Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 22:12, реферат
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады
Кіріспе
I-тарау
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы
сипаттама.
II-тарау
Егін шаруашылығының түрлері және оның агро өнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
ауыл шаруашылығы өндірісін
Аграрлық азық – түлік
1) Халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуді және қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық деңгейін сипаттаушылар,
а) азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;
ә) ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;
б) мемлекеттің материалдық резервтер жүйесінде азық – түлік запастарының болуы;
в) ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерін өндірудің қажетті көлемін сипаттайтын шекті мәндер;
г) тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі;
2) Ауыл шаруашылығы өндірісін
және қайта өңдеудің дамытудың тиімділігінсипаттаушылар:
а) аграрлық бизнес пен қайта өңдеу
кәсіпорындары кірістерінің деңгейі;
б) ішкі азық – түлік саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігі;
в) сырқы сауда айналымы;
г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары сыйымдылығының теңдестірілуі;
ғ) халықты жұмыспен қамтудың өсуі.
3) Аграрлық
азық-түлік кешенін
шылар;
а) заңнамалық базаның агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-
теріне сәйкестігі;
ә) ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге
кедендік –тарифтік және салық режимі;
б) тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;
в) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүйесі.
г) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
қолдау мөлшерлері және тиімділігі.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік
қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер беруді (салықтар жеңілдіктері, борышты өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 2009 -2011 жылдармен салыстырғанда, абсалютті көрсеткіштерді 14,5 пайызға жоғары, алайда теңгеге есептегенде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2009 – 2011 жылдардағы 0,18 теңгеден 2012 жылы 0,16 теңгеге төмендеген. Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда – 1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен салыстырғанда (107,5$) 15 есе, Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам. ЕҚ-мен салыстырғанда (855$) 115 есе, Швейцариямен (4214$) салыстырғанда 570 есе төмен екенін көрсетіп отыр.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің АҚШ-та 70%-ына, Германияда 50%-ына, Жапонияда 75%-ына дотация беріледі. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл 1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі заемдарының есебінен жеңілдікті кредит беру арқылы ғана қолдау жасалып келді. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше назар аударылмаған.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына (бұдан әрі – ҰААЗО) жүктелген.Республиканың аграрлық ғылыми саласында 29 ғылыми-зерттеу иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық станциялар және 31 тәжірибелік шаруашылық бар, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар нысанында жұмыс істейді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді. Білім және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аграрлық - өнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлардың және микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану республикалық нысаналы бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 2001 жылы – 230 млн т, 2002 жылы – 406 млн теңге, ал 2001 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруді, «ұқсату мен сақтауды ғылыми қамтамасыз ету» салалық ғылыми – техникалық бағдарламасы бойынша 2001 жылы - 404,3 млн теңге, 2002 жылы - 404,43 млн теңге болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру көлемі 2001ж. - 28,6 млн теңге, 2002ж. - 36,8 млн теңге болған «Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың элиталық тұқымдарының гендік қорын сақтау тұқымдарды және асыл тұқымды жануарларды өсіру мен сату үшін элиталық тұқым өсіру мен мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына субсидия беруді «гендік қор» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырып келеді және гендік қорды шаруашылықты пайдалануды қамтамасыз ету және өндірілген тұқым шарушылығы мен асыл тұқымды өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін жауап болып отыр.
ІІ - ТАРАУ.
Өсімдік шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
Ауыл
шаруашылық дақылдарынан
Еліміздің нарықтық
Жер реформасының екінші кезеңінде ( 1994-1995 жылдары) жер туралы заңды нарықтық экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет меншігінде сақтай отырып,жерді пайдалануға сатып алу, сату заңдарын белгілеу енгізілді.
Жер
реформасының үшінші кезеңінде
(1995 жылдан бері қарай) жерге
жеке меншіктік заңдарды
Суармалы жерлердің жай-күйі:
Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30% - нан астамын өндіруді қамтамасыз етеді. 1991 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде 2284 мың га суармалы жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317 мың гектар жер суарылды қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының ұйымдастыру іс-шараларының нашарлауына, ең алдымен қаржылық және материалдық – техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.
Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.
Ауыл
шаруашылығында суды пайдалануд
Суды
жеткізіп беру жөнінде
Жер
суландыру құрылыстарының
Оңтүстік
облыстардың сумен
Химияландыру
1987 жылға дейін ауыл шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар берудің және қолданудың көлемі бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап республикада тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады. Әсіресе 1991 жылдан бастап күрт төмендегені байқалады.бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы минералдық коректің жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2000 жылы 6,7 мың тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.
1991
жылдан бастап дәнді
Топырақ
құнарлылығын сақтау және
Облыстарда
агрохимиялық қызмет
Минералдық
тыңайтқыштарды қолдану
2003 жылы 1333 мың га алқаптағы жерге агрохимиялық зерттеу жүргізу.
Отандық
ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің минералдық
Республикалық бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер мен гербицидтер арзандату жолымен оларды қолдануға субсидия беру.
Қазақстан Республикасының
Бұрын минералдық тыңайтқыштар
өндірген «Казфосфат», ЖШС, «
Минералдық тыңайтқыштар
Мемлекеттік білім беру
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі бағыттары;
Ауыл шарушылығы тауарын
«Қазақстантрактор» ААҚ (
Кейбір машина жасайтын
Тіркемелі кең ауқымды ЖВП-9, 1 дестемелегішін Қазақстандық кәсіпорындардың 48 %-дық үлестік қатысуымен құрастырып шығару игерілді; «ЗИНСТО» ААҚ-да трактор тіркемелерін, сыдыра жыртқыш және шөп шабатын, агрегаттар шығару жолға қойылды. «Агромаш» АҚ (Астана) тұқым сепкіштер, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын құралдар шығаруды қайта қалпына келтірді. Бүгінгі күнде республикамызда ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер шығаруға бағдарланған 129 зауыт бар. Бұл зауыттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімнің 391 түрін шығарады. Зауыттардың 2002 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы кредиторлық және дебиторлық берешектері 5,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде кредиторлық берешек – 2,7 млрд теңге болады.1994 жылдан 1999 жылға дейін ауыл шаруашылығы іс жүзінде жаңа техника алған жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды қоса алғанда соңғы үш жылда барлығы 7279 бірлік техника сатып алынды, оның 1193-і трактор және 2388-і комбайн. Бұл республикадағы осы саланы техникалық жарақтандырылуына тұтас алғанда айтарлықтай ықпал етпейді.