Азаматтык кукык

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:48, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.

Файлы: 1 файл

I тарау.doc

— 140.00 Кб (Скачать)


22

 

КІРІСПЕ

 

 

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.

Қазақстанның егемендігін алғаннан кейін және экономикада  нарықтық өзгерістер жолын таңдағаннан кейін міндеттемелік  құқықтың, сонымен бірге міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету әдістерінің рөлі өсе бастады. Қазіргі жағдайда экономика үшін өтпелі кезеңге сай кері әсерлер, атап айтқанда, инфляция, өндірістің дамуының төмендеуі, шығарылған тауарларға, көрсетілген қызметпен  жасалған жұмыстарға мезгілінде ақы төлемеу, міндеттеменің  атқаруын қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі  әдістерінің кеңімен қолдану, мысалы, тұрақсыздық, өз мәнін өтеу қаржысы болмаса, айып немесе өсім төлеу үшін ақша қаражатын қайдан алады.

 Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
         Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
         Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
        Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған қайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға   зиян   келтіру   салдары,   сондай-ақ   жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
         Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

         Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.

Міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті,” деп атап көрсетеді. Ал осы міндеттемені орындау деп боышқордың алған міндеттемесіне сәйкес белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруын айтамыз.  Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады.

Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардын кұкығы аркылы, сондай-ақ міндеті арқылы айкындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Аза-маттық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асы-рудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сөйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланба-уынталапетугеқұкылы. Мүлікт іжалға алушы (борышкор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.

Міндеттемені нақты түрінде орындау қағидасы Азаматтық кодекстің 354-бабында бекітілген. Ал оның орындалуын қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады.

Бұл жұмыста міндетемені орындауды қамтамасыз ету тақырыбының мәнін ашу барысында көптеген мысалдар, әдістерді қолданған. Яғни әрбір тақырыпты ашу үшін жан-жақты талдау жасалынды.

Жұмыс кіріске, негізгі бөлімдік екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда міндеттеме орындауды қамтамысыз етудің ұғымы зерттелінді.

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылыр көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау өмірде орын алатыны шындық. Осыған байланыстызаң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Мысалы, олар айып төлеу, кепіл, кепілпұл т.б. болса, онда осы терминдерге түсінік беріп, мағынасын ашу екінші тарауда қаралады.

Қазіргі азаматтық құқық адам құқығын қорғауға ерекше мән береді, мұның өзі көптеген мемлекеттермен өзара және тұрақты байланыс орнатудың желісі деуге болады. Өз ерекшелігі бар нарықтық қатынас азаматтық құқыққа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да қазіргі Азаматтық құқық міндеттеменің икемделігімен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1    Міндеттемені орындау

 

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алган міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушіиің талап етуі құқыгына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата туруы.

Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тін 272 - 291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатъш алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.[2]

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген прин-циптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда - дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.[2]

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз онын саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.

Міндеттемені борышқор тап-тұйнақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған уәкілетті орган заңда немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.

Жоғарыда аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалды деп айтуға болмайды.

Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.

Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін канағаттандырады.

Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттерге баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, баскд мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие берушіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.).

Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық кодекстің 354-бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек атал-ған принцип борышқор міндеттемені бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.[2]

Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің 354-бабының 2-тармағы).[2]

Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген акшалай соманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің 354-бабы).[2]

Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек: мысалы, затты уақытты еткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімнің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.

 

1.2    Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету ұғымы

 

 

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.

Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге келіп отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.[2]

Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қаматамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді.

Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл).

Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие беруге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды.

Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-соңды тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол – заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.[1]

Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу – сату шарты негізгі міндетттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлеу туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің 292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айы төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Азаматтык кукык