Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:27, творческая работа
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.
Тарих – ақша баламасында
Тарих – ақша баламасында» атты көрменің ғылыми концепциясы
Тақырыптың негіздемесі
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.
Ақша –жалпыға
бірдей балама ретінде барлық басқа
тауарлардың құнын көрсететін ерекше
тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер,
сатушылар,тұтынушылар
Ақша тауар өндірісі мен
айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде
стихиялы жолмен пайда болды. Алғашқы
кезде бір еңбек өнімі екінші
еңбек өніміне тікелей
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі-мал бағушы тайпалардың егіншіліктен бөлініп шығуы еңбек өнімділігін арттырып, оған тұрақты сипат берді.
Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді.
Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.
Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды.
Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.
Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, әсіресе алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, қолайлылығы, сақталғаштығы ) арқасында Ақша ролін атқаруға өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.
Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.
Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс ,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын , тиын сарайының ,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі ,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.
Қазақстанда металл
ақша негізінен орта ғасырларға жататын
көне қалаларда, обаларда жүргізілген
археологиялық қазба
Қазақ елінің Ұлы Жібек
жолының бойында орналасуына
байланысты металл ақша жасау қажеттігі
ертеден қолға алынғанын
ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.
Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген . Оның бетінде «Түркеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған.
Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған.
ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен
ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің
Отырардан шығарылуы Қазақстан
жерінде сауда-саттықтың
Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек , Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғ.аяғы мен ХІҮ аралықты қамтиды.Ол жерден табылған көне теңгелер Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінде өз ізін қалдырды. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі ,орнығуы күмістеңгелер –дирхемдерде сунниттік сенімнің белгісі мен құранныңалғашқы жолдарыныңжазылуынан көрінеді. Теңгелерде «Кутлуг булсун» деген көне түркі сөзі яғни «Құтты болсын»деген тілек жазылған. Сондай-ақ бет жағында «билік, байлық, ержүректіліктің белгісі болып табылатын- сұңқар,алдыңғы аяғын көтерген, арқасынан күн шығып келе жатқан арыстан» бейнелері берілген. Олардан тағы басқа да жануарлар бейнесін, тартымды, геометриялық және өсімдік тәріздес оюлармен қатар зодиак белгілерін көруге болады.
Ал ХІҮғ.ортасында
шығарылған теңгелердің көбінде
әрленген екі басты бүркіт пен
алты жапырақты гүл бейнесі
Сарайшық Қырымнан Хорезмге дейін, одан шығыс пен оңтүстікке созылып жатқан ірі магистраль бойындағы қала ретінде дамыған. Сол себепті қалаға ең жақын сауда орталығы –Хорезмнің теңгелері айналымда басқаларға қарағанда көп болған. Мұнда Тоқты ханның атынан Хорезмде шығарған күміс теңге хижраның 694 жылымен мерзімделген, онда «Әділ тоқты» деген жазу жазылған. БұлСарайшықта табылған теңгелердің ең көнесі. Хорезмнің теңгелері бедер салынуымен, ірі салмағымен және көркемдігімен ерекшеленеді.Ал жергілікті Сарайшық теңгелерінде көп жапырақты гүл немесе «Сарайджук қаласынан шығарылған» деген жазу болған.(Мұндай теңге түрлерін Сіз біздің «Архелогия» мен «Алтын Орда « залындағы экспозициядан да көре аласыз)
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы транзиттік сауда Орта Азияның көптеген елдерімен және Ресеймен сауда –саттық қатынасын орнатады.
Ресей империясының мемлекеттік гербі –екі басты бүркіті мен императорлар бейнесі бейнеленген ақшалар ХҮғ аяғында пайда болған. Мұндай белгісі бар ақша Ежелгі Египетте, Ертедегі Римде де болған. Ә детте ол билік белгісін білдірген.
Музей қорында ХХғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі және осы кезеңнен кейінгі ақша түрлері көп сақталған.
ХҮІІІғ аяғында ХІХғ басында
шығарылған бұл қағаз ақшалар
есеп айыру белгісі ретінде
Мәселен, «Заем свободы» деп аталатын құнды қағаз иесіне белгілі бір құқық пен еркіндік берген. Бірақ олар халық тарапынан қолдау таппағандықтан ұзақ қолданылмаған.
Сонымен бірге 400 мың рубльдік чек-бон деп аталатын ақша түрі айналысқа енген. Кейін қаржылық тапшылығына байланысты оның саны 50 миллионға дейін өскен. Бірақ бонның түрлерін қолдан жасау көбейіп кеткен соң және сапасы төмен болғандықтан қағаздардың орнына металл түрлерінен жасалған бондар айналысқа енгізілген.
1918 жылдан бастап екі
басты бүркіт бейнеленген мемле
Сонымен бірге осы жылдары Орал шаһарында Орал казак әскерлерінің арнайы бес, алты пайыздық міндеттемесі бар заемдік құнды қағазы айналымға шығарылған. Бұл құнды қағаз Орал Казак Әскери басшылығының жарлығы бойынша шығарылған. Мұндай құнды қағаз арқылы 5 немесе 6 пайызбен арнайы купон алып, 3 рет үлкен сауда жасауға, немесе қор жинауға болатыны аталған. Есеп айырысу барысын Әскери басшылық қадағалап отырған. Құндылығын 9 айға, кейбірі 10жылға дейін сақтаған, көрсетілген мерзімнен кейін өз күшін жойған болып есептелген.
Жалпы металлдан тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында қандай табысқа жеткендігін байқатты.
Тиындардағы белгілер мен
жазулар арқылы басқару түрлерін,
патшалықтың ауысуын, әулет шежіресін,
мемлекеттік төңкерістерді т.б.
1922жылдан бастап Кеңестер
Одағының белгісі (жер шары, егін
сабақтарымен көмкерілген орақ
пен балға бейнеленген) ақша
түрлері шығарыла бастайды.
Металл ақшаны мемлекеттер қазіргі кезде де тарихи оқиғаларды ,мәдени ескерткіштерді ,көрнекті қайраткерлерді есте қалдыру үшін ,мерейтойлық күндерді ,мәдениет және спорт саласындағы жетістіктерді атап өту үшін пайдаланады.Ол елдің тарихи дәуірдің өзіндік «өкілі», «бет-бейнесі болып табылады.
Жаңа кезеңде сонымен бірге никельден, алюминийден, т.б. металдардан құйылатын болды. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сынаманы (пробаны) мемлекеттік өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттердің тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын және салмағын төмендетіп шығарған кездері болған. Сондықтан металл ақша көлемі жағынан әр түрлі болып келеді.
Ресейде 1917 жылғы Уақытша
үкіметтің орнауымен сол кезде
ХХғ басында айналысқа 100,250,500,1000,5000, 10 000 рубль болып шығарылып, 1,5 және 10 миллионға дейін барған қағаз ақшалар енгізіле бастайды. Оның ерекшелігі көлемі үлкен болған, өзі ашық үгіт -насихат түріндегі плакаттар тәрізді жасалған. Бұл ақшалардың көпшілігі Мәскеу, Пермь, Пенза, Казанның ақша фабрикаларында жасалған.
1921және 1922жылдары Ресей
Федерациясында қағаз
ХХ ғасырда, яғни Кеңестік дәуір кезеңінде үш рет -1922-24, 1947,1960 жылдары ақша реформасы болды. «Реформа» деген сөздің өзі француз тілінен шықан. «Өзгертемін» деген ұғымды береді.Ақша жүйелерінің толық өзгертілуі немесе белгілі бір белгінің жаңа белгіге ауыстырылып шығарылуы –осы,ақша реформасы негізінде жүргізіледі.
Мәселен, 1922-1924 жылдары, яғни жаңа экономикалық саясат кезеңінде ақша реформасы айналысқа банк билеттері –червонецті шығарады. «Червонец» деп аталған ақша түрі Ресейге Украинаның қосылуымен байланысты пайда болған.Червонец ақ түсті қағазға басылып,біртектес болып жасалды. Онда Ресейдің мемлекеттік елтаңбасы , ақшаның сериясы ,нөмірі,шыққан жылы,мәтіні және банк басқармасының қолы ақшаның оң жақ бетіне жазылды.Артқы беті таза күйінде қалған немесе сол кезеңнің көсемі Ленин бейнесі берілген.
Сонымен қатар осы жылдарықұны 1,3, 5 сомдық қазыналық билеттер,1 сомдық ,50,25,15,10 тиындық күміс және 1,2,3,5 тиындық қара шақалар шығарылды.
1941-1945жылдарға
созылған Ұлы Отан соғысы