Қазақстанның газ өнеркәсібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:35, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның газ өнеркәсібі.docx

— 60.64 Кб (Скачать)

 

2013 жылы 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін көбейту және тұтынушылардың басым көпшілігін газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, ҚР мұқтаждығына өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау  туралы» Заңын дайындады және оған Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.

Заң мыналарға мүмкіндік береді:

1. Республиканың газ тасымалдау желiлерiнiң кешендi дамытуына және iшкi нарыққа тауарлық газды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету, бiрыңғай ұлттық операторды құруға. Бұл шаралар елімізді тауарлы газбен жабдықтау жүйесін реттеуге және желілердің қатты тозу мәселесін шешуге;

2. ҚР аумағын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге;

3. Сұйытылған табиғи газ нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.  Бұл - қазіргі уақытта алауларда жағылатын ілеспе газдың бірінші кезекте республиканың ішкі нарығын қамтамасыз етуге жіберілетіндігін білдіреді.

Экспорт және халықаралық газ транзиті

Қазіргі уақытта Қазақстан–Қытай газ құбырының бірінші учаскесінің екі желісі салынып пайдалануға берілді, сондай-ақ ҚХР-ға 43,0 млрд. текше метрден астам транзиттік газ тасымалданды.

Сондай-ақ брінші учаскені кеңейту мақсатында жылына қуатты 25, млрд. текше метр газ құбырының үшінші желісін салу пысықталуда, ол бойынша 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалану ынтымақтастығы туралы 2011 жылғы 27 қазандағы ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға тараптар қол қойды, қазіргі уақытта оның күшіне енуге дейін мемлекеттік ішілік рәсімін өтуде.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 маусымдағы №918 қаулысымен басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгіленді және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілді, атап айтқанда «Қазақстан-Қытай» МГ-ның бірінші учаскесінің «С» желісін салу, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ салу және Жаңажол ГӨЗ-дің 2-і,      3-і кезектерін салу.

Сондай-ақ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағыты бойынша Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесін салу жобасы іске асыру сатысында тұр және 2012 жылғы 1 тамыздағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Астана қ. және еліміздің солтүстік аймақтарын газдандыру үшін «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырын салу жобасы пысықталып жатыр, бұл республиканың бұған дейін газдандырылмаған аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта осы жоба бойынша ТЭН және ЖСҚ әзірленген және «Самұрық-Қазына» АҚ-тың дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері пысықталуда.

Жобаның шикізат базасының көзі ретінде Қазақстаның батыс кен орындарынан алмасу схемасы (СВОП-операциясы) бойынша жеткізілетін, ресейде шығарылған табиғи газды пайдалану жоспарлануда, одан әрі жоспарланған Қарашығанақ газ өңдеу зауытынан (одан әрі-ҚГӨЗ) газ жеткізу мүмкін, сондай-ақ ол Мемлекет басшысының қаңтардағы жолдауында айталған болатын.

Қазіргі уақытта ҚГӨЗ құрылысының жобасы бойынша Эни итальяндық компания ТЭН әзірлеген және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Жобаның ТЭН қорытындысы бойынша, жақын уақытта, жобаны одан әрі іске асыру жөнінде шешім қабылданатын болады, атап айтқанда жобалық-сметалық құжатты әзірлеу бойынша, бұл ретте    2013-2014 жылдары ЖСҚ әзірлеу кезеңі, ҚР нормалары мен ережелерін сақтау қажеттілігін ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мәселесі «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу арқылы пысықталуда.

Қазақстан-Қытай комитетінің ынтымақтастық жөніндегі 6-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық және «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу туралы келісімге қол қойылған (2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында).

Қазіргі уақытта аталған Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

2013 жылға арналған жоспарлар

- «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Сарыбұлақ-Зимұнай», «Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырларын салу жобаларын іске асыруды жалғастыру;

- 2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- РФ-пен ҚГӨЗ салу және Қарашығанақтың 3-ші сатысын дамыту мәселелерін ескере отырып Орынбор ГӨЗ негізінде БК құру мәселесі бойынша келіссөздерді 2013 жылғы бірінші жарты жылдығына дейін аяқтау;

- ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ-Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- ҚР Мұнай және газ министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйыту зауытын салу мен пайдалану туралы келісім жобасын Қытай тарапымен келісу және қол қою.

Еліміздің дамып  келе жатқан халық шаруашылығын энергия  тасушылармен қамтамасыз ету үшін КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесі «Газ өнеркәсібін және КСРО кәсіпорындары мен қалаларын газбен жабдықтауды әрі қарай дамыту туралы» 1958 жылғы 15-тамыздағы №935 бірлескен қаулыны қабылдады, онда 1959 -1965 жылдары бірқатар магистральдық газ құбырларын, оның ішінде «Бухара-Орал» және «Орта Азия-Орталық» газ құбырларын салу бағдарламасын жүзеге асыру көзделген.

           Алғашқы газ құбыры Орта Азиядан  Оралға газ жеткізді, екіншісі - Түрікмения, Өзбекстан мен Қазақстан кен  орындарын өнеркәсіптік дамыған  орталық Ресеймен байланыстырды.

          Бәрі 1961 жылғы 5-мамырда басталды. Газлиде «Мұнайқұбырмонтаж» трестінің  бригадасы болашақ «Бухара-Орал»  газ құбырының «нөлінде» алғашқы  түйісуді дәнекерледі.

          1961 жылғы 23-мамырда КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Газ өнеркәсібі бас басқармасы басшылығының №123-бұйрығымен Шалқардағы (Қазақ КСР Ақтөбе облысы) және Челябинсктегі (РКФСР) екі бөлімшесімен Қаған қаласында (Өзбек КСР) салынып жатқан «Бухара-Орал» газ құбырының дирекциясы ұйымдастырылған болатын.

         1963 жылғы 25-қарашада алғашқы бухара  газы Оңтүстік Орал орталығы  – Челябинск қаласына жетті.  Ал 1964 жылдың қараша айында бухара  газы Свердловскке келді.

         Екінші кезек құрылысы мерзімінен  бір жыл бұрын аяқталды. Құрылыс  масштабтары ғажап болды. Газ  құбыры трассасы елімізде ең  ұзын және ең заманауи болды  - 4464 километр, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 700 км.

         Бүкіл трасса бойында 17 компрессорлық станция, оның ішінде 5-уі – Қазақстанның Ақтөбе облысында, 22 газ тарату станциясы салынды, үлкен газды айдап қотаратын агрегаттар монтаждалды, электрберілісі желілері, су алу құрылыстары мен магистральдық су құбырлары, жолдар, көпірлер, радиорелелік желі салынды.

         «Бухара-Орал» магистральдық газ  құбырының құрылысы бұрынғы Кеңес  Одағының көптеген өңірлерін,  оның ішінде Қазақстанның да  индустриялық дамуына жаңа серпіліс  берді.

        1965 жылы «Орта Азия-Орталық» газ  құбырларының көп желілі жүйесінің  құрылысы басталды. Жаңа газ тасымалдау  магистралі Өзбекстан пен Түрікмениядан табиғи шикізаттың күшті ағыстарын өзіне алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің орталық аудандарына миллиардтаған текше метр газды тасымалдауы тиіс болған.

         1965 жылдың қазан айынан бастап  ұзындығы 3180 километрлік «Орта Азия-Орталық»  газ магистралінің бірінші желісінің  құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағында  «Бейнеу» және «Индер» алғашқы  компрессорлық станцияларының құрылысы  басталды. «Орта Азия-Орталық» (ОАО)  магистральдық газ құбырлары  жүйесінің желілік бөлігінің  бірінші кезегі 1967 жылы бір жарым  жылдың ішінде салынды.

         Содан кейін құрылысшылардың  орнына пайдаланушылар мен тасымалдаушылар  келді. Сөйтіп жаңа өмір басталды. Кейіннен тағы да төрт газ  құбырлық желі өткізілген қауырт  жұмыс істеген жылдар болды. 

         «Орта Азия-Орталық» газ тасымалдау  жүйесінің құрылысы Қазақстанның  газ саласының пайда болуы  мен қалыптасуының маңызды кезеңі  болды. Бүгін «Орта Азия-Орталық»  газ құбыры жүйесінің еліміз  экономикасында рөлі маңызды,  өйткені ол арқылы орташа азиялық  газдың айтарлықтай көлемінің  транзиті жүзеге асырылады.

         70 жылдардың басында Орынбор газ  конденсатты кен орнының игерілуімен  тағы екі ірі «Союз» және  «Орынбор-Новопсков» магистральдық  газ құбырларының құрылысы басталды. «Орынбор-Новопсков» газ құбырының  қазақстандық учаскесі 1972 жылы пайдалануға  енгізілді. Қатарынан Орынбордан  Александров-Гайға дейін КСРО  батыс шекарасына ұзындығы 558 километрлік «Союз» газ құбырының алғашқы учаскесі желісінің құрылысы басталды. 1978 жылдың аяғына дейін бүкіл газ құбыры салынып болды.

         Газ құбырларының құрылысымен  қатар Қазақстан Батысында оңтүстік  газ тасымалдау жүйесінің құрылысы  басталды, бұл еліміздің ең ірі  мегаполисі – Алматы қаласына  және халқы көп оңтүстік өңірінің  облыстық орталықтарына газ беруге  байланысты болған.

