Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................2
ЛИЗИНГ
1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны. Лизингтің даму тарихы........4
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері...........7
1.3 Лизингтік қаржылардың несиеден айырмашылығы.....................................8
1.4 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері.....................................9
2. Қаржы лизингі...................................................................................................13
3. Қазіргі ҚР-ның индустриалды – инновациялық кезеңіндегі лизингтің
орны....................................................................................................................17
3.1 Лизингтің артықшылықтары..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ1.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

1.4 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері 

     Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім – шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.

     Лизингтің нысандары:

  1. Қатысушылар құрамына байланысты:

    - тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға   беруші және жалға алушы арасында;

    - жанама лизинг, келісім – шарт үшін үш немесе одан да көп жақтар арасында.

     2.  Мүлік нысанына байланысты:

      • жылжыйтын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;
      • жылжымайтын мүліктік лизинг ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады);
      • қолданыста болған лизинг мүлігі.

     3.  Мүліктің өтелімдігі бойынша:

      • толығымен өтелінетін лизинг, келісім – шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
      • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім – шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

     4.  Амортизация деңгейіне байланысты:

      • толық амортизация деңгейі;
      • толық емес амортизациялық деңгейі;
      • қызмет көрсету мөлшері бойынша.

     5.  Қызмет көрсету мөлшері бойынша:

      •                 таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
      •                 толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
      •                 жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

      •                 ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
      •                 халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.

                               Халықаралық лизинг:

          • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса;
          • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса;
          • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.

7. Лизингтік  төлемдер сипатына байланысты:

      •                 ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
      •                 өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
      •                 аралас төлемді лизинг.

8. Салық  және амортизациялық жеңілдіктерге  қатысты:

      •                 нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады;
      •                жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

9. Қаржыландыру  әдісіне байланысты:

      •                 мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
      •                 жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.

10. Жалға  алынатын мүлікке қатысты:

      •                 таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
      •                 толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

  Лизингтің түрлері:

1.  Қаржылық  лизинг. Жалға беруші төлейтін  төлем есебінен, жалға алынатын  жабдықтың толық амортизациясын  білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

     Қаржылық лизинг келесі негізгі  белгілермен сипатталады:

      • үшінші тұлғаның қатысуымен;
      • келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
      • лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
      • қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

     Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.  
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.

2.  Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.  
     Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).  
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
 

     2. Қаржы лизингі 

     Біздің  елімізде 2000 жылың шілде айында қабылданған  «Қаржылық лизинг туралы» Заңға  сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.

     Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар  ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті  сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

     Қаржы лизингі – бұл  инвестицияның бір түрі. Лизинг беруші  сатушыдан жекешелендіріп алған затын лизинг келісімшарты негізінде, белгілі бір құны мен белгілі бір шарттар негізінде уақытша иелік ету және кәсіпкерлік мақсатпен үштен жылдан аса уақытқа пайдалануға Лизинг алушыға беруге міндетті. 

     Мәмілеге  үш тарап қатысады:

     Лизинг  беруші («Қазкоммерцбанк» АҚ – Банк) – Лизинг бұйымын жекешелендіріп алып, оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша  алуға және пайдалануға беретін  қатысушы.

     Лизингті  алушы – лизинг келісімшарты негізінде  лизинг бұйымын уақытша алатын және кәсіпкерлігі үшін пайдаланатын қатысушы.

     Сатушы  – Лизингті алушы таңдап алған  тарап. Сатушы лизинг бұйымын Сатып  алу-сату келісімшарты негізінде Банктің  жекеменшігіне өткізеді. Ал Банк оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және кәсіпкерлігінде пайдалануға береді.

     Лизингтік мәміленің оңайлатылған нұсқасы:

     Лизингті  ала алатындар:

     Жеке  кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары, жүк және жолаушыларды тасымалдау аясында қызмет істейтін ұйымдар, құрылыс және өндірістік компаниялар, мұнай және газ өңдеу кәсіпорындары және т.б.

     Қызмет  шарттары:

     Лизинг  заты: ғимараттар, құрылыс нысандары, жер телімдері, транспорт, машиналар, және т.б. қолданбайтын заттар. Құнды қағаздар мен табиғи байлықтар лизингке жатпайды.

       Ең төменгі сома:

     Резидент  сатушылармен жасалатын мәміле – 30 000 АҚШ доллары;

     Резидент  емес сатушылармен жасалатын мәміле – 100 000 АҚШ доллары.

     Лизинг  мерзімі: 37 айдан аз болмауы тиіс. 

     Аванстық  төлем: лизинг бұйымының өтімділігі мен оның бағасының амортизациясына  байланысты лизинг бұйымының 0%-дан 50%-ға дейін;    

     Пайыздық  мөлшерлеме: қаржыландыру мерзімі мен  несиелеу тәуекелдігіне байланысты есептеледі;

     Төлеу мерзімділігі: ай сайын немесе тоқсан сайын;

     Ұйымдастыру комиссиясы: 0%-ден 3%-ға дейін;  

     Сақтандыру: лизингті жеткізу мен пайдалану  мерзімі бойы міндетті түрде сақтандыру қажет.

     Қаржы лизингін ұсыну шарттары жобаның  ерекшелігіне байланысты әрбір клиентпен жекеше талқыланады.

     Қаржы лизингтің артықшылығы:

      • Лизингті алушының салық түсетін табысынан қаржы лизингі бойынша сыйақысы шегеріледі;
      • Лизинг бұйымын пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизацияны бөлу амортизацияның екі нормасы бойынша есептеледі;
      • Қаржыландыру мерзімі – 3 жылдан аз болмауы керек;
      • Лизингті алушы Сатушыны, лизинг бұйымын таңдау, жеткізу түрін және кедендік рәсімдеуді өзі таңдайды;
      • Мәмілені жүзеге асыру барысында Банктегілердің білікті кеңесі беріледі;
      • Лизингті алушыдан лизингтік аванстық төлем жасауы негізінде (несие қаржысына қарағанда соманың төмендеуі кепілдікпен қамсыздандыруды қажет етеді) қосымша кепілдік қажет етілмейді. 

     Лизингтік мәміленің кезеңдері

      • Әлеуетті Лизингті алушыға кеңес беру және мандатқа қол қою (мәміленің индикативті шарттары);
      • Банктің өкілетті органдарының лизингтік қаржыландыруға түскен өтініштерді қарауы және шешім қабылдауы;
      • Сатушы мен Лизингті алушының лизинг келісімшартына және сату-сатып алу келісімшартына отыруы;
      • Мәміле құжатын рәсімдеу және валюта заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті процедураларды жүзеге асыру (лизинг бұйымы импортталса);
      • Жеткізу мен кедендік рәсімдеу (лизинг бұйымы импортталса);
      • Лизинг бұйымын алу мен беру, мемлекеттік органдарда тіркеу (қажет болған жағдайда) және лизинг бұйымын сақтандыру;
      • Банк пен Лизингті алушы арасында салыстыру актісін жасау;
      • Лизинг бұйымының меншік құқығын Лизингті алушыға рәсімдеу (барлық лизингтік төлемдер жасалғаннан кейін).  
      • Лизинг бұйымын сатушыларға банк бірқатар талаптар қояды:
      • Банк ұсынған сату мен сатып алу келісімшарттың формасын пайдалану;
      • Лизинг бұйымын жеткізу шарттары - СIP және DDU;
      • Лизинг бұйымы үшін сатушыға ақша төлеу:
      • Жеткізілген күні;
      • Аккредитив;
      • Лизингті алушымен алу-беру актісіне қол қою;
      • Лизинг бұйымының кепілдігі – 1 жылдан аз болмауы керек;
      • Сатушы Лизингті алушының алдында лизинг бұйымын жеткізу, жеткізу уақыты және лизинг бұйымының қалпы үшін жауап береді.

Информация о работе Лизинг