Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 22:12, реферат
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады
Кіріспе
I-тарау
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы
сипаттама.
II-тарау
Егін шаруашылығының түрлері және оның агро өнеркәсіп
кешенінде алатын орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агрономиялық тәсілдерді жетілдіруді әрқашан талап етіп келеді және талап ете бермек. Осы уақытқа дейін өндірісте кең тараған технология белгілі бір ауыспалы егіс топырақты негізгі және егу алдындағы өңдеу жүйесімен, ылғал жинау, аурулармен, зиянкестермен күресу жүйесімен сипатталады. Топырақ құнарының арту жағдайы егін шаруашылығы өндірісінде жақсы агротехникалық ортада барынша жоғары өнім беретіндігімен ерекшеленетін сапалы жаңа сорттарды пайдалануды қажет етеді. Селекцияда мұндай сорттар интенсивті жеке типтегі сорттар, ал бұл сорттарды өсіру технологиясы интенсивті технология деп аталады.
Бүгінгі күнгі егін
1) Егістікті ауыспалы егіс жүйесіндегі ең жақсы дақыл бойынша,ең алдымен таза қара парлар бойынша орналастыруда;
2) Дәннің сапасы жоғары, жақсы өнімді интенсивті типке жататын сорттарды өсіруде;
3) Өсімдіктерді минералдық корек элементтерімен және олардың топырақтың мөлшерін есепке ала отырып үйлесімді түрде қамтамасыз ету, вегетация кезінде оларды бөлшектеп қолдануда;4)Өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін құруда;
5) Топырақты эрозиядан қорғауға, ылғал жинау мен сақтауға ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологиялық тәсілдердің уақтылы және сапалы орындалуында интенсивті технологияның түпкі мақсаты дақыл өнімінің өсуі мен тұрақтылығын арттыруды және дәннің жақсартуды қамтамасыз ету.
Интенсивті технологияны енгізу шараларын жүргізгенде ;
1) Белгілі бір дақылды күтіп-баптаудың интенсивті технологиясы жөніндегі ұсыныстарды, зерттей үйреніп, оның негізгі элементтерінің мазмұндарын қорыту керек;
2) Интенсивті технологияны енгізген озат шаруашылықтарды таңдап алып, солардың ұқсас мәліметтерін қорыту қажет.
3) Пайдаланып отырған шаруашылық бойынша белгілі бір дақыл үшін негізге алатын мәліметтер қолда болуы тиіс.
4) Ауытқуларды анықтап, тұжырымдар мен ұсыныстарды қисынға келтіріп мазмұндау керек.
Астықты интенсивті технология бойынша өндіруді ұйымдастыру мен оның тиімділігін талдай отырып, сондай-ақ қосымша шығынның көзін табу қажет. Ол үшін интенсивті технология бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының барлық егіс көлеміне есептегенде шығынның жалпы арту мөлшерін есептеп шығару керек.
Астық – елдің азық-түліктік
қауіпсіздігінің негізгі
Қазақстанның астық саласының
техникамен орташа қамтамасыз
етілуі, техникалық дақылдың
Өсімдік шаруашылығы
Дәнді дақыл шаруашылығы – егіншілігінің басты саласы. Еліміз қоңыржай белдеуде орналасқандықтан, дәнді дақылдардың барлығы дерлік егіледі. Дәнді дақыл шаруашылығы халықты нан өнімдерімен, ал мал шаруашылығы жем-шөппен қамтамасыз етеді. Дәнді дақылдаран біздің елімізде негізінен мыналар өсіріледі; күздік бидай, арпа , сұлы, жүгері, тары, күріш, қарақұмық. Қарақұмықтан басқасы астық тұқымдастарына жатады.
Елімізде негізгі астық дақылы
– бидай, барлық егіс
Республикамыздың шығыс, орталық, солтүстігінің қары қалың, топырағы құнарлы, күзгі және көктемгі жауын – шашыны жеткілікті аймақта өсіріледі. Күздік бидайдың шаруашылықта маңызы зор, оның дәнінен жоғарғы сортты ұн, макарон және жарма, сонымен қатар кондитерлік тағамдар жасалынады.
Қазақстан Кеңес Одағы кезінде бидай өнімін беруші ірі аймақ болды.1986-90 жылдары орташа жылдық өнім 24,4 млн тоннаны, ал сыртқа шығар көлемі 4,6 млн тоннаны құрады. 1990 жылдан кейін Қазақстанның бидай өнімдері егістік көлемінің қысқаруына байланысты өтпелі дағдарыс кезеңін бастан өткізді.
Тары – құрғаққа төзімді жарма дақылы. Тарының шаруашылықтағы маңызы жоғары, азық-түлікке және май азықтық мақсатта өсіріледі. Тары үй құстары үшін бағалы азық. Республикамыздың қара топырақты, тың және тыңайған жерлерінде, яғни Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстарында жақсы өсіріледі.
Арпа – шаруашылықтағы маңызды азық-түліктік, мал азықтық және техникалық мақсатта өсіріледі. Бидай ұнымен қосып нан пісіруге болады. Арпаның негізгі бір ерекшелігі – климат жағдайына байланысты дәніндегі химиялық құрамының өзгергіштігі. Оңтүстік аудандарда өскен арпаның дәні белокқа бай, ал солтүстікте өскен арпаның дәнінде крахмал көп мөлшерде кездеседі.
Сұлы жемшөптік дақылдарға жатады. Ол жылқы және жас төлдер үшін аса бағалы концентратты жем болып табылады. Сұлы ұнынан кисель жасалады. Сұлы ылғалды өте көп қажет етеді, бірақ топырақ талғамайды.
Жүгері – жылу сүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді. Сазды қара және қоңыр топырақта жақсы өседі, сондықтан да еліміздің барлық аудандарында өсіріледі. Оның дәнінен крахмал, сірке, спирт, май қағаз, консервілер дайындалады. Коректік сапасы жоғары, құрамы белок, крахмал, майға бай. Ауыл шаруашылығы үшін құнарлы азық, сабағы мен жапырақтарынан қоректілігі жоғары сүрлем дайындалады.
Қарақұмық – суды аз қажет ететін жарма дақылы. Сондықтан ол Павлодар облысы мен Алтайдағы тәлімі егіншілік алқаптарында өсіріліеді. Қарақұмық негізіенен организмге сіңімді, жарма алу мақсатында өсіріледі, дәнінде белок, май, крахмал, мөлшері көп.
Қазақстанның суармалы аймақтарын күріш алқабы алып жатыр. Күріш – негізгі астық дақылдарының бірі. Күріш жармасының тамақтық сапасы өте жоғары әрі сіңімді. Күріш ұнында белок, май, органикалық фофорлы қосылыстар мен көп. Күріш сабанынан сапалы қағаздар, жұқа және берік темекі орау қағаздары жасалынады. Ол Қызылорда облысының Сырдария өзенінің аңғарында, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара өзенінің бойында, Алматы облысында Қаратал, Іле өзендері аңғарында өсіріледі. Техникалық дақылдарға шитті мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі, зығыр жатады.
Шитті мақта – бағалы талшықтық дақыл, вегетация мерзімі ұзаққа созылады. Мақта өсіру үшін күн сәулесі және ылғал қажет. Сондықтан ол Қазақстанның оңтүстік аудандарында өсіріледі. Онда жаз 6-7 айға созылады, жаз айларындағы ауаның температурасы +46 ºС –ға дейін көтеріледі. Соңғы жылдарда мақтаның егістік алаңдарына жүргізілген талдау 1996 жылмен салыстырғанда, 2001 жылы егістіктің жалпы көлемі 74 % - ға ұлғайғанын көрсетеді. Мақта түсімділігінің өсу тенденциясы бар, 1996 салыстырғанда 2001 жылы ол тиісінше гектарынан 22,7 және 17,2 центнер болды., бұл 1,3 есе көп.1996 жылмен салыстырғанда шитті мақтаның жалпы өсімі 2 есе өсті. Негізгі егістік алқаптары Мырзашөлдегі Мақтаарал ауданы, Келес,Арыс өзендерінің аңғары және Түркістан мен Шымкент қалалары маңындағы жерлерді алып жатыр.
Қант қызылшасы – ылғал мен жылу сүйгіш, құнарлы топырақты қажет ететін дақыл. Сапалы қант қылызшасы өнімдерін алуда климат жағдайының жазда ылғал мен жылудың мол болуына, ал күздің құрғақ әрі шуақты болып келуінің маңызы зор. Қант қызылшасының жалпы түсімі 1990 жылы 8044 мың тоннадан, 2000 жылы 273 мың тоннаға дейін яғни, 4 есе азайып кетті.Бұл біріншіден оның егілетін жер көлемінен осы жылдары 43,6 мың га-дан, 22,5 мың га-ға, яғни екі еседей кеміп кетуінен болса, екіншіден оның әр гектардан алынатын түсімі 239 центнерден 154 центнерге дейін төмендеуінен болып отыр. Қант қызылшасының жағдайы 1994 жылдан бері оңбай тұр, сол жылы оның жалпы түсімі 400 мың тоннаға дейін азайған еді, ал 1997 жылы тіпті 100мың тоннаға дейін кеміп кетті. Негізгі егістік алқаптары Аса, Талас, Шу, Қаратал, өзендерінің аңғарларын және Ырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы бөктерін алып жатыр.
Күнбағыс – бағалы майлы дақыл. Ол Қазақстанның құрғақ әрі шуақты аудандарында өсіріледі. Егіс көлемі 1990 жылғы 136,9 мың гектардан 2000 жылы 313,9 мың гектарға, яғни 2,3 есеге дейін ұлғайғанымен, әр гектардан алынған түсім осы жылдары 9,2 центнерден 4,0 центнерге дейін, жалпы түсімі 126 мың тоннадан 105 мың тоннаға дейін төмендеді. Негізгі егістік алқаптары Ертіс өзенінің аңғарындағы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын алып жатыр.
Бау-бақша және жүзім
Республикамыздағы бұрынғы тұқым шаруашылығы жүйесі ыдырады. Қазіргі кезде тұқым шаруашылығының үш буынынан (бастапқы, элиталық, жалпы) екеуі сақталды. Олар бастапқы және элиталық.
Бастапқы тұқым шаруашылығы ғылыми – зерттеу мекемелеріне (ҒЗМ), элиталық тәжірибе шаруашылықтарын қоса, белгіленген тәртіппен атестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарына жүктелді. Республикада барлығы 74 элиталық тұқым шаруашылығы есепте тұр.
Бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы бидай, арпа, күріш, сияқты дақылдар бойынша жұмыс істеуін жалғастырып отырған болса, дәнді бұршақ жарма, жемшөп, қант қызылшасы, қоза картоп, көкөністер бойынша тұқым шаруашылығы жұмысы іс жүзінде тоқтаған.
Соңғы жылдарда себілетін тұқымның сапасы барған сайын нашарлай түсіп, тексерілмеген тұқым көлемі арта түседі. Егер 1991 жылы 3,1 млн тонна дәнді және дәнді бұршақ дақылдары тұқымы себіліп, оның 99 % -ның себілу сапасының 96 % -ның сапасы тексерілген болса, 2001 жылы себілген 1,7 млн тонна тұқымның тексерілу және сұрыпталу көлемі, тиісінше тек 53 және 64 %-ға ғана болып отырды. Дәнді дақылдардың сорты егістік алқаптары 70 %-н аспайды, қалған бөлігіне шыққан тегі мен сапасы белгісіз тұқымдық материал себілді.
Қазақстандық селекция сорттары өндіріске баяу енгізілуде, мәселен, жергілікті селекцияның сорттары бидайдың жалпы егіс алқаптарының 24 %-на ғана себіледі, бұл орайда алқаптардың көп бөлігіне Ресейлік сорттар егіледі. Негізінен сорт сынағы өтпеген, сырттан әкелінген сорттар себілетіндіктен аудандастырылмаған сорттарды пайдалану пайызы соңғы 5 жылда орташа есеппен 32 % -ға жетті.
Қорытынды
2010-2012 жылдары ауылды түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нарыққа бағдарланған экономиканың заңдылықтарына сәйкес жүргізілетін болады, сондықтан өндіріс тиімділігінің, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің, олардың сапасының халықаралық талаптарға сәйкестігінің көрсеткіштері басым болуы керек. Агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеу ерекшелігі, азық – түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемелекеттік реттеу және мемелекеттік қолдау үлкен рөл атқаруы тиісм осындай аграрлық азық – түлік саясатын жүргізуді талап етеді.
Жерді тиімді пайдалануды, мамандандыру аймақтары бойынша өндіріс пен еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен тұқымдарының жоғары өнімді түрлерін шығаруды, олардың гендік қорын сақтауды, ауыл шаруашылығы аймақтарының жағдайына бейімделген, өнім өндіруге жұмсалған шығынды азайту мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технологиялар мен механикаландыру құралдарын жасауды, ауыл шаруашылығы өнімін барынша ұқсататын жаңа технологиялар әзірлеуді ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етудің басым бағыттары деп белгілеу.