мекендер тұрғыза бастады. Міне, қыстаулардағы мүндай егіншілікпен көбінесе малдарынан және көшіп-қону мүмкіндігінен  айрылған кедей жатақтар айналысты.

Көшпелі қазақтардың  отырықшылануы мемлекеттің қандай да бір басқа жерлерінен гөрі Сырдария бойы алқаптары мен Жетісудың батыс бөлігі аймақтарында неғұрлым шапшаң жүрді. Қазақтардың бұл өңірлерде XVI г. отырықшылану процесі құжаттық материалдарда (шағын грамоталарында) жазылған. Осындай грамоталардың бірі бойынша бұрындары көшіп-қонған аймақтар (ру, тайпа) «елді мекендерде (тұрақты) тұрушыларға (дихнишин), қыстауларда (жартылай отырықшылықты) тұрушыларға (кишлакнишин) және көшіп-қонушыларға (сахранишин)» бөлінеді. Сондай-ақ көшпелі тайпалар (илатийа) аталған. Қалаларда көбінесе өзінің сарайы маңындағылармен және әскерлерімен хандар тұрды. Мүндай салт-дәстүр, әсіресе Түркістан жері Қазақ хандығының құрамына кіргеннен кейін етек алды. Қалаларға бақьшау орнату тұтасынан бүкіл қазақ жерінде бірін-бірі толықтырушы екі шаруашылықтық құрылымға — көшпелі мал шаруашылығы мен қалалық отырықшылықты егіншілікке негізделген неғұрлым нық экономикалық жүйе құруға мүмкіндік берді.

қала мәдениеті

XV—XVIIІ ғғ. Қазақ хандығы  дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда  қалалық өмір дамуын жалғастырды. Ибн Рузбихан «Түркістанның отыз бекінісі» туралы жазады. Солардың жиырмадан астамының аттары түпкі жазба материалдарда кездеседі; археологтар тапқан қалалар саны бұл цифрдан асып кетеді. Сырдария мен онық сағаларының оң жағалауындағы олар Ясы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Иқан, сол жағалауындағы — Аркөк, Үзген, Аққорған, Құтжан, Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі — Созақ, Құмкент және басқа қалалар еді.

«Түркістан бекіністерінен»  аттары аталғандар арасынан тек неғұрлым ірі деген 5-6-сы ғана мәдениет пен экономика орталықтары болды. Қалай дегенде де, егер ортағасырлық экономиканың шектеулі екенін, онын табиғи сыйпатын, халқы санының салыстырмалы түрде аздығын және басқа факторларды ескерсек, мұның өзі осындайлық шағын территория үшін, әрине, аз емес.

Қазақ мемлекеттілігінің  орнығып, нығаюы кезеңінде Сырдария бойының қалалары Қазақстан халқының өмірінде көп жақты рөл атқарды. Мысалы, Сығанақ Шығыс Дешті Қыпшақ үшін «сауда айлағы» болды.

Ол алғашқы қазақ  әкімдерінің астанасы болған еді. Ясы (Түркістан) белгілі сауда нүктесі, ірі егіншілік аймағының орталығы ретінде қала берді. XVI--XVII гғ. шебінде бұл қала Қазақ хандығының астанасына айналды, ол сондай-ақ бүкіл Түркістан және оған тиіп тұрған қазақ даласы үшін басты діни орталық болды.

Отырар оңтүстік-қазақстандық жерлердің ірі сауда-қолөнер кәсібі орталығы болып қалыптасты. Ясы сияқты ол XI ғ. ұзақ уақыт бойы Түркістан  уәлаятындағы шайбани уәлилерінің  тұратын орны болды. Олар өздерінің  далалық жауларынан осы Отырар бекінісінің берік дуалдары қалқасында жасырынды. Отырардың үстемдік жағдайын, оны иелену бүкіл облысқа билік жүргізуді қамтамасыз ететінін осы қала үшін болған шайқастар туралы түпкі жазба материалдарда көптеген дәлелдемелер қалдырған замандастары жақсы түсінді.

XVI ғ. Сауран қаласы  өзінің қорғаныстық құрылыстарының  тұтас бір жүйесімен әйгілі  болды. Солардың арасынан Хафиз  Таныш мұнаралары бар биік  бекініс қабырғаларын, қорған дауалдарын, «өзенге ұқсас» терең орларды  атайды; Зайн-ад дин Васифи бұл  қаланы онда XVI ғ. «аса көрнекті архитектуралық ғимарат» — медресенің салынуымен, сондай-ақ ерекше құрылыс ғимараттары — кәріздердің салынып, пайдалануға берілуімен, солардың бірінде шакірбақтың — бауы мен жүзімдігі бар қала сыртындағы жеке саяжайдың орналастырылуымен байланысты атап көрсеткен.

Сайрам Мауараннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын  сауда және әскери жорық жолдарының түйіскен жеріндегі жақсы нығайтылған бекініс, Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі сауда-қол өнер кәсібі орталығы болды; бұл қала түпкі жазба материалдарда Түркістан үәлаятымен бірге еске алынатын өз алдына дербес уәлаяттың әкімшілік орталығы еді.

Қаратаудың солтүстік  беткейіне орналасқан Созақ әрдайым-ақ далалық аудандарда билік жүргізуі үшін де, сонымен бірге Түркістандағы  қалалар үшін де Қазақ хандығы әкімдерінің сыртқы жаумен кұресіндегі басты таянышы, стратегиялық тұғыры болды. Созақ тек жақсы бекініс қана емес, сонымен қатар далаға қарай шығыңқы орналасқан сауда, колөнер кәсібі орталығы болатын. Созақ төнірегінде түпкі материалдарда аталған және археологтар зерттеген өзге отырықшылықты қазақ қоныстары: Күлтөбе, Тастөбе, Тасқорған, Көктөбе қалалары да болды. Олардың кейбірі бекіністер, басқалары егіншілікпен айналысатындардың ауылдары еді.

Түркістан аймағының  ірі, сондай-ақ майда қалалары халықтарының шаруашылық тірлігінде ауылдық жер еңбегімен айналысу үлкен рөл атқарды. Ол кездегі қалалардың жартылай аграрлық сипатта болғанын зерттеушілер археологиялық жазба материалдармен және түпкі жазба материалдардың мәліметтерімен айғақтады. Егіспен бау-бақшалармен, жүзімдіктермен, егістік және жайылымдармен қоршалып түратын алыс-жақынды ауылдар тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қалалықтардың өздері де айналысатын.

Қалалардың қай-қайсысы  да тауарлы астық пен басқа  ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіретін, дамыған суармалы егіншілігі бар көлемді егіншілікті ауданның орталығы болды. XVI ғ. мен XVII ғ. бірінші жартысында қолдан суландыру ісі бүрынғысымен салыстырғанда кең көлемде дами түсті. Бір жерлерде ол Сырдариядан тартылған ірі каналдарға, екінші бір жерде — Қаратаудан ағып кеп жиналатын тау өзендерінен тартылар мың сан арықтарға негізделді. Үшінші бір жерде — қауғалық жүйе қолданылды.

Қалаларда қол өнер кәсібі кварталдары бодды, оларда — көзелік, ұсталық, ағаш өндеушілік, тоқымашылық, былғары жасаушылық, зергерлік, құрылысшылық кәсіптер дамыды. —XVI ғғ. Түркістан аймағы қалаларында соғыс бекіністері құрылыстарының дамыған жүйесі бар болатын. Ұзаққа созылған қоршауға төтеп бере алатын бекініс құрылыстары сансыз көп соғыстар кезінде қиратылып, ойрандалса да, шеберлердің еңбегімен қайтадан қалпына келтірілетін. Мұнымен бірге орта ғасырдың сол бір тынышсыз уақытында осы бекіністердің қалқасында тұрғын үйлер, діни және қоғамдық ғимараттар — мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, үсті жабық базарлар, керуен-сарайлар салынып жатты.

Информация о работе ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті