Мемлекет типологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:01, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.

Оглавление

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………. 3
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ …………………. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары………………………………… 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері…………………………………. 8
ІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ……………………… 12
2.1. Мемлекет нысанының құрылымы……………………………………. 12
2.2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері,
даму тенденциясы................................................................................... 14
2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация......... 16
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ................................................... 20
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері.... 20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері........................ 25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 28
СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................................ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................ 30

Файлы: 1 файл

Мемлекет типологиясы.doc

— 255.00 Кб (Скачать)

- Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілер қабылдайды.

- Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

"Мемлекет  бұл тәуелсіз адамдардың қоғамдық одағы. Өзара келісілген тәртібі мен мемлекет органымен бекітілген құкығы бар. Мемлекеттің негізгі атқаратын бағыттары олардың барлық бірдей қызметтері туралы аныктау және олардың негізгі орны мен қызметін қоғам өмірімен саяси жүйеде орналастыру.

Мемлекет  пен құқық сарапшыларының арасында қазіргі кезде және алдыңғы уақыттарда да мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты карастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік - кұкықтық жүйе, кұлиеленушілік жүйе болды. 4

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде  бірінші  кезекті маңыз,  даусыз жағдайда мемлекет үшін  карым-қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзак уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді козғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады.

ІІ-ТАРАУ. Мемлекет нысанының түсінігі

2.1 Мемлекет нысанының құрылымы

 

Конституциялық  құқықта мемлекет нысанын жіктеудің  өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мемлекеттік  биліктің бөлінуі және тұтастығы  осы тұрғыдан қарағанда мемлекет нысанын поликратиялық (көп билікті) монократиялық (жеке адам билігі) деп  ажыратады.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын  болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз  Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл  соңғы Конституция мемлекеттің  сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда  президенттік республиканың саяси  жүйесі құрылды.

Поликратиялық мемлекет нысаны – биліктің мемлекеттің  әртүрлі органдарының арасында бөлінуі (парламент – заң шығарушы, мемлекет басшысы және үкімет-атқарушы, соттар – сот билігі) өзін-өзі тежеу  мен тепе-теңдік принциптерімен, аумақтың өзін-өзі басқару арқылы жүргізіледі.

Монократиялық мемлекет нысаны - белгілі бір органның немесе лауазымды тұлғаның жеке билігімен  сипатталады.

Мемлекет  нысаны мынадай сұрақтарға жауап  береді. Мемлекеттік билік қандай принциптерге және қандай территориялық  ерекшелікке байланысты құрылған, мемлекеттің  жоғары органдары қалай құрылады, олар өзара және халықпен қандай байланыста жұмыс істейді, олар қандай әдістермен жүзеге асырылады.

Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына және саяси (мемлекеттік) режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты тарихи жағдайына байланысты болады, оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні әсерін тигізеді. Мысалы феодалдық типтегі мемлекетке басқарудың монархиялық формасы сәйкес келді, ал буржуазиялыққа республикалық. Мемлекет формасы көп жағдайда елдегі саяси күштерге байланысты дамиды. Мысалы: буржуазиялық революциялар (Англиядағы) буржуазия мен феодалдық келісімге келуіне әкелді, соның нәтижесінде конституциялық монархия пайда болды. Мемлекет формасына мемлекеттің ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлер, мемлекеттің территориялық көлемі, басқа да факторларға әсер етуі мүмкін. 5

Мемлекет  формасы мына мәселелерге жауап  береді: мемлекеттік билік қандай принципке сүйеніп, қандай территориялық  негізге құралған, мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының құрылысы, олардың арасындағы және халықпен өзара  байланыстылығы.1

Мемлекет  формасы ретінде мемлекеттік  басқару формасына, мемлекеттік  құрылысына және саяси режимге байланысты мемлекеттік билік ұйымдарының  құрылуы түсіндіріледі.

Мемлекет  формасы нақты тарихи қалыптасуы мен даму жағдайларына байланысты.

Мемлекет  формасы мемлекеттік ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері, елдік теориялық  көлемі және тағы басқа факторлар  әсер ете алады. Мемлекет басқару  формасы мен саяси өкіметтің  негізгі институттарының құрылысына қарай да әр түрлі болады.

Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар  арасындағы, адамдар мен мемлекет арасындағы, мемлекет пен адамдар  арасындағы оларды басқару процесінде (саяси режим) өзара саяси қарым-қатынасына айқындайтын (басқару нысаны) және мемлекеттік  әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық құрылым ұйымдастыра алатын мемлекеттік  құрылымы болып табылады.

2.2 Басқару нысаны: монархия, республика.

      Олардың түрлері, даму  тенденциясы

 

Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік билікті  ұйымдастырумен оны құру тәртібі. Басқару  нысанының сипаты түптеп келгенде қоғамның түріне байланысты болады. Айырбастың экономикалық арқауларына қатысы жоқ  және орталықтандырылған мемлекеттік  биліктің күшімен бірігуге мәжбүр қоғамда басқарудың табиғи тұрпаты монархия болып табылады. Басқару нысаны жерге феодалдық меншік жүйесінің иерархиясымен және монархтық меншікпен тұтасып   жатпаса ол деспоттық түрге ие болады. Ептің саяси жағынан тең субъектілер меншік иелері арасындағы алмасуға негізделген қоғам үшін басқарудың республикалық нысаны тән.

Басқару нысаны, сондай-ақ, әлеуметтік-саяси  күштерге және өзара күрестің нәтижелеріне, жекелеген елдердің тарихи ерекшеліктеріне, елге саяси процестердің ықпалына да байланысты қалыптастырады. Айталық, Ресейде  басқарудың демократиялық тұрпатын қалыптастырудағы қиындықтар оның қоғамдық құрылысындағы өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты болып отыр. Әлеуметтік факторларға негізделген саяси  режим мемлекеттегі нақты қалыптасқан  тарихи жағдайларға сәйкес басқару  нысанына ықпал етеді. Бұл ретте  әлемдік және жеке халықтардың тәжірибелері де пайдалануы мүмкін.

Басқарудың  тарихи нақты қалыптасқан нысандарына  байланысты мемлекет теориясы басқаруды  бірнеше түрге бөледі.   Оның ішінде ең көп тарағаны мемлекеттің  нысанын билеушілердің санына қарай  бөлу. Егер билік, бір адамның қолында  болса - монархия көп адамда болса - демократия, халықта болса - демократия немесе республика.

Мемлекеттің тура аттарын жіктеуді Геродот та айтып кеткен екен.

Мемлекеттің түрлеріне байланысты басқа да пікірлер көп. Дегенмен, Геродоттың басқару нысаны бөлу жөніндегі пайымдаулары бізге  дейін жетті. Геродот айтқан аристократтық  нысаны мемлекеттің дамуы барысында  ығыстырылып, қазір монархия мен  республиканың айырмашылығы туралы тұжырымдар қалыптасты.

Монархияның екі түрі бар: шексіз (абсолюттік) монархияда монарх мемлекеттегі жалғыз жоғары басқарушы  орган болып табылады. Бұндай жағдайда монарх заң шығару функциясын жүзеге асырады, атқарушы органдардың қызметіне  басшылық жасайды, сот билігіне бақылау  жасайды. Басқару нысаны ретінде  Республиканың мынадай ерекшелік  белгілері болады:

1) мемлекеттік  органдардың белгілі бір мезгілге  сайлануы;

2) мемлекеттік  басшының белгілі бір мезгілге  сайлануы;

3) мемлекеттік  биліктің өз құқықтары бойынша  емес, тәуелсіз халықтың тапсыруы  бойынша жүзеге асырылуы;

4) мемлекет  басшысының заңды жауапкершілігі  болуы;

Қазіргі кездегі республикалық басқару  үшке бөлінеді: парламенттік, президенттік, аралас. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жоғары билік органдарының парламент  немесе президенттің қайсысы үкіметті құрайды және оның жұмысына бағыт  береді және қайсысының алдында үкімет жауапты, парламенттің бе, әлде президенттің бе, осыған байланысты.6 Парламенттік республикада, парламент тек қана заң шығарушы өкілетікке ие болып қоймайды, сонымен  қатар үкіметті отставкаға жіберу құқығына ие болады, оған сенімсіздік білдіре  алады. Үкімет парламент алдында  өз қызметі үшін жауапты. Бұндай жағдайда Президент тек қана мемлекет басшысы  болып есептеледі, үкімет басшысы  бола алмайды. Президенттік республикада президент үкіметті құрайды, бақылау жасайды, үкімет президент алдында өз қызметі үшін жауапты. Аралас президенттік - парламенттік республикада парламент те, президент те үкіметке қатар бақылау жасайды, үкіметке қатысты екеуі де жауапты болады.

 

 

 

 

2.3 Мемлекеттік құрылым:  унитарлық, федерация, конфедерация

 

Осы заманғы  теория бойынша мемлекеттік құрылым  унитарлық және федеративтік болып  бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында  басқа мемлекеттер болмайды. Осы  мағынады унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып табылады. Унитарлық  мемлекет тек әкімшілік - аумақтық бөлшектерге  бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе  берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір  ғана конституция, бір заң шығаратын  жоғарғы орган, бір жоғарғы басқару  органы, біртұтас азаматтық болады.

Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып  табылады.

Мемлекет  құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация құрамында екі немесе одан да көп мемлекеттер болады. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару, басқару органы бар.

Дегенмен  федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден өріс алады. Бұл  әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер федерациясына  кіретін үкімет одақ мемлекеттің  ең жоғарғы билігін құруы мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген. Мысалы, барлық республикалық  одақ мемлекеттерінде палаталарының  бірі федерация мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде федерация субъектілерінің  теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне федерацияға енетін, конституцияны  өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек  мемлекеттерге депутаттарының санының  теңдігін ұсынғанда көрінеді.

Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық  түрлілігіне куә болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерациялардың унитарлық мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады.

Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады.

Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп құрылады. Конфедерация белгілері бар құрылым  мемлекет конфедерациялық одаққа кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық  сақтайды.

Мемлекет  конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін  толығымен сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект  бола береді. Әдетте конфедерацияның  бір әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның  маңызы бойынша шапқыншылық немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау  керек. Оларға қарағанда конфедерация тиісті тұрақты болады және оның мемлекеттік  заңды сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге асырылмайтын, басқарудың конфедералдық  органдары бар. 7

Конфедерация  мысалы 1776-1764 жылдардағы АҚШ, 1815-1867 жылға  дейінгі Германия, 1815 жылғы Швейцария, 1918 жылға дейінгі Австро-Венгрия  болады. Бірқатар мемлекет ісі жөніндегі  мамандар федерация құрамына кіретін  мемлекеттердің толық тәуелсіздігі болмайды деп санайды. Оларға федерация  мемлекеттік билікті жүзеге асыруда  азды-көпті қатынастарының суверенитетіне кейбір эквиваленттерін ұсынады. Георг  Элипеканың пікірі бойынша одақ мемлекеттің  заң тәртібі оның өз заңы болатын  конституцияға негізделеді және одақ мемлекетінің заңымен ғана өзгертіле  алады. Одақ мемлекетінің шегінде бөлек  мемлекеттер өзінің мемлекеттік  сипаттамасын жояды. Бұл шектерде олардың  қызметі мүлдем тоқтайды немесе одақ мемлекеттік өз басқармасымен ауыстырады, әлде коммуналды одақ тәрізді өзін-өзі  басқаратын корпорация сипаттамасын алады, себебі басқаруды заңға сәйкес және одақ мемлекетінің бақылауында өз органдары  арқылы жүзеге асырады. Бұл пікірдің пайдасына федерация территориясы және бөлек мемлекеттердің тұрғындары көбіне ажырамас бірлікте болуы куәлік етеді. Бөлек мемлекеттер территориясы болады, ал бөлек елдердің халқы – оның бір халқы.

Информация о работе Мемлекет типологиясы