Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 14:28, реферат
Оқу лабораторияларында жүргізілетін күнделікті жұмыстардан зерттеу-практикалық жұмыстарына дейін дұрыс, нақты орындалуы басты шарт болып табылады. Оларды дәлдікпен жүргізуге бізге әртүрлі құрал-жабдықтар көмектеседі. Мысалы, кез-келген жұмысты аналитикалық немесе кез-келген химиялық таразысыз, дұрыс тандалған химиялық ыдыссыз жүргізу мүмкін емес.
Оқу зертханаларында жүргізілетін химиялық, физико-химиялық, физикалық зерттеу әдістері арнайы құралдарсыз жүргізу мүмкін емес. Мұндай арнайы құралдарға колориметр, спектрометр, спектрофотометр, рН-метр, муфельді пештер, ең бастысы аналитикалық таразы және т.б. құралдар жатады. Осы құралдардың кейбірімен таныса кетейік.
- қорғаныш газды атмосферасымен: арнайы газды (сутегі, аргон, гелий, азот, тотықсыздандырғыш газдар және т.б.) ортада қыздыру;
- вакуумды: вакуумда қыздыру.
Құрылымы бойынша:
- вертикалда енгізу;
- қалпақтылы енгізу;
- горизонтальді енгізу;
- трубкалы.
Муфельді пештердің қолдану аясы өте кең: металдардың термоөндуі, металдарды балқыту, керамикалық бұйымдарды күйдіру, кремация, пробирді талдау.
Муфельді пештер, камерлі пештердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның қолдану саласын біршама қысқартады. Қыздыру элементтерді муфельдеу, яғни олардың керамикалық муфельдің астында орналасуы, берілген электр пештерін жұмыс орнының 1100 0С-тан көтерінкі температурасында қолдануға мүмкіндік бермейді. Жоғары тығыздықты муфельдін күрделі кемшілігі болып оның төмен термошыдамдылығы табылады.
Муфельді пеш қолданылатын негізгі облыстар:
- металдарды термоөңдеу;
- металдарды балқыту;
- керамикалық бұйымдарды күйдіру;
- өртеу;
- кремациялау;
- пробирлі талдау;
- кептіру.