Лизинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................2
ЛИЗИНГ
1. Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны. Лизингтің даму тарихы........4
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері...........7
1.3 Лизингтік қаржылардың несиеден айырмашылығы.....................................8
1.4 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері.....................................9
2. Қаржы лизингі...................................................................................................13
3. Қазіргі ҚР-ның индустриалды – инновациялық кезеңіндегі лизингтің
орны....................................................................................................................17
3.1 Лизингтің артықшылықтары..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ1.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

     Қаржы лизингі бойынша жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының  барлық аумағындағы Қазкоммерцбанк филиалдарында жүзеге асырылады.

     Қазкоммерцбанктің мамандары лизингтік мәмілеге, тарифтерге қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап  беруге, бірлесе жұмыс  істеудің өзара тиімді шарттарын ұсынуға,  ынтымақтастықтың жеке схемасын әзірлеуге дайын.

     Сондай-ақ, сіз өз бетіңізше лизингтік төлемдерді, өтеу кестесін «Лизингті есептеу» калькуляторына жүгініп, есептей аласыз.  

3. Қазіргі  ҚР-ның   индустриалды  – инновациялық кезеңіндегі лизингтің    орны 

     Қазақстан индустриалды-инновациялық кезеңге  аяқ басты. Осы бағыттағы жұмыстарда ұзақ жылдар бойы өзіңіз айналысып жүрген лизинг саласы қандай орын алады?

     Иә, қазіргі заманда индустриалды-инновациялық Стратегияны жүзеге асырудың бірден бір құралы лизинг болып табылады. Соңғы кездерге, 2000 жылға дейін  лизингтің экономикалық мәні мен маңызын біздің билік орындары, билік жүйесі дұрыс тани алмай келді. Көбінесе лизингті қарапайым «жалға алу» деп бағалап келді. Ал 2000 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңы қабылданғанда, лизингтің анықтамасы өзгерді. «Лизинг – инвестициялық қызметтің түрі» деп белгіленді. Сөйтіп, лизингке көзқарас та біртіндеп өзгере бастады. Экономикасын дамытуға тырысқан әлемдегі кез келген ел инвестицияны көптеп тартуға тырысады. Оған қолайлы жағдай туғызуға ұмтылады. Осының бәрін есепке алғанда, инвестиция дегеніміз, экономиканы көтерудің, оны ары қарай дамытудың пәрменді құралы болып табылады. Ол – өндірісті көтерудің құралы. Импорт алмастыру, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат жүргізу бағдарламаларын кезінде қабылдаған болатынбыз. Қазір шикізаттық емес салаларды, қайта өңдеу салаларын дамыту, инновациялық-индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. Міне, соларды жүзеге асыру үшін техника мен технологияларды жаңарту қажет. Мәселен, Қазақстанның ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік секілді салаларын алатын болсақ, ондағы негізгі капитал – машиналар, құрал-жабдықтар ұзақ жылдар бойы дер кезінде жаңартылмаған. Олардың физикалық тозу деңгейі 70-80 пайызға жеткен. Олар моральдық жағынан да ескіріп қалды. Тоқетерін айтқанда, негізгі капитал тоқыраудың алдында тұр деген сөз. Сондықтан Қазақстан экономикасындағы негізгі капитал – машина, құрал-жабдықтарды түбегейлі өзгерту керек, түбегейлі жаңғырту-жаңарту қажет. Ал мұндай өзгерістің бірден бір құралы – лизинг болып табылады.

       Лизингтің өзі қазір жаңа ұғым, кәсіпкерліктің жаңа түрі. Оның әлемдік экономикадағы тарихы жарты ғасырдан аспайды. Қазіргі заманғы лизингтің Отаны – Америка Құрама Штаттары. Ал ТМД елдерінде, соның ішінде Ресейде, Қазақстанда, ол 1989 жылдан бастап дами бастады. Қазір біздің елдегі лизингтің 20 жылдық тарихы бар. Оны әрбір кезеңге бөліп, жеке-жеке қарастыруға болады. Бірақ та осынша уақыт ішінде лизинг мәселесі елімізде әлі де дұрыс жолға қойылмай келеді. Қазіргі әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайындағы лизингтің жай-күйі маман ретінде мені қатты алаңдатады.

     2008 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасымен Салық кодексі  жаңартылды. Сол кодекстегі лизинг  мәселелері бойынша, тамыз-қараша  айлары аралығында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің Жұмыс тобына қатысуға мүмкіндік алдым. Сол кезде Үкімет «Корпоративтік табыс салығын 2009 жылы 30-дан 20 пайызға, 2010 жылы 17,5 пайызға, ал 2011 жылы 15 пайызға дейін төмендетеміз, яғни пайыздық ставкасын екі есеге дейін қысқартамыз» деген ұстанымда болды. Сөйтіп, билік кәсіпкерлерге осындай жеңілдік жасай отырып, басқа салық түрлері бойынша осыған дейінгі бар жеңілдіктерді алып тастайтынын айтты. Бірақ бұл қате ұстаным еді. Өйткені бұл өзгеріске сәйкес, жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығына және құрал-жабдықты импорттауға байланысты лизингке берілетін жеңілдіктер алынып тасталып, лизингтік келісімшарт жасауға да кедергі келтіретін баптар пайда болды. Ол баптар лизингтің дамуына кедергі тудыратын еді. Сондықтан лизингтік бизнеске байланысты осыған дейінгі Салық кодексінде беріліп келген салық жеңілдіктерін қорғап қалуға, соны өз қалпында қалдыруға бар күшімізді жұмсадық. «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы және лизингтік компаниялар өкілдерімен бірігіп, осы бағытта біршама тер төктік. Жеке өз басым негізінен, жеті бап бойынша өз ұсынысымды кодекске енгізуге тырыстым. Оның үшеуі толықтай, ал екеуі жартылай қабылданды. Қалған басты екі ұсыныс өтпей қалды.

       Енгізілген осы ұсыныстардың өміршеңдігі 2012 жылға дейін болуы ықтимал. Яғни, 2012 жылы аталған баптар бойынша енгізілген өзгерістердің, жеңілдіктердің алынып тасталу қаупі бар. Сондықтан болашақта да осы бағытта көп жұмыс жасауға тура келеді. Қазіргі кездегі лизингтік бизнесті дамытамыз десек, 2010 жылдан басталатын бесжылдық индустрияландыру бағдарламасын толық іске асырайық десек, кәсіпкерлерді бизнес жүргізуге ынталандыратын салықтық жеңілдіктер беру керек.

       Қазір Қазақстан бойынша 40-50 шақты  лизингтік компания жұмыс істеп жатыр. Сондықтан оларға салықтан жеңілдік жасалса, ол мемлекетке көп салмақ түсірмейді. Оның өзінде сол компаниялар 2007 жылы бір жарым миллиард доллардың техникасы мен құрал-жабдықтарын еліміздің тауар өндірушілеріне жеткізіп берді. Сондықтан лизингке кең, даңғыл жол ашуымыз керек. Нақтырақ айтқанда, лизингтік бағдарламалардың орындалуында, оларды қаржыландыруда және жеңілдіктер беруде үлкен мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Жаңа салық кодексі, өкінішке қарай, лизингтік бизнеске қолайлы жағдай туғызудың орнына, кедергі келтіріп отыр.

     Жалпы, бизнеске қолайлы жағдай туғызу бойынша, Қазақстан бұрынғы орнынан 12 сатыға жоғарылаған. Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы жағынан алғанда, жаңа Салық  кодексінде белгілі бір салалар  бойынша ілгерілеулер бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Алайда жаңа кодекс лизингтік бизнеске қысым жасап отыр.

     Әрине болады. Қазақстан Республикасы статистикалық  Агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы еліміздегі лизингтік бизнестің  көлемі төмендемеген. Бірақ менің  ойымша, бұл нақты жағдайды көрсетпейді. Демек, біздің статистика есебі дұрыс жолға қойылмаған. Сол себепті сала бойынша лизингтік компанияларға сауалнама жүргіздік. Бұл мониторинг нақты талдау жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижелеріне жүгінсек, мынандай екі тенденцияны анықтауға болады. Оның біріншісі мемлекеттік лизингтік компанияларға, екіншісі коммерциялық лизингтік компанияларға қатысты.

     Елімізде  мемлекеттік және жартылай мемлекеттік  үш ірі лизингтік компания бар: «КазАгро»  холдингінің «ҚазАгроҚаржы» АҚ, Қазақстан  даму банкінің еншілес кәсіпорны – «БРК–Лизинг» АҚ және «Астана-Қаржы» лизингтік компаниясы АҚ. Олардың әрқайсысының лизингтік қоржыны 150-300 миллион долларды құрайды. Бір сөзбен айтқанда, олар – Қазақстанның лизингтік бизнесінің көшбасшылары. Мұның ішінде «Астана-Қаржы» лизингтік компаниясының қаржылық жағдайы бас компаниядағы қиындықтарға байланысты төмендеп кетті. Ал қалған екеуі толықтай мемлекеттің еншісінде болғандықтан, қаржылық жағдайы жақсы. Қазір еліміздегі басымдыққа ие сектор – агроөнеркәсіп саласы, индустриалды-инновациялық жобалар. Міне, бұл салалардағы ірі жобаларды, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру – мемлекеттің 100 пайыз үлесі бар аталған екі компанияның міндетінде. Сондықтан оларға қазір Үкімет қомақты қаржы бөліп жатыр. Соның арқасында «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «БРК–Лизинг» АҚ-да лизингтік операциялар көлемі 49 пайызға артқан.

     Сөз еткен мемлекеттік компаниялардан басқасы банктік лизингтік компаниялар, ал қалғандары өндірушілер, яғни машина жасау саласының кәсіпорындары  құрған компаниялар. Осы жеке кәсіпкерлік, коммерциялық лизингтік компаниялардың бүгіндері жағдайы мәз емес. 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметтер бойынша, яғни жылдың басы мен шілде айындағы аралықта коммерциялық лизингтік компаниялардың лизингтік операциясының көлемі 25 пайызға төмендеген. Ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда, тағы да осындай 25 пайыздық төмендеу болған еді. Сонда коммерциялық лизингтік компаниялардың лизинг нарығының көлемі қаржылық дағдарыс кезеңіндегі екі жылдың ішінде 50 пайызға төмендеген.

     Оған  біріншіден, лизингтік операцияларды қаржыландыру мен несиелеу көлемінің төмендеуі себеп. Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы экономиканы қаржыландыруға бөлген банктердің несие көлемі 38 пайызға төмендеген. Оның ішінде несиенің бөлінуі құрылыста – 99%, саудада – 99,5 %, ауылшаруашылығы саласында – 94,6 %, көлік саласында 91 %-ға төмендеген. Яғни, коммерциялық банктер осы салаларға несие бөлуді мүлде доғарды деп айтсақ та болады. Соған байланысты өндіріс саласының кәсіпорындары өзінің өндіріс көлемін қысқартқан. Ал ол өз кезегінде лизингтік операцияларға деген сұранысты күрт төмендеткен. Бұл – екінші фактор. Жылдың басында ұлттық валютаның 25 пайызға девальвациялануы үшінші фактор болып табылады. Төртіншіден, жаңа Салық кодексіндегі лизингке қатысты баптардың «Қаржылық лизинг туралы» Заңмен, Халықаралық қаржы есебі стандарттарымен сәйкес келмеуі себеп. Осы үш заңдық-нормативтік актілердің бір-біріне қарама-қайшы болуы лизингтік бизнестің ары қарай дамуына кедергі келтіріп отыр.

     Лизингтік бизнес – ел экономикасының жағдайына, қаржыландыруға байланысты өзгеріп тұратын барометр секілді өте сезімтал құрал. Сондықтан лизинг бизнесін дамыту үшін, үшіншіден, қаржыландыру көлемін көбейту қажет.

     Қазір коммерциялық банктердің ликвидтілігін  арттыру үшін мемлекет Ұлттық қордан оларға миллиардтаған сома қаражат бөлді. Соған байланысты коммерциялық банктер өздерінің жағдайын белгілі бір деңгейде оңалтқаннан кейін лизингті несиелендіруге бет бұрады деп ойлаймын. Сондай-ақ, мемлекет басымдық беріп отырған салаларға – агроөнеркәсіп кешеніне, индустриалды-инновациялық жобаларға, шағын және орта бизнесті қолдауға «Самұрық-Қазына» қоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы көп қаржы бөлініп жатыр. Сол қаржының қомақты бөлігі тікелей, мақсатты түрде лизингтік операцияларды қаржыландыруға бөлінуде. Мысалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сол қаржылардың арқасында биылғы жылғы егін орағын қажетті техника мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете алды. Оған биыл егіннің жемісті жиналуы айғақ бола алады. Агроөнеркәсіп саласында жаңа инновациялық-инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Әсіресе ірі тауарлы сүт өндіру кешендерін салу жүргізіліп жатыр. Олардың саны күннен- күнге көбейіп келеді. Соған Канададан, Германиядан асыл тұқымды сиырлар, ірі қара мал сатып алынды. Олар лизингке беріліп жатыр. Жаңа Салық кодексінде биологиялық активтер лизингтің нысаны болып табылады деген бап енгізілген болатын. Сонымен қатар құс фабрикалары, ет өндіру бойынша ірі кәсіпорындар салынып, оған шетел технологиясы енгізіліп жатыр. Қазақстан даму банкінің еншілес компаниясы – «БРК–Лизинг» АҚ ұзақ мерзімді, ауқымды, құны 10-25 миллион доллар тұратын көлемді жобаларды жүзеге асыра бастады.

     Елімізде 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық Стратегия қабылданып, 2010 жылдан бастап жеделдетілген инновациялық- индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылатын болғандықтан, соңғы аталған мамандықтар бойынша мамандарға сұраныс күрт артады. Осы заман талабына сай, келешегі мол мамандықтар бойынша білім алуға ұмтылыңыздар.

     Бүгінгі таңда  экономикасы серпінді қарқынмен  өсіп келе жатқан Қазақстан ауылға және ауыл шаруашылығына шындап көңіл аударуға тиісті.

     Жаңғырту  процесі жаңа ғана басталды және елдегі қоныс жайған халықтың көпшілігі  ауыл тұрғындары болғандықтан, оның құрылымында  қазір дәстүрлік белгісі байқалады.

     Қазақстандағы олардың үлесі, кейінгі деректер бойынша, шамамен 43% құрайды.  Егер ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік еңбек түріне айналдыра отырып, оны түгел қазіргі заманғы индустриялық әдіске ауыстыру бойынша шара қолданбаса,  бұл еліміздің экономикалық  және әлеуметтік үдеріс жоспарларына көңіл қоюды талап ететін маңызды тежеуіш болуы мүмкін.

     Мұны  еліміздің ДСҰ  ену кезеңінен  бастап барған сайын күшейе түсетін  нарық,  бәсекенің қатаң заңдары  талап етеді.

     Алайда, ауыл шаруашылығын қарқындандыру жолында  біраз келелі мәселелер тұр. Көпшілігі объективті тарихи жағдайлардың салдарынан пайда болған.

     90 жылдардың  басындағы дағдарыс  кезінде мемлекетіміз ауыл шаруышылығына  ешқандай көмек көрсетпей және  қолдау жасамай, шеттетіп тастаған  болатын. Мұны түсіндіруге де  болады: кедейшілік шырмауығына түскен ел ауыл сияқты көтеруге салмағы ауыр жүкті әрі қарай «тартуға» жағдайы болмады. Мүмкін экономиканың басқа салаларының ішіндегі ешқандай салада шаруашылық жүргізудің әкімшілік социалистік әдістері ауыл шаруашылығы экономикасындағыдай өзінің әлсіздігін айқын көрсетпеген шығар.

     Дағдарыс  оны өте соғып тастады,  әсіресе, қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндіріс үшін аса қажетті сала  қатты соққыға ұшырады, ол – техникалық және технологиялық сала.

     Кейінгі 10-12 жылдарда Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы машина-трактор парктерінің саны екі есе азайды. Негізгі өндірістік қорлардың тозу деңгейі 80-85% жетті, ал олардың істен шығу деңгейі сұранымның шектелуіне байланысты толықтырудан да жоғары. Техниканың ескіруіне қарамастан, машиналарды күрделі жөндеуден өткізуге және мамандандырылған техникалық қызмет көрсетуге тапсырыстар азайды, олардың деңгейі бұрынғы деңгейінен 2-3% төмендеді. Қаражаттарын үнемдеу мақсатында шаруашылықтар негізіне қарай маңызды болып саналатын жөндеу жұмыстарының 88% өз күштерімен жүргізеді. Негізгі егіс жұмыстары  науқанында машиналардың техникалық дайындығы, егер нормативі   85 -90% болса, ол тек 50 -70% ғана құрайды.

Информация о работе Лизинг