Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:48, реферат
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субъектінің мүдделерін қорғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асуының негізгі құқықтық тетігі болуында.
Кепілдің мәні, яғни нәрсесі кепіл берушіге берілетін мүліктік құқық болуы да мүмкін (талаптар). Бұл міндеттемеден туындайтын мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, оның ішінде жалға алушының құқығы және басқа құқықтар болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда кепілге салынған мүліктің мерзім құқығын шектеуге құқық беріледі. Әрі ол кепіл сол мерзімнен аспауы керек. Шартта кепілге салынатын нәрсенің құны жоқ болса, онда ол тараптардың келісімі бойынша айқындалады.[3]
Жалпы шарттардан басқа жасалынатын кепіл шартының барлық түрлері үшің онда кепіл берушіге қатысты борышқор болатын тұлға көрсетіледі, ал кепіл беруші жасалған кепіл құқығы жөнінде өзінің борышқорына ескертуі керек.
Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу негіздері борышқор жауап беретін міндеттемені орындамаудан немесе жағдайға байланысты тиісінше орындамауынан туындайды. Бұған негізгі міндеттемені бұзу айтарлықтай сипат алсағана жол беріледі. Егер борышқордың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзуы өте болмашы болып және соның солдарынан кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепілге салынған мүліктің құнына көрінеу сәйкес келмесе, кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алудан бас тартылуы мүмкін
Кепілге салынған нәрседен, яғни кепіл ұстаушыдағы кепілзаттан ақы өндіріп алу шартпен айқындалады, ал ол болмаған жағдайда кепілге салынған жылжымалы нәрседен ақы өндіріп алудың жалпы ережесі қолданылады.
Жылжымайтын мүлікке қатысты ақы өндіріп алу сот арқылы жүзеге асады. Кепіл туралы шартта, сондай-ақ, азаматтық кодексте және өзге де заң құжаттарында көзделген реттерде кепіл ұстаушы кепілге солынған мүлікті соттан тыс күштеу тәртібімен сауда өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететін кепілге салынған нәрсені сату жөнінде кепіл ұстаушы банктің де осындай құқығы болады.
Кепіл негізгі міндеттеме немесе кепіл құқығы тоқтатылғанда, кепілге салынған мүлік жойылғанда, кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте күшін жояды.
Ипотеканың тоқтатылуы туралы кепіл жөніндегі шарт тіркелген реестрге белгі қойылуы керек. Негізгі міндеттемені орындау тоқтатылған немесе мүлікті сақтауда кепіл ұстаушы өзінің міндетін орескел бұзуына байланысты кепіл берушінің қойған талабы бойынша, сақтандыруға қатысты және т.б. жағдайларда, кепіл ұстаушы кепіл нәрсесін дереу кепіл берушіге қайтаруға міндетті. Кепілге салынған мүлікке меншік құқығы басқаға ауысқан кезде кепіл сақталады. Бұл мүлікті ақылы немесе тегін иеліктен айыру нәтижесінде немесе әмбебапқұқықты мирасқорлық тәртіп бойынша мүлікке меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы (мұрагерлік, заңды тұлғаны қайта құру) кепіл берушіден басқа адамға көшкен ретте орын алады. Бұл арада тек субъекті құрамы өзгереді. Несие берушінің мирасқоры несие берушінің орнын басады да, оның барлық жауапкершілігін мойнына алады. Егер мүлік (кепіл нәрсесі) құқығы мирасқорлық тәртібімен бірнеше адамға көшсе, олардың әрқайсысы аталған мүліктің өзіне көшкен белгілі сәйкес міндеттемені теңдей көтереді. Кепіл нәрсесі бөлінбейтін жағдайда олар ортақ кепіл берушілерге айналады.
Кепілдің нәрсесіне меншік құқығы күштеу тәртібімен де тоқтатылады, яғни реквизициялау, ұлт меншігіне айналдыру, мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу және т.б. шаралдары жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда кепіл берушіге (меншік несіне) басқа мүлік беріледі немесе оның құны төленеді. Басқа мүлікті бергенде ол кепілдің нәрсесіне айналады, не тиісінше кепіл ұстаушы кепіл берушіге тиесілі өтем сомасынан өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыру құқығына ие болады. Кепіл салынған мүліктің шын мәніндегі меншік иесі басқа тұлға болса, ол заңсыздыққа жол беріп не өзге де құқық бұзғаны үшін жазалау түріне кепіл берушіден мүлік алынғанда, оның кепілдік күші тоқтатылады. Аталған барлық жағдайларда да кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені мерзімінен бұрын орындауды талап ете алады.
Ломбардқа заттарды кепілге салу да кепілдің бір ерекшелігі. Бұд субъект құрамына, кепіл нәрсесіне, негізгі міндеттеменің сипатына және т.б. қатысты болады.
Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынуындағы мүлікті қысқа мерзімді несиені қамтамасыз ету үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл ұстаушы ломбард болып табылады. Бұл – лицензия негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыратын арнайы ұйым.
Заттың кепілі туралы шарт кепілдік билеттерілген рәсімделеді. Кепілге салынған мүлік ломбардқа беріледі, ол өз кезегінде кепіл берушінің пайдасына заттың құнымен сақтандырады. Оның кепілге салынған затты пайдалануға, иелік етуге хақысы жоқ. Ломбард кепілге қойылған заттардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапты болады.
Ломбардқа заттарды кепілге салумен қамтамасыз етілген несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, ломбард нотариаттың атқарушылық жазбасы негізінде женілдік ретінде бір айлық мерзім өткеннен кейін кепілге қойылған мүлікті сату үшін белгіленген тәртіп бойынша сатып жіберуге құқылы. Осыдан кейін, егер кепілге қойылған мүлікті сатудан түскен сома оларды толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса да, ломбардтың кепіл беруші-борышқорға қойған талабы өтеледі.
Ломбардтың азаматтарды кепіл арқылы несие берумен қамтамасыз ету ережесі, заттай кепілдік туралы шарттың тұжырымы заңмен белгіленеді. Заттарды ломбардқа кепілге салу туралы шарттардың, Азаматтық кодекстің және тиісті заң құжатына кепіл берушіге берілетін құқықтырмен салыстырғанда, оның құқықтарын шектейтін ережелері шарт жасасқан кезден бастап жарамсыз болады.
2.3 Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі – борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу. Оның мәні мынадай: борышқор міндеттемені мерзімінде орындамаған немесе кідір – тудің салдарынан оған басқа да залалдар әкелсе, міндеттеме қашан орындалғанша несие беруші затты өзінде ұстай тұрады.
Қазақстанның азаматтық заңдарды борышқордың мүлкін алып ( ұстап) қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір ерекшелігі несие беруші заттық құқыққа ие бола тұрып меншік иесі бола алмайды. Несие беруші заттың есесін қайтару, залалдардың орнын толтыру және т.б. өзінің талаптарын заттың құнынан қанағаттандырады. Мұндай әдістің кепіл әдісіне келетін тұстары бар. Бұл жағдайлардың қайсысында болсын несие берушінің, кепіл ұстаушының талаптарының алдын-ала белгіленген мүлік есебінен орындалады. Сонымен қатар міндеттемнің орындаудың осы айтқан әдістері арасында айтарлықтай ерекшелікте бар. Кепіл негізгі міндеттеменің туындауына орай бір мезгілде әр жақтың келісімісен тағайындалады. Ал, затты алып ( ұстап ) қалу міндеттеменің негізгісінде болсын, қосымшасында көрсетілген не көрсетілмегеніне қарамастан негізгі міндеттеменің бұзылуынан келіп шығады.
Борышқордың мүлкін алып қалу бір жақты әрекет, бұл заңға негізделген және міндеттеменің ақшалай орындалмауына байланысты (затты төлеу жоғалғанды қалпына келтіру, және басқа залалда) белгілі бір заңдық фактілірінің туындауынан көрінеді.[4]
Бұл әрекет бұзылған құқықты қорғауға бағытталған, сондықтан да, оны несие берушінің бұзылған құқығын өздігінен қорғау деп тануға болады. Борышқодың мүлкін алып ( ұстап) құқық сақтаушыға, комиссионерге марапат ретінде ал сатушыға тауарды төлеу және т.б. ретінде жүреді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу құқық бұзушының әрекетіне орай (шұғыл) шара қолдан делінеді. Борышқорың мүлкін алып ( ұстап) қалу кезінде несие беруші өзінің әрекетінен борышқорға зиян келтіруі мүмкін. М. Фалькович мұндай жағдайда несие беруші келтірілген зиянды орнына келтірі үшін шарттарға:
1. Қорғану әдісі бұзушылыққа сай болуы керек;
2. Қорғану әдісі оны қажетті қолдануда әрекет шегінен шықпауы тиіс, -екендігін айтылады.
2.4 Кепіл болушылық
Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың ( борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
Кепіл болушылық арқылы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады.
Кепіл болушылық арқылы ақшалай міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады. Бірақ кепіл болушы, егер кепіл болу шарттарында, заңда өзгеше көзделмесе, міндеттеме мәні мен әдеттегі іскерлік өрісіне қайшы келмесе, кепіл болушылықтағы ақшалай соманы төлеуге немесе борышқордың міндеттемесін өз қалпында орындауға құқылы.
Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық қатынасына үш субьект қатысады. Біріншіден, борышқор өзінің негізгі міндеттемесі бойынша кепіл болушымен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні жөнінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында шарт жасалады.
Бұл қатынастардың өзіндік ерекшеліктері сол, несие беруші алдында негізгі мііндеттеме бойынша борышқор мен қосымша міндеттеменің кепіл болушысы жауапты болады. Мұндай қатынастар құрылымы несие берушінің өз міндетін ұтқаруына үлкен сенімділік туғызады. Бұл орайда кепіл болушылықты қамтамасыз ету міндеті көрініс береді. Кепіл болушылық-міндеттемені қамтамасыз ету әдісінің дербес түрі. Оның белгілері: Кепіл болушының міндеттемесі негізгі борышқордың міндеттемесіне толық немесе ішінара қосалқы түрде болады; Кепіл болушы несие беруші алдында борышқордың жетпейтін ақшасы көлемінде жауапкершілікті мойнына алады, бірақ ол кепіл болушылық шартында көрсетілген деңгейден аспауы керек; Несие беруші кепіл болушыға талаптар қоймастан бұрын борышқордың бұл талаптарды ақылға сыйымды орындау шараларын ойластырып алады;
Сонымен қатар оны қарсы талаптармен борышқордың мүлкінен өндіріп алудың белгіленген шартына орай жүзеге асырады.
Кепіл болушылық шарттары жазбаша нысында жасалуы тиіс, егер бұл талап орындалмаса, онда шарт жарамсыз деп есептеледі.
Кепіл болушы мүлікке ие болуға тәуекел ете алатын және мүліктік жауапкершілікті көтеретін тұлға болуы керек.
Кепіл болушы несие берушінің қойған талаптарын қанағаттандыруға міндетті. Кепіл болушы несие берушінің талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтар беруге құқылы. Ол ондай құқығын борышқор қарызды мойындамаған жағдайда да жоғалтпайды.
Кепіл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие беруші алдындағы міндеттемесін өзі орындаған бөлігінде ие болады.
Егер міндеттемені борышқордың өзі орындаса, онда ол дереу кепіл болушыға бұл жөнінде хабарлауы керек. Әйтпесе кепіл болушы міндеттемені орындағаны үшін несие берушіден негізсіз алынғанды өндіріп алуға немесе борышқорға қарсы талап қоюға құқылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушіден тек негізсіз алынғанды ғана өндіріп алуға құқылы.
Кепіл болушылық:
1. Өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің (негізгі міндеттеменің) тоқтатылуымен ;
2. Кепіл болушының жауапкершілігін арттыруға немесе өзге де қолайсыз зардаптарға әкеліп соқтыратын осы міндеттеме кепіл болушының келісімінсіз өзгерген жағдайда;
3. Кепіл болушылық мерзімінің бітуімен байланысты тоқтатылады.
Егер мұндай мерзім белгіленбесе, егер несие беруші кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепіл болушыға заңды талап қоймаса, ол тоқтатылады.
Негізгі міндеттеменің орындау мерзімі көрстеілген немесе белгілеуге болмайтын, не талап етуі мен белгіленген кезде, несие беруші кепіл болушыға кепіл болушылық шарты жасалған күннен бастап екі жылдың ішінде заңды талап қоймаса, ол тоқтатылады.
5.5 Кепілдік
Кепілдік бойынша кепілдік беруші заң актілерінде көзделген жағдайларда қоспаған да, басқа жақтың ( борышқордың ) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.
Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге қатысты кепіл беруші әрқашан үшінші жақ болды. Кепілдік міндеттемесі негізгі міндеттемеден туындай тұрса да, негізгі борышқор оған тікелей араласа алмайды және кепілдік бойынша құқықтық қатынасқа қатыспайды. Кепіл беруші мен борышқор арасында қатынас кепілдік бойынша құқықтық қатынастан және негізгі міндеттемеден тыс болады, әрі оның соңғысы үшін ешқандай маңызға ие емес.
Субьектілік құрамы жағынан да салалдық өзгешелігі бар:
- Кепілдік беруші ( кез келген тұлға );
- принципал ( қандай бір міндеттемедегі тұлға, несие беруші, жалға беру, мердігерлік және т.б. ) борышқор ретінде көрінеді;
- бенефициар (кепілдік пен міндеттемені қамтамасыз ету бойынша принципалдың несие берушісі болады ).
Кепілдік шарттары жазбаша нысында жасалады. Жазбаша нысынды сақтамау кепілдік шартынң жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Егер кепілдік беруші немесе кепіл болушы борышқордың міндеттемені орындауын өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрді хабарласа, ал несие беруші кепілдік берушінің ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болтын қажетті уақыт ішінде бас тартпаса, кепіл шартының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі.