Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:15, реферат
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады.
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы
елдер. Экономикасы дамыған елдерге
БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс
Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония,
Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік
Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі
экономикалы елдерге Шығыс
Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Бірақ ЖІӨ өндірудің жалпы мөлшері және жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жоғары тұрған — Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т. б. елдерде жағдай керісінше қалыптасқан. 1998 жылы болған Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) инфляция бұл елдердің ұлттық экономикасын едәуір шайқалтты.
Сонымен қатар әлемдік экономиканың жай-күйі мен оның даму ырғағын білу мақсатында әрі дүниежүзілік масштабтағы экономикалық жағдайларды талдауда жалпы әлемдік өнім (ЖӘӨ) керсеткіші де қолданылады. ЖӘӨ дегеніміз — дүние жүзінің барлық елдері аумағында өндірілген ақырғы дайын өнімдер мен қызметтердің көлемін анықтайтын көрсеткіш. ЖІӨ өндірудегі, әдетте қолданыла-тын АРВК өлшемі, БҰҰ-ның халықаралық салыстырулар шегінде жүргізген зерттеулері бойынша дамуы кенжелеп қалған елдерде оны үш есеге дейін кемітіп керсетеді екен. Өйткені бұл елдерде тауарлық емес (бартерлік айырбас, үй шаруашылығын ұстау мен тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар жасау, т.б.) секторлар ауқымының кең болуы себепті, онда өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін АҚІН долларының айналымдағы курсымен көрсетуде ЖІӨ мөлшері тіптен 40%-ға дейін азаюы мүмкін. Өз кезегінде ол дүниежүзілік өндірістегі дамушы елдер үлесінің аз болуына өкеліп, олардың ЖӘӨ-ге қатысты қарқынын да бәсендетеді. Сондықтан ЖӘӨ есептеулері АҚШ долларының кәдімгі ресми курсы бойынша емес, баламалы жол—САҚП негізінде жүргізіледі (қосымшадағы 5 -кестені қараңдар). Яғни, дүние жүзінің әрбір елдеріндегі бірыңғай азық-түлік торсебеті мен тауарлар жиынтығының күнына катысты САҚП бойынша, айырбас бағамы негізінде белгіленген валюталардың сатып алу қабілетінің салыстырмалы коэффициенті есебінде қолданылады. Осылайша есептеу өнеркәсібі дамыған жетекші елдер көрсеткіштерін орташа 20—30%-ға кемітумен қатар әлемдік экономикадағы негізгі топтар елдерінің арасалмағьш да өзгертеді. Мәселен, ЖӘӨ көлемінде дамыған Батыс елдерінің үлесі 55%-ға түсіп (ағымдағы валюта курсымен — 75%), ал дамушы елдердің мұндағы үлесін 40%-ға дейін көтереді (ал ресми валюта бойынша 19% болмақ).
Экономикалық даму деңгейі төмен елдердегі шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құнындағы еңбеқақы шығыны аз болуы себепті, олардың бағасы да арзан болады. Ал осы тауарлар мен қызметтерді ЖӘӨ жүйесіне лайық-тап бағалағанда, олардың бағасы 10 —15%-ға көтеріледі. Сыртқы қарыздар мен телемдерді, сондай-ақ елдер арасындағы капиталдар қозғалысы және тауарлар мен қызметтердің халықаралық тасқындары тәрізді маңызды көрсеткіштерді анықтауда (ЖӘӨ негізіне) көбінесе ағымдағы валюта курсы негізге алынады.
Валюталардың ағымдағы ресми курсына,
сол сияқты оның сатып алу қабілетіне
негізделген ЖІӨ есептеу
Дамыған елдер тобына БҰҰ-ның типологиялық жіктемесі бойынша ЭЫДҰ-ға мүше 24 мемлекет пен Шығыс Еуропа және КСРО құрамында болған бұрынғы социалистік, ал қазір өтпелі экономиканы бастан өткеріп жатқан елдер енгізілген. ЭЫДҰ мүше елдердің Жапония мен Түркиядан басқаларының барлығы батысеуропалык немесе осы аймақтан бастау алған қоныс аударушы елдер. Бұлардың бәріне әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы бірыңғай ұлттық шаруашылық шегіндегі ұдайы өндіріс процесі, экономиканың интенсивті жолменен әрбуі, ендіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі тән. Бұл елдерде дүние жүзі халқының 1/5 белігіне жуығы тұрса да, ол өзіне әлемдік экономика мен ғылыми-техникалық әлеуеттің негізгі бөлігін шоғырландырған. Батыс елдерінің жалпы шаруашылық дамуының деңгейі, олардың сыртқы және ішкі экономикалық саясаттары әлемдік рыноктың халахуалын, дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық жаңғыруын, сондай-ақ әлемдегі ғылыми-техникалық өзгерістердің негізгі бағыттарын болжал анықтайды.
Бірақ кейінгі жылдардағы есептеулерде әлеуметтік салалардағы қол жеткізушілік мүмкіндіктері де ескерілуде. Мәселен, адамзат дамуының индексі (АДИ) көрсеткіштері есепке алынуда. Сондықтан да бұл типология елдері өз ішінде жалпы көрсеткіштері жағынан әр түрлі болып келетін топшалар түзеді (мұндағы ЖІӨ өндіру САҚП өлшемімен берілген):
1. Дамыған елдердің кешбасында
тұратын топшасын әлемдік
2. Келесі топшаға Батыс
3. «Қоныс аударушы капитализм»
елдерін көбінесе жеке топшаға
беліп карастырады. Бұлардың
4. Біріккен Ұлттар Ұйымының
және кептеген халықаралық
Дамушы елдер типі және олардың ала-құлалығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзінің қалған барлық елдері мен жер аумақтарын дамушы елдер типологиясына жатқызады. Бұл — типология елдерінің жер көлемі бүкіл құрлықтың жартысынан астамын, ал Қытайды қоса есептегенде, жер шары халқыньің 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі (Қытай, Иран, Таиланд) бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы XIX ғасырдың басы (Латын Америкасы елдері) мен XX ғасырдың алғашқы жартысында (Шетелдік Азия елдері) өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілік елдер отаршылдықтан өткен ғасырдын екінші жартысында ғана (Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінін 100-ден астам жас мемлекеттері. Осындай құрамы әр түрлі елдерді бірнеше топшаға біріктіреміз:
1. Дамушы елдердің ішінен табиғи-
2. Келесі Азияның жаңа
3. Сыртқа көмірсутек, негізінен,
мұнай мен газ және оның
өнімдерін шығаратын елдер
4. Ең үлкен топшаны дамушы
елдер типологиясында, дамуы жағынан
кенжелеп қалған елдер алады.
Мұндағы елдердің ЖІӨ
5. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі
бесінші топша елдеріне дүние
жүзінің дамымай қалған 40-тан
астам мешеу елдерін жатқызады.
БҰҰ саяси-коғамдьщ құрылысы мен өндірістік қатынастарында өзіне тән ерекшелігі бар Қытайды да дамушы елдер санатына жатқызады. Өйткені экономикасының жалпы көрсеткіштері мен өндіріс қарқынының жоғары болуына қарамастан, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру дамыған елдермен салыстырғанда — аса тәмен. Бұған қарамастан қазіргі Қытай соңғы уақытта экономикасының өте жоғары қарқынмен өсіп дамуына байланысты әлемдік саясатта ғана емес, дүниежүзілік шаруашылыкта да аса маңызды рөл атқаруда.
Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер — Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер шамамен жақындап калды. Ал 1970—1980 жылдардан бастап Азияның жаңа индустриялы елдері — Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконгтің экономикалары өте қарқынды өркендеді.
Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд
елдері де қарқынды даму үстінде. Осы
мәелелерден жалпы саяси-
Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы.
Дүние жүзі елдерін сандық және басқа
да ерекшелік белгілеріне қарай
жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен, сандық
белгілері бойынша көп
Дүние жүзі елдерін жер аумақтарының шектесіп орналасуына орай аймақтық топтастыру географияда кеңінен қолданылады. Мәселен, оқулық қосымшасындағы 1-кесте осындай ұстанымға негізделіп құрастырылған. Мемлекеттерді географиялық орнына қарай топтастыру жиі кездеседі. Бұл ретте олар: теңіз жағалауында, түбектерде, аралдарда, архипелагтарда орналасқан елдер болып бөлінеді. Осы жерде теңізге шыға алмайтын елдер өз алдына ерекше топ құрайды. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 40-қа жуық, бұлардың сапында Қазақстан да бар. Мұндай қолайсыз географиялық жағдай, олардың әлемдік сауданың күре жолы — дүниежүзілік мұхитты және оның байлықтарын пайдалануды қиындатады.
Информация о работе Еуропамен солтүстік Америка елдерінің экономикалық әлеуметтік