Бірлескен кәсіпорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 13:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік – әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау – әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық – құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан болуы мүмкін.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы.
1.1 Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру..............................6
1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы…………...8
1.3. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)………………………………...11
ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары.
2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы.…17
2.2 Бірлескен кәсіпорынды басқару……………………………………....23
2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2010 – 2012 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау........................................................................................27
ІІІ тарау.Жетілдіру жолдар.
3.1 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары.......................................................31
Қорытынды………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………37

Файлы: 1 файл

Курсавая.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

БК органы басқарманың не кеңестің шешім қабылдауы тәжірибеде кейбір қиындықтар туғызады. Бұл жерде құқыққа сайкес шешім қабылдау үшін дауыс беру, дауыс бөлу қағидасын және кворумды реттеу қажет. Бірлескен кәсіпорынның атқарушы органда (басқарма, кеңес) дауысты бөлуде көптеген варианттарды пайдалануға мүмкіндік бар. Ол варианаттар:

  1) Қатысушылардың әрбірінің дауыс саны жарғылық қорға салған салым мөлшеріне сай белгіленуі;

2) Қатысушылардың әрбірінің дауыс  саны жарғылық қорға салған  салым мөлшеріне тәуелсіз түрде  бірге тең болады;

Атқарушы орган қабылдайтын  отырыста белгілі бір дауыс санына ие қатысушылардың өкілдері қатысатын болса, онда ол туралы жарғыда көрсетіледі. Қажетті кворум жарғылық құжаттарында нақты көрсеткенде ғана мәнге ие болады. Бұл шешімдер атқарушы органда көпшілік дауыспен немесе бір ауыздан қабылданады. Қаралатын мәселелердің белгілі бір шектелген шеңбері бір ауыздан қабылданады да, ал қалғандары көпшілік дауыспен қабылданады.

 

2.3  «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2008 -2010 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау

 

Кесте 1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2010-2012 жылдардағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштері

 

Жылдар

Өндіріс шығындары

(АҚШ доллары)

Өткізілген өнімніңкөлемі(тонна)

Өнім бірлігінің өзіндік  құны(АҚШдоллары)

2011

2012

38 160 961

48 364 675

408 931

340 968

93

142

 

Өнімді  өткізуден түскен табыс(АҚШ доллары)

Өндірістікперсоналдың

Орташа тізімдік

саны(адам)

Еңбек өнімділігі(АҚШ  доллары/адам)

2011

2012

84 361 000

109 724 000

180

201

468 672

545 891

 

Салық төлегенге дейінгітабыс(АҚШ  доллары)

Өндіріс шығындары

(АҚШ доллары)

Рентабельділік коэффициенті

2010

2011

2012

6 751 000

24 765 000

41 142 000

14 573 000

38 160 961

48 364 675

46%

65%

85%

 

Меншікті капитал

(АҚШ доллары)

Қарыз капиталы

(АҚШ доллары)

Қаржылықтұрақтылық коэффициенті

2010

2011

2012

7 934 000

18 516 000

28 157 000

215 799 000

194 124 000

168 683 000

0,04

0,1

0,17

 

Ағымдық активтер

(АҚШ доллары)

Қысқа мерзімді

міндеттемелер

Өтімділік коэффициенті

2010

2011

2012

19 523 000

31 910 000

39 312 000

3 819 000

6 808 000

10 238 000

5,1

4,6

3,8

 

Өнімді өткізуден түскен табыс

НҚ орташа жылдық құны

Қорқайтарымдылық

Коэффициенті

2010

2011

2012

45 235 000

31 910 000

109 724 000

182 747 500

130 066 500

57 239 500

25%

65%

191%

 

Дебиторлықберешектің  орташа көлемі

Өнімді өткізуден түскен табыс

Дебиторлық берешек  айналымдылығы коэф

2010

2011

2012

3 762 000

2 563 500

36 500

45 235 000

84 361 000

109 724 000

8,3%

3,03%

0,03%

 

Кредиторлықберешектің орташа көлемі

Өнімді өткізуден

түскен табыс

Кредиторлық берешек 

айналымдылығы коэф

2010

2011

2012

163 000

540 000

1 441 500

45 235 000

84361 000

109 724 000

0,36%

0,6%

1,3%


Экономикалық тиімділікті бағалау:

Өнім бірлігінің өзіндік  құн көрсеткіші.  Бір тонна мұнайдың өзіндік құны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 49 АҚШ долларына артық болған. Себебі 2011 жылғы өндіріс шығындары 38 160 675 АҚШ долларын құраса, 2012 жылы өндіріс шығындары 48 364 675 АҚШ долларын құраған болатын, яғни 10 203 714 АҚШ долларына артық. Жоба бойынша 2012 жылы өндіріс шығындары 28 428 246 АҚШ доллары көлемінде жоспарланған.

Өткізілген өнім көлемі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 67 963 тоннаға кем. Жоба бойынша өткізілетін өнім көлемі 363 728 тонна көлемінде жоспарланған және сәйкесінше жоспар бойынша өнімнің өзіндік құн көрсеткіші 78,16 АҚШ долларын құрауы тиіс болатын. Жоспарлық және нақты көрсеткіштер арасындағы ауытқу 63,68 АҚШ долларын құрайды. Осыған сәйкес бір тонна мұнай бағасы да жоспардағы мәнінен 61 АҚШ долларына артық, яғни жоспар бойынша 253 АҚШ долларына сәйкес келсе, нақты бағасы 314 АҚШ долларына тең болған (сурет 1).

Еңбек өнімділігі көрсеткіші. Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 77 216 АҚШ долларына артық болған. Себебі өнімді өткізуден түскен табыс 2012 жылы өткен жылғы көрсеткішінен 25 363 000 АҚШ долларына артық болған. Сонымен қатар 2012 жылы өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны 21 адамға артқан.

Өнім рентабельділігін бағалау.

2010, 2011, 2012 жылдардағы рентабельділік көрсеткіші оң нәтижемен сипатталады, орташа есеппен оның мәні үш жыл ішінде 19,5% өскен. Бұл маңызды өсуді салық төлегенге дейінгі табыстың өсуімен түсіндіруге болады. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ол 18 014 000 АҚШ долларына, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 16 377 000 АҚШ долларына өскен .

Қаржылық тұрақтылықты бағалау

Бұл көрсеткіш 2010, 2011, 2012 жылдар бойынша өзінің қабылданған мәнінен (0,5) төмен деңгейімен сипатталады, сәйкесінше 0,04; 0,1; 0,17. Оның төмен деңгейі қарыз капиталы құрамындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемінің жоғары деңгейімен түсіндіріледі.

Бірлескен кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері Бірлескен кәсіпорын  Қатысушыларына міндеттемелерден және Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелерден құралады.

Бірлескен кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелер мұнай кен орындарын  барлау және игеруге жұмсалған қаржылық шығындар бойынша кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады. Ол көрсеткіш 2010 жылы 211 980 000 АҚШ долларын, 2011 жылы 187 133 000 АҚШ долларын, 2012 жылы 158 118 000 АҚШ долларын құраған.

2012 жыл ағымында Бірлескен кәсіпорын қаржыландыру бойынша міндеттемелерін жабу үшін 39 499  мың АҚШ доллары және Қатысушыларға таза табысты бөлу түрінде 14 127 мың АҚШ доллары көлемінде төлем жасады .

Өтімділікті бағалау

Ағымдық өтімділік көрсеткіші 2010, 2011, 2012 жылдары өзінің қабылданған мәнінен кері ауытқушылықты көрсетпейді. Бірақ көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады, 2011 жылы ол 2010 жылмен салыстырғында 0,5, ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 0,8-ге төмендеген. Бұл қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2 989 000 АҚШ долларына, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3 430 000 АҚШ долларына өскендігімен түсіндіріледі    

Іскерлік белсенділікті  бағалау

Қорқайтарымдылық коэффициентінің 2010, 2011, 2012 жылдар ішінде өсу үрдісі байқалады. Үш жыл ағымында бұл көрсеткіш өзінің төмен деңгейін 2010 жылы қабылдаған. Ол негізгі құралдардың орташа жылдық құнының жоғары деңгейімен түсіндіріледі, 2011 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2010 жылмен салыстырғанда 52 681 000 АҚШ долларына кеміген, сәйкесінше өнім өткізуден түскен табыс 39 126 000 АҚШ долларына артқан, 2012 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2011 жылмен салыстырғанда 72 827 000 АҚШ долларына кеміген, өнім өткізуден түскен табыс 25 363 000 АҚШ долларына өскен

Дебиторлық  берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш деңгейі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 5,27% , ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3%-ке кеміген. Соңғы екі жылда дебиторлық берешек көлемі едәуір төмендеген (2010 жылы – 5 097 000 АҚШ доллары, 2011 жылы – 30 000 АҚШ доллары, 2012 жылы – 43 000 АҚШ доллары). Сәйкесінше әр жылдағы дебиторлық берешектің орташа көлемі де кеміген

Кредиторлық берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 0,24% , ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 0,7% өскен. Бұл өсім әр кезеңге сәйкес кредиторлық берешектің орташа көлемінің өсу үрдісімен түсіндіріледі. 2012 жылы ол өзінің жоғары мәнін қабылдаған. Жағдайды бірлескен кәсіпорынның мұнайды тасымалдау жұмыстары бойынша «Уральскнефтегазгеология» АҚ алдындағы (972 000 АҚШ доллары) және «Транс Азия Констракшн» АҚ алдындағы (187 000 АҚШ доллары) міндеттемелерімен түсіндіруге болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары

 

       Бірлескен кәсіпорынның жемісті қызмет етуі біздің еліміздің және шетелдік инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуіне тәуелді. Бұған бірлескен кәсіпорын қызметін экономикалық және құқықтық ынталандыру тетіктерін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл бағыттағы бағдарлама алдымен қаржылық ынталандырушы тетіктер көмегімен жүзеге асырылады. Яғни тиімді салықтық жағдай бірлескен кәсіпорынның жоғарғы қайтарымдылығын қамтамасыз ете алады.

«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы», «Пайдалы қазбалар туралы», «Кәсіпорындар мен ұйымдар табысына салық туралы», Салық кодексі, «Өнімді бөлу келісімі туралы» заңдарды, мұнай өндіруші шағын кәсіпорындарды қолдау туралы заңдарды жетілдіріп, қабылдауды талап етеді.

Көптеген мамандар пікірі бойынша  «Пайдалы қазбалар учаскелерін қолдануға  арнайы салық режимі» туралы Қазақстан  Республикасының заңын қабылдау қажет делінеді.

Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының  кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген.

Екінші бір мәселе – амортизация. Нарықтық экономикадағы елдердің көбінде салық мөлшерлемелерімен қатар амортизация анықталып, бекітіледі. Негізгі қорлардың жаңарып отыруы өндіруші өнеркәсіптің іскерлік белсенділігін арттырады

Қазақстан үшін бірлескен кәсіпорындар сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы экономикалық қызметін күшейту факторы - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.

ДСҰ ережелерінде Қазақстандағы шетел  инвесторларын және авторлық құқықты қорғауды қамтитын мәселелер бар. Сонымен қатар еліміз сауда жанжалдарын реттеу және халықаралық сауданың жаңа ережелерін әзірлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Ескеретін жайті экономика жалпы алғанда дамығанымен, жеке салалардың артта қалу қаупі де бар. ДСҰ-на кіру алдында ұлттық мүдде мен салалық мүддені ажыратып алу қажет. Салалық мүдде сыртқы нарыққа қол жеткізуді, өндірісті толықтыратын импорттық комплектілер мен шикізатты талап етеді, бірақ сонымен қатар ішкі нарықты бәсекелес өнімді импорттаушылардан да қорғау міндеттеледі. Жеке салалардың қызығушылықтары бір біріне қайшы келіп жататындығы белгілі, әрбір сала өзін бәсекеге қабілетті санайды және қолдауды талап етеді. Ал егер олардың барлығын қорғау өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

ДСҰ-на кіру тарифтердің төмендетілуіне байланысты импорттың ұлғайуына  және шетелдік инвестиция ағымының төмендеуіне  алып келеді деген пікірлер тарап  жүр. Керісінше, ДСҰ-на мүше елдерде  тікелей инвестиция ағымы өте  жоғары және оған кірудің өзі де шетел инвестицияларының өсуімен сипатталады. Мысалы Болгарияда ДСҰ-на  кіргеннен кейінгі жылдары инвестиция ағымы 5 есеге өскен. Қазақстанда инвестициялардың вертикалды типі кең тараған. Бұл тип өндірілген өнімнің реэкспортын  тудырады және импорттық комплектілерді қолдануды сипаттайды. Сондықтан импорттық тарифтерді төмендету оң әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар шетелдік инвестициялардың ағымына тек импорттық тарифтер ғана емес, жергілікті нарыққа  тауарды жеткізудің жиынтық шығындары да әсер етеді.

 

  

                                                 

                                                   Қорынтынды

Бүгінгі таңда еліміздің экономикасына  шетел инвестициясын тарту мәселесі өткір түрде етек алуда. Сондықтанда, экономиканы дамыту жолының маңызды баспасы болып бірлескен кәсіпорын құру табылады.

Соңғы он жылдықта, еліміздегі бірлескен  кәсіпорын санының өсімі байқалуда, бірақ орташа алғанда олардың  бір бөлігі ғана нақты жұмыс жасауда  және олардың басым көпшілігі  мұнай – газ және металлургия өндірісінде ұйымдасқан. Ал экономикамыздың басқа салалары инвестицияланбай қалып отыр. Мұндай олқылықтардың себебі неде?

Қазақстан Республикасы аймағында  бірлескен кәсіпорын құру тәжірибесі, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, қатысушылардың қанағаттанбау дәрежесінің өсуін көрсетіп отыр. Мысалы: шетелдік серіктес жиі өз инвестициясын жоспарлаған көлемде жүзеге асыра алмауда, өйткені Қазакстаннан өндірілген ресурстарды экспортқа шығару мүмкіндігінің анықталуы төмен. Экспорттық талаптардың жақсармауы жүзеге аспайынша, шетел серіктесі өзінің инвестициялық бағдарламаларымен қызмет атқарады.

Екінші жағынан, шетел серіктесі  алғашқы кезде бірлескен кәсіпорынды  құру туралы шартқа қол қоюда біраз  бұзушылықтарға жол берді, атап айтқанда шетел серіктесі өздеріне ең жоғарғы құқық пен ең төмен міндетті қалыптастырды. Әрине, бұл біздерге өте тиімсіз болды.

Қазақстандық тараптың жіберген үлкен  қателігі, құрылған бірлескен кәсіпорынның қызметіне қажетті бақылау жасамауымен  байланысты. Бірлескен кәсіпорын  қызметіне экономикалық бақылауды қамтамасыз етудің басты мәселесі болып бухгалтерлік есеп табылады. Бұл жерден негізгі есептеуді шетел серіктесі жүргізеді де, ал Қазақстан жағының жұмысшыларының нарықтық экономикадағы негізгі есептеу білімдерінің әлсіздігінен, қаржы қозғалысына бақылау жасай алмайтынын көре аламыз.

Сонымен, бірлескен кәсіпорын дегеніміз  Қазақстанда тіркелген және тұтасымен  Қазақстан заңына бағынатын, отандық  және шетелдік капиталмен құрылып қызмет атқаратын, заңды тұлғаның белгілеріне  негізделген шаруашылық бірлестік.

Осы жазылған жұмысты қортындылай  келе, төмендегідей тұжырымдар жасаймын:

  1. Қазақстан Республикасында шетел инвестициясын өндіруші салаға тарту тенденциясы сақталып, олардың арнасы экономиканың кейбір салаларының инвестицияланбай қалуға байланысты толығу кезеңінде. Сонықтанда, менің ойымша Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасын кемелдендіріп, инвестицияланбай отырған экономиканың саласында бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыруға ынталандырушы күш қажет. Тіпті, осы салалармен айналысатын бірлескен кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер беретін уақытша ережелер шығаруға болады.
  2. Республикамыздың инвестициялық қызметіндегі өңдеу саласына әлемдік монополиялық компаниялардың қатысуын шектеуі керек. Оларды таңдау халықаралық нарықтағы пайыздық критерийға байланысты болуы керек. Әйтпесе, Қазақстан Республикасы өзінің ресурстар нарығына бақылау жасауды тоқтатады.
  3. Ұлттық заңнамамен қатар, халықаралық құжаттар мен серіктестерің мемлекетіндегі заң актілерін де жоғарғы дәрежеде саралайтын, сонымен бірге мәселенің экономикалық жағында талдай алатын мамандандырылған кадрларды дайындау қажет. Бұл болашақта шетел серіктестерімен бірлескен кәсіпорын құру туралы шарттар дайындауда қомақты артықшылық болар еді.
  4. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарына қарағанда, қазір шетел инвестициясы аймағын реттейтін республикамыздың заңнама актілерінің деңгейі жақсаруда. Әйткенмен, заң актілерінің осы жұмыста көрсетіп кеткендей бір-бірімен сайкессіздігі қиындықтар тудырып, ынтымақтастық мүдделілігін төмендетуде. Сондықтан да бірлескен кәсіпорын мүддесін көздейтін құқықтық нормаларды сәйкестендіру керек.
  5. Қазақстанда бірлескен кәсіпорын ретінде тек шетел мемлекеті қатысатын кәсіпорынды ғана айтады, ал халықаралық тәжірибедегідей  шыққан тегіне тәуелсіз кәсіпорындардың бірлескен қызметтестігі ретінде қарастырсақ, еліміздегі кәсіпорындардың экономикадағы ролі кеңейіп және дамуы ілгерленіп, халықаралық экономикалық аренаға шығуының бір жолы болатынына сенімім мол.

Информация о работе Бірлескен кәсіпорын