Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 18:55, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншіктің пайда болып жатқан жаңа объектілері айрықша құқықтардың дәстүрлі жүйесіне енгізілуде. Отандық азаматтық құқық ғылымында түсінігі түбегейлі зерттелмеген ашылмаған коммерциялық ақпаратқа да құқық аталған жүйенің ішіне кіреді. Бұл жерде біз ең алдымен ашылмаған коммерциялық ақпаратқа қатысты қолданылатын айрықша құқықтардың түсінігін беріп, оның айрықша құқықпен арақатынасына тоқталып өтуіміз қажет.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі.docx

— 77.16 Кб (Скачать)

Коммерциялық құпия режимін бұза отырып, келтірілуі мүмкін зиян түрлерінің бірі - ол «моральдық зиян». Нарықтық қатынастар дамып біздің заңнамада моральдық зиянды өндіріп алу сияқты құқықтық институт басқа елдермен салыстырғанда жақын арада пайда болды.  «Моральдық зиян» ұғымы ҚР тәуелсіздік алғанға дейін болған жоқ деген сөз – қате ұғым. 1959 жылғы 2 шілдеде қабылданған Қазақ ССР-нің Қылмыстық процессуалдық кодексінің 21 бабының 11-тармақшасында жәбірленуші ұғымының анықтамасында «жәбірленуші- қылмыс арқылы моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян келтірілген тұлға» деп көрсеткен. Бірақ онда моральдық зиянға анықтама  берілмеген. Кеңес кезеңінде моральдық зиян ұғымы біздің құқықтық санамызға жат дүние болып есептелінген. Ол кезде Кеңес адамының жан азабы мен тән азабы ақшалай бағалануға жатпайтын құндылық болып саналды. Біртіндеп қоғам санасы өзгеріп, заң шығарушының осы мәселені шешуге деген қажеттіліктің өсуіне байланысты осы қатынастар алғашында арнайы нормативтік құқықтық акт арқылы, кейіннен кодификациялық  сипаттағы актілер арқылы заңдастырылды.

 Азаматтық  құқық теориясында моральдық  зиян жәбірленушіге жан азабы  мен тән азабын келтіруден, азаматтық  ар-намысы мен абыройын кемсітуден  көрінетін мүліктік емес зиян  ретінде анықталады.

Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыланады. Осы анықтамалар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы  анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады.   Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада – бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу құқығын беретін белгілі бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен қорғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қолсұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. әрекет етуші заңдық анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немес тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Моральдық зиянды өздеріне қарсы құқық бұзушылық жасалатын игіліктер мен құқықтарды тікелей келісуімен барлық жағдайларда теңдестіруге болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиянның өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетіндігіне нұсқай отырып (ҚР АК 952- бап) мұны ішінара көздеген.

Моральдық залал келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік міндеттемелердің бір түрі ретінде танылады. Ол өзі негізі ретінде зиян келтіру бойынша басқа да міндеттемелер сияқты шарттарға ие, моральдық зиян келтірудегі кінәнің болуы талап етіледі. Азаматтың мүліктік құқықтарының бұзатын іс-әрекеттерімен келтірелген зиян үшін жауапкершілік тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайтын болады. Азаматтар мүліктік емес зиянды деликтілік міндеттемелердің негізі болып табылатын барлық жағдайларда өтетіп алуға құқығы болады. Заңды тұлғаларға келтірілген мүлікті емес залал шектеусіз өтелуге жатады[17, 371б.].

Моральдық шығын мүліктік шығынға қарағанда едәуір сезімтал, ол қалпына келуі мүмкін емес, бірақ өтелуі мүмкін. Жәбірленушіні қанағаттандырудың өзге жақсы тәсілі болмағандықтан, әдетте моральдық шығын ақшалай өтемақы арқылы өтеледі.

Белякова А.М өз еңбегінде былай дейді: «Жан қобалжуы, қайғыру, физикалық ауырумен сипатталатын  моральдық шығынды өтеу мүмкін емес. Автокатастрофада баласынан айырылған ананың қайғыруы қандай қатты болмаса да оны ақшамен өтеу мүмкін емес. Бірақ, моральдық шығынды өтеу тұлғаның өмірге белсенді араласу мүмкіндігін шектеуден көрінуі мүмкін: аяғынан айырылғандықтан еркін жүріп-тұра алмауы, көре, ести алмауы т.б.

А.М.Эрделевский жоғарыдағы автордың көзқрасына қарама-қайшылықтар тауып, былай деп көрсетеді.«Келтірілген авторлардың көзқарасы белгілі дәрежеде қайшылықтардан тұрады. Бір жағынан эквивалеттік қағидасының қолданылуының мүмкін емесдігін мойындай отырып, екінші жағынан қобалжу, физикалық ауыру, қайғырудың ақша арқылы өтелуінің мүмкін еместігін айтады, яғни, өзінің моральдық шығынын өтеуін мүмкін емес екендігін айтады. Баласынан айырылған ана туралы мысалдан шығатын қорытынды: қайғыру мен ақшалай өтем ақы мөлшерінің арасында эквивалет анықтау мүмкін емес. Әлбетте, ақшалай өтем ақы өлген баланы қайта өмірге оралдырмас, бірақ қайғыру ұзақтығын қысқартуға, қобалжуды азайтуға септігі тиетіндігі сөзсіз.

Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда егер:

    1. зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;
    2. зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуы, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа да емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсызқолданудың салдарынан келтірілсе;
    3. зиян ар-ожданына, қадір қасиетімен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;
    4. заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.                      

Моральдық зиян – бұл тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің және құқықтарының бұзылуы, кішіреюі, жойылуы және тұлғаның өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан физикалық және рухани күйзеліске түсуі. Моральдық зиян тек заңға сәйкес ақшалай сипатта ғана өтеледі және оның мөлшерін белгілегенде келтірілген материалдық зиянның мөлшері ескерілмейді[27, 293б.].

Зиянды толық өтеу қағидасы  кейде қолданылмайды. Мысалы, АК 933 б. 2 тармағына сәйкес зиян келтіруге жәбірленушінің өрескел абайсыздығы себеп болса екі тараптың кінәсі салыстырыла отырып, зиянды өтеу мөлшері төмендетіледі. Осы баптың 3 тармағына сәйкес, зиян тигізушінің кінәсі ескерілмейтін жағдайда да жәбірленушінің өрескел абайсыздығы салдарынан келтірілген зиян мүлдем өтелмейді немесе төмендетіледі.

Моральдық зиян – элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдете оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама  бұл орайда  моральдық залал үшін өтемақының төменгі және жоғары шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап - өтемақы әділетті болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысына сәйкес моральдық зиян мөлшерін сот анықтайды.

Заң шығарушы  орган соттардың өндіріп алынуға жататын моральдық зиянның мөлшерін анықтау кезінде ескеруі қажет бірқатар критерийлерді көрсеткен. Моральдық  зиянды  анықтау кезінде соттың назарға алуы тиіс критерийлерге тоқталып кетсек, алдымен азап шегу дәрежесіне тоқталайық. Бұл құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде пайда болатын уайымның тереңдігін анықтайтын критерий. Негізінен азап шегу ол құндылыққа зиян келтірілу түріне және дәрежесіне  байланысты уақыт өте келе артады немесе кемиді.  Оның өзгеруі  жәбірленушінің жеке  басының ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондай-ақ, зиян  келтірушінің кінәсінің дәрежесі, жәбірленушінің өмір сүру жағдайы т.б.  моральдық зиянның мөлшерін анықтау кезінде ескерілуі қажет. Осы критерилерді қолдану тәртібі көрсетілмеген. Сондықтан, тәжірибеде моральдық зиянды өндіріп алуға байланысты бірінші сатыдағы соттарда қаралған көптеген азаматтық істердің шешімдері жоғарғы тұрған сотта өзгертілгендігін көреміз. Осылайша біз моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде қолданылатын әділеттілік пен ойға қонымдылық қағидаларын жетілдіру құқықтағы өзекті мәселердің бірі деген қорытындыға келеміз [27, 214б.]

Моральдық зиянның мөлшерін сот анықтағанға дейін заңды түрде анықталған болып есептелмейді. Себебі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің мәтінінен моральдық иянның мөлшерін нақты анықтауды сот жүзеге асыратындығы анық көрсетілген. Заң шығарушы бұл жерде нақты істі қараған кезде  жеке судьяға моральдық зиянның мөлшерін өзінің қалауы бойынша анықтауға мүмкіндікті көздеп отырған жоқ. Өйткені олай болса, ұқсас істер  бойынша моральдық зиянның көлемі әртүрлі болар еді. Міне, сондықтан талапкер алдын ала анықталған мөлшердегі моральдық зиянды өндіріп беруін талап етуге субъективті құқықты иеленбейді. Ол тек қана моральдық зиянның мөлшерін сот анықтап, жауапкерден тиістіні өндіріп алу туралы шешім шығаруын талап ете алады.  Талапкер талап арызда өзі қалайтын және өзінің қайғысының орнын толтыратын соманы көрсеткенімен, ол соманың сот үшін құқықтық мәні болмайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес  талапкер сотқа талап арызбен жүгініп, сот ол талап арызды қабылдау үшін талап арыздың бағасымен есептелетін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет екендігін ескерсек, онда берілген талап арызда көрсетілген сома талапкер үшін маңызды. Себебі берілген талап арыз ішінара қанағаттандырылған жағдайда талапкер талап арыздың   қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігінде сот шығындарын ішінара көтереді.

Моральдық зиян өндіріліп алынатын істер бойынша оның әрбір өндіріліп алынуға жататын сомасының  «орташа мөлшері» анықталса деген пікірлер ғалымдар тарапынан ұсынылған болатын.  Сол «орташа мөлшерге» негіздеп, талапкер сотқа талап арыз бергенде шындыққа сай келетін соманы көрсетер еді. Сондай-ақ талапкердің талап арызында  көрсеткен сомасы мен іс бойынша соттың шешімімен белгіленген жауапкерден өндіріліп алынуға жататын соманың арасында болар-болмас айырмашылық болар еді. Енді осы «орташа мөлшерді» қалай анықтау керек деген мәселе туындайды. Оны бүгінгі күнге дейін қаралып шешілген істерге анализ жасау арқылы сондай-ақ, әрбір іске байланысты елдің пікірін ескеру нәтижесінде қол жеткізуге болады[19, 71б.].

  Моральдық  зиянды келтіру үшін жауапкершілік - өтемақы – айыппұлдық сипатқа  ие. Физикалық және рухани күйзелісті  ақшамен бағалау мүмкін емес, ақшалай өтемақы тек жағымды  эмоциялардың пайда болуына септігін  тигізу үшін қажет. Жоғарыда айтып  өткендей, заңшығарушы нақты өтемақы  мөлшерін тағайындамаған. Талапкер  өз талап-арызында талап мөлшерін  көрсетуі мүмкін, бірақ ол сот  үшін құқықтық маңызы жоқ.  Мүліктік зиян келтірілген жағдайда  өтеу мөлшеріне  келтірілген зиян  эквиваленттік  қағидасы қолданылады. Ал, моральдық зиянды өтеуде бұл  қағида қолдануға келмейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 126 бабының 2 тармағы және 1018 бабының 1 тармағына сәйкес ашылмаған ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ақпаратты заңсыз негіздерде қолданған және шартқа қайшы жариялаған тұлғаларға шығынды өтеу міндеті жүктеледі. Бұдан шығатын қорытынды коммерциялық құпия режимін бұзғаны үшін заңмен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің – шығындарды өтеу сияқты шарасы көзделген. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды:

біріншіден, - коммерциялық құпия режимін бұзғаны үшін өзге де жауапкершілік шараларын бекіту мүмкіндігі. Мысалыға, кейбір авторлар коммерциялық құпия режимін бұзғаны үшін моральдық зиянды өндіріп алуды бекітуді ұсынады [12, 191б.].

екіншіден, - коммерциялық құпия режимін бұзу арқылы ашылмаған ақпаратты жариялау, пайдалану кезіндегі «шығын» түсінігіне ненің кіретіндігін анықтау туралы мәселе туындайды.

Коммерциялық құпия режимін бұзбау міндеттемелерінің пайда болу негіздеріне тәуелді жауапкершілікті мынадй жолдармен саралауға болады:

  1. шарттық жауапкершілік;
  2. шарттан тыс туындайтын жауапкершілік.  

Шарттан тыс жауапкершілік негізінен жауапкершілік негіздері мен шектерін анықтайтын заңнама нормаларынан туындайды.

Ақпарат иесімен қандайда бір байланысы жоқ, нақтырақ айтқанда ақпарат сеніп тапсырылмаған үшінші бір тұлғалардың коммерциялық құпия режимін бұзуын – шарттан тыс жауапкершіліктің бір түрі ретінде қарастыруымыз қажет.

Үшінші тұлғалар деп бұл жерде тиісті мәліметтер олардың коммерциялық қызығушылығын тудыратын, бірақ ақпаратқа заңды түрде енуге құқықтары жоқ тұлғаларды айтмыз (мысалыға, бәсекелестер, тұтынушылар, шарт бойынша контрагенттер және т.б.). [3, 623б.].

Сонымен бірге коммерциялық құпия туралы нормалардың талдауы мынадай қорытынды шығаруға негіз болды – коммерциялық ақпаратты сақтау міндеттемесі заңға сәйкес туындайды, егер ақпарат оның иесімен сеніп тапсырылған болса. Өзгеше айтқанда заңмен қорғауды талап ету құқығын беру жағдайлары нақты анықталуы мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша коммерциялық құпия режимін бұзғаны үшін шарттан тыс жауапкершіліктің ерекше түрі бұл – мемлекеттік органдармен олардың лауазымды тұлғаларының ашылмаған ақпаратты заңсыз жариялауы. Аталған субъектілердің жауапкершілігі заңмен тікелей көзделмеген. Дегенмен үшінші тұлғалардың коммерциялық құпия режимін бұзбай міндеттемесінің азаматтық құқықтық сипатына байланысты азаматтық құқықтық қорғауды талап ету мүмкіндігі туындайды.

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары конфидиенттер болып табылады және үшінші тұлғалардың ерекше санатын құрайды. Оларға ашылмаған коммерциялық ақпарат заңға тәуелді мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін сеніп тапсырылады: тиісті органдардың функцияларынан туындайтын тіркеу, тексеру, бақылау қызметтеріне байланысты.

Осыған байланысты тіркеу үшін берілген құжаттардың мазмұнындағы конфиденциалды мәліметтерді сақтау бойынша міндеттемелерді мемлекеттік тіркеуді жүргізетін мемлекеттік органдарға жүктеуді заңнамада бекіту қажет деп тұжырымдаймыз. Сондай-ақ міндеттемелердің туындау сәтін конфиденциалды ақпаратты алу сәтімен байланыстыру қажет.

Тәжірибе көрсеткендей коммерциялық ақпаратты құпияда ұстауды қамтамасыз ету мемлекеттік қызметкер жұмыстан кеткен жағдайда қиындық туындатады. Қолданыстағы заңнама лауазымды тұлғаның қызметтік функцияларын атқару барысында өзіне мәлім болған коммерциялық ақпаратты ол жұмыстан кеткен жағдайда да сақтау міндетін ұзартатын нормалар көзделмеген. Осындай мән-жайларды ескере отырып, бұрынғы мемлекеттік қызметкердің коммерциялық құпия объектісін құрайтын ақпаратты сақтау міндетін ұзартудың негіздерін заңда түрде бекіту қажет деп пайымдаймыз.

Тәжірибеде коммерциялық ақпаратты иеленетін кәсіпкерлердің мүддесін қорғауда қиындықтар жиі туындайды. Коммерциялық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі шарттарды бекіту кезінде-ақ пайда болады. Мысалыға, ашылмаған ақпараттың иесі үшінші тұлғаға «ноу-хау» беру жөнінде келісім бекітуді ұсынады. Үшінші тұлғаның қызығушылығын арттыру үшін оферент коммерциялық құпия объектісін құрайтын техникалық ақпараттың белгілі бір бөлігін ашады[28].

Информация о работе Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі