Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:48, реферат
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
Азаматтық кодекстің 333-бабының 2-тармағына сәйкес кепілдік берушіге несие берушінің талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюына болады, тіпті, борышқор одан бас тартса да немесе кепілдік шартынан басқаша туындаса да, аталған құқықты жүзеге асыра алады.
Кепілдік беруші несие беруші алдында негізгі міндеттеменің тиісінше орындалмауына немесе міндеттемені борышқордың орындамаунан несие берушіге келген залалға борышқордың жауапкершілігі тұрғысынан жауап береді. Сонымен бір мезгілде кепілдіктің шартының талаптарына сәйкес кепіл берушінің жауапкершілігі белгілі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін. Сондықтан да кепіл берушінің жауапкершілігі көп жағдайда кепілдік туралы шарттың талаптарына тәуелді болады.
Кепілдік шартының тоқтатылуы кепіл болушының құқығы тоқтатылатындай тәртіпте жүзеге асады .
2.6 Кепілпұл
Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақшалай сома кепілпұл деп танылады.
Кепілпұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің сомасы мен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында жазбаша жасалады. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолымен куәлендырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысында жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.
Кепілпұл заңға сәйкес, біріншіден, төлем міндетін атқарады, өйткені, ол шартқа сәйкес екінші жаққа берілетін нақты ақша сомасы болып есептеледі; екіншіден, тараптор арасындағы шарттық қатынастардың барлығын дәлелдейді. Егер шарт жасалмаса, кепілпұл туралы келісім де болуы мүмкін емес; үшіншіден, жасалған шартты қамтамасыз ету құралы болып табылады. Себебі Азаматтық кодекстің 338-бабының 2-тармағына сәйкес кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті, оның үстіне, шартта өзгеше көзделмегендіктен, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.[2]
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін обьект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң бөлігі, дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтан, оның ішінде Азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттін құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салаларынан заң бөлімі мен құқықтануы өз тізгігіне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденция алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық құқығының тағдыры мен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымын азаматтық құқық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық құқықтың биік шыңына көтеруде оң әсерік тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапұқа толық жауап беретін азаматтық құқық ғылымы қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI бірінші ширегіндегі Қасым хан (1511-
1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған. « Қасым ханның қасқа жолын » жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағын 1548-1628 ж.ж. билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсында ( 1680-1718 ж.ж. ) атақты « Жеті жарғы » қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз.
Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдесі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сол реформасымен азаматтардың құқықтары мен бостамдықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді нарықтық экономика құру қылмыспен күресу осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.