Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................2
ЛИЗИНГ
1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны. Лизингтің даму тарихы........4
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері...........7
1.3 Лизингтік қаржылардың несиеден айырмашылығы.....................................8
1.4 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері.....................................9
2. Қаржы лизингі...................................................................................................13
3. Қазіргі ҚР-ның индустриалды – инновациялық кезеңіндегі лизингтің
орны....................................................................................................................17
3.1 Лизингтің артықшылықтары..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ1.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

     Оның  себебі бері жатыр – шаруашылықтарда  қаражат тапшылығы басым, олардың  тапқан табыстары техникамен қайта жарақтандыру үшін ауқымды инвестиция жасауға  мүмкіндік бере алмайды.

     Мұндай  техникалық жарақтандыру және қызмет көрсету жағдайының шиеленісуін  қалпына келтіруде ауыл шаруашылық өндірісін техникалық және технологиялық  жаңғыртудың тиімді құралы ретінде  лизингтің атқаратын қызметі  зор.

     Мамандардың бағалауы бойынша, шаруалар үшін лизингілік тәсімнің қолайлылығы, несиелікпен салыстырғанда, 10,6% құрайды, ал техниканы меншікті қаражаттарына сатып алумен салыстырғанда - 14,0%.

     Қазақстандағы лизингілік қызметті іс жүзінде дамыту тәжірибесін талдай отырып, мамандар құрылған жүйенің шоғырлануға ұмтылысын  көрсететінін айтады. Мысалы, елімізде қаржы лизингі  аса қомақты шамада өзінің қолына  «ҚазАгроҚаржы» ЖАҚ  жұмылдырды. Техникалық  ресурстар нарығындағы компанияның үлесі: тракторларды жеткізуде 71%, астық жинау комбайндарын жеткізуде - 80% дейін құрайды. Ал бұл көпшілік шаруашылықтардың, әсіресе, егінмен айналысатын шаруашылықтардың техникалық ахуалын анықтайтын ең негізгі техника түрлері ғой.

     Біртіндеп басқа да лизингілік компаниялар  құрыла бастады. «ҚазАгроҚаржы» ЖАҚ  басқа, қазір Қазақстанда, негізінен, өнеркәсіп, сауда, технологиялық  және басқа да жабдықтарды, автокөлікті, оргтехниканы жеткізуде мамандандырылған 180 астам жекеменшік лизингілік компаниялар тіркелген. Нақты ауыл шаруашылығы лизингісімен небары 14-15 компания айналысады, жалпы көлемде олардың үлесі  көп емес, орташа есеппен 15 -20% құрайды. 

     Өз  қызметін жүзеге асыру үшін олар жоғары пайыздық мөлшерлемемен несиелерді жұмылдырады (18-23%), ал олардың өтемақысы  бойынша шығындарды лизинг алушыларға салады, бұл жалға алынған техниканың құнын  айтарлықтай қымбаттатады. Шаруалардың көпшілігі үшін лизинг әлі  қолайлы емес екендігінің себебі де осында жатыр.

     Айналым қаражаттарының шектеулілігінен қолдағы  бар қаржы қорларының  көп бөлігін  ауыл кәсіпорындары ағымдағы шығыстарға аударуға мәжбүр, бұл қаржы лизингісі жағдайында төлемдерді қайтармау тәуекелдігімен ұштасқан. Қазіргі кезде лизингілік компаниялар қамтамасыз ету шартына алушылармен лизинг шартының өтімді жылжымалы және жылжымайтын мүлікті  немесе ақшаны кепілдікке салу туралы тармақтарын орындалуын, банк кепілдігін, лизинг затын сақтандыру және т.б. енгізе отырып, бұл тәуекелдіктерді азайтуға тырысады.

     Лизинг  берушілер мен олардың несиегерлеріне мемлекеттік кепілдік беруді ұйымдастыруға  агролизингті тікелей қаржыландырудан бюджеттік қаражаттарды пайдалануды қайта бағдарлау 1) шарт талаптарын орындамау тәуекелдігін, лизингілік төлемдер құрылымындағы банк несиелерінің пайыздық мөлшерлеме үлесін едәуір азайтуға, 2) табысталатын техника құнын арзандатуға, 3) экономиканың аграрлық секторына ірі қаржы ресурстарын тартуды қарқындатуға мүмкіндік береді.

     Алдын ала жасалған деректер бойынша, жасасқан шарттардың көлемі ақшаға шаққанда $5,5 миллиардқа жетті. Лизингілік индустрияны  дамытудағы негізгі ынталандырушы  фактор - мемлекет саясаты, біріншіден,  осы инвестициялық құралды пайдаланатын кәсіпорындарға салық пұрсаттылықтары.

     Ресейде нақты 300 лизингілік компания әрекет етеді, ал ұлттық қауымдастығына небары жүз  шақтысы ғана бірлескен. Нарық қатысушылары, тапсырыскерлер мен инвесторлар үнемі «Эксперт-РА» агенттігі мен Жоғарғы экономика мектебінің профессоры,  «Гарантинвест» консалтингілік компаниясының басшысы В. Газман жүргізетін 2 зерттеуге бағдарланады. В. Газман мырзаның зерттеуі негізінде (ол 300-ге таман компанияны қамтиды, соның ішінде барлық ірі компанияларды) London Financial Group Ресейдің әлемдік рейтингтегі жайғасымын анықтайды. Алты жыл бұрын лизингілік операциялар көлемі бойынша Ресей 34-ші жайғасымда, ал 2003 жылы жабдықтар лизингі бойынша дүние жүзінде 18-ші орынға, Еуропа бойынша 10-шы орынға шықты.

     Өткен жылы нарықтың  жоғары серпіні солай  сақталып қалды. «КМБ-банк» ЖАҚ лизингілік операциялар басқармасы бастығының, «КМБ лизинг» компаниясының басшысы  О. Бушинаның бағалауы бойынша, нарық  көлемі шамамен 30% өсті және $5 миллиардқа жетті. «КамАЗ-лизинг» ААҚ бизнесті дамыту жөніндегі  бас директорының орынбасары Д.Глобенконың берген бағасы одан да қуанышты - $6 миллиард.

     Басты даму стимулы деп лизинг нарығының  қатысушылары бір дауыстан салық  пұрсаттылықтарын біріншіден, өзіндік құнға лизингілік төлемдерді жатқызу мүмкіндігін айтады. Кейінгі 2 жылда лизингтің артықшылығын жоғары дәрежеде іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар нормативті құжаттар қабылданды, қазір лизингілік компания басшылары енді сол жеткен жетістіктерді сақтап қалмақшы. «Лизинг ендігі – ең күшті инвестициялық құралдардың бірі болып қалғаны бәріне мәлім, - дейді О.Бушина. – Өндіріс тек кәсіпорынның жабдық лизингісіне салатын салынымдары есебінен ғана емес, сонымен қатар салық  жеңілдіктерінен босатылатын қаражаттар есебінен де жаңартылып жатыр».

     Нормативтік базадағы (Салық Кодексінің 30 тарауы) кейінгі өзгерістердің бірі - лизингілік компанияларды мүлікке салынатын  салықтан босатты. Осы тараудың ережелерін түсіндіре отырып, Қаржы министрлігі  (2004 жылғы 31 тамыздағы хаты) лизинг берушінің табыс салынымдары ретінде баланс бойынша өтетін мүлікке салық салынбайтынын атап өтті. Сөйтіп, мәміле қатысушылары лизингілік мүлік құнын жылына 2,2% үнемдеуге мүмкіндік туғызды.

     Дағдарыс  кезінде ғана күшейе түсетін нарықтың жүйелі проблемасымен ұзақ мерзімді қаржыландыру дефициті: «банк секторының толық жетілмеуі, нарықтағы ұзақ мерзімді өтемпаздықтың жоқтығы (бір жыл және одан да көп) лизингілік компанияларға көп көлемдегі ұзақ мерзімді ресурстарға өтуіне мүмкіндік бермейді.  Europlan  батыс акционерлері, маңызды шетелдік серіктестер, филиалдардың жетілдірілген желісі – сонда да біз $100 миллионнан жоғары мөлшердегі несиелерге қолымыз жетпейді», - деп санайды Europlan компаниясының президенті Н.Зиновьев.

     Кез келген өскелең нарық сияқты Ресейде лизинг  тіптен бір текті емес. Сарапшылар лизингілік компанияларды құрылтайшылар, мәміле заттары, мақсатты аудиториялар бойынша жіктеуден баяғыда-ақ бас тартқанды. Нарық қатысушылары атаған жалпы беталыс – лизингілік компаниялардың әмбебаптануы.

     2004 жылдың ең көзге көрінетін  мәмілесі  – Еuroplan компаниясының  $20 миллионға «Рольф» тобы лизингілік  бөлімшесін - «Фирма Кельвин» ЖАҚ  сатып алуы болды. Ең ірі дилерлік холдинг  бейініне жатпайтын бизнесінен айрылды, өйткені лизингілік компанияның өскелең қаржы қажеттіліктерін меншікті өз қорлары есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмады. Жұтылудан кейін автокөлікпен мәміле үлесі Еuroplan –да 20-дан 50%-ға дейін өсті, ал лизингке табысталған автомобильдер паркі 4 мың бірлікке жетті.

     Лизингілік  мәмілелердің негізгі қаржыландыру көзі банк несиесі болып қала бермек, алайда, өткен жылы бірнеше лизингілік компаниялар өзін қор нарығында  көрсетті. Алғаш рет бұл құралды игеріп алған ендігі үш бірдей – 500 миллионға, 1 миллирдқа және 1,5 миллиардқа қарызын өтеген  «РТК-лизинг» болды. Қазір айналымда «Глобус-лизинг» (400 миллионға және 320 миллионға), «Информ-сервис-лизинг» (15 млн., 150 млн. және 20 млн.) және  «ПН-лизинг» лизингілік компанияларының (20 млн.)  облигациялық қарыздары жүр. Бірақ  компаниялардың бәрі де  бұл қаржыландыру көзін қолайлы деп санамайды.

     «Глобус-лизинг»  әлдеқашан екінші облигациялық қарызын  шығарған, - дейді Б.Курцман. – Үшінші траншасы қараша айында бірінші, екіжылдық  бойынша төлемін төлеп болған соң болады. 400 миллионға қағаз орналастыруды жоспарлаудамыз, үш жыл офертасыз шығуға тырысамыз. Кейбір лизингілік компаниялар пассивтерді тарту мерзімдері көбірек болуға немесе активтерге тең болуға тиісті деп санайды. Біздің қаржы ағындарымыз қаржыландыру мерзімдері бойынша құлдыраудың салдарынан пайда болып қалуы ықтимал сәтсіздіктерді жеңілдетеді. Біздегі $8-10 млн. дебиторлық берешек несиегерліктен асып түседі, кассалық құлдыраулар меншікті ресурстар есебінен жабылып отырады».

     Өткен жылы өзінің қарқынды өсу серпінін теміржол жылжымалы құрам лизингісі көрсетті. Бұған біріншіден «Ресей темір жолдары» ААҚ саясаты ықпалын тигізді.

     Ірі лизингілік компаниялардың көпшілігі  үшін соңғы жылдары аймақтық даму басымдық болды. Астаналық лизингілік компаниялардың бизнесі Мәскеудің маңында көптеп көрінеді. Бұл ретте аймақтарда мәміле көлемі бойынша айтарлықтай дәрежеде астаналық «варягтарға» жергілікті лизингілік компаниялар жол береді. Сөйте тұрып, лизингілік компаниялар тағы да бір маңызды экономикалық мәселені шешеді, ол – инвестициялық капиталды астанадан аймақтарға ауыстыру.

     Лизинг  – мүлікті сатып алу және оны  лизинг келісімшартының негізінде  белгілі бір бағаға, белгілі бір  мерзімге және келісімшарттан туындайтын белгілі бір шарттармен лизинг алушыға  табыстау бойынша инвестициялық қызмет түрі, лизинг алушыда мүлікті құнын төлеп сатып алу құқығы қалады.  

     3.1 Лизингтің артықшылықтары 

    1. Өндірістік  қуаттылықтарды айналымдық қаражатты  жұмсамастан жаңарту;
    2. 80%-ға дейін қаржыландыруды қамтамасыз ету;
    3. Мүлік лизинг алушы кәсіпорынның балансында көрсетіледі;
    4. Лизинг келісімшартының әрекет мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін;
    5. Лизинг бойынша сыйақы түгелдей шегерімдерге жатқызылады;
    6. Алғашқы іске пайдалану жылындағы қосарлы амортизация нормасы;
    7. Лизинг келісімшарты әрекет еткен мерзім ішінде ҚҚС біркелкі мөлшерде есептеледі;
    8. Лизинг берешекті өтеу кестесін жасау тұрғысынан аса икемді болып келеді;
    9. Лизингтің заты лизинг келісімшарты аяқталғаннан кейін лизинг алушының меншігіне беріледі;
    10. Сатып алынып отырған лизинг заты лизинг мәмілесінің бірден бір қамтамасыздығы болып табылады.

     Қаржылық  лизинг шарттары:

  1. Лизингтің мерзімі: Оңтайлы мерзім – 37 ай.
  2. Сыйақы мөлшерлемесі: Жылдық 18%.
  3. Аванстық төлем енгізу: Лизинг затының құнының 20%-ы және одан көп мөлшерде.

     Жалға алудың артықшылығы:

    1. Кәсіпорынның айналымдық қаражаттарын үнемдеу;
    2. Көлікке салынатын салық пен автокөлікті сақтандыру қаражатын үнемдеу;
    3. Сервистік қызмет көрсетуге, техникалық тексеруге, қосалқы бөлшектерді, автошиналарды сатып алуға, автотұраққа және жууға байланысты қиындықтардың болмауы.

     Жалға алу құнына төмендегілер кіреді:

        • Жүргізушінің жалақысы;
        • Сақтандыру (Автокаско + НС, ГПО);
        • Жөндеу (ТТ1, ТТ2);
        • ЖЖМ;
        • Жуу, автотұрақ;
        • Көлік салығы;
        • АКБ, авто-резинаның (Қыс, Жаз) құны;
        • Техникалық тексеруден, ЖПБ комиссиясынан өту.

       

Информация о работе Лизинг