Қазақстанның газ өнеркәсібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:35, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның газ өнеркәсібі.docx

— 60.64 Кб (Скачать)

       2007 жылғы  18-тамызда Қазақстан Республикасы  мен Қытай Халық Республикасының  үкіметтері арасында «Қазақстан-Қытай»  газ құбырын салу мен пайдаланудағы  ынтымақтастық туралы» келісімге  қол қойылды, оған сәйкес «Орта  Азия-Қытай» трансконтинентальдық  газ құбыры шеңберінде «Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбырын салу  жобасы сәтті іске асырылуда. 2009 жылдың желтоқсан айында ұзындығы 1305 км алғашқы желі пайдалануға енгізілді.

        2010 жылдан  бастап «Бейнеу-Шымкент» магистральдық  газ құбырының құрылысы» инвестициялық  жобасы іске асырыла бастады,  ол «Қазақстан-Қытай» газ құбырының  екінші учаскесі болып табылады.

Қазақстанда газды тасымалдау компаниялары:

  • «ҚазТрансГаз» АҚ
  • «АстанаГаз ҚМГ» ЖШС
  • Өткізу және маркетинг
  • «ҚазМұнайГаз қайта өндеу және маркетинг» АҚ
  • «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС
  • «Евро-АзияЭйр» Авиакомпаниясы» АҚ
  • «Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ
  • «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ
  • «Наукоград» ЖШС
  • «Рауан Медиа Групп» АҚ
  • «ҚМГ кәсіпорындарын құру дирекциясы» ЖШС «Қазмұнайгаз» ҰК»

Республиканың мұнай-газ  кешені өндіретін газ, негізінен  ілеспе газ болып табылады, сондықтан  кейіннен тұтынушылар мен кәсіпорындарға жеткізілетін тауарлық газ жасау  үшін оны газ өңдеу зауыттарында өңдеу талап етіледі. Республикада жалпы өңдеу қуаты жылына 18,9 млрд. тек. м газ өңдейтін үш газ өңдеу  зауыты (бұдан әрі - ГӨЗ) бар:

  • Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ҚазГӨЗ);
  • Теңіз газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ТГӨЗ);
  • Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ЖГӨЗ).

 

Газ өндіру көлемі аздау  кен орындарында газды тауарлық күйге дейін дайындау газды кешенді  дайындау қондырғыларында (бұдан әрі - ГКДҚ) жүргізіледі.

   2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықта мұнай  өндірісі 2006 жылғы 64,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 76,5 млн. тоннаға дейін  және газ өндірісі тиісінше 27,0-ден  36,0 млрд. текше м-ге ұлғайтылған  кезде, газды кәдеге жарату  жөніндегі іс-шараларды орындау  жағылатын газ көлемін 3,1 -ден  1,7 млрд. текше м-ге дейін, яғни 1,4 млрд. тек.м қысқартуға мүмкіндік  туғызды. Бұл ретте кәдеге жаратылған  газдың көлемі 23,9 млрд. текше метрден  34,3 млрд. текше метрге дейін, яғни 10,4 млрд. текше м ұлғайды. Республиканың  жер қойнауын пайдаланушылары  бекітілген Ілеспе газды кәдеге  жарату бағдарламаларын орындауға  тұрақты мониторингті жүзеге  асырады.

    Жалпы алғанда,  жер қойнауын пайдаланушылардың  газды кәдеге жарату жөніндегі  іс-шараларды орындауы қуаты 256 МВт-тен астам 12 газ турбиналық электр станциясын (ГТЭС), газды кешенді кәдеге жаратудың 12 қондырғысын және жылына 8 млрд. текше м газ өңдеуге және 350 мың тоннадан астам сұйытылған газ шығаруға арналған газ өңдеу зауытын қамтитын кәдеге жаратылатын газды пайдалану жөніндегі жаңа инфрақұрылым құруға ықпал етті.

    Тарихи қалыптасқан  магистралдық және газ тарту  құбырлары жүйесіне сәйкес табиғи  газ республиканың 14 облысының  9-ына жеткізіледі. Қазақстан Республикасының  Үкіметі республиканың елді мекендерін  газдандыру жөніндегі іс-шараларға  баса назар аударып отыр. 2006 - 2009 жылдары осы мақсаттарға республикалық  бюджеттен 15 млрд. теңгеден астам  қаражат бөлінді. Қабылданған  шаралар Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс  Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының 80 елді мекенін, сондай-ақ  Қызылорда қаласындағы 46 көпқабатты  үй мен 4 мың жеке үйді табиғи  газбен қамтуға мүмкіндік берді.

Газдандыру жөніндегі  белсенді жұмыстар жергілікті деңгейде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. 2007-2009 жылдары осы мақсаттарға 30 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 400 мыңдай адам тұратын тұрғын үйлер  газдандырылды.

 

Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы  үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда  мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының  үлесі 20,8 %-ды, ал 2008 жылғы ресми есеп бойынша - 21,8%-ды құрады.

     Мұнай-газ компанияларынан  түсетін түсімдер 2009 жылдан бастап  енгізілген салық жеңілдіктеріне  қарамастан, мемлекеттік бюджетте  елеулі көлемді құрайды. Атап  айтқанда, мемлекеттік кірістердегі  саланың үлесі 1531,2 млрд. теңгені  немесе 2008 жылмен салыстырғанда  1,2 пайыздық тармаққа ұлғайтылып 40,5 %-ды құрады. Мұнай-газ секторынан  Ұлттық қорға түсетін төлемдер  алдыңғы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңгені  немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3%-ды құрады.

   2009 жылы минералдық-шикізаттық  кешеніндегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңгені (21,4 млрд. АҚШ долл.) құрады.

    Көмірсутектерді  өндіру көлемдерінің ұлғаюы мұнай-газ  тасымалдау инфрақұрылымын қарқынды  дамытуды талап етеді. Жұмыс  істеп жатқан қазақстандық мұнайдың  негізгі экспорттық бағыттары  Атырау - Самара құбыры, Каспий Құбыр  Консорциумы құбыры (бұдан әрі  - КҚК), Атасу - Алашанькоу құбыры, Ақтау порты болып табылады.

    2009 жылы қазақстандық  мұнайдың неғұрлым үлкен көлемі  КҚК мұнай құбыры бойынша - 27,5 млн. тонна және Атырау-Самара  құбыры бойынша - 17,5 млн. тонна  экспортталды. Қытай бағытында - 7,7 млн. тонна тасымалданды, оның 6,2 млн. тоннасы қазақстандық мұнай.  Теңіз экспорты - 11,1 млн. тоннаны  құрады, темір жол бойынша 4 млн.  тонна тиелді. Орынбор ГӨЗ-ге 1,8 млн.  тонна газ конденсаты жеткізілді. 2009 жылы Қазақстан аумағы бойынша  ҚХР-ға ресей мұнайының транзиті 1,5 млн. тоннаны құрады, 2010 жылы 2,0 млн. тоннаға жоспарланып отыр.

Жаңа экспорт жүйелерін  құру және қолда барларын кеңейту  өзекті жұмыс болып табылады. 2009 жылы КҚК акционерлері жүйені кезең-кезеңмен кеңейту туралы шешімді қабылдады, Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін  құру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ Қазақстан-Қытай  мұнай құбыры жобасының 2-ші кезеңін  салу жалғасуда.

     2009 жылдың ішінде  қазақстандық газ экспортының  көлемі 7,0 млрд. тек. м құрады, Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  газдың халықаралық транзитінің  көлемі 73,3 млрд. тек. м, оның ішінде  ресейлік газ - 48,0 млрд. тек. м,  түрікмен газы - 11,9 млрд. тек. м,  өзбек газы - 13,4 млрд. тек. м құрады.

      Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  газды тасымалдау және транзиті  «Орта Азия - Орталық» (орта азия  газы), «Бұхара газды өңірі - Ташкент-Бішкек-Алматы»  (орта азия газы), «Қазақстан-Қытай»  газ құбырының 1-ші учаскесі (орта  азия газы), «Орынбор-Новопсков» (ресей  газы), «Бұхара-Орал» (ресей газы) негізгі магистралдық газ құбырлары  бойынша жүзеге асырылады.

      2009 жылға  дейін транзит көлемі жыл сайын  шамамен 100 млрд. тек. м құрады. 2009 жылы транзит көлемінің төмендеуі  Түрікменстан Республикасы мен  «Газпром» ААҚ арасындағы экономикалық  келіспеушіліктердің салдарынан 2009 жылдың сәуірінен бастап желтоқсанға  дейін «Орта Азия - Орталық» магистралдық  газ құбыры бойынша Қазақстан  Республикасының аумағы арқылы  түрікмен газын тасымалдаудың  тоқтатылуына байланысты болды.

«Орта Азия — Орталық», «Мақат - Солтүстік Кавказ» және «Окарем - Бейнеу» магистралдық газ құбырларын дамытуға әзірленген инвестициялардың негіздемесі шеңберінде Түрікменстан мен Өзбекстаннан өсіп отырған табиғи газ көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2007-2008 жылдарда «Орта  Азия - Орталық» - 4 магистралдық газ  құбырының жаңа учаскелерінің, «Орта  Азия - Орталық» лупингінің құрылысы және «Опорная» компрессорлық станциясындағы жаңа турбокомпрессорлық цех-4 құрылысы аяқталды, бұл «Орта Азия - Орталық» магистралдық газ құбырының бүкіл  жүйесінің өнімділігін жылына 60 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуға  мүмкіндік берді.

Қазақстандық үлес бойынша  ғана жер қойнауын пайдалану жобаларында  қалыптасатын сұраныс 16-18 млрд. АҚШ  долл. құрайды, шамамен алғанда, оның 25% - тауарлар, 75% - жұмыстар мен қызметтер, оның ішінде құрылыс жұмыстары. Қазақстанда  тауарларға, қызметтер мен еңбекке  ең ірі тапсырыс берушілер мұнай  компаниялары. 2009 жылы есеп берген мұнай-газ  саласындағы өндіруші компаниялар 450 млрд. теңгеден астам сомаға, ал 2008 жылы - 802 млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер  сатып алды.

Газ өндірісін ұлғайту  негізінен жаңа және негізгі базалық: Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Толқын және ҚМГ-га тиесілі тағы бірқатар кәсіпорындарды, сондай-ақ Каспий қайраңы кен орындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен  қамтамасыз етіледі. Өндірілетін газ  негізінен ілеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлық газды өндіру және шығару қарқыны мұнай өңдеу  қарқынымен және кен орнын игеру  бойынша қабылданған технологиялық  шешімдермен (мысалы, газды кері айдау) айқындалады.

Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен - 37,0 млрд. тек. метрді, ал 2014 жылға қарай - шамамен 55,8 млрд. тек.метрді құрайтын болады.

Өз қажеттіліктеріне пайдаланатын газды, сондай-ақ кері айдау көлемдерін ескергенде, 2009 жылы тауарлы газды  өндіру және шығару балансы және 2014 жылға дейін күтілетін болжамды көлемдер 5-кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

2014 жылға дейінгі тауарлық  газды өндіру мен шығарудың  перспективалық балансы

млрд. тек.м.

Көрсеткіш атауы

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1

Шикі мұнай өндіру, барлығы

36,0

37,0

43,6

44,8

53,5

55,8

2

Шикі газды пайдалану, оның ішінде:

16,3

14,5

16,4

15,9

20,0

22,3

2.1

өзінің технологиялық  қажеттіліктеріне, оның ішінде газды жағу

7,5

6,1

6,0

5,5

7,7

7,7

2.2

қойнауқатқа қайта айдау

8,8

8,4

10,4

10,4

12,3

14,6

3

Құрғақ газ өндіру, оның ішінде:

19,7

23,3

27,2

28,9

33,5

33,5

3.1

жер қойнауын пайдаланушылардың  өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынуы (газ-турбиналық қондырғы және т.б.)

3,0

3,3

3,6

3,6

4,0

4,0

3.2

таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

20,0

23,6

25,3

29,5

29,5

3.3

газды жерасты сақтау қоймасына  айдау

1,1

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0


 

Өндіру көлемдерінің болжамды өсуі минералдық-шикізаттық базаны уақытылы толықтыруға қатысты тиісті саясатты қалыптастыруды талап етеді. Ресурстық  базаны көмірсутек шикізатының жаңа кенорындарымен толықтыру жоқ, республиканың  дайындалған құрылымдарының қоры бүгінгі  күні шын мәнінде таусылды.

    Газ магистралдарының  жүйесі кеңестік газ тасымалдау  жүйесі шеңберінде құрылды және  табиғи газды Орталық Азиядан  Ресейге және Кавказ елдері  республикаларына жеткізуге функционалдық  бағытталған болып қала бермек, сондықтан Ресей қазақстандық  газдың экспорты кезінде негізгі  бағыт болып қала береді. Ұзақ  мерзімді кезеңде тауарлық газ  өндірісі көлемінің ұлғайып келе  жатқанын, сондай-ақ республиканың  оңтүстігінің энергиялық тәуелсіздігін  шешу қажеттігін назарға ала  отырып, газ тасымалдау қуаттарын  әртараптандыру маңызды мәселе  болып табылады.

Болжамды деректер бойынша  көлемі 2014 жылы 122,3 текше метрге дейін  ұлғайтылатын Қазақстан арқылы халықаралық  газ транзитін дамытуға жеке назар  аудару қажет.

Көмірсутектерді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізудің көп векторлық  қағидаттарына сүйене отырып, табиғи газ экспорты және экспорттық бағыттары  бойынша барлық экономикалық тұрғыдан пайдалы бағыттарды дамытуды жалғастыру қажет.

    Қазіргі уақытта,  газ экспортының ресейлік бағытына  бәсекелесетін баламаның жоқ  екенін және ағымдағы сату  Қазақстан Республикасы мен Ресей  Федерациясының шекарасында жүзеге  асырылып жатқанын ескере отырып, қазақстандық тарап уәкілеттік берген ұйым арқылы жеткізуді жүргізіп нарықтық әділ баға алу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте уәкілетті органдармен («Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңға сәйкес) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында эксперттік бағаны келісу және бекіту үшін нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормаларды енгізу бойынша тиісті жұмысты жүргізу.

     Ішкі газбен  жабдықтауды дамыту тұрғындардың  әлеуметтік жағдайын жақсартуға  бағытталған саланы дамыту басымдықтарының  бірі болып қала бермек. Қазіргі  уақытта, республикада 30 және одан  да көп жыл бұрын салынған, ұзақтығы шамамен 11 мың км болатын  орта және төмен қысымды газ  тарататын желілерінің басым  бөлігі өзінің беріктілік қорын  тауысқан. Таратушы газ құбырларының  техникалық жай-күйі негізгі құралдар  мен жабдықтың жоғары дәрежелі  тозуымен сипатталады.

   «ҚазТрансГаз-Аймақ»  акционерлік қоғамы бөлімшелері  пайдаланатын газ тарату желілері  бойынша газ құбырларының шамамен  18%-ы авария алдындағы жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды  пайдаланудың нормативтік мерзімдері 30 жыл болса, жабдық пен құбырлардың  12%-ы 35 жылдан астам пайдаланылып  келеді. Бұдан басқа, газ құбырларының  жылдам тозуы жер асты құбырлардың  40%-ға жуық ұзындығы электр-химия  қорғағышсыз (2001 жылы - 70 % астам) пайдаланылуынан  болып отыр. Газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі - ГРП) жартысына  дерлігі және шкафтық газ тарату  пункттерінің (бұдан әрі - ШГТП) үштен  бір бөлігі жөндеуді немесе  алмастыруды қажет етеді.

Информация о работе Қазақстанның газ өнеркәсібі