Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:48, реферат
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
2.1 Айып төлеу
Борышкер міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.
Айып төлеу – кәсіпкелік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.) қолданылады.
Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрған үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу уақытын өткізіп алғанына орай өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты деп екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген – көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен
заңды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін.[4]
Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.
Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келкелтірілген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді.
Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мәселен, міндеттемені орындамауға байланысты залалдар бес мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу екі мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқордан екі мың теңгені айып төлеу деп, үш мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар.
Әдетте айып төлеу есепті сипатқа ие. Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, заңда немесе келісімдерде басқаша көзделгенненбасқа ретте, қолданыла береді.[5]
Айып төлеудің айыппұл түрі, заңмен шартта қаралған жағдайда ғана қолданылады. Оның мәні борышқор міндеттемені бұзғаны үшін айып төлеуді жүзеге асырып, келген залалдың орнын толық толтыруға міндетті. Аталған мысал бойынша борышқор екі мың теңге айып төлеуді жүзеге асырып және бес мың теңгені заладың орнына құяды.
Айырықша айып төлеу несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек екі мың теңгені төлетеді де қояды. Айырықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастар, айталық, пәтер ақы, электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға тап осындай айып төлеу түрі қолданылады.
Балама айып төлеу де несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндірте ме әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдарда айып төлеудің аталған түрі бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.
Айып төлеудің тиісті мөлшері, егер келген залал мөлшеріне қарағанда тым жоғары болатын болса, сотпен төмендетілуі мүмкін.
Сондай-ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуда ескереді. Айып төлеудің негізгі мақсаты борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.
2.2. Кепіл
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады. [4]
Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден, кепіл салынған мүлік несие беруші кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік үшін несие беруші-кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруші үшін талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал басқа несие берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.
Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді.
Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның шаруашылық жүргізу құқығы болды. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз борышқордың өзі, сондай-қ оған үшінші жақтың да құқығы бар.
Кепіл ұстаушы дегеніміз негізге міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.
Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттармен оларды басқаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.
Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру,кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін.
Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар хақында заңда белгіленген. Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен – бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер беруге жатпаса, кепіл туралышарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдар кепілге салынып үлгерген затты қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады.
Кепілдің екі түрі болады:
а) ипотека;
ә) кепілзат.
Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады. [6]
Ипотека сондай-ақ белгілі бір мүліктің кепілі заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады. Бұл орайда әңгіме кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, пәтерлердің, жер учаскесіне құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі Қазақстан Республикасының қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы заңымен реттелетіндігі жөнінде болып отыр. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының заңында өзгеше ережелер белгіленбеген ретте ипотекаға Азаматтық кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер қолданылады.
Ипотека туралы шартта ипотеканың мәні, оның атауы, тұрған жері және бұл мәннің айтарлықтай идентификация үшін сипаттауы, сондай-ақ кепіл ұстаушының ипотека мәніне құқығы, осы несие берушінің құқығын тіркеген – осы мүлікке мемлекеттік органның тіркелуі көрсетілуі тиіс. Жер учаскесінің ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті комитеттері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет. Шартта негізгі міндеттеме туралы – міндеттеменің ақшалай құны, туындау негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.
Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге міндетті (кепіл құқықтары, жолға беру, сервитуттар және т.б.)
Ортақ меншіктегі мүлікке орай ипотеканың өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, көп пәтерлі үйдегі бір пәтер кепілге салынған күнде кепілге тек тұрғын жай ғана емес, осы үйдегі ортақ меншікте қолданылатын құқықтар да жатады. Ортақ үлестік меншікке қатысушы басқа меншік иелерінің келісімінсіз-ақ ортақ қозғалмайтын мүлікке өз үлесін қоса алады. Ортақ бірлескен меншіктегі мүліктерге, оның ішінде сол үйдегі пәтерлердің тұрғын жайы болып табылмайтын орындарын ипотека барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі арқылы жүзеге асады.
Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалады деп есептеледі.
Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады. Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып немесе белгілі күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік орналасқан жақ мойнына алады.
Сондай-ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға; кепілге салынған мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші тарапқа дереу хабарлауға міндетті.
Кепіл беруші және кепіл ұстаушы басқа тарапта тұрған кепілге салынған мүліктің бар екендігіне, санына және сақталу жағдайына тексеру жүргізуге құқылы болады.
Аталған міндеттерді кепіл ұстаушының өрескел бұзуы кепіл берушіге кепілді мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуге құқық береді.
Кепіл беруші:
егер кепіл мәні соншалықты өзгеруіне байланысты өзінің мақсатына пайдалануға жарамай қалса, одан бас тартуға құқығы бар. Мұндай жағдайда кепіл беруші келген залалды қалпына келтіруді талап етуге хақылы;
кепіл беруші кепілге салынған мүліктің жоғалуына немесе бүлінуінен келген залалды кепіл ұстаушыдан есептеуді талап етуге, негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге де құқылы;
егер заңда өзгеше көзделмесе, ол кепіл ұстаушының келісімімен кепіл мәнін өзгертуге де хақылы. Егер кепіл мәні жойылып немесе бүлінсе немесе заңмен тағайындалған негізде меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы тоқтатылса, онда кепіл беруші кепіл мәнін қалпына келтіруді немесе оған тең келетін мүлікпен ауыстыруды талап ете алады, бұл орайда кепіл ұстаушының келісімі талап етілмейді.
Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды Азаматтық кодекстің 315-бабына сәйкес жүзеге асыра алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе және кепіл мәнінен өзгеше туындамаса, кепіл беруші кепіл нысанын оның мақсатына сәйкес пайдалануға, соның ішінде одан жемістер мен табыстар табуға құқылы. Кепілге салынған мүлікті пайдалану үшін (бөтеге беру, жолға беру, басқа тұлғаның тегін пайдалануы және т.б.) кепілге беруші кепіл ұстаушының келісімін алуы тиіс. Бірақ та кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті өсиет етіп қалдыру құқығын шектейтін келісімі жарамсыз болады.[2]
Меншік иесі болып табылатын кепіл беруші, егер заңда өзгеше көзделмесе, кепілге салынатын мүліктің жоғалуымен кездейсоқ қирау немесе бүліну тәуекелін мойнына алады.
Кепіл ұстаушы кепіл мәнін шартта көрсетілген шекте ғана пайдалануға құқылы. Мұндай жағдайда ол өзіндегі кепілзаттың пайдалануы жөнінде кепіл берушіге есеп беріп тұрады. Тараптар шарт бойынша кепіл ұстаушыға кепілге салынған нәрсенің негізгі міндеттемені өтеу мақсаттарында немесе кепіл берушінің мүдделері үшін жемістер мен табыстар табу міндеті жүктелуі мүмкін.
Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің жоғалуы мен бүлінгені үшін оның нақты құны мөлшерінде (құны төмендеген сома) жауапты болады, бұл орайда мүліктің кепіл ұстаушыға берілген кездегі әр жақтан айқындаған құны есепке алынбайды. Егер кепіл ұстаушы бұл орайда кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға болатын болса, онда ол кінәсіне қарамай жауап береді. Бірақ, мүліктің сақталмауы дүлей күштердің салдарынан болғандығын дәлелдей алса, жауапкершіліктен құтылады. Қолған жағдайларда құқық бұзушылықтары үшін жауап береді. Шарт арқылы кепіл ұстаушының келтірген залалын, яғни мүліктің жоғалуы мен бүлінуін айқындап, кепіл берушінің олардың орнын толтыруын талап етуге еркі бар.[4]