Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 18:55, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта интеллектуалдық меншіктің пайда болып жатқан жаңа объектілері айрықша құқықтардың дәстүрлі жүйесіне енгізілуде. Отандық азаматтық құқық ғылымында түсінігі түбегейлі зерттелмеген ашылмаған коммерциялық ақпаратқа да құқық аталған жүйенің ішіне кіреді. Бұл жерде біз ең алдымен ашылмаған коммерциялық ақпаратқа қатысты қолданылатын айрықша құқықтардың түсінігін беріп, оның айрықша құқықпен арақатынасына тоқталып өтуіміз қажет.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі.docx

— 77.16 Кб (Скачать)

Құпия ақпараттарды өзге тұлғалардың еркін танысуына мүмкіндік бермейтін қорғау жүйесі қалыптасуы тиіс. Тиімді қорғауды ұйымдастыру үшін мынадай мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін бағдарлама жасалуы тиіс:

а) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің белгілі салада айналымын қамтамасыз ету;

б) коммерциялық ақпараттың ұрлануының, жариялануының, бүлінуінің алдын-алу және оларды бағалау;

в) кәсіпорынның коммерциялық құпиясын заңсыз түрде иеленуге оқталу жағдайында өзінің құқықтарын заңды түрде қорғау және құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту.

  Қарастырылып  отырған қорғау саласындағы шаралар  ретінде мыналарды қарастыруға  болады: қызметкер мен жұмыс беруші  арасында шартта коммерциялық  құпияны сақтау туралы талаптардың  болуы және аталған талаптар  бұзылған жағдайда туындайтын  жауапкершілік,  ақпараттың құпиялылығын  сақтау бойынша қажетті техникалық  шараларды қабылдау. Қорғау шаралар  тек қана коммерциялық құпияға  құқық бұзылғанда немесе оның  бұзылуына нақты қауіп қатер  төнсе ғана қолданылады [22].

  Қолданыстағы  заңнама бойынша коммерциялық  құпияға құқықтың бұзылуы деп  үшінші жақтың оған бұрын белгісіз  болған ақпаратты заңсыз иеленуін  айтамыз. Осыған байланысты ақпараттың  иесіне, бұл ақпараттың заңмен  бекітілген барлық талаптарға  сай қорғалғанын дәлелдеу міндеті  жүктеледі. Егер де ақпарат иесі  оны дәлелдей алмайтын болса, оның құқығы қорғалуға жатпайды. Сондықтан кәсіпорындар коммерциялық  құпияны қорғаудың жүйесін қалыптастырулары  қажет. Мұндай жүйе шартты түрде  үш элементтен тұрады:

  • құпияны қорғау бойынша кәсіпорынның қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
  • ұйымдастырушылық, материалдық және инженерлік-техникалық қорғалуын қамтамасыз ету;
  • коммерциялық құпияны қорғау бойынша шараларды іске асыру.

  Құпиялы  ақпаратты қорғаудың құқықтық  реттеу жүйесі екіге бөлінеді: біріншіден, кәсіпорынның коммерциялық  құпияны қорғау көлемін, субъектілердің  құқықтары мен міндеттерін анықтайтын  мемлекеттік нормативтік құқықтық  актілер. Екіншіден, қорғауды ұйымдастыру  және жүзеге асыру ережелерін  қамтитын нормативтік құжаттар. Олар:

    1. кәсіпорын мақсаттарын, құқықтарын анықтайтын кәсіпорын жарғысы;
    2. құпиялы ақпаратты қорғау шараларын көздейтін тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім-шарт;
    3. ішкі тәртіп ережелері; ережеде қызмекерлерге кәсіпорын мүддесін сақтау үшін коммерциялық құпияны таратпау міндеті жүктелуі мүмкін;
    4. ақпаратты сақтау тәртібі бойынша нұсқаулар;
    5. коммерциялық құпия санаттарын көрсететін құжаттар, реестр түрінде болуы мүмкін.

  Сондай-ақ  кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелері  қызметкерлерінің құқықтары мен  міндеттерін реттейтін әртүрлі  ережелер болуы мүмкін. Мысалы, қауіпсіздік  қызметінің қызметкерлеріне арналған  ішкі еңбек тәртібінің ережелері, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтермен танысу жүйесі туралы ережелер және т.б..

Жалпы тәртіп бойынша қорғалатын ақпаратпен жұмыс істейтін қызметкер мұндай ақпаратты тасушы болып есептеледі және ол ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті тұлға болады.

Коммерциялық құпияны сақтаудың ұйымдастырушылық материалдық, инженерлі-техникалық қамтамасыз етілуі барсында кәсіпорын коммерциялық құпияны сақтау үшін әртүрлі тәсіл қолдана алады. Осылардың ең негізділерін атап айтсақ:

  • кәсіпорында қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру;
  • коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізімін жүйелі түрде қайта қарау;
  • коммерциялық құпиямен танысуға рұқсат жүйесін тексеру;
  • кәсіпорынмен коммерциялық құпияны қорғауға, сақтауға жұмсалатын шығындарды есептеу;
  • ақпаратты қорғауға арнай жабдықтар алу және осы бағыттағы қажеттіліктерді анықтау;
  • арнайы кадрларды даярлау [22, 119б].

Қауіпсіздік қызметінің функционалдық міндеттері кең ауқымды. Бұл қызметтің  басты мақсаты коммерциялық құпия болып табылатын  мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру. Жалпы, қызметкерлерді құпияны сақтауға үйрету; арнайы әдістемелік құжаттарды әзірлеу (мысалы, коммерциялық құпияны сақтау ережелеріне арналған плакат) арқылы көрініс табады.

Коммерциялық құпияны құрайтың мәліметтердің тізімін жүйелі түрде қайта қарау кәсіпорын басшыларының біреуімен басқарылып отырған және арнайы құрылған комиссиямен жүзеге асады. Бұл қызметтін басты мақсаты – маңыздылығын жоғалтқан мәліметтерді алып, жаңа мәліметтерді тізімдерге қосу. Комиссияның жұмыс нәтижелерімен тиісі орындаушылар хабардар етіледі.

Коммерциялық құпияға рұқсат  жүйесін тексеру, атқаратын қызметіне байланысты қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді көдейді. Құпиялы ақпаратқа рұқсат жүйесі – бұл әкімшілік құқытық нормалардың жиынтығын құрайды, қызметіне байланысты қажетті ақпаратпн қамтамасыз етуді реттейді. Жүйенің мақсаты – қажетті көлемде құпиялы ақпаратқа заңды рұқсаты болуы. Аталған жүйе құрамына:

  • құжаттандырылған құпиялы ақпаратқа рұқсат жүйесі;
  • құпия жұмыстары жүргізілетін ғимаратқа, кәсіпорын аумағына арнайы рұқсаттама және шифр жүйесін қолдану кіреді.

Құпиялы ақпараттың толықтығын сақтау сейф, темір шкаф, терезеге темір тор қою, арнай рұқсаттама жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі.  

 Коммерциялық  құпияны құрайтын ақпараттарды  қорғаудың азаматтық құқықтық  тәсілдері де қалыптасқан. Азаматттық  құқықтық тәсілдер арқылы қорғау қажеттілігі қызметкер мен кәсіпорын арасында туындайды. Бұл тәсіл өте қажет, себебі кейбір жағдайларда кәсіпорынның коммерциялық құпиясына оның бәсекелесімен сатылып алынған қызметкерлер үлкен қауіп туындатады. Кәсіпорын құпиясының қауіпсіздігі қорғау қызметінің негізгі объектісі, сондықтан құпияландырылған ақпараттармен жұмыс істеуге моральдық жағынан тұрақты және материалдық жауапкершіліктің туындау салдарын түсіне білетін қызметкерлер жіберілуі тиіс.

Кәсіпорынның құпия ақпараттарын тек қана жақсы тексеруден өткен, оқытылған және моралдық, материалдық жауапкершілікті сезінетін қызметкерге сеніп тапсыруға болады. Ол үшін кәсіпкер мынадай шаралар жүйесін іске асыруы тиіс:

    1. еңбек шартында құпияландырылған ақпараттарды жарияламау туралы міндеттемелерді қарастыруы тиіс;
    2. ақпараттар ағымын анықтау, барлық қорғалатын ақпараттар, құжаттардың барлығы құпиялылықтың тиісті белгісімен белгіленуі тиіс;
    3. тапсырысшымен, сатып алушымен келісімдерде коммерциялық құпияны сақтау мәселелерін қарастыруы тиіс.

Дамыған мемлекеттерде коммерциялық құпияны қорғаудың негізі бұл заң актілері мен келісім шарттар болып табылады. Коммерциялық құпияны сақтау туралы заң актілерінің болуына қарамастан жұмыс берушілер еңбек шартында қызметкерлеріне сеніп тапсырылған құпия ақпараттарды жарияламау туралы міндеттемелерді міндетті түрде енгізіп отырады. Мұндай шарттар еңбек қатынастары орнатылғаннан кейін немесе қызметкер құпия ақпараттардың мазмұнымен еркін танысу құқығын алғаннан кейін бекітіледі. Жұмыс берушіге өзінің қызметкерімен шарт жасасу оған әррбір бөлек жағдайларда өздерінің арасындағы құқықтық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Шартта қандай ақпарат ашық ақпарат екендігі және қандай ақпараттардың жариялануға жатпайтындығы көзделуі тиіс [23].

Шарттың талаптары бұзылған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұузға құқылы болады. Кәсіпорын қызметкері мұндай шартқа қол қояр алдында іскерлік ақпараттар мен технологиялық ақпараттардың қайсысы коммерциялық құпияға жататындығын білуі керек. Осыған байланысты құпия ақпараттар өзге мәліметтерден бөлектенуі қажет, ал құпияны құрайтын құжаттарда құпиялылық белгісі болуы керек. Ескере кететін жағдай қызметкерлермен енгізілген жаңалыққа меншік құқығы туралы даудың туындауы мүмкін. Мұндай дау туындамас үшін бұл мәселе алдын ала шартта көзделуі тиіс. Егер қызметкер рационализаторлық ұсыныстарды жасау мен енгізу мақсатында арнайы жалданса, идея қызметкердің меншігіне жатады. Егер қызметкер ондай мақсатпен жұмысқа қабылданбаса немесе оның ұсынысы өзінің қызметінің белгілі бір саласына қатысты болмаса, бірақ оның жаңалығын табуда жұмыс берушінің ресурсы қолданылса, қызметкер идеяның белгілі бір бөлігіне ғана құқығы болады. Сондай-ақ қызметкер өзінің идеясын жасау барысында жұмыс берушінің коммерциялық құпиясын немесе өзге де ақпараттарын қолданбауы тиіс.

Коммерциялық немесе қызметтік құпияны қамтамасыз ету туралы жасаған келісімдер оны қорғауды формальды түрде ғана қамтамасыз етеді.

ҚР АК 126 бабының 2 бөліміне сәйкес, коммерциялық құпияны құрайтын ақпататты жариялағандығы үшін келесі санаттағы тұлғаларда жауапкершілік туындайды.

  1. еңбек шартына қарамастан коммерциялық құпияны жария еткен қызметкерде;
  2. азаматтық құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер.

Бұл екі санаттағы тұлғаларда еңбек шартына немесе азаматтық  құқықтық шартта осындай мәліметтерді жария етпеу міндетін алған болса, келтірілген залалдың толтыру міндеттемесі пайда болады.

Бұл жауапкершіліктің мәні тұлға коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды заңды түрде иеленген тұлға, оны заңсыз түрде қолданғандығынан  келтірілген залалардың да орнын толтыруға міндетті болады. ҚР АҚ 126 бабында коммерциялық құпияны қорғаудың бір ғана жолы келтірілген залалдың орнын толтыру тәсілін ғана көрсетіледі, бірақ ҚР АК-тен басқа да нормативтік актілерімен белгіленген тәсiлдерді қолдануға да жол беріледі. Мұндай тәсілдердің жалпы және шектелмейтін тізімі АК 9 бабында бекітілген [13, 357б].

Коммерциялық құпияға құқықты қорғау іс жүзінде тек қана біреу соның ішінде мемлекеттік органдарға көмек үшін жолдау болып табылатын, юридикциялық нысанада жүзеге асады. Яғни шағымдану, бірақ ерекше жағдайда заң құқық бұзылған белгілі бір жағдайда азаматтар және заңды тұлғаларға сол құқықты өз күштерімен қалпына келтіруге рұқсат етеді. Мұндай әрекетті өзін-өзі қорғау құралдары деп атауға болады. Дәлірек айтсақ АК 9 бабы 3 бөлігінде заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңды әрекеттерімен  жүзеге асырылуы мүмкін (өзін- өзі қорғау) деп анықтайды.

Объектінің және оны пайдалану жағдайының сан алуандылығына балайнысты, басқа біреудің құпиясын беруге тырысатындарға кедергі қояды. Коммерциялық құпияға құқықты қорғаудың өзіндік құқықтық тәсілдері жоғарыда аталды. Алайда бұл тізім шектелген сипат емес, азаматтық заңдармен қарастырылған одан басқа да тәсілдерде бар.

Әйтседе берілген тәсілдер, негізінен бұзылған коммерциялық құпияға құқықты қалпына келтіруге бағытталған тәсілдер. Бірақ кәсіпорының коммерциялық құқығын қорғау түсінігі, тек қана бұзылған құқықты ғана көрсетпейді, сондай-ақ ол басқа да азаматық құқықтың емес, ұйымдастырушылық, техникалық бағдарлама жне т.б. шараларды қамтитын коммерциялық құпияны қорғауды білдіреді. Мұнда тек қана әр түрлі жағдайларға байланысты қолданылатын нақты шаралармен оның жалпы принциптерін қалыптастыруға тырысуға болады. Барлық қолданылатын шаралар мынадай көріністе  болуы мүмкін:

    1. арнайы техникалық қолдану;
    2. берілген хабарларды шифрлеу үшін байланыс апараттарының құпиялылығын орнату;
    3. коммерциялық құпияға құқыты қорғау, егер де ол құқық бұзылған жағдайда келтірілген шығындардың орнын толтырудың тәртібі мен көлемі реттелмеген [24].

 Коммерциялық  құпияға құқықты қорғаудың негізі нысаны әкімшілік және сот тәртібінде белгіленген юрисдикциялық процедура болып табылады. Жалпы ереженің мәні бұзылған құқықты сәтінде қорғау туралы талап қою негізіндегі сот тәртібімен қорғау  ҚР АК 9 бап 1т. Бұл жағдайда жауапкер ретінде, коммерциялық құпияны жария еткен қызметкер қатысады. Іс жалпы юрисдикция соттарында қаралуға жатады.

Коммерциялық құпияға құқықты қорғаудың соттық тәртібінен басқа арнайы тәртібіде бар. “Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу” туралы заңда бекітілген монополияға қарсы органға коммерциялық құпия құқығын бұзу туралы шағымдану мүмкіндігін қарастырады. Заңның 14 б. 3 бөліміне сәйкес, “Монополиға қарсы заңдарды бұзумен байланысты істерді жалпы юрисдикция соттарында немесе аралық соттарда қаралады” деп көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды кәсіпорының коммерциялық құпия құқығының бұзылғандығы туралы ҚР монополияға қарсы комитетімен шағымдана алады, бұл сотқа дейінгі процедура болып табылады. Монополияға қарсы комитет кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтерін жария етіп қойғаны туралы арызын қарап, бұл құқықты бұзып отырған органға  бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе  айыппұл салу туралы ұйғарым шығарады. Монополияға қарсы комитеттің бұл ұйғарымы орындалмаған жағдайда комитет сотта немесе арбитражда іс қозғауға құқылы. Алайда қазіргі кезде әкімшлік тәртіпке қабылданатын шешімнің барлығы сотқа шағымдануға болатын болғандықтан бұл қорғау тәртібі өте сирек қолданылады. Жоғарыда тек қана коммерциялық құпияны құрайтын ақпататтарда қорғаудың даулы мәселелері ғана  аталынады [25].

Бұл аталған мәселелердің шешімі тек қана оларды құқықтық реттеу, яғни коммерциялық құпиямен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін арнаулы нормативтік заң қабылдау; мұндай нормативтік актінің қабылдануы оған сәйкес басқа да нормативтік актінің қабылдануы оған сәйкес басқа да нормативтік актінің қабылдануына жағдай жасар еді.

Сонымен арнайы нормативтік актінің қабылдануы арқылы коммерциялық құпияны құрайтын ақпататтарды қорғауды құқықтық реттеу мен техникалық зерттеудің дамуы мәселелері шешілер еді.

Коммерциялық немесе қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын әр түрлі шараларды қолданады. Шараларды қабылдау – бұл әкімшілік пен қауіпсіздік қызметінің коммерциялық құпияны қорғау бойынша жүйеде қалыптасқан мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған қызметі. Бұл шаралар мыналарды қамтуы мүмкін.

Информация о работе Коммерциялық ақпараттың құқықтық режимі