Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Машина жасау жапон өнеркәсiбiнiң өзегi болып табылады. Елдiң бұл саланың өнiмiнiң құндары бойынша тек қана АҚШ-қа жол бередi, өнеркәсiптiң құрылымы бойынша 3 орын (37% ), оның (64% ) экспорты бойынша - әлемде 1орынға ие.
Жапон машина жасау өнеркәсібінің қарқынды дамығандығын біз Жапон кемелері, фотоаппараттары, транзистор қабылдағыштары және тiгiн машиналарының әлем нарығында жоғарғы сұраныста болғанынан көре аламыз. Жапон автокөлiктерi, автобустар, жүк машинасы және темiр жол жылжымалы құрамы ғаламшардың 5 континенттерiнiң жолдарындағы тасымалдауларын жүзеге асырады. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Файлы: 1 файл

Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің дүние жүзінде алатын орны.docx

— 107.88 Кб (Скачать)

Жапон машина жасауының негiзгi табыстарының бiрi электрондық өнеркәсiптiң  бұйымдарының өндiрiсiнiң соңғы жыл iшiнде таңқаларлықтай тез өсуi болып  табылады. Электрондық өнеркәсiп бұйымдарының ішінде теледидарлар, магнитофондар, радиоқабылдағыштар, стереофониялық радиолалар 46, 7% өнімін құрайды.

Жапония автокөлік өндірісі бойынша әлемде үздік болып табылады. Бұл мемлекетте экономиканың осы  сегменті 11 компания арасында бөлінген, бірақ негізгі бөлік 5 фирманың еншісінде. Оларға әлемге танымал Toyota, Mitsubishi, Nissan, Honda, Mazda, Suzuki маркалары жатады. Honda және Suzuki әлемге мотоцикл саудасы арқылы танылды.

Автокөлік өндірісі саласының  негізін қалаған Nissan компаниясы, 1933 жылы алғаш рет автокөлік өндіретін зауыт ашқан. Бірақ Жапониядағы автокөлік саласының нағыз өркендеп дамыған кезхеңі ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін басталды, себебі АҚШ тарапынан автокөлік өндіруге тапсырыстардың өсуі. 1961 жылы Жапонияда тарихи оқиға болды, елде шығарылатын көліктер саны миллионнан асты. Осы уақыттан бастап өндіріс стратегиясында өзгеріс болды, енді көліктер экспортқа бағыттала бастады. Бұл стратегия 70-жылдары нақтылана түсті. Осы кезеңде Жапония тьабысының басты бөлігін жүк көліктерін өндіру құрады және енді ғана үнемді, бензинді аз кетіретін жеңіл автокөліктер шығару қолға алына бастады. Бұл экономиканы 1973-1978 жылдары болған жанармай дағдарысы кезінде құтқарып қалды. 90-шы жылдары болған елдегі дағдарыс себебінен өндірістің басым бөлігі АҚШ-қа көшірілді [20].

Қазіргі таңда 5 миллион адам автокөлік өндірісі саласында еңбек  етуде. Жапон автокөліктері экологиялық  талаптарға байланысты жоғары бағаланады. Елдегі эксплуатациядан шыққан көліктер қайта өнделеді және қайта өндеу шамамен барлық массаның 75% құрайды. Жапониядағы автокөлік өндірісі саласы нақты бекітілген механизм. Бұл жүйе пирамида тәріздес, себебі әрбір өндірушідемыңдаған серіктестіктері болады, осылай ірі фирмалар өз тапсырыстарын ұсақ фирмаларға жүктейді.

Осындай жүйенің басымдығы  ретінде жаңа көлікті 1-2 жылда өндіріске  шығара алатынын айтып кетуге болады.жапонияда  автокөлік өндірісінде жаңа технологиялар, өндіріс жүйесі жақсы реттелген, бірақ осыған қарамастан автокөлік  саласында басқа өндірістік елдердегі  бәсекелстерге қрсы тұру қиын, себебі ол елдерде жұмыс күші арзан, ал автокөлік өндірісі саласында жалақы мәселесі алдыңғы орныда тұр.

Жапониядағы жер бағасының  шарықтауында көлік өндірісі саласына кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда  елде мынадай тенденция белен  алуда: жапондық автокөлікті басқа  елде өндіру, Жапонияда сол көлікті  өндіруден арзанжәне тиімді болуда. Мысалы: Honda компаниясының көліктерінің 10% АҚШ-тан Жапониға сату үшін әкелінеді. Honda компаниясы қазіргі кезде жылдан – жылға АҚШ нарығын жаулап алуда. Басқа да автокөлік өндірушілері осы бағытта жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жылына шамамен 6 миллион көлік өндіріледі және әлем бойынша автокөлік өндіруші корпорациялар арасында үшінші орында келеді.

Кеме жасау – машина өндірісінің бұл саласы спецификалық болып табылады. Өзінің өндірісінде  бірікте өндірістік салаларды жетістіктерін  біріктіруарқылы басқа өндіріс  салларының дамуына серпін береді. Кеме жасуда бір жұмыс орнының  пайда болуы, басқа саллардың 4-5 жұмыс  орныдарының пайда болуына әкеледі. Кеме өндірісінің тағы бір ерекшелігі кеме жасу үшін ғылымды қажет етуінде, шатаелден үлкен көлемде қажетті  құрал – жабдықтарды сатып  алу. Осының барлығы теңіз державаларының кеме жасау өндірісінің ерекше назар  бөлуіне әкеледі. Әлемнің барлық елдерінде кеме өндірісі банктің  несиелерін қолдану және оны кейін  кеме әкелетін табыс арқылы өтеу жүйесі бойынша жасалады. Бұл кеме өндірісіне шетел инвестицияларының тартуға мол мүмкіндік береді. ХХІ ғасырдың басында ірі кеме өндіруші елдер кеме жасауды қолдайтын шараларды қолға ала бастады. Мысалы, Жапония кемелеріне жылдық 5%несие беріледі.

Әлемдегі кеме жасау өндіріснді Жапония бірінші орын алады. Жапонияның кеме құрастыру өндірісі 30 жыл бойы ең дамыған және көшбасшы ел болып  келеді. Бұған өндірістің әрдайым  жаңартылуы септігін тигізеді. Жапонияның кеме құрастыру өндірісінің 44% бес  ірі компанияға тиесілі. Олар көп  салалы структураның құрамына енеді  және теңіз индустриясының басқа  да өкілдерімен тығыз байланыста болады.

Жапония аса ірі танкерлер  мен алып жүк кемелерін жасауға  маманданған, кеме жасаудың ірі орталықтары  Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалаларында  орналасқан. Жүк сыйымдылығының жалпы  көлемі жөнінен Жапонияда дүние жүзінде жасалатын кемелердің 42%-ы шығарылады. Соңғы жылдары өндіріс қарқыны баяулағанымен, Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.

Жапонияның кеме өндірісінің  өнімділігі Еуропалық деңгейден 20-30% артық болып келеді. Жапонияда  қазіргі таңда өндірісті жаңартудың тағы бірнеше шаралары қарастырылуда [17].

Жапонияда құрал – жабдықтар  мен өндіріске қажетті машина түрлерін шығаруға маманданған жалпы  машина жасау да күшті дамыған. Бұл  саланың кәсіпорындары, негізінен, Тынық мұхит жағалауындағы өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған, бірақ жеке аудандардың  мамандану бағыттары айқын байқалады. Мысалы, Токио маңында сандық бағдарламамен  басқарылатын станоктар тәрізді  күрделі құрал – жабдықтар, Нагояда  неғұрлым қарапайым өнеркәсіп станоктары жасалады, ал Осака ауданы металды  көп қажет ететін ауыр машина жасауға  маманданған. Жапония өнеркәсіп  роботтарын шығарудан және оларды өндірісте  пайдаланудан әлемде бірінші орын алады. Жапония өндіріс барысын толығымен  роботтар қадағалайтын бірнеше тәжірибелік  кәсіпорын бар. 2000 жылы Honda компаниясы өзінің жаңа инновациясын – Asimo роботын ұсынды. Осы өндірісінң мақсаты көпфункциялы үй көмекшісін жасап шығару.

Жапония тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарын шығарудан да дүние жүзінде  жетекші орын алады. Мысалы, ел өнеркәсібі дүние жүзінде жасалатын бейнемагнитофондардың  ¾-ін шығарады, ал түрлі түсті теледидар  мен радио техникасын жасаудан әзірше Жапонияға ешбір ел теңесе алмайды. Ал электрондық есептеуіш техника  өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ-қа ғана жол береді. Ғылымды көп қажетететін  бұл салалардың орталықтары маман  жұмыс күші бар және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары қалаларда (Токио, Оскак, Иокогама, Фукуока) шоғырланған [18]. 

 

2.2 Машина жасау өнеркәсібі  өнімдерін экспорттау

 

Сыртқы сауда көлемі жөнінен  Жапония дүние жүзінде АҚШ  пен Германиядан кейін үшінші орынды алады, оның үлесіне әлемдік  экспорттың 6,8% тиеслі. Өнеркәсіптің кейбір салларының экспортқа бағдарлануы  нәтижесінде елде өндірілетін компьютер  жабдықтарының, тұрмыстық электрониканың жартысынан астамы, автомобильдерінің 2/5-сі сатылады. Жапонияның негізгі сауда әріптесі – АҚШ, соған қарамастан жапон тауарларының сауда айналымында басым болуы себепті екі ел арасында сауда «жанжалы» жиі болып тұрады. Жапония көршілес Қытай, Корея Республикасымен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тығыз сауда байланыстарын жасайды.  

Жапондық өндірушілердің негізгі көздеген нарықтары АҚШ және Канада. Американдықтар 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 36% артық жапондық машина сатып алған. Бұл жанармайға бағаның өсуімен түсіндіріледі, себебі үлкен көліктерге үйренген американдықтар үнемді жапондық машиналарға ауысқан. Еуропада жапондықтар сатылымдарды 10,8% көбейтсе, Таяу Шығыста – 13,8%. Азия елдерінде бұл көрсеткіш 9,2% төмендеген. 2007 жылғы статистика бойынша Жапонияның автокөліктерді экспорттау көрсеткіші 2007 жыл ақпанында 11,7% артып, (54 мың 245 данаға) 519 мың 695 автокөлікке. Осында ақпаратты Жапондық автокөлік өндірушілер ассоциациясы таратты. Жеңіл автокөліктер экспортты 12% - 462 мың 188 данаға, жүк көлігі экспортты 7,5% - 49 мың 113 данаға, ал автобустар экспорты 18,2% артып – 8 мың 394 данаға жеткен. Ақшаға есептейтін болсақ автокөліктер экспорты 2007 жылы 13,1% өсіп – 11 млрд 791 млн долларға жеткен [19].

Жапония iстеп шығарған электр генераторлары Азиядағы өнеркәсiптiк кәсiпорындарын, Африкаға, Австралия, Солтүстік және Оңтүстiк Америка елдерін үйлерін және өндіріс орындарын жарықпен, энергиямен қамтамасыз етедi. Жапон иiретiн және тоқымашы жабдығы Азия елдерi және басқа континенттердiң тоқыма өнеркәсiбін дамуына әсер етіп отыр. Электр аппараттарының өндiрiсi машина жасауды өте өскелең саласы болып табылады. Бұл саланың қиял-ғажайып тез өсуi елдiң энергетика және ауыр өнеркәсiбi үшiн қуатты электр агрегаттар керек болуы, сонымен бiрге тұрмыстық электроприборларына сұраныстың өсуі әсер етті. Электр аппараттары, электрондық өнеркәсiптiң өнiмдері негiзiнде Солтүстiк Америка, Азия және Еуропаға экспортталады.

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде  екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында  ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын  көруге болады. Ал Қазақстан Жапония  рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық  техникаларды импорттап келеді[21].

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі  Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің  тасымал қуатын арттыруға, Ертіс  өзені үстінен көпір құрылысын  салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да [20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Курстық жұмыстың тақырыбын мектепте қолданылуы

(сабақ жоспары)

 

Сынып:11

Тақырыбы: §23. Жапония. Мемлеееттің құрылысы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы.

Сабақтың мақсаты: Жапония мемлекетінің дүние жүзілік картадағы орнын анықтау және талдау жасау.

Сабақтың міндеттері:

1. Жапония мемлекеті жайлы білімдерін тереңдету;

2. мемлекеттің шаруашлығына  табиғат жағдайлары мен ресурстардың  әсерін айқындау;

3. оқушылардың картамен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Көрнекілік құралдар:

  • География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. / Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмажинова, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 296 б., сур.
  • Атлас. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған (қазақ тілінде). – Алматы: «8&8», 2011. – 37б., сур., карта
  • Таратпа материалдар – карточка 5 (үй тапсырмасын сұрау)

 

Сабақтың барысы:

 

р/с

Мұғалімнің әректі

Оқушылардың әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Амандасу. Сәлеметсіздер  ме?

 

 

 

Кезекшіні тұрғызып, сыныпты  түгендейді.

 

 

 

Мұғалім оқушылардың назарын  аудартып, сабақтың өту барысымен  таныстырады.

Оқушылар орнынан тұрып  амандасады. Оқулықтарын ретке келтіріп, сабаққа дайындалады.

Кезекші орнынан тұрып, сабақта  кім бар, кім жоқ екенін айтады.

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды.

2

Үй тапсырмасын сұрау (10 минут)

  • Ауызша сұрау

     (2 оқушы мазмұндайды)

  • Үй тапсырмасын тексеру үшін 5 карточка таратылады:

1. Жаңа индустриалды елдерді  ата және картадан көрсет. (Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Малайзия)

2. Мұнай экспорттаушы  елдерді ата және картадан  көрсет. (Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Бахрейн, Иран, Ирак)

3. Мешеу елдерді ата  және картадан көрсет. (Ауғанстан, Бутан, Йемен, Камбоджа, Лаос,Мальдив, Мьянма, Непал)

4. Азияның экономикалық  кеңістігіне тән басты ерекшеліктерді  ата. (Жапондық немесе шығысазиялық даму, қытайлық даму, сыртқа мұнай шығаратын елдердің даму үлгісі, басқа даму үлгілері)

5. Жеткеші дамушы елдерді  ата және картадан көрсте (Қытай, Үндістан)

 

2 оқушы ауызша жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

5 оқушы карточка бойынша  жауап береді.

3

Жаңа тақырыпты  түсіндіру (13 минут)

Жапония – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі  аралдық мемлекет. Жапонияны, әдетте «Күншығыс елі» деп атайды. Елдің  негізгі бөлігін Жапон топаралының  аралдары құрайды. Олардың ең ірілері  – Хонсю (231 мың км²), Хоккайдо (79 мың  км²), Кюсю (42 мың км²), Сикоку (19 мың  км²) аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс  бөлігін юойлай, оңтүстік – батыстан солтүстік – шығысқа қарай  ұзындығы 3000 км-ден астам доға түрінде  созылып жатыр.

Жапония жерінің аумағын  Батыс Еуропаның барынша ірі  елдерімен және АҚШ-тың үлкен  штаттарымен салыстыруға болады. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс  Қытай, Жапон және Охот теңіздері  арқылы бөлінген. Шығысы мен оңтүстік – шығысында Жапония жағалауларын Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29751 км. Аралдың алып жатқан орны елдің  ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының  сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық, мәдени келбетін анықтап берді.

Жапония – конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция  негізінде анықталған. Мемлекет басшысы  император болып есептеледі, іс жүзінде  мемлекетті премьер – министр басқарады.унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары  Жапонияның табиғат жағдайларының  өзіндік бет бейнесін қалыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы  сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін  құрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі  жанартау болып табылады, олардың  жалпы саны 150, сөнбегені – 15. 

Қазіргі кезде Жапония  халқының саны жөнінен (128 млн адам, 2004 ж.) дүние жүзінде оныншы орын алады. Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3,5 есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда  бар болғаны 35 млн адам тұрған. Қазіргі  кезде туу көрсеткіші төмен (9‰), халықтың табиғи өсуі жылына 0,16 ғана. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты адамның  өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы, бұл көрсеткіш бойынша  жапон әйелдері дүние жүзінде  бірінші орын алады (85,3 жас). Туу көрсеткішінің  күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының  артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі  сияқты «ұлттың қартаюы» проблемасын  тудыруда.

 

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар картамен жұмыс  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар картамен жұмыс  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мәліметті дәптерге жазып алады.

4

Жаңа сабақты  бекіту (10 минут)

Сұрақтар:

1. Жапония мемлекетінің  қалыптасу тарихының қандай кезеңдерін  білесіңдер?

2. Елдің табиғат жағдайлары  мен ресурстары шаруашылық дамуына  қалай әсер етті?

3. жапонияның тығыздығына  қандай фактор әсер етті?

 

Кестені толтыру:

 

мемлекет

Географиялық орны

Табиғат

жағдайлары мен ресурстары

Пайдалы қазбалары

халқы


 

 

 

Оқушылар сұраққа жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

Кестені дәптерге толтырады.

 

5

Үйге тапсырма (2 минут)

Тақтаға уйге тапсырма жазады.

§23. Жапония. Мемлеееттің  құрылысы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы.

Яғни, 101-105 беттерді оқып, мазмұндау.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.

6

Бағалау (3 минут)

Белсенді қатысқан, әрі  дұрыс жауап берген оқушыларды бағалайды.

Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Информация о работе Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы