Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 20:02, курсовая работа

Краткое описание

Машина жасау жапон өнеркәсiбiнiң өзегi болып табылады. Елдiң бұл саланың өнiмiнiң құндары бойынша тек қана АҚШ-қа жол бередi, өнеркәсiптiң құрылымы бойынша 3 орын (37% ), оның (64% ) экспорты бойынша - әлемде 1орынға ие.
Жапон машина жасау өнеркәсібінің қарқынды дамығандығын біз Жапон кемелері, фотоаппараттары, транзистор қабылдағыштары және тiгiн машиналарының әлем нарығында жоғарғы сұраныста болғанынан көре аламыз. Жапон автокөлiктерi, автобустар, жүк машинасы және темiр жол жылжымалы құрамы ғаламшардың 5 континенттерiнiң жолдарындағы тасымалдауларын жүзеге асырады. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Файлы: 1 файл

Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің дүние жүзінде алатын орны.docx

— 107.88 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі.

XXI ғ-ға барар жолда. 50 –  жылдардан бастап ширек ғасыр  бойы жапон экономикасы өте  жоғары қарқынмен өсуде болды.  Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда,  техникада, білім беруде, өнеркәсіп  пен саудада үлкен жетістіктерге  жетіп, қарыштап алға басты.  Жапония дүние жүзіндегі ең  басты несие беруші елге айналды.  Елде экономикалық өмірдің барлық  саласында түбегейлі қайта құрулар  елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері  жасалды.

Жапонияның өнеркәсібі алғашында  негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс  өнеркәсібі сияқты базалық салалар  импорттық шикізат арқылы қайта  құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника  мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен  жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып  алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.

Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың  ортасында өнеркәсіп дамудың  революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет  ететін өндірістерді (қуат көзі мен  металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға  тікелей қатысатын салаларды  барынша көбейте бастады. Ғылым  электроника, жұмыс техникасы, биотехнология  салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға  кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып  есептегендегіден асып түседі.

Машина жасау жапон  өнеркәсiбiнiң өзегi болып табылады. Елдiң бұл саланың өнiмiнiң құндары  бойынша тек қана АҚШ-қа жол бередi, өнеркәсiптiң құрылымы бойынша 3 орын (37% ), оның (64% ) экспорты бойынша - әлемде 1орынға ие.

Жапон машина жасау өнеркәсібінің  қарқынды дамығандығын біз Жапон кемелері, фотоаппараттары, транзистор қабылдағыштары және тiгiн машиналарының әлем нарығында жоғарғы сұраныста болғанынан көре аламыз. Жапон автокөлiктерi, автобустар, жүк машинасы және темiр жол жылжымалы құрамы ғаламшардың 5 континенттерiнiң жолдарындағы тасымалдауларын жүзеге асырады. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің салаларын анықтау және олардың даму жолдарына талдау жасау

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау;
  • Жапонияның экономикалық ерекшелігін айқындау;
  • Дүние жүзі шаруашылық құрылымында Жапонияның орнын анықтау;
  • Жапония эконмикасының даму ерекшеліктері мен перспективаларын анықтау.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін мекемелерде 11 сыныпта оқылатын «Дүние жүзіне аймақтық шолу» курсында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыс 27 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы

 

1.1 Географиялық орны, табиғат  ресурстары мен табиғат жағдайлары

Жапония (жапонша: 日本) – Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде – Охот теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген.

Елдің негізгі бөлігін  Жапон топаралының аралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю (231 мың км²), Хоккайдо (79 мың км²), Кюсю (42 мың км²), Сикоку (19 мың км²) аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға  жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония  аралдары Азияның шығыс бөлігін  бойлай, оңтүстік – батыстан солтүстік  – шығысқа қарай ұзындығы 3000 км-ден  астам доға түрінде созылып жатыр [1].

Жапония жерінің аумағын  Батыс Еуропаның барынша ірі  елдерімен және АҚШ-тың үлкен  штаттарымен салыстыруға болады. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс  Қытай, Жапон және Охот теңіздері  арқылы бөлінген. Шығысы мен оңтүстік – шығысында Жапония жағалауларын Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29751 км. Аралдың алып жатқан орны елдің  ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының  сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық, мәдени келбетін анықтап берді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтыдан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады [3].

Жапон жеріндегі алғашқы  тайпалық бірлестіктер ІІІ ғасырда  қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, ІV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік – батысы VІІ ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуын негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VІ – ІХғғ.) елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зорп болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. ІХ ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. ХІІ ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстікке ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылықтұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды [2].

ХІХ ғасырдың соңына қарай  Жапония жедел капиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнын  толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп  орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының өзі ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланысты болды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүние жүзіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.

Жапония – конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция  негізінде анықталған. Мемлекет басшысы  император болып есептеледі, іс жүзінде  мемлекетті премьер – министр  басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет бейнесін қалыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы  сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін  құрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық геосинклианльдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5 мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар қатарына жатады. Жазықтар мен ойпаттар, негізінен, теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен жіңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға ұласады [5].

Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық  әрекет, вулканизм көптеген таулы  аудандардың шаруашылық игерілуін  қиындатады. Жапония жағалауларына  жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толқындар – цунами пайда  болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін  цунами әрекетінен әсіресе Хонсю  және Хоккайдо аралдарының солтүстік  – шығысы көбірек зардап шегеді. Елдің жер қоры Нидерландтағы  тәрізді теңізден «жаулап алынған» жерлер есебінен толығуда; қазіргі  кезде жасанды алаптарда тіпті  ірі кәсіпорындар мен әуежайлар  салына бастады.

Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас көмірдің, мыс пен қорғасын – мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз болумен қатар өндірісі қиындықтар тудырады. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Мысалы, қазіргі кезде теңіз суы құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындыларын өндіру жолға қойылған. Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп салаларының сұранысын қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдардың шағын кен орындары едәуір тиімді жұмыс істей бастады.

Жапонияның климат жағадайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын 3 климаттық белдеу (қоңыржай, субтропиктік және тропиктік) қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары Тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.

Оңтүстік – шығыс жағалаулар бойымен өтетін Куросио жылы ағысы  климатты жұмсартуға өзіндік ықпал  етеді. Жапонияның орталық бөлігінде  меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздап  та болса кедергі келтіреді. Соның  нәтижесінде құрлықтық ауа массаларының жолында жатқан батыс беткейлерде  шығысқа қарағанда қыс әлдеқайда  суық, құрғақ болады. Субтропиктік және тропиктік белдеулер ауыл шаруашылығын өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік бар [6].

Жер бедері мен климтының  ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі өзені – Хонсю аралындағы Синано өзені (367 км). Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттерге кеңінен пайдаланылады.

Жапон аралдарының 2/3 бөлігін  ормандар мен бұталар алып жатыр. Хоккайдо аралында, негізінен, қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю аралында емен, шамшат және үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты ормандар, ал оңтүстіктегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар тараған. Жапония жағалауларындағы суларда балықтың 600-ден астам түрі, былқылдақденелілердің 1200-ге жуық түрі мекендейді, олардың көпшілігінің кәсіптік маңызы зор. Жер тапшылығын қарамастан Жапония жерінің 14%-ға жуығын қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400-ге жуық табиғи саябақтар жұмыс істейді.

 

1.2 Халқы, ұлттық құрамы  және еңбек ресурстары

Қазіргі кезде Жапония халқының саны жөнінен (126,5 млн адам, 2011 ж.) дүние жүзінде оныншы орын алады (ҚосымшаА; сурет 1). Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3,5 есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда бар болғаны 35 млн адам тұрған. Қазіргі кезде туу көрсеткіші төмен (9‰), халықтың табиғи өсуі жылына 0,16 ғана. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы, бұл көрсеткіш бойынша жапон әйелдері дүние жүзінде бірінші орын алады (85,3 жас). Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты «ұлттың қартаюы» проблемасын тудыруда.

Жапония өсудің екінші түрінен  бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды. Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады [7].

 Жапония халқының ұлттық  құрамы мүлде бірыңғай. Бұл –  типтік бір ұлтты ел, мұнда  жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын  құрайды. Саны аз басқа ұлттар қатарында корейлер мен қытайлардың, айндардың үлесі біршама. Жапон аралдарының байырғы тұрғындары деп есептелетін айндардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады.

Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық  әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі  жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.

 Елде ерте феодалдық  кезеңнің өзінде енген екі  негізгі дін бар: синтоизм және  буддизм. Дінге сенушілер бір  мезетте қатар өмір сүріп жатқан  осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса,  соған көбірек ден қояды.

 Жапония – балаларды  ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін  бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай  сауатты ел. Жапонияда университеттердің  саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан  көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін  берік сақтаған, жапондық өмір  салты дейтін түсініктің құрамына  енетін ежелден келе жатқан  мәдениеттті ел.

 Жапондардың ұлттық  дәстүрлерінің бірі – қоршаған  ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды  аялап, қорғау дәстүрі адамдардың  бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады.  Сондықтан Жапонияда әрбір маусым  бойынша табиғатта серуендеу  кең өріс алған, мысалы: көктемде  жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде  үйеңкі орманын тамашалау ұлттық  мекерелердің біріне айналған. Қазір  осылардың бәрі батыстан елес  бере бастады [9].

 Халық тығыздығының орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған.

 Жапония соңғы онжылдықтарда  урбанизация қарқынының өте жоғарлығымен  ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің  нәтижесінде ол дүние жүзінде  алғашқы орындардың біріне шықты.  Елде екі жүзден астам үлкен  қала бар.

 Қаланың жапондық үлгісінің  көптеген өзіне тән сипаттары  бар. Қалалардың көбі орта ғасырларда  феодалдық сарайлардың, монастырьлардың,  пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар «американдыруға» ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ [7].

Информация о работе Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы