Бірлескен кәсіпорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 13:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік – әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау – әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық – құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан болуы мүмкін.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы.
1.1 Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру..............................6
1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы…………...8
1.3. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)………………………………...11
ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары.
2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы.…17
2.2 Бірлескен кәсіпорынды басқару……………………………………....23
2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2010 – 2012 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау........................................................................................27
ІІІ тарау.Жетілдіру жолдар.
3.1 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары.......................................................31
Қорытынды………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………37

Файлы: 1 файл

Курсавая.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

Мұндай қатынастар маңызды инвестициялық  заңнаманың дамуын ұсына отырып, экономиканың инвестицияланбай қалып қойған салаларына БК қызметін ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді.

    1. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)

БК-ның есеп саясаты және оның принциптерінің ерекшелігі бірлескен кәсіпорын құрылған күннен бастап, яғни 1993 жылдан бері Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде есеп жүргізіп келеді. Сәйкесінше барлық қаржылық көрсеткіштер АҚШ долларында көрсетіледі.

БК бухгалтерлік процедураларының мақсаты бірлескен  кәсіпорынның нақты шығындары мен табыстарын айқын көрсететін бухгалтерлік есеп принциптерін бекіту болып табылады. БК ның бухгалтерлік процедуралары №1 Келісімге сәйкес Бірлескен шотты қолдануды және №2 Келісімге сәйкес Мұнай операцияларының шотын («Бірлескен шот») қарастырады.

Бірлескен шот деп БК-ның өз қызметіне қатысты барлық төлемдерді, шығындар мен түсімдерді, сонымен қатар БК Қатысушыларыан алынған аванстарды көрсететін шоттар тобын атайды. Мұндай шоттар үш субшоттан құралады: бірі – барлау, екіншісі  - әзірлеу және игеру, үшіншісі  - операциялық шығындар бойынша.

БК жалпы  мұнай саласының форматтары бойынша  арнайы қаржылық есеп дайындайды. Ол басқару  органдарына есеп берумен қатар, әр тоқсан сайын Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қаржылық есеп нәтижелерін ұсынады. Қаржылық есеп Бірлескен шот бойынша бірлескен кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есептен, Кірістер мен шығыстар есебінен, Ақша құралдарының қозғалысының есебінен, Құрылтайшылар капиталындағы өзгерістер есебінен құралады.

Қаржылық  есептегі ерекшелігі бар бірнеше  ұғымдарға тоқтала кетуге болады. Шығындарды қаржыландыру және жабу.

БК рұқсатты алаңның нақты блогында шығындаған лемі шығындарын тек осы блокта өндірілген лемі есебінен келесі түрде жаба алады:

1. БК лемі шығындары әр блок бойынша жеке есептелетін капиталды шығындардан және ағымдық шығындардан құралады.

2. Капиталды шығындар барлау және игеру шығындарынан құралады.

3. Капиталды шығындар рұқсатты алаңның нақты блогында Либор плюс 3%- тен артық емес лемі тік мөлшерлемесін есепке ала отырып, барлық осы блокта өндірілген және сақталған мұнайдың лемі есептелгеннен кейінгі құнының 60%- мен жабылады  (Капиталды шығындарды жабатын лемі).

4. Капиталды шығынар келесі кезекпен өтеледі:

 а) Барлау шығындары

 б) Игеру шығындары

5. Ағымдық шығындар  күнтізбелік жыл ағымында рұқсатты  алаңның нақты блогында өндірілген  және сақталған мұнайдың лемі және капиталды шығындарды жабатын лемі лемі есептелгеннен кейінгі құнынан алынады.

6.  Рұқсатты алаңның  нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың лемі, капиталды және ағымдық шығындар өтелгеннен кейінгі қалған бөлігі осы блоктан белгілі күнтізбелік жылы алынған Пайда мұнайы болып табылады. Пайда мұнайына табыс салығының 25%-і есептелгеннен кейінгі лемі, яғни таза пайда Қазақстан және Түркия жақтары арасында олардың үлестеріне қарай пропорционалды қатынаста бөлінеді.

Басқару гонорары:

Бірлескен кәсіпорын Түрік  жағының шығындаған техникалық көмегін  және әкімшілік шығындарын көрсету  мақсатында барлық капиталды, ағымдық және басқа да шығындарды 2% көлемінде Түрік жағына басқару гонорарын аударады. Басқару гонорары рұқсатты алаңдағы коммерциялыө анықталу болғанға дейінгі шығындарға жататындықтан, барлау шығындарының бөлігі ретінде қаржыландырылады.

Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер:

№2 Келісімге  сәйкес БК Қатысушылардың Жалпы Жиналысымен  және ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігімен бекітілген жалпы даму бағдарламасында  көрсетілген мерзімде және көлемде  жойылу қорына кезеңдік аударымдар (төлемдер) жасап отыруы міндетті.

Шартты және мүмкін болатын міндеттемелер

1. Операциялық ортаға байланысты

2. Үкіметтің әсер етуі, баға қалыптастыру және тасымалдау мәселелері

3. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

4. Салық жүйесі

5. Инвестиция бойынша міндеттемелер

6. Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер

7. Зейнетақы бойынша жұмыскерлерге міндеттемелер                                      Салық жүйесі БК және оның Қазақстандық, Түркиялық жақтары №1 Келісімге сәйкес қарастырылған салықтар мен төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл Келісім күшіне

енген күннен кейінгі жаңа салықтар түрі кірістірілмейді  деп көрсетілген.

БК мемлекетке мұнай өндіру көлеміне байланысты төмендегідей шарттармен бір реттік бонустар төлейді:

1. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна көлеміндегі мұнайдың куммулятивті көлемі өндірілетін болса, 1 500 000 АҚШ доллары төленеді;

2. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна жылдық мұнай көлемі өндірілетін болса, 10 000 000 млн. АҚШ доллары көлемінде төленеді;

3. Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 10 млн. тонна куммулятивті мұнай көлемі өндірілетін болса, 20 000 000 АҚШ доллары көлемінде төленеді.

БК кез  келген күнтізбелік жылы мемлекетке кез келген рұқсатты алаң блогында өндірілген мұнай көлеміне байланысты төмендегі прогрессивті ауытқымалы шкала бойынша роялти төлейді (№1 Келісім бойынша):

Күнтізбелік жылы өндірілген мұнай көлемі:

0 - 1,0 тонна аралығында -3%

1,0 - 3,0 тонна  аралығында - 4,5%

3,0 - 5,0 тонна  аралығында - 5,5%

5,0 - 10,0  тонна  аралығында - 6%

10,0 - 20,0 тонна  аралығында - 8%

20,0 - 30,0  тонна  аралығында- 10%

30,0 - 50,0 тонна  аралығында - 11%

50,0 тоннадан  жоғары - 12,5%

№2 Келісімге  байланысты оның деңгейі мұнай өндіру көлемі бойынша 2%-4% аралығында ауытқиды.

Роялтиді  төлеу Үкіметтің қалауы бойынша ақша немесе табиғи формада жүзеге асады.

БК салықтық міндеттемелерді Келісімдерге сәйкес жүзеге асырады.

№1 Келісімге  сәйкес БК мұнай кірістеріне салынатын  табыс салығын 25%  мөлшерінде төлейді. Егер ішкі табыс нормасы (ІТН)  30%-тен  асатын болса, төмендегі шкала бойынша қосымша табыс салығы төленеді (ҚТС):

Ішкі табыстың қалыпты нормасы – 22%

• ІТН 30%-ке дейін болғанда, ҚТС алынбайды

• ІТН 30-32% көлемінде болғанда, ҚТС 30% құрайды

• ІТН 32-35% көлемінде болғанда ҚТС 34% құрайды

• ІТН максималды деңгейі 35%-тен асқанда, ҚТС 38% құрайды

№2 Келісімге  сәйкес БК осы келісім күшіне енген  уақытқа дейінгі салық заңнамасымен бекітілген табыс салығын төлеуге  міндетті болып саналады. Егер БК ішкі табыс нормасы 20%  асатын болса, қосымша  табыс салығын төлеуге тиіс болады. №2 Келісімге сәйкес ҚТС максималды ставкасы 30% құрайды, яғни ішкі табыс нормасы 30% және одан жоғары көлемді құрайтын болса.

БК жыл  сайын жерге, яғни территорияға жал (аренда) төлемін жасап отырады. Ол келесі ретпен рұқсатты алаңның әрбір  шаршы шақырымына төленеді:

Барлау кезеңі:

Бірінші фаза (4 жыл) – 20 АҚШ доллары

Екінші фаза (4 жыл) – 40 АҚШ доллары

Үшінші фаза (3 жыл) – 60 АҚШ доллары 

Игеру кезеңі – 60 АҚШ доллары

Баға қалыптастыру мәселелері

Бірлескен кәсіпорынның қызметі экономикалық, саяси, әлеуметтік, яғни Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән тәуекел түрлерімен тығыз байланысты. Бұл тәуекел түрлеріне үкімет саясатының, экономикалық жағдайдың, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістердің нәтижелері, валюта бағамының ауытқулары және келісімшарт құқықтарының жүзеге асу мүмкіндіктері әсер етеді.

Бірлескен кәсіпорын  экспорттық квотаға, яғни ҚР Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға белгілейтін  жыл сайынғы шетелге өткізілетін  мұнай көлемі шектеуіне тәуелді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай Үкіметтің ішкі мұнай өңдеуші зауыттарды экспорттық бағадан елеулі түрде төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы отандық мұнай өндірушілер қызметіне мейлінше әсер етуге бағытталуымен сипатталады.

Мұнай өндіруші саладағы кәсіпорындардың баға қалыптастыру мәселелері біршама ерекшеліктерге ие.

Мұнайдың  халықаралық нарықтық бағасы БК-ның  екі жақтық таңдауы бойынша өндірілетін  мұнайдың тығыздығы мен сапасына сәйкес келетін кем дегенде бір  мұнай эталонына өндіру операциясы басталғанға дейін, сапа айырмашылықтарын және транспорт шығындарын есепке ала отырып анықталуы тиіс.

БК мұнай  эталонының  бағасын Платтц басылымындағы  «Мұнай бағасының жаңалықтарының»  «Шикі мұнай» секциясындағы көрсеткіштер бойынша алады, яғни онда көрсетілген мұнай эталоны және БК өндірген мұнайдың сапа бойынша және жеткізу құны бойынша айырмашылықтары есепке алынады. Мұнай бағасы Платтцтың өткен аптадағы немесе сатылған мұнайдың транспорттық накладнаясы көрсетілген күннен кейінгі аптадағы көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Егер талап етілетін баға осы апталардың ешбірінде көрсетілмесе, онда осы аптадан кейінгі жақын арадағы апталардың біріндегі нарықтық баға алынады. Егер Платтцта «Мұнай бағасының жаңалықтары» басылмайтын жағдайда, екі жақтың келісімі бойынша мұнайдың нарықтық бағасы көрсетілетін балама басылымды қолдануы тиіс.

Отандық тұтынушыларға  мұнай бағасы Платтцта көрсетілген  әрбір мұнай эталонының орташа арифметикалық  көлемі ретінде алынып, сәйкесінше транспорт шығындары және сапасы бойынша айырмашылықтары есептелінген бағамен сатылуы тиіс.

 

 

 

2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары

2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы

 

БК көздейтін экономикалық жағдайдың  және мүдделердің жан-жақтылығы, олардың іске асыруға тиесілі заңды құрылымның әртүрлі болуына әкелді Жалпы, БК болып бірнеше серіктестердің өз мүдделерін заң тұрғысынан анық бейнеленген бірлестікті құру табылады. Мұндай бірлестіктегі серіктестер күшінің қатынасы мен қызметтестігі әрбір нақты жағдайларда әртүрлі болуы мүмкін.

Қатысушылардың мүдделерінің әртүрлілігіне  қарамастан, оларды тең дәрежедегі серіктестер болып, заңды талапқа  сайкес құрылымды таңдау қиынға түседі (мысалы: серіктестікке, компанияға не бірлестікке қатысты құқықтық нормалардың жергілікті жүйесі, инвестиция туралы жергілікті заңнама, жергілікті шаруашылық құқығы т. с. с).

БК құру туралы шарттардың мазмұнын және нысанын анықтау үшін тек  азаматтық құқықты пайдаланып қана қоймай, халықаралық құқықты, БК орналасқан елдің ерекшеліктерінде білуіміз қажет.

БК жоба дайындалған елде, әдетте, БК ұйымдастырылады. Кәсіпорын нысанын  реттейтін құқықтық нормаларда, БК мүшелеріне өз міндеттері бойынша толық  жауапкершілікті не шектелген жауапкершілікті  кепілдейтінін нақтылап алуымыз  қажет.

Жауапкершілікті шектеу туралы мәселені қарастырып қана қоймай, жүзеге асып жатқан құқық нормаларымен сауда серіктестігінің құқықтық нысанын таңдау туралы шартты рәсімдегенде икемділік кепілдемесін беретінін түсініп алу қажет. Бұл БК құрылымын өзгерту мүмкіндігіндегі жеке жағдайларда қажет.

Бас директор басшылық қылатын француз  құқық жүйесіндегі акционерлік  қоғамның құрылымы бас директор және директорлар кеңесі басқаратын ағылшын  құқық жүйесіндегі жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамнан және төраға мен бақылаушы кеңес басшылық ететін неміс құқық жүйесіндегі акционерлік қоғамнан ерекшеленеді. Мысалы: Англияда азаматтық құқықтың жеке субьектісі болып табылатын компанияның үш түрі қызмет жасауда:

  1. Қатысушылардың жауапкершілігі пайдаларының номиналдық сомасымен шектелген компания;
  2. Қатысушылардың жауапкершілігі белгілі бір кепілденген сома шегімен шектелген компания;
  3. Қатысушылары шектеусіз жауапкершілікте болатын компания.

Франция және ГФР-сы құқығындағы акционерлік  қоғам компанияның бірінші түріне сайкес келеді. Бірақ, Франциядағы әкімшілік кеңес пен неміс құқығындағы бақылаушы кеңес және ағылшын құқығындағы директорлар кеңесі тең емес. Құқықтық нысанды таңдау серіктестің ұжымдық органы келісімімен бірлескен кәсіпорынға қатысу құқығын беру және серіктестіктегі қатысушы акционерлердің кәсіпорын басшыларынан қажетті ақпаратты талап ету мүмкіндігіне т. б бірнеше басқа мәселелердің қатарына әсер етеді. Көптеген құқықтық жүйе мұндай мақсатқа арнайы ұйғарым шығарады.

      Құқықтық  нысанды таңдау үшін серіктестердің  жыл сайын ақпаратты таратуды жүзеге асыру міндетіне қатысты мәселелерде мәнді болуы мүмкін.

Нақты құқықтық нысанды таңдау кезінде  икемді не қолайлы шарт дайындау мақсатында, бас тартулар мен ауытқулар болуы  мүмкін.

Бірлескен кәсіпорынды құру құрылтайшыларымен негізгі шартын жасасқаннан басталып, оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап аяқталады.

Бірлескен кәсіпорынды құру туралы негізгі шарт бірлескен кәсіпорынның қызмет нысанын, міндетін, мақсатын және кәсіпорын капиталындағы серіктестер үлесінің қатынасын бекітетін міндетті бөлімдерден және жарғыдан тұрады.

Мақсатты нақты тұжырымдау сол  мақсатты қате интерпретациялау тәуекелін  азайтады.

Бірлескен кәсіпорынды құру туралы шарт бірлескен кәсіпорынның нысанын, түрін анықтайтын әртүрлі аспектілерді және бірлескен кәсіпорынның қызметін басқаруға, бақылауға, валюталық ассигнованияға қатысты мәселелерді қарастырады.

БК қандай да бір себеппен таратқан кезде серіктестер арасында технологияға құқықтық бөлу мәселесі жиі кездеседі. Бөлуге, сонымен қатар, кассадағы барлық жинақтар және аз көлемдегі басқа да активтер жатады. Басқа активтер қолма-қол сатылуы мүмкін. Мұндай сатып алу салық салуға жатқызылады.

Информация о работе Бірлескен кәсіпорын