Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:01, курсовая работа
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………. 3
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ …………………. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары………………………………… 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері…………………………………. 8
ІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ……………………… 12
2.1. Мемлекет нысанының құрылымы……………………………………. 12
2.2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері,
даму тенденциясы................................................................................... 14
2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация......... 16
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ................................................... 20
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері.... 20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері........................ 25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 28
СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................................ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................ 30
Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде олардың мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық факторымен салыстыра отырып қарастырады.
Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, экономикалық діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейі, сондай-ақ жеке адамның экономикалық саяси әлеуметтік және рухани бостандықтарының деңгейі кіреді.
Өркениет дегеніміз қоғамдық салыстырмалы түрде тұйықталған және жергілікті ахуалы, қал-жағдайы.
Монархиялық мемлекеттердің бірігуі жеке немесе уния формасында болады. Бұл екі формасының ортақтығы екі немесе бірнеше мемлекеттер монархтарының бір адамға үйлесу салдарында пайда болуында.4
Жеке униялардың саяси мағынасы маңызды болып әртүрлі мемлекеттердің толығымен бірігуіне соқтырады.
Бір монархпен біріктірілген мемлекеттер арасында соғыс мүмкін емес. Дегенмен көп жағдайда олардың арасында маңызды жақындық болмайды.5
Реалды уния мемлекеттердің келісу нәтижесінде пайда болады және осының негізінде ортақ монарх пайда болады. Реалды уния мүшелері бір-біріне бағынбайды және олардың бірігуі олардың суверенитеттерін шектемейді. Ортақ территория, бір азаматтық, ортақ заң, қаржы және тағы басқалары болмайды. Мәні бойынша халықаралық - заңды келісім болып, ол көбіне сыртқы байланыс саласында мағыналы болады, бір әскери саясаты бар, әскери одаққа кіреді. Бір мемлекет формасына келтірілген және дамыған монархия тәртібін болжағандықтан нақты униялар қазіргі уақытта пайда бола бастады.
Империя - күшпен құрылған күрделі мемлекет. Империя бөліктерінің тәуелділік дәрежесі әртүрлі болады. Бұрын көлік пен байланыс құралдарының дербес негізіндегі империяға құрылулар империя билігімен аз сәйкестелінеді. Жаңа уақытта, әсіресе XX ғасырда, жағдай маңызды өзгереді. Кейбір мемлекеттің ісін жүргізетін мамандар империяның құрамды бөліктерінде бір мемлекетті - заңды статус ешқашан болмаған жоқ деген қорытындыға келеді. Империя шеңбері жеткілікті кең. Олар тарихи дәуірлердің барлығында болған. Ертедегі Рим мемлекеті өзінің соңғы өмір сүру кезеңінде, Ұлыбритания және Ресей империя болған.
Енді мемлекеттік құрылым нысандарына келер болсақ, бұл - мемлекеттік биліктің территориялық ұйымдастырылуы. «Мемлекеттік құрылым нысаны» түсінігі халықтың дараұлттық құрамы, бар елдерге қарасты қолданылады.
Ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны дегеніміз көпұлтты қоғамға негізделген, мемлекетті немесе одақты құрайтын мемлекеттің территориялық ұйымдастыру әдісі. Бұндай түсінік көпұлтты қоғамға қатысты пайдаланылады.6 Ұлттық мемлекет құрылымының нысаны 3-ке бөлінеді: федерация, біртұтас мемлекет және конфедерация. Федерация — бұл мемлекеттік қабілеттіліктің анықталмаған саласына ие саяси құрылымдарға негізделген мемлекеттің немесе ұлттық мемлекеттік құрылымның нысаны. АҚШ, Мексика, ФРГ - бұл территориялық белгімен құрылған федеративті мемлекеттер. Үндістан, Югославия, Чехословакия - бұл ұлттық белгімен құрылған федеративті мемлекеттер.
Біртұтас мемлекет – бұл әкімшілік-территориялық бірлік теріс негізделген ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны. Біртұтас мемлекет дара ұлтық та, көпұлтты да болуы мүмкін. Көпұлтты біртұтас мемлекеттер болып — Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан, Қазақстан және т.б. табылады. Дара біртұтас мемлекеттер болып - Жапония, Гаити, Египет және т.б. саналады.
Конфедерация бұл саяси орталықтандыруды менсінбейтін мемлекеттер одағы. Оған ортақ конституцияның ортақ билік пен басқару органдарының болмауы тән. Ол әскери, саяси немесе экономикалық мақсатта құрылады.
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы, мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
Мемлекеттің негізгі мақсаты8 - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм кұлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде кұлиеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді. Мемлекеттерді туғызған баска жағдай - географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалык функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде - Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму кұрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен кондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс - өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияларға марксизм кұлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-коғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлардан баска марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құлиеленушілік коғам арасындағы, кұлиеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсак, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың XX ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек кана социалистік немесе капиталистік бағытта болуы аныкталады.
1991 жылдан кейінгі социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық экономикалық елдерге айналып, демократиялық қоғам кұру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынан тайған жок (Куба, Солтүстік Корея, Қытай, Вьетнам).
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу казір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялык бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялык критерий көбіне коғамның таптык кұрылысы мен өндірістік тәсіліне көңіл аударады. Бұл типологияны сыңар жак түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін коғамның барлык салаларының жағдайларына ыкылас салу кажет. Мемлекеттің экономикалык базисін зерттеген де оған коса коғамның мәдени, рухани деңгейін зерттеп, орнын көрсету кажет және қанаушы таптан баска коғамды құрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, маңызын түсінген дұрыс. Қоғамның әдет-ғұрыптарын, әр топтың саналары мен кұкықтарының деңгейін білу өте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты -жеке адамның, бостандығы мен құқыктарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі карым-катынастарын жаксы білу - мемлекетке мінездеме беру үшін өте керек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға бөлінетін болса да, мемлекеттің алдында тұрған максат - сол топтардың арасындағы кайшылыктарды бәсеңдетіп бүкіл халыктың мүддесін корғау. Осы әдісті бізде цивилизациялық әдіс деп атайды. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде тұратын адамдар үшін кандай жақсылық істеді, экономикалык, саяси, әлеуметтік, өнегелі коғамның дамуы үшін кандай шара колданды деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, цивилизациялык пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалык базиска косымша коғамның мәдени және рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы кажет.
Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсаң, онда төмендегідей мемлекеттер сипаттарына тоқталамыз:
1. Шығыстық мемлекет (Батыс елдері ғалымдарының зерттеулерінде осылай аталады) Египет (қазақша -ежелгі Мысыр), Вавилон (қазақша - ежелгі Бабыл).Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.
Сондықтан да бұл мемлекеттерде жерді суландыру құрылыстарына мемлекеттік меншік болды және мұның өзі сол мемлекеттің экономикалық негізін құрады. Осыдан барып шығыстың мемлекеттің қызметтері анықталды, ол қызметтер:
а) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
ә) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру);
б) Өзінің аумағын қорғау немесе басқа мемлекеттің жер аумағын жаулап алу;
в) Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылыңтарын басу.
Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі шығыстың деспотия түрінде болатын. Бүкіл билік мұрагер монархқа тиесілі болып, мемлекетті қуатты әскери-бюрократтық аппараттық күшімен басңарған.
2. Құл иеленуші мемлекет (ежелгі Грекия, ежелгі Рим). Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл иеленушілердің меншігі болатын. Мұнда құл иеленушілер және құлдар негізгі таптар еді, бұлардан басқа әлеуметтік топ - қолөнершілер болатын және т.б.
Мемлекеттің қызметтері:
а) құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау және қызметкерлерді қанауға жағдайлар туғызу;
б) құлдардың қарсылыңтарын болдырмау, оларды басып, езіп-жаншуды ұйымдастыру;
в) тәртіпті сақтау, тәртіпке келтіру мақсатында идеологиялық күш жұмсау арқылы ықпалын тигізу.
Бұл мемлекеттерде мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру монархия және республика түрінде болатын.
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің эконо-микалық базисі (негізі) - жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі болу феодалдардың үлесі болатын. Мұндағы негізгі таптар феодалдар және басыбайлы шаруалар еді. Аралық тап - қолөнершілер мен т.б. болатын.
Мемлекет қызметтері:
а) феодалдық меншікті қорғау;
б) қаналушы таптың қарсылығын басу;
в) сыртқы шабуылдардан қорғану және басқаларды басып алушылық (басқыншылық) соғыстарын жүргізу.)
Мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру түрі -әртүрлі монархия. Басқарудың республикалық түрі (нысаны) тек қала - республика болғандарда кездесіп отырған (мысалы, Генуя, Псков).
4. Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет. Мұндай мемлекеттің экономикалық базисі - өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жұмысшылар, әлеуметтік таптарына - люмпен -пролетариат (қайыршыланғандар) жатады.
Мемлекет қызметтері:
а) экономикалық, яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу;
б) әлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету және т.б.).
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі (нысаны) сан қилы (республикадан монархияға дейін).
5. Социалистік мемлекет.
Экономикалың базисі (негізі) - жер және т.б. қоғамдың мемлекеттік меншікте болды. Негізгі тап - жұмысшылар мен шаруалар. Әлеуметтік топ ретінде зиялылар алға шығады.
Қызметі:
а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін қорғау;
б) экономикалық;
в) әлеуметтік.
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін XIX ғасыр және казіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жаксы мәлім: 1) Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған - біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған (Египет, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия) мемлекеттер жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жатады. Бұдан кейін көне дәуірдегі антикалық мемлекеттер кезеңі басталады, бұл кезең т.ә. 476 жылына дейін созылады. 2) 476 жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, араб халифатының көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің тарихы. Европа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық, революциясына дейін жалғасады. 3) Келесі кезең XX ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады. 4) Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады. 9
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін корғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері барма деген сұрактарға жауап бергеннен баска, осы дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін аныктайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4 мыңжылдықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта - Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдыкта Үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Бұл мемлекеттерді құлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың құлиеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті кұрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулык коғамның қалдықтары көпке дейін сакталғаны белгілі. Сондыктан, жеке меншікпен катар коғамдық және мемлекеттік меншігі калыптасты. Экономикалық жағдайға климаттың ерекшеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін корғау үшін жер суару және басқа да қоғамдық жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы өзендердің Хуанхе, Тигр, Евфрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру кажет. Құлдық институтының ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, кауымның және аздап әрбір жанұлның жеке меншігінде болған. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия түрінде дамыды. Құкықтың жазулы түрлері де пайда бола бастады, мысалы Ману, Хаммұрапи заңдары. Шығыс мемлекеттер тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін кұрады. Келесі тарихи типтерге Греция және Рим, солармен катар дамыған антикалық мемлекеттер жатады. Бұл мемлекеттердің ерекшеліктері: кұлиеленушілік өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, құлдардың еңбегін канап пайдалану экономиканың негізін кұрады. Қоғам негізінде кұлиеленушілерге және кұлдарға бөлінеді. Байлардың жеке меншігінде құлдар, жер және баска өндіріс кұралдары болатын. Құлдардың кұкықтык жағдайлары ашык айтылатын, олар сөйлей алатын құралдарға жатады. Құлдардың ешкандай кұықтары жок, ол өзінің мырза-сының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлыктарын осы топ жарыкка шығаратын, олардың еңбегін өндірісте, ауыл шаруашылығында, кұрылыста, жалпы жұмыстарда, спортта, басқа да жерлерде пайдаланатын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде кұлиеленушілер мен кұлдар екі негізгі таптарды кұрды. Ал олардан басқа топтарға саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар жатты. Құлиеленушілік мемлекеттің негізгі максаттары - құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сырткы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің негізгі ішкі функциясына құлдарды және басқа кедей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, құлдардың, кен шығаратын жерлердің, басқа байлыктардың иесі болатын. Сондыктан, ол жеке меншікті қорғау қызметіне катты көңіл бөлетін. Құлдардың көтерілістері катаң соққымен басылатын, тарихта бұндай жағдайлар өте жиі болды. Антикалық мемлекеттердің сырткы функциялары да соғыс - күреспен байланысты (Рим мемлекеті).