        Газ берілген объектілері санының  өсуіне қарай Бухара газды  ауданынан Ташкент, Фрунзе арқылы  Алматыға табиғи газды жеткізу  үшін магистральдық газ құбырын  салу қажеттілігі туды. «Бухара  газды ауданы - Ташкент - Бішкек - Алматы» газ құбырының құрылысы 1961 жылы Газли кен орнынан басталды.

        1968 жылы газ облыстық орталық  – Жамбыл қаласына жетті. 1971 жылдың  қаңтар айында Алматы қаласына  дейін «БГА-ТБА» газ құбырының  құрылысы аяқталып, Заря Востока  кентінде ГТС-1-де салтанатты жағдайда  газ факелі жандырылды. 1988 жылы  «Газли-Шымкент» газ құбырының  құрылысы аяқталды.

     Кеңестік  кезде Қазақстан аумағынан өтетін  тағы бірнеше магистральдық газ  құбыры салынды. 1965 жылы Челябинск  облысында Қарталы қаласынан  Рудныйға дейін газ құбыры  пайдалануға енгізілді. 1973 жылы «Окарем-Жаңаөзен»  газ құбыры салынып, 1975 жылы Бейнеуге  дейін жеткізілді. 1987 жылы «Мақат-Солтүстік  Кавказ», ал 1988 жылы «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе»  магистральдық газ құбыры пайдалануға  енгізілді. Олардың барлығы қазақстандық  магистральдық газ тасымалдау  жүйесінің дамуында маңызды рөл  атқарды.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы табиғи газ 14 магистральдық газ құбырымен тасымалданады. Газ айдауды 291 газ қотару агрегаты орналасқан 22 компрессорлық станция қамтамасыз етеді. Магистральдық газ құбырларының бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.

         Магистральдық газ құбырлары  жүйесін пайдалану мен техникалық  күтуді 1997 жылдың маусым айында  құрылған «Интергаз Орталық Азия»  АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына  кіреді) қамтамасыз етеді, ол республиканың  ішкі тұтынушыларына (еліміздің  14 облысынан 9-ы) және экспортқа  табиғи газды тасымалдауды, сондай-ақ  халықаралық газ транзитін жүзеге  асырады.

        Жергілікті  жерлерде газ тасымалдау жүйесі  объектілерін пайдалану мен күтуді  жеті филиал - магистральдық газ  құбырлары басқармалары және  «Инженерлік-техникалық орталығы»  филиалы жүзеге асырады.

        «Интергаз  Орталық Азия» компаниясы қолданыстағы  газ тасымалдау желілерін қайта  құру мен жаңартуға айтарлықтай  қаражат салады және өз қызметінің  салаларын кеңейту бойынша жаңа  жобаларды іске асыруды жүзеге  асырады.

       2001 - 2010 жылдар ішінде жаңа ішкі магистральдық  газ құбырларының 684 км салынды.  Оның ішінде он жылдық ішінде ұзындығы 193 км «Амангелді-КС-5 (Тараз)» газ құбыры, сондай-ақ ұзындығы 123 км «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры пайдалануға тапсырылды. Біріншісін енгізу 2003 жылғы 23-қазанда өтті, ол кезде Амангелді кен орнынан газ облыстық орталыққа дейін жетті. Жаңа газ құбырын салу белгілі бір деңгейде Қазақстанның өзбек жеткізушілерге тәуелділігін жоюға және Жамбыл облысының тұтынушыларына қосымша газ көлемдерін беруге мүмкіндік берді. «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры 2004 жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылды. Ол Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында салынған болатын.

        2006-2008 жылдары «Опорная» КС-те ОАО-4 және ТКЦ-4 лупингін салу» инвестициялық жобасы іске асырылды. ОАО-4 лупингінің құрылысы көрші мемлекеттермен ортақ газ тасымалдау жүйесін құрайтын магистральдық газ құбырларындағы жұмыстың ең маңызды учаскелерінің бірі болып табылады.

        Газ  саласын дамытудың маңызды құрамының  бірі Қазақстанның транзиттік  әлеуетін қамтамасыз ету болып  табылады.

        Еліміз  газ тасымалдау бағыттарын кеңейтуге  және көмірсутекті жеткізуге  жаңа жолдарды іздеуге мүдделі.  Егер өткен жүзжылдықта Қазақстан  үшін батыс бағыты басым болса, 21 ғасырда «көгілдір отынды» тасымалдаудың  шығыс жолы да сәтті игеріле  бастады.

Информация о работе Қазақстанның газ өнеркәсібі