Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 22:47, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
Инвестициялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін қарастыру;
Шетел инвестицияларын рөлі және олардың қызметтерін талдау;
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды басқару мәселелерін және жетілдіру жолдарын талдау.

Файлы: 1 файл

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

       - инвестицияларды мемлекеттік деңгейде  басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;

       - жеке инвестициялық жобаларды  басқару – бұл қазіргі заман  талаптарына сай әдістер мен  басқару техникасын қолдану арқылы  инвестициялық жобаны жүзеге  асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;

       - жеке кәсіпорынның инвестициялық  қызметін басқару – бұл кәсіпорын  тарапынан инвестициялау объектілерін  таңдаумен және инвестиция барысын  бақылаумен сипатталады.

       Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды талдау.

       Екінші  кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау.

       Келесі  кезең, яғни инвестициялар салудың  нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.

       Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық  қызметті жүзеге асыру барысында  кәсіпорындар жекелеген инвестициялық  объектілер бойынша инвестициялық  жағдайдың өзгеруі нәтижесінде  болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын - ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.

       Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.

       Жоғарыда  аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады. 
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.
 

         2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының рөлі және қызметтері 

       Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің  ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

       Қазақстан экономикасына шетел капиталын  тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

       Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

       Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар қозғалысы  механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі.

       Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі  – таңдаудың нақты белгілері  мен қарапайым бағыт - бағдардың  жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде.

       Мүмкін  боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы  шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

       Сыртқы  қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.

       Осымен  байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық  жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.

       Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері  анықталуы керек: оның пайдасы мен  шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық  мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.

       Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық  және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.

       Жобаны  мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.

       Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.

       Шетелдік  несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке  тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету.

       Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық  жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.

       Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды  ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру.

       Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен  сақтандыру компанияларын құруға жол  ашатын және "Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания "Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.

       Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе "ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша "American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.

       Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел  капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін құру қажет. 
 
 
 

       2.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің мәселелері 

       Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек:

  • біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;
  • екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

       Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық; салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.

       Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені  мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық  деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Информация о работе Инвестициялық жобалардың мәні және маңызы