өлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 13:16, курсовая работа

Краткое описание

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;
тұрақтырандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;

Оглавление

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 2
Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі 2
Төлем балансы 8
Төлем балансын құрау жүйесі 10
Қазақстан Республикасының төлем балансы 10
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 17

Файлы: 1 файл

төлем балансы.docx

— 44.84 Кб (Скачать)

Тікелей бақылаудың бұл тәсілі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.

Қысқа мерзімді жоспарда төте бақылау жақсы нәтиже береді.

Ұзақ  мерзімде бұл әдістер жағымды  және жағымсыз нәтиже туғызады.  Жергілікті өндірушіге «қолайлы жағдай» жасау  шетел инвесторларының табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын  төмендетеді. Сондай – ақ, шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.

Отандық экспортерлар үшін шетелдерде тауар  және қызмет көрсету жүйелерінің  кеңеюіне кедергілер келтіреді.

Бұл - өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар мен  экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ, ол қымбатқа түседі, оның қолдануы мемлееттік бюджетіне байланысты.

Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі – дефляция (инфляциямен күрес), ішкі экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ  жанама әсері төлем балансының жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде өндірістің көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне тірейді.

Сол мемлекеттерде  несие-  банк жүйесі дамыған болса, қысқа мерзімді капиталды әкелуге  ықпал етеді.

Бірақ, дефляция, сонымен қатар, қарама- қайшы жағдайларды  туғызады.

Мысалы: ұлттық валюта  айырбас курсы  жоғарылайды, ол импорттың көбіне жол  ашады. Бірақ ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетке экспорттық табысты  төмендетеді.

Күшті экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан валюта курсының тұрақты  және «қалқымалы» курсына қатаң  қадағалау жасауы керек.

Төлем балансы  тапшы елдер мынадай саясаттарды  қолдануы тиіс:

  1. дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады, ішкі сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады;

Ал, негізгі  құрал – қаржы және ақша –  несие шаралары, бюджет тапшылығының қысқаруы орталық банктің ставкасының  өзгеруі, несиенің шектелуі, ақша массасының өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ, жұмыссыздықтың өсуі және өндіріс күштерінің толық  пайдаланылмацы өндірістің төмендеуіне  жұмыс күшін қамсыздандыруының  төмендеуіне ықпал етеді.

  1. Девальвация (құнсыздану), бұл саясатта ұлттық валюта курсының төмендуі, экспортты ынталандыру, импорттық тауарды шектеуге бағытталады.

Дегенмен, девальвацияның төлем балансын реттеудегі рөлі нақты жағдайларға және жалпы  экономикалық қаржылық саясатқа байланысты. Девальвация тауарды экспорттауға ынталандырады. Тек қана бәсекеге түсе алатын тауарлар мен қызмет көрсетудің экспорттық қуатының болуына, сондай –  ақ әлемдік нарықта қолайлы жағдайға байланысты.

  1. Валюталық шектеу. Экспортерлер экспорттан түскен пайданы кеңінен пайдалана алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекеттік ұлттық банкке сатуға тиісті. Ал қалғанын өзі пайдалана алады.
  2. Қаржы және ақша несие саясаты. Төлем балансының тапшылығын азайту үшін экспортерелерге бюджеттік субсидия қолданылады. Импорттың салыққа протексионистік көтерме, проценті салықты алып тастау, құнды қағазды шетел иеленушілерге төленуі.
  3. Төлем балансына қатысты мемлекеттік ықпалдың арнайы шаралары оның негізгі баптарының қалыптасуына байланысты «көрінбейтін» операциялар және капитал қозғалысы.

Елдің сыртқы позициясына баға беру және өлшеу  – экономикалық саясатты шешу процесіндегі қажетті қадамдарының бірі. Ел мен  басқа әлемінің арасындағы операциялар  мен қаржы ағымы, төлем балансының жүйесіне үнемі алып келеді. Ол өздігінен  кез келген елдің сыртқы позициясына анализ жасаудың және түзетулер енгізудің  қажеттілігін көрсетеді.

Сыртқы  сауда балансы. Экспорттық және импорттық  операциялардың өсуіне байланысты.  Қазақстанның сыртқы сауда айналымы өсті. 1994 жылдың басынан 1993 жылмен салыстырғанда, тауар айналымы 2 пайызға төмендейді, яғни 8559,2 млн. доллар. 1995 жылы 51,8 пайызға 12991,7 млн. доллар. Ал 1996 жылы 1993 жылмен салыстырғанда. 60.8 пайыз 14045,1 млн. доллар болды. Соңғы  үш жылда ФОБ бағасымен санағанда (баолық түзетулерден соң) импорт тауарының  үлес салмағы артық болды, бірақ  та оның үлесі жыл сайын азаюда. 1993 жылы 60,7 пайыз 1995 жылы 53,8 пайыз 1996 жылы 53,7 пайызға.  Экспорт 1996 жылы 1995 жылғы  деңгейімен салыстырғанда 7,3 пайызға  өсті, ал импорттың өсу қарқыны  осы уақыт ішінде 14,4 пайыз өсті.

Экспорт және импорт операциялары көлемінің  өсуіне байланысты Қазақстанның сыртқы сауда айналымы да өсті. 1996 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 8,1 пайыз ал 1993 жылмен салыстырғанда 60,8 пайызға өсті.

Айта  кететін жағдай, тауар экспортының  өсуі негізінен баға факторына байланысты болады. 1996 жылғы тауар тобының  бағасының өсуі мұнай мен мұнай  шикізаттарының бағасының өсуіне  байланысты. 1996 жылы 1 – кварталда 1 тонна мұнай 90.7 млн.  доллар болса, 2 – кварталда 12,7 пайызға 102,2 доллар, үшінші кварталда 106,8 долларға 104,5 пайыз  өсті. Барлығын қоса алғанда, 1996 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, мұнай өндірудің  көлемі 3685 мың тоннаға, яғни 388,7 млн. долларға өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Сонымен, 1993 жыл мен 1995 жыл аралығында Қазақстан  кәсіпорыдарының басқа әлемге қарызы 50,3 пайызға қысқарды.

Халықаралық дефицит балансында дефицит қызмет балансына дефициттік жағдай туризм, т.б. көзге көрінбейтін қызметке байланысты болады. Қазақстанға мемлекеттік  басқару жүйесінен ресми қызмет көрсетуден (оның ішінде халықаралық  ұйымдар) өсті. Қазақстанға алыс шетелден техникалық көмек беру өсті. Мысалы, 1995 жылы 11,4 млн. доллардан, 1996 жылы 37.3 млн  доллар болды. Техникалық көмек беруден, әсіресе АҚШ айырықша орынға ие болды. Әр түрлі бағдарлама бойынша, 112,2 млн. доллар. Оның ішінде жаңа бизнестік  саясатты реформалау, құқық және нормативке 51,7 млн. доллар бөлді. Халықаралық қызмет көрсетудің ішінде жүк тасымалдаудың  үлес салмағы біршама. Айта кететін  жағдай, 1995 жылы және 1996 жылы жүк тасымалдау қызметі 57,9 пайыз және 57,2 пайыз болды. Оның ішінде транзитті тасымалдау жақын  шетелден, бүкіл транзит көлемінің 8,9 пайызын алады. Ал жолаушылық қызмет, бүкіл тасымалдаудың 6,7 пайызына, яғни 28,8 млн. долларға сәйкес келеді.

Үш жыл  ішіндегі валюта позициясы Қазақстанның валюта саясатының жағдайын анықтауға  мүмкіндік береді. Ол резервтік активтегі  төлем балансына ықпал етеді. 1993 жылғы қарашадан бастап, Ұлттық банктің резервтік активі қорлана  түсті. Төлем балансының бабы – таза қателіктер мен қатыспаудың сипаты ескерілмеген операциялар мен «көлеңкелі»  операцияларға байланысты болады. Бұл  жерде экспорттың төмендеуін жартылай импорттың төмендеуімен жабуға болады. Сондай – ақ, несие және дебиттік қателіктер де бірін – бірі жабады. Таза қалдықтың көлемін төлем  балансы ведомостындағы таза қателіктер мен қатыспаушылық тауар айналымын  құрып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

    1. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ә.

Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003 – 432 бет;

    1. История мировой экономики. Хозяйственные реформы 1920 – 1990 гг. Под редакцией профессора А.Н. Марковой. – М., «Закон и право» Издательское оъединение «ЮНИТИ»,1995.
    2. К. Н. Сагадиев, М. У. Арынбекова, Ш. Е. Жаксыбекова. «Интеграция экономики Казахстана в  мировое хозяйство».  Ғылым, 1996.
    3. Мамыров Н.Қ. Мадиярова Д.М.,

Қалдыбаева  А. Е., 1998 ж. «Экономика» баспасы, 1998 ж;

    1. «Международные валютные и кредитные отношения капиталистических стран». Учебник / Под ред. проф. Л.Н. Красавиной. – м., «Финансы и статистика». 1986.
    2. Петро М. «Международные экономические, валютные и финансовые отношения». – М., «Прогресс – Универс»,1994.

 


Информация о работе өлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі