Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:08, лекция

Краткое описание

Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді.

Файлы: 1 файл

Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер.doc

— 80.00 Кб (Скачать)

Екі жасқа арналған той  қамы дайын болады, бірақ уәделескен күні әскери жорықта жүріп, жас батыр  жете алмайды. Бір жағынан сағыныштан, екіншіден махаббаттың нәзік сезімі тағат таптырмай, қалыңдық сүйіктісін қарсы алу үшін жолға өзі шығады. Тағдырдың жазғаны солай шығар, жолдың ауыртпалығын көтере алмай ауырып, жас ару қайтыс болады. Сүйікті жарының адал да кіршіксіз махаббатына тәнті болған батыр өз махаббатын мәңгілік есте қалдыру үшін оның басына осы кесенені тұрғызуға әмір еткен. Ақылды сәулетші мен шебер қолды құрылысшылар махабаттың символы болған ескерткішті өзіндік шеберлікпен өре білген.

Тараз қаласы аймағында  “Айша-бибіден” басқа, одан ертеректе тұрғызылған тағы бір әйелге арналған ескерткіш бар. Ол – Бабатша қатын кесенесі (ХІғ). Ескерткіш құрылысы өте қарапайым, күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жабылған. Қазіргі кезде күмбездің тек тұқылы ғана сақталған. Бұл ескерткіш – көшпенділердің бірегей ескерткішінің бірі, кейінгі ғасырларда салынған талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс. Бірақ ескерткіштің кімнің басына орнатылғаны туралы ешқандай дерек те, аңыз да сақталмаған.

Түркістан. Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының бірі –  Түркістан. Оның бұрынғы ежелгі аты  Шабғар. Шабғар кезінде мықты қорғанысы  бар сол аймақтың орталығы болған. Тұрған жері қазіргі Түркістанның жанында  Сырдария сағасының маңайы. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қала өзінің бұрынғы маңызды атақ-даңқынан айырылып, ел кетіп, елеусіз қалады. Аймақтың орталығы Яссы- Түркістанға көшіріліп, бұрынғы кішігірім елді мекен өсе келе ірі сауда-саттығы өркендеген қалаға айналады. Кейіннен осы Түркістан қаласы Қазақ мемлекетінің орталығы, қазақ хандарының ордасы – резинденциясы ролін атқарады. Қазақ тарихының негізгі уақиғалары, игі жақсыларының өмірі осы шаһармен нығыз байланыста болып келді. ХІІ ғасырда Түркістанда Орта Азия мен Қазақстанда мұсылман дінін уағыздаушы, Мұхамбет Пайғамбардан кейінгі екінші адам атанған Қожа Ахмет Иассауиге кесене орнатылады. Бірақ ескерткіш Тоқтамыс ханның жаугершілігі тұсында бүлініп, кейіннен Ақсақ Темір билік құрған дәуірде құрылыс қарқыны қайтадан қолға алынады. Заманында Қожа Ахмет Иассауи әулиелігімен, пайғамбарлығымен қарапайым халық арасында үлкен беделге ие болған адам. Әсіресе оның данышпандық қағида өлеңдері халық арасында “Диуани хикмет” (Даналық кітабы) атты еңбегі арқылы кеңінен тараған. Ахмет Иассауи адамдарды ізгілікті, кішіпейіл болуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге, пайдакүнемдік пен нысапсыздықтан жиіркенуге уағыздайды. Мұсылман дінінің қағида, шарттарын ұстануға шақырады. Осындай әулие адамның қадір-қасиетін көтеру үшіун, бытырап жүрген көшпенді халықты бір дінге, бір орталыққа бағындыру үшін және де өзінің билік, беделін нығайту мақсатында Ақсақ Темір оның басына зәулім де айбынды мемориалдық кешен салдырады. Бұл құрылысты мемориалдық кешен дейтініміз- мұнда бірнеше қызметтерге, мақсаттарға арналған бөлме-сарайлар бар. Онда мешітпен қатар медресе, кітапхана, хан сарайлары, тағы да басқа бөлмелер болған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің бір кешенде біріктіріле салыну сол заман үшін үлкен жаңалық, прогресс еді. Оған дейінгі тұрғызылған мұндай кешен Орта Азия мен Қазақстан аясында жоқтың қасы, әдетте олар жеке-жеке салынатын. Сонымен қатар Иассауи сәулет ғимараты өзінің көлемділігімен, сәулетті айшықтарымен де көзге түседі. Оның ұзындығы 65 метр де, ені-46,5 метр. Қасиетті қола қазан тұрған Қазандық күмбезінің үшар басына дейінгі биіктігі –38 метр. Қазандық күмбезі Орта Азиядағы ең үлкені, оның диаметрі 18,3 метрге жетіп жығылады. Сәулет ғимараттарын салу барысында сол кезеңдегі сәулеттік тәжірбиенің қалыптасқан озық үлгерімінің бәрі қолданылған. Ғимараттың іші-сырты керегінше беті жылтыр түрлі-түсті мадайкалы өрнектермен, жазулармен көмкерілген. Жалпы алғанда Иассауи сәулет ғимараты – қазақ сәулетінің классикалық көне ескерткіші. Қазіргі кезде әлемдік маңызы бар ескерткіштер қатарына Қазақстаннан тіркелген бірден – бір ғимарат. Бұл туралы көптеген еңбектер жазылған, әсіресе қазақтың белгілі суретшісі Нағым Нұрмұханбетов көп зерттеген. Ол кісінің еңбектерін оқыған адам Қожа Ахмет Иассауи сәулет ғимаратынан толық мәлімет алады.

 

Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.


Информация о работе Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері