Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:01, курсовая работа
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………. 3
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ …………………. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары………………………………… 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері…………………………………. 8
ІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ……………………… 12
2.1. Мемлекет нысанының құрылымы……………………………………. 12
2.2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері,
даму тенденциясы................................................................................... 14
2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация......... 16
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ................................................... 20
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері.... 20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері........................ 25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 28
СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................................ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................ 30
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………….
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТАБИҒАТЫ …………………. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары………………………………… 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері…………………………………. 8
ІІ-ТАРАУ. Мемлекет нысанының түсінігі……………………… 12
2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация......... 16
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ...................
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері.... 20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық
түрлері.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
СІЛТЕМЕЛЕР....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
«Мемлекет нысаны» атты жұмысымыздың тақырыбы өте қызықты да күрделі болып табылады. Бұл тақырыпты пайымдай отырып қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық екендігін біз Конститутциямыздан айқын көре аламыз. Енді міне бұл терминдердің астарында не жатқанын зерделеп, оның маңызы мен мәндерін түсінуге күш саламыз. Осы жұмысты атқара отырып біз өз мемлекетімізді, оның атқару органдарының алатын орнын білетін боламыз. Сондықтан біз зерттеуіміздің арасында мемлекеттердің ерте заманғы нысандарын да сөз арасында келтіреміз.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда берілген жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым келеді.
Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1. Формациялық; 2. Өркениттік
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді:
Алғашқы қауымдық құрылыс |
Құл иленуші экономикалық формация |
Феодалдық экономикалық формация |
Буржуазиялық экономикалық формация |
Социалистік экономикалық формация |
Қоғамдық өзін- өзі басқару |
Құл иленуші типтегі мемлекет |
Феодалдық типтегі мемлекет |
Буржуазиялық типтегі мемлекет |
Социалистік типтегі мемлекет |
Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады.
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді.1
Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері
жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық
болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар
аумақтық және бар тұрғындарға таратылудан
, ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының
кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен
көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік
орындарды жүзеге асады және мемлекеттік
билік ретінде іс-әрекет жүргізіді. Оны
мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше
санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының
белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады.
Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың
пайда болуы бір әлеуметтік топ үшін нысардарға
иелік ету және пайдалану белгілі бір
әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік
ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз
ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың
көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік
топтың сұраныстары қанағаттандырылып,
мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы
мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты.
Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды
әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық
нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз
етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын
анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық
нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе
белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге
асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін
құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға
бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі.
Құқықтық қатынастар – құқық нормаларымен
реттелген, құрамында өз ара алмастырып
отыратын құқықтар және міндеттермен
айшыққан құқық субъектілері арасында
заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар.
Құқықты қатынастардың субъектілері (қатысушылары)
құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды
тұлғалар бола алады.
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа және міндетке не болу қаблеттілігі, ал әскет қаблеттілігі деген олар жүзеге асыру қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы заңдық жағдайлармен заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы. өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны
уағыздаған: Ч.Тард,
Л.И.Петражицкий. Коғам мен мемлекетті
бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі,
тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде
басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың
табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің
нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір.
Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е..
Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды
күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады
— деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен
құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан
түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің
бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің
пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі
тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.
Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи
өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты
қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды. 2
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
1.2 Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекеттің пайда болуын оқып-білу үрдісі тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз ақиқат болса, оның қалыптасу барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де, осы күрделі мәселенің барынша кең таралған көрінісін қарастырып көрейік. Алғашқы қауымдық ұжымдық өндірістік қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек бөліністері, яғни мал шаруашылығының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының қалыптасуы, сондай-ақ еңбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала бастайды. Ақырында ру қауымының ортақ меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады. Осы кезеңнен бастап қоғамда маңызды қызмет түрімен айналысатын, бірақ материалдық өндіріске тікелей қатыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалық құрылым күрделене түседі, әлеуметтік қызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде қауымның өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса бастады. Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру үрдісі де әсерін тигізді. Бір жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша былай көрсетуге болады:
- ірі еңбек бөліністерінің болуы;
- еңбек өнімділігінің артуы;
- артық өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне келсек, жеке меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады. Енді меншік иелері -байлардың басқа ру мүшелерімен - кедейлермен мәселелерді бірлесіп, тең негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары, көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.
Мемлекет дегеніміз3 - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйьм. Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:
- Қоғамнан ажыратылатын ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Жария билік алғашқы қауымдық қоғамда да танылған, бірақ оның ерекшелігі ол қоғамнан ажыратылмаған еді, оны жүзеге асыруға қоғамның барлық мүшелері қатысатын. Ал, кез келген мемлекетте шынайы билік мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылады. Ол адамдардың басқарумен айналысатын ерекше тобынан құралады және қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.
- Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Мүшелері руға, тайпаға тән болу сипатына қарай бөлінетін алғашқы қауымдық қоғамға қарағанда, мемлекеттілік тұрғындар белгілі бір аумақта өмір сүру белгісіне байланысты бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне және басқаруды дұрыс жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық қауымның ыдырауы халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен еді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға ғана тарайды.
- Тұрғындардан салықтарды жинау. Салықтар мемлекетпен қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістері әскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтік салаларды, мемлекеттің өзге де қажеттіліктерін өтеуді қаржыландыруға кетеді.
- Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекет прокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа) кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.