Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 22:47, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
Инвестициялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін қарастыру;
Шетел инвестицияларын рөлі және олардың қызметтерін талдау;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару мәселелерін және жетілдіру жолдарын талдау.

Файлы: 1 файл

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

       Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

    • мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
    • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

       Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық - салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

       Іс  жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық - инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

       Ал  бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады.

       Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы. Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

       - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту;

       - негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

       - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету;

       - экономиканың аграрлық секторының  дамуын тездетуге бағытталған  қаржы және несие қорларын  арттыру және т.б.  

       3 Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаларын жетілдіру жолдары 

       Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымы алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi. Шетелдiк тiкелей инвестициялардың жыл сайынғы таза арасалмақ түсiмi орташа алғанда ЖIӨ-нiң 8-10% құрайды. Ендi инвестициялар бiздiң ғарыштап алға дамуымызға соңғы серпiн беретiн күшке айналып отыр.

       Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың  және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

       Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк потенциалды құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды. Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) жатады.

       Реттеу  дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектi мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi. Инвестициялық тартымдылықты арттыруда мемлекеттiк реттеудiң қызметтерiн, түрлерiн және әдiстерiн қаратстырайық.

       Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн: 1.Шетелдiк капиталды тарту кезеңi; 2.Тартылған капиталды қолдану кезеңi;

       Мемлекеттiк  кепiлдiктер Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк  емес сыртқы заемдердiң есебiнен қаржыландыруға ұйғарылатын, Қазақстан Республикасының үкiметiн жыл сайын бекiтiлетiн экономиканың басым секторларының тiзiмiне сәйкес берiледi. Бұл тiзiм баршаны хабардар ету үшiн мiндеттi түрде жариялануы тиiс.

       Кәсiпкерлiктiң  акционерлiк емес әдiстерiн реттеу. Бұл процесс әлемде және тiптi ТМД-нiң көптеген елдерiнде танымалы емес, бiрақ Қазақстанда үлкен өрiс ала отырып, мемлекет тарапынан әсiресе шетелфирмаларын тарту кезеңiнде тиянақты жұмысты талап етедi. Мемлекеттiк реттеу басқарылуға берiлетiн кәсiпорындарды өзiн iрiктеуден басталады. Кәсiпорын өзiнiң көтерiлуi үшiн аса көп инвестициялық ресурстарды талап ететiн және зиянды болу керек. Реттеудiң негiзгi механизмi iрi эксперттердi тартумен өтетiн конкурстың ашық механизмi болып табылады. Кәсiпорынды басқаруға беру туралы шешiм тек инвесторлардың ұсынып отырған шарттары және оның мемекетке пайдалылығы тиянақты өлшенгеннен кейiн қабылданады.

       Халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi түрлерiн реттеу ақша-несие, қаржы  және экономикалық саясат тетіктері және де шетелдiк инвестиция бойынша арнайы заң көмегiмен жүзеге асырылады. Осы факторлар мемлекетте инвестициялық хал-ахуалды түзедi. Экономикалық практикада кең тараған рычаг шетелдiк инвестицияны ынталандырудың салықтық механизмiн қолдану болып табылады.

       Күштi бюрократтық аппараты бар мемлекет инвесторлардың тәуелсiздiк жағдайымен кейде келiсе алмайды және жасырын  түрде тiкелей шетелдiк инвестиция процесiне араласады. Бұл көбiнесе мемлекет және инвестор арасындағы қатынаста  көрiнедi.

       Шетелдiк  капитал мен инвестицияны тарту және қолдану саясаты негiзiнде нақты экономикалық жағдай және мiндетке байланысты әр түрлi формада жүзеге асырылатын базалы принциптер жатыр. Бұл принциптер келесiлер:

       1. Экономикалық қауiпсiздiк принципi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несиенi (сыртқы қарыз беру) тарту және қолдану үшiн бұл принцип сыртқы борышты және терiс сальдоны ұлғайтуға әсерi сияқты экономикалық қауiпсiздiк параметрлерiн секеру керектiгiн бiлдiредi.

       2. Мемлекеттiң инвестициялық мақсаттарын  iске асыру принципi. Шетелдiк инвестициялар мемлекетпен реттелуi керек және келесi макроэкономикалық мiндеттердi шешуге бағытталуы керек: ЖIґ өсiмi; төлем балансын жоғарылату; өндiрiстiң және жұмыс бастылықтың тербелуiн басу; бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету; мемлекеттiк бюджет тапшылығын төмендету және басқалар.

       3. Шетелдiк капиталды қолдану бағыттарының  сатылығы мен басымдылық принципi. Шетелдiк капиталды және инвестицияны қолдану бағытының дамуы  оның жеткiлiксiз және дағдарыстық жағдайынан жоғары даму деңгейiне дейiн экономиканың дамуының жалпы мiндеттерiне бағынады. Бұл даму келесi стадияларды қамтиды: импортты алмастыру, экспортқа бағытталу, ғылым сиымды технология негiзiнде экономиканы құру.

       4. Несиенi қолданудың жобалық әдiсi  принципi. Сыртқы заем берудi (мемлекеттiң халықаралық несиесi) қолдану және бақылауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында мемлекет приоритеттi бағыттар мен жобалардың тiзiмiн жасау керек.

       5. Несие құнынан iшкi қор жинау  нормасының асуы принципi. Несиенi қолданудың экономикалық эффектi тек мына жағдайда болады, егер елде негiзгi сома мен проценттi төлеу түрiнде кредиторға қайтарылатын несие құнына қарағанда, қаржы немесе материалдық байлық көп болатын болса. Керi жағдайда несие зиян әкеледi деп саналады.

       6. Жобамен несиенi тарту принципi. Бұл принцип төртiншi принциппен ұқсас, бiрақ айырмашылығы – ол қолдануға емес, жан-жақты талдау жүргiзiлген инвестициялық жобаны iске асыруға және оның өсiмiн жылдамдатуға қажеттi несие тарту саясатына бағытталған. ґкiнiшке орай, тарту процесi ТМД - ның көптеген елдерiнде аясы тар мақсатқа айналды. Алдымен қаражат тартылады, кейiн жобаны несиелiк линиямен iрiктеу басталады. Мұндай тәртiп тарту процесiн анық концептуалды негiзi  және механизмi жоқ астанкестенгеайландырады. Жоба несиемен iрiктелмей, керiсiнше несие жобаға сәйкес тартылуы керек.

       7. Жобаны iрiктеу кезiндегi конкурстылық принципi. Жобалар арасында приоритеттi бағыттар бойынша конкурстар жүргiзiлуi керектiгiн бiлдiредi.

       8. Сыртқы заем берудiң әрттүрлi формаларын салыстырмалы бағалау принципi. Мемлекеттiк саясатты жасау кезiнде ұсынғанды ала беру принципiмен жетекшiлiк етуге болмайды. Мысалы, ұзақ мерзiмдi несиелер қысқа мерзiмдiге қарағанда артықшылығы бар, егер мемлекет қысқа мерзiмдi несиенiң үлкен көлемiн алатын болса, онда ол борыштылық тәуелдiлiкке ұшырауы мүмкiн, себебi мұндай несиенi қолданудың тиiмдiлiгi аз.

       9. Инвестициялық хал-ахуалды жақсарту  принципi.

       10. Шетелдiк капиталдың стратегиялық және басымды салаларға кiруiн шектеу принципi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, ресурстық немесе экономикалық базасы бар кез-келген  дамушы ел инвесторларды тек экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғана емес, сондай-ақ қалыпты ұзақ мерзiмдi экономикалық  даму мақсатында басымды салаларға кiруiн шектеу керек.

       11. Шетелдiк инвесторлар үшiн тең құқылы жағдай принципi. Шетелдiк инвесторлар өз инвестициялық қорларын қосымша салықтық жеңiлдiксiз де дамушы елдерге салуға ынталы (өткiзу нарығының сиымдылығы, өндiрiс факторларының құнының төмендiгi және т.б.). Жеңiлдiк жағдайларды жасау шетелдiк капитал қйылуы бойынша күтiлген тиiмдiлiктi бермей жергiлiктi инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiне керi әсерiн тигiзедi. 

       ҚОРЫТЫНДЫ 

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның  басымдылық маңызы мойындалып келеді.

       Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол: ”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

       Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту  кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

       Инвестициялық iс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың  маңызды факторларының бiрi болып  табылады. Сондықтан да инвестициялық iс - әрекеттi жандандыру әрдайым өзекті мәселелердiң бiрi болып табылады.

       Елдiң  экономикалық өсуiнiң орнықты қарқынына  қол жеткiзу үшiн тiкелей инвестициялардың қуатты құйылуын қалыптастыру қажет. Бұл  үшiн мына негiзгi мiндеттер орындалуы  тиiс:

       а) Жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту;

       ә) Жаңа инвестицияларды тартуды жандандыру;

       б) Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың  жүйесiн одан әрi жетiлдiру; 

       Инвестициялық ахуалды жақсарту инвестицияларды шетелдiктердiң ғана емес, отандық инвесторлардың да экономиканың нақты секторына салуын тиiмдi ететiндей, шетелдiк капиталдың құйылуына да, сондай - ақ iшкi капиталдың шетелге кетуiн болдырмауына да жәрдемiн тигiзетiндей iскер ортаны қалыптастыруды талап етедi. Бұл үшiн нормативтiк құқықтық базаны, салық және кеден режидерiн, жұмыс күшi рыногын, жер және жылжымайтын мүлiк рыногын, көлiк және коммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын, банк және қаржы қызмет көрсетулер рыногын одан әрi дамыту қажет.

       Жаңа  инвестицияларды тартуды жандандыру мақсатында халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдар мен өзара iс - қимылды күшейту, жарнамалыққа қпараттық тетiктердi пайдалану, инвестициялардың сыртқы рыногында жарнамалық - ақпараттық қызметтiң тұрақты жұмыс iстеуi мен жандандырылуы тиiс.

       Тiкелей  инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың  жүйесiн жетiлдiру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың заңдық базасын жақсартуға, тiкелей инвестицияларды фискальдық ынталандырудың жүйесiн жетiлдiруге, мемлекеттiң инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құруға және инвесторлардың ағымдағы проблемаларын тиiдi шешуге бағытталуы тиiс.

       Инвестициялық тартымдылықты арттыру iс-әрекеті  еліміміздің экономикасын дамытудың  маңызды факторларының бiрi болып  табылады. Сондықтан да инвестициялық iс - әрекеттi жандандыру әрдайым басымды мәселелердiң бiрi болуы тиiс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